ПӘннiң оқу-Әдiстемелiк кешенi



бет3/7
Дата09.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#186941
1   2   3   4   5   6   7



14. Саясаты мен процедурасы

Жұмыстың барлық түрін (ең жоғары ұпай, айып және ынталандыру ұпайлары) қамтиды; Сабақты босату – сіздің оқуға ынтаңыздың көрсеткіші, сондықтан курс бойынша қорытынды баға шығаруда есепке алынады. Тапсырма уақытында орындалмаса, әр жолы бағаңыз жарты ұпайға кемітіліп отырады. Оқытушы әрқашан да сабақта кім жоқ екенін біледі. Сіздің міндетіңіз сабаққа қатысу, оқу. Кездейсоқ жағдайлар мен ауырып қалуыңыз ғана себепті деп саналады.

Бұл жағдайда оқытушыға болған жайды хабарлап, алдын-ала тапсырманы өткізуіңіз керек. Телефон шалып, хабарлама қалдырыңыз.

Өз жұмыс орнында болып, міндеттін атқармау да жазаға тартылуға себеп болады. Курс бойынша барлық тапсырмалар кестеде көрсетілген сабақтың басталуына дейін орындалуы керек. Белгіленген мерзімнен кейін өткізілген тапсырмаларға қойылатын баға төмендетіледі де өз кезегінде қорытынды бағаға әсер етеді. Сабақ кестесі бойынша дәрісханада орындаған жұмыстарыныз да есепке алынады. Сабақта болмасаңыз, дәрісхана жұмысын орындамағаныңыз және сабақтан қалғаныңыз үшін жазаланасыз.

Курсты игеру белсенді жүзеге асырылуы керек.Үй тапсырмасын орындауға кемінде аптасына 2-3 сағат уақыт бөліну керек. Кестеге сәйкес оқытушыдан үнемі кеңес алып тұрыңыз. Оқулықты тек тапсырма орындау барысында емес, курсты игеру барысында үнемі оқып отыру керек. Әр тапсырмаға дайындалу керек. Курсты игерудің табысты болуы көбінесе сіздің дәрісханалық жұмысты орындауға қатысуыңызға байланысты болады. Сабаққа жақсы қатысу, белсенділік таныту, оқытушының тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындау аттестация мен емтиханда көмектеседі. Емтихан сіздің теориялық біліміңізді тексеруге ғана емес, тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіңізді бағалауға да бағытталады. Емтиханда тест түріндегі сұрақтарға жауап бересіздер. Емтихандағы барлық тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді.

Аралық аттестация өтілген материал баршаға міндетті және өтілген тақырып бойынша алынады:



  • біреуден көшіріп алуға;

  • сіз үшін басқа біреудің орындауына;

  • жұмысты белгіленген уақыттан тыс өткізуге;

  • топтық тапсырмаларды орындауға қатыспай,сол үшін ұпай сұрауға және т.б.

Курсқа деген сіздің қарым-қатынасыңыз ЖОО студентіне лайық болады деп ойлаймыз. Сабақ босатуға, кешігуге, дәрісханада тәртіпсіздік жасауға, оқытушы мен студенттерді сыйламауға болмайды. Материалды талқылап, қажетті сұрақтар қою үшін, тақырыпты ашуға сын көзбен қарап, шешімін табу үшін және болашақ жұмысынызға қажетті білімнің бәрін алу үшін дайындалып келуіңіз керек.

Рейтингті есептеу.





Жұмыс түрлері
Ұпай саны
Пайызы

1

Ағымдағы бақылау:

Конспект


15


30%

2

Өздік жұмыс тапсырмалары

30

30%

4

Межелік бақылау

5

20%


Пән бойынша қорытынды бағаны есептеу.
1 формула. Межелік бақылау бағасы:

Р = ( Бс) х 100%

Бо

Р – межелік бақылаудың рейтингтік бағасы



Бс – пән бойынша жоғары ұпай

Бо – пән бойынша студент жинаған барлық ұпай саны

100 – коэффицент
2 формула. Қорытынды бағаның есептелуі:

Иэ = РИ * 0,6 + Э * 0,4

Иэ – қорытынды емтихан бағасының пайыздық мөлшері

РИ – қорытынды межелік бақылау бағасының пайыздық мөлшері

Э – емтихан бағасының пайыздық мөлшері

0,6 және 0,4 - коэффиценттер



ІҮ БӨЛІМ

ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Құрылымдық стилистика - контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін сала.
Фунуционалды немесе қолданымдық стилистика – тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім.
Практикалық стилистика – стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастырады.
Көркем әдебиет стилистикасы – көркем шығармада өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі қолданысын, яғни көркем шығармадағы өмірін зерттейді.
Стиль - стилистика ғылымының ең басты категориясы. Сөйлеудің сапалылығы, экспрессивтілігі, белгілі бір сөйлеу жағдайы мен түріне, қатынас жасау мақсатына сай келетін бейнелеу құралдарын пайдалануы дегенді білдіреді.
Стилистикалық мағына – тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымындағы лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі.
Стиль тезі – көркем шығарманың тілдік материалдарын белгілі бір ортаға немесе тарихи кезеңге, әдебиеттің белгілі бір бағытына, жанрына т.б. қарай үйлестіріп, таңдап қолдану.
Ғылыми стиль – стилистикалық бояуы бірыңғай сиатқа ие. Олар негізінен жазба тілге тән сөздер, морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар болып келеді.
Ресми іс қағаздар стилі – стильдік бояуы жағынан ғылыми стильге жақын, алаййда оған қарағанда біртектес және синтаксисі бірқалыпты болып келеді.
Ауызекі-тұрмыстық сөйлеу стилі – қарапайым сөздер, эмоциялық бояуға ие сөздер. Толымсыз сөйлемдер, аяқталмаған сөйлемдер көп қолданылады.
Көркем сөз стилі – функционалды стильдердің ішінде ерекше орын алады. Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы өте кең, бай және әр түрлі болып келеді.
Публицистикалық стиль - әртүрлі стильдік бояуға ие. Олардың ара қатынасы шығарманың жанры мен стиліне байланысты.


Әдеби тіл нормасы – белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ, орнықты түрде қолдану үлгісі.
Стилистикалық қате – белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі.
Лингвистикалық стилистика - қоғамдық-әлеуметтік, өндірістік, идеологиялық, моральдық-психологиялық т.б. салаларға байланысты қағаз бетіне түскен немесе ауызша айтылған мәтіндердегі жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің немесе олардан да көлемді құрылымдағы конструкциялардың тілін қарастырады.
Стильдік белгі - белгілі бір функционалдық стильдің даралығын, басқа стильдерден өзгешелігін танытатын қасиеті.
Стильаралық диффузия - бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің екіншісіне ауысып, өнімді қолданылуы.
Каламбур – сөз бен сөз тіркестерін ұқсас дыбыстаудан пайда болатын стилистикалық оралым. Көбінесе поэзияда қолданылып, эмоциялық әсерді, ұйқасымдылықты күшейту қызметін атқарады, кейде омографтардың, омофондардың көмегімен құрылады.
Эмоционалды-экспрессивті сөздер - тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздер. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді.
Көркемдік әдіс (грек тілінде methodos – зерттеу жолы) – суреткердің өзі танып-білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниені қайта жасауы.
Күрделi синтаксистiк тұтастық - «күрделi фразалық тұтасым» деп аталады, ол мәтiннiң мүшеленуiнiң ең кiшi бiрлiгi деп қаралады.
Мәтін стилистикасы - мәтін түзуші тілдік құрылымдардың стильдік қызметін қарастырады.

Ү БӨЛІМ

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ
1-ТАҚЫРЫП: Стилистика пәні, міндеті, мақсаты.
Дәріс жоспары:

1. Стилистиканың жалпы мәселелері.

2. Стилистика және оның жалпы халықтық тілге қатысы.

3. Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы, оның негізгі обьектісі: грамматика, лексикология, фонетика


Мақсаты: Стилистика пәні, міндеті, жалпы мәселелері туралы түсінік беру.
Қысқаша мазмұны:

Стилистиканың зерттеу нысандары - тілдің барлық (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік) деңгейлеріндегі құралдар. Стилистика өз ішінде мынадай салаларға жіктеледі:



  1. Құрылымдық стилистика немесе тіл стилистикасы.

  2. Қолданымдық стилистика немесе сөз стилистикасы.

  3. Көркем әдебиет стилистикасы

  4. Нормативтік немесе практикалық стилистика.

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық қасиеттерін нақты қолданыс жағдайына қатыссыз тұрғыда қарастырады. Қолданымдық стилистика тілдік құралдардың белгілі бір қолданыс саласында қызмет ету ерекшеліктерін зерттейді.

Лингвистикалық стилистика, яғни тіл стилистикасы - тіл ғылымының елеулі бір саласы. Лингвистикалық стилистика қоғамдық-әлеуметтік, өндірістік, идеологиялық, моральдық-психологиялық т.б. салаларға байланысты қағаз бетіне түскен немесе ауызша айтылған мәтіндердегі жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің немесе олардан да көлемді құрылымдағы конструкциялардың тілін қарастырады. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстардан бастап күрделі синтаксистік тұтастық пен толық мәтінге дейінгі бірліктердің (единицалардың) қай-қайсысы да стилистиканың зерттеу нысаны болып табылады.


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Сергалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоциональная-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Алматы, 1995

6. М.Балақаев, М.Серғалиев Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 2004

2-ТАҚЫРЫП: Стилистиканың негізгі мәселелері мен әдістері
Дәріс жоспары:

1. Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары.

2. Стилистикадағы «стиль» ұғымы.

3. Тілдік құралдардың стилистикалық сипаттамасы.


Мақсаты: Эстетикалық ой-толғамдардың дамуымен танысу
Қысқаша мазмұны:

Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін атайды.

Стилистика тілдік құралдардың стильдік мағыналары мен бояуларын, мәнерлегіштік, көркемдегіштік мүмкіндіктерін, функционалдық стиль түрлерін қарастырады. Әрбір функционалды стильдің стильдік бояуға ие ерекше тілдік құралдары болады және тілдік құралдарды пайдалануы жағынан әр стиль өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Функциональдық стильді топтастыру мәселесі тіл білімінде әлі де болса толық шешімін тапқан жоқ. Орыс тілі мамандарында стильдерді классификациялауға байланысты әр түрлі пікірлер бар. Орыс тіл білімінде стильді әр түрлі тармақтарға бөлу, функционалды стильдерді топтаған кезде әр түрлі принципке сүйену кездеседі. Стильдерді топтастыру мәселесі Н.А.Мещерский, Б.А.Ларин, А.И.Ефимов, Г.О.Винокур, В.В.Виноградов, Ф.П.Филин, С.И.Котков, Д.С.Лихачев, А.И.Иванова, Р.А.Будагов, М.Кожина т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде сөз болады.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Сергалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоциональная-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Алматы, 1995

6. М.Балақаев, М.Серғалиев Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 2004

3-ТАҚЫРЫП: Әдеби тіл стильдері
Дәріс жоспары:

1.Сөйлеу стилі.

2.Кітаби жазба стиль.

3.Іс-қағаздар стилі мен ресми стиль.

4.Публицистикалық стиль.

5.Ғылыми стиль.

6.Көркем әдебиет стилі.

Мақсаты: Әдеби тіл стильдерінің түрлерімен танысу.
Қысқаша мазмұны:

Әдеби тілдің стильдерін классификациялауда ғалым Д.Э.Розенталь орыс тілінің функциональды стильдерін мынадай топтарға бөледі:

Ауызекі сөйлеу стилі; Жазба (кітаби) стиль; Публицистикалық стиль; Көркем әдебиет стилі.

Cтилистика және стильдің мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен, оның қолдану, қызмет ету мәселелерімен тығыз байланысты. Тіл құрылымының зерттелуінен оның қызмет етуін зерттеуге дейінгі лингвистикалық мүдделердің жалпы бұрылысына байланысты функционалдық-стилистикалық зерттеулер ХХғасырдың 60 ж.ж. тереңдей түседі. Қазақ тіл білімінде де түрлі топтастырулар бар:

І. Сөйлеу стилі

ІІ. Кітаби жазба стильдер

III. Іс-қағаздар және ресми стиль

IV. Көсемсөз стилі /Публицистикалық стиль/

V. Ғылыми стиль

VI. Көркем әдебиет стилі


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Сергалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоциональная-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Алматы, 1995

6. М.Балақаев, М.Серғалиев Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 2004

4-ТАҚЫРЫП: Функциональды стильдердің тілдік сипаттамасы
Дәріс жоспары:

1. Функциональдық стильдердің стилдік белгілері.

2. «Стилистикалық норма»ұғымы туралы.

3. Стилистикалық қате және оның түрлері.


Мақсаты: Функциональдық стильдердің стильдік белгілерімен таныстыру
Қысқаша мазмұны:

Функционалдық стиль түрінің әрқайсысының өзіне тән стильдік белгісі болады. Стильдік белгі дегеніміз – белгілі бір функционалдық стильдің даралығын, басқа стильдерден өзгешелігін танытатын қасиеті. Мысалы, көркем әдебиет стиліне тән ерекшелік – сөздің бейнелілігі, эстетикалық қуаты. Ғылыми тілге тән басты белгі – сөздің дәлдігі, нақтылығы. Функционалдық стильдерге қойылатын белгі кейде бірнеше түріне ортақ болуы мүмкін. «Қазақ әдеби тілінің әрбір функциональдық стилі өзіндік ерекшеліктерге ие. Осы ерекшеліктері арқылы олар бір-бірінен дараланады.

Әр стильдің өзіндік белгілерін, қасиеттерін, ерекшеліктерін танып, білудің қазақ тілінде ерекше мәні бар. Әдеби тілдің функционалдық стилдерінің тығыз байланыста болуы, олардың саралануының кейіннен пайда болған құбылыс екенін растайды. Бұл байланыс бір функциональдық стильге тән амал-тәсілдің екінші бір функциональдық стильде қолданылуынан, бір функиональдық стильдің екіншісіне әсер етуінен, соның нәтижесінде әдеби тілдің стильдер жүйесінің дамуынан байқалады. Бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің екіншісіне ауысып, өнімді қолданылуы стильаралық диффузия деп аталынады».

Стилистикалық норма – қолданыс тіліне қойылатын барлық функионалдық- стилистикалық талаптардың жиынтығы.

Сөз қолданудағы стильдік нормаға сай емес қолданыстар стильдік қателер деп танылады. Орынсыз қолданылған, бұзып айтылған әрбір сөз немесе сөз тіркесі стильдік қатеге жатады. Сөйлем ішінде бір сөздің немесе сөз тіркесінің орынсыз қайталануын да стильдік қате деп танимыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984



5-ТАҚЫРЫП: Қазақ тілі лексикасы туралы жалпы түсінік
Дәріс жоспары:

1. Лексикалық стилистика

2. Синоним, омоним, антонимдердің қолданылуы
Мақсаты: Қазақ тілі лексикасының стилистикамен байланысы туралы жалпы түсінік.
Қысқаша мазмұны:

Көркем әдебиеттегі синонимдер бір сөзді қайталап қолдана бермеу үшін, әрі ойды толықтырып, нақтылып жеткізу үшін, оқырманға әсерлілігін арттыру үшін қолданылады. Жүйелі синонимдерге мәтіннен тысқары күйінде де мағыналық жағынан жақын немесе тепе-тең келетін сөздер жатады. Олар мәтін ішінде қолданбай-ақ, сол күйінде синонимдік қатар жасай алады. Ал, тек мәтін ішіндегі қолданысына қарай синонимдік қатар құрай алатын түрлерін контекстік синонимге жатқызамыз.

Тілімізде синонимдер әр түрлі стильдік мақсаттарға орай жұмсалады. Лексикалық синонимдердің мәтін ішінде атқаруы мүмкін стилистикалық қызметтерін былайша санамалап көрсетуге болады:

1. салғастыру қызметі

2. қарсылықты қатынасты білдіру қызметі

3. юмор туғызу

4. эмоционалдық қызметі.

Антонимдер де сөйлемде сан алуан стильдік қызмет атқара алады. Антоним сөздер арқылы сөз мағынасы әр жақты, шебер айқындалады. Әсіресе сөздердің толып жатқан нәзік қолданыстары нақты ашылады.Антонимдердің қызметінен қарама-қарсы ұғымдағы сөздердің оқиғаға бірдей дәрежеде қатынасатынын байқауға болады. Қарсылықты ұғымдардың екеуі де бір оқиға ішінде қатар жүреді. «Антонимдер сөйлем ішінде тек қарама-қарсылыққа ғана түспей, күшейту, қосымша мағына үстеуді, нақтылауды, салыстыруды, бірлесуді, ауысуды т.б. көрсетеді. Антонимдер ойды ықшамдап, әсерлі етіп беруге де қызмет етеді. Мысалы, Кеңшілікте дос та дос, қасың да дос, Таршылықта қайрылған дос та өзгеше (Абай).

Тіліміздегі омонимдердің әр алуан стильдік қызметі бар. Омонимдердің стильдік қызметтерінің негізгісі – каламбур болуы. Каламбур – сөз бен сөз тіркестерін ұқсас дыбыстаудан пайда болатын стилистикалық оралым. Каламбур көбінесе поэзияда қолданылып, эмоциялық әсерді, ұйқасымдылықты күшейту қызметін атқарады. Каламбур кейде омографтардың, омофондардың көмегімен құрылады.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996


6-ТАҚЫРЫП: Сөздердің экспресивтік-эмоционалдық бояуы
Дәріс жоспары:


  1. Эспрессивтік-эмоционалдық сөздер

  2. Сөздердің экспрессивтік-эмоционалдық бояуы


Мақсаты: Сөздердің экспресивтік-эмоционалдық бояуы туралы түсінік беру.
Қысқаша мазмұны:

Тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздер дейміз. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді. Мысалы, қала, бала деген сөздермен салыстырғанда, шаһар, бүлдіршін, бөбек деген сөздердің бейнелілігі, әсерлілігі анық байқалады.

«Эмоционалдық сөздер мен экспрессивті сөздердің арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдірсе, экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті ойды білдіруде де мәнерлілікті, бейнелілікті күшейтуге қызмет етеді».

Эмоционалды сөздер өз мағынасына қосымша адамның көңіл-күйін, көқарасын, жақсы көру, жек көру, жақтырмау, таңырқау, сенімсіздік т.б. сияқты қатынасын білдіре алады. Олар ойдың әсерлілігін арттыруда үлкен роль атқарады. Эмоционалды-экспрессивті сөздер көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилінде, көсемсөз стилінде жұмсалады. Ғылыми және ресми-іскери стильде сирек қолданылады. Экспрессивтік бояу әр стильде әр түрлі болып келеді. Экспрессивтік бояу – жеке сөздерде де, фразеологиялық орамдарда да, синтаксистік құрылымдарда да кездеседі. Кей жағдайда тілдегі қосымшалардың да экспрессивтік реңкі болуы мүмкін. Тәуелдік жалғаудың екінші, үшінші жақтарының қолданылу ерекшеліктеріне қарай, құрметтеу, силау, мысқылдау, кекету, қомсыну сияқты қосымша әр қилы экспрессивтік реңк береді.

Тіліміздегі кейбір жұрнақтар силау, құрметтеу, еркелету, қомсыну, кекету мағыналарын береді: әкетай, ағажан, Мәке, Секе, апай, ағай, ағайынсымақ, туыссымақ т.б. Мұндай сөздер ойды жеткізуде әрі әсерлі, әрі бейнелегіштік, мәнерлегіштік қасиетімен көзге түседі.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы, 1984, 39 б.



7-ТАҚЫРЫП: Фразеология туралы түсінік.
Дәріс жоспары:

1. Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі.

2. Фразеологиялық синонимдер.

3. Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер.

4. Орыс тілінен енген фразеологизмдердің қолданылуы.
Мақсаты: Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі туралы мәлімет
Қысқаша мазмұны:

Фразеологизмдердің жеке сөздерге қарағанда көріктеуіш құрал ретінде жұмсалатын бейнелі, экспрессивті, эмоционалды қызметі ерекше.

Жазушы кез келген өмір құбылысын суреттеуде болсын, кейіпкер бейнесін жасауда болсын фразеологизмдерді орынды қолдану арқылы оқырманға айтайын деген ойын дәл, анық әрі әсерлі етіп жеткізеді. Тұрақты тіркестер күрделі ой- түйіндерді ықшамдап аңғартатын, көркемдік құрал. Жазушы адам мінезінің толып жатқан қыр-сырын, оның сыртқы бейнесін, ішкі жан дүниесін әртүрлі тілдік тәсілдерді қолдану арқылы бейнелейді. Кейіпкер бейнесін, оның түр-тұлғасын, ішкі сезім иірімдерін әсерлі етіп жеткізуде әсіресе, фразеологизмдердің қызметі ерекше.

«Тұрақты сөз тіркестеріне эмоционалды-экспрессивті болу тән. Экспрессивті тұрақты сөз тіркесі сезімге ерекше әсер етеді. Мұндай тұрақты тіркестер әртүрлі көңіл-күйге байланысты жұмсалады». Көркем шығарма тіліндегі фразеологиялық тіркестерді талдау арқылы - әрбір автордың өзіндік стиль жасаудағы тілдік тәсілдерінің бояу-өрнегін айқындауға болады.

Қазақ фразеологизмдері функционалды-стилистикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай стильдік топтарға жіктеледі:

1. Бейтарап қолданыстағы фразеологиялық тіркестер.

2. Кітаби фразеологиялық тұлғалар.

3. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестер.

4. Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестер.

Көркем шығарма тілінде қарапайым фразеологизмдердің де стильдік қызметі ерекше. «Әдеби тіл нормасына сай келмейтін, жай дөрекі тұрақты тіркестерді қарапайым фразеология дейміз. Алайда ол әдеби тіл нормасына жатпағанмен, көркем әдебиетте образ жасау үшін кейіпкердің сөзінде кездесіп отырады.Бұл тілдік амал арқылы жазушы кейіпкердің ой-өрісін, өскен ортасын, әлеуметтік халін, мінез-құлқын көрсетеді».

«Сенің өзің ноғайсың!» деді қартаңдау біреу. «Атаңның басы!» - дедім мен айғайлап (М.М.)

«Жын соққан ба өзін!» деді күбірлеп (М.М.) Берілген мысалдардағы қарапайым фразеологизмдер кейіпкердің мәдени дәрежесінен, мінез-құлқы мен алған тәрбиесінен хабар береді. Мұндай қарапайым фразеологизмдер тек кейіпкер тілінде ғана кездеседі және жағымсыз реңкімен, төменгі стилистикалық функциясымен ерекшеленеді.

Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазба тілде де көп қолданылады. Фразеологизмдерді қолданудың екі түрлі стилистикалық тәсілі бар:

1.Фразеологизмдердің жалпыхалықтық тілде қолданылуы.

2.Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылуы.


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет