ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Лизингтің негізгі түрлері



бет5/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#170302
1   2   3   4   5   6   7

1.2.Лизингтің негізгі түрлері

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

- лизинг беруші(жалға беруші);

- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:

- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

- лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымылизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.

Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:

- қайтарылатын лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;

- банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;

- толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;

- таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резидентті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы;лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері;лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.

Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісте пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша

лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы

банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ

айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді).

Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып,өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.

Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

Несие берушінің көзқарасымен қарағанда,несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:

- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан(әсіресе

инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

- ұйымдастырудың күрделілігі;

- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің барысында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1) Лизинг түсінігі

2)Халықаралық саудадағы қаржылық лизингтің маңызы қандай

Ұсынылатын әдебиет тер:

1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.

2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.

3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.

4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.

5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.

6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993
Тақырып 11. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау

1. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау түсінігі

2. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау маңызы

1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулердi iске асыру жөнiндегi айналымға: 

1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны тасымалдауға; 

 2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға; 

3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады. 
Қазіргі кезде ДСҰ шеңберінде қолданылып отырған дауларды шешу тетігі — халықаралық сауда жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ұйымның өз бағасы бойынша, ол әлемдік экономикада тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосатын үлесі зор .Тарифтер мен сауда бойынша Бас келісім Уругвай раундының нәтижесінде құрылған бұл ұйым мүше-мемлекеттерінің саяси ықпалы мен экономикалық қуаттылығына қарамастан барлық қатысушылар үшін бірегей ережелерге негізделеді. Мұндай тәсіл кішігірім елдер үшін айтарлықтай қуатты мемлекетпен туындаған дауды екіжақты негізде шешу кезінде тиімдірек жағдайды иеленуіне жол ашуы едәуір маңыздылыққа ие. ДСҰ құрылу кезінен бері мемлекеттер бұл тетікке жиі жүгінеді. 2000 жылға дейін кеңесу өткізуге 180 үндеу, істерді қарау нәтижелері бойынша аралық соттардың 31 есебі, Аппеляциялық органның 26 баяндамасы тіркелген болатын. 2007 жылдың қыркүйегінің аяғында ДСҰ-да 369 дау тіркеліп, 2007 жылдың шілдесінде аралық сот пен Аппеляциялық органның 103 баяндамасы қабылданып, 25 аралық сот әрекет етіп, кеңесу өткізу жөнінде сұранымдар 600-ден асып кеткен болатын .

ДСҰ өмір сүруінің бүкіл  мерзімінде АҚШ, Канада және Еуропалық Одақ  ең белсенді қатысушылар болып есептеледі. Дегенмен, дамушы мемлекеттер де бұл механизмге жиі сүйенетін болған.Дүниежүзілік сауда ұйымының іргесін қалаушы болған 1947 ж. ГАТТ кезінде, осы келісімнің ХХІІІ бабында сауда дауларын шешу мүмкіндігінің негізі қаланған. Ол бойынша, келісуші тараптардың біреуінің жүзеге асырып жатқан іс-шаралары келесісінің нарыққа ену жағдайының нашарлануына әсерін тигізуіне байланысты дауларды өз бетінше шеше алатындығы туралы айтылған . Сонымен қатар, тараптар өз шағымдарын жұмысшы топтарға (кейіннен аралық топтарға) жібере алған. Олар даулар қалайша шешілуі керектігі жайында ұсыныстар  беріп отырды. Ақырында бұл қатысушылар мен аралық топтардың өздері сүйене отырып әрекет етуге міндеттейтін ережелер мен рәсімдердің құрылуына, яғни дауларды шешудің нақты үрдісінің қалыптасуына алып келді. Аралық топтар тараптар өз міндеттемелеріне сәйкес әрекет етуін, нарыққа ену жағдайының нашарлауы орын алған, алмағандығын анықтауы тиіс болды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары барысында ГАТТ жүйесінде айтарлықтай алға баса бастады. Аралық топтар құзыреттері кеңейіп, олар енді ГАТТ ережелерін интерпретациялауға (түсіндіру) қатыса бастады. Жаңа қағидалар Токио Раундының (1973-1979 жж.) Уағдаластығында бекітілді.Дауларды шешу тетігінің маңызды қадамына аралық соттарға қолдау көрсететін ГАТТ хатшылығында заң бөлімінің құрылуы болды. Аралық сот мүшелері «ad hoc» қағидасы бойынша құрылатын болғандықтан, ГАТТ хатшылық заңгерлері орын басушылық пен «инстуитуциалды жадыны» қамтамасыз етті. Осындай тәжірибені оң құбылыс ретінде қарастыра отырып, заңгерлердің аралық сот баяндамаларын дайындауға көмектесуі соңғыларының ұстанымдарына әсер етуіне алып келе алды. Одан басқа, шешім қабылдау кезіндегі күрделі мәселеге тоқталу керек. Мәселен, істің түрлі кезеңдерде ұзақ уақытқа созылып кетуі, нақтырақ айтқанда, аралық топты құру шағым түскен мемлекет тарапынан қабылданбауы бөгет болуы мүмкін. Аралық топ мүшелерін тағайындау кейде ұзақ уақытқа (бірнеше айға) созылып, шешім қабылдау — айтарлықтай үлкен мерзімді (екі жалдан көп) талап ететін. Тараптар аппеляцияға жүгіну мүмкіндігіне ие болмай, аралық соттардың баяндамалары оны бекітуге қатысқан мемлекеттер арасында консенсуске қол жеткізілген кезде ғана қабылданатын болған. Басқаша айтқанда, ұтылған мемлекет ол үшін тиімсіз болып табылатын шешімге вето құқығын сала алды. Баяндамалар қабылдануына қатысты белгісіздік бұл жүйенің үлкен кемшілігі болды. Сондықтан, мемлекеттер ГАТТ аралық топтарына өте сирек жүгінетін. ГАТТ өмір сүруі кезінде аралық топтың тек қана 101 баяндамасы мақұлданған.

Осылайша, дауларды шешу механизмін алдағы реформалау қажеттілігі барлық Келісуші Тараптар үшін анық байқалды. Нәтижесінде бұл Уругвай раундында көпжақты сауда келіссөзерінің басты мәселесіне айналды. ГАТТ тетігімен салыстыра отырып, қазіргі кездегі дауларды шешу тетігіне шолу жасайтын болсақ, ГАТТ жүйесінде орын алған көптеген кемшіліктер жаңа жүйеде толығымен жойылды деп сенімді айтуға болады.

ГАТТ рәсімімен салыстырғанда, ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігіндегі жаңа сипаттарының қатарына, ең алдымен, ДСҰ шеңберінде жасалған көпжақты келісімдерден туындайтын мемлекеттер міндеттемелеріне қатысты дауларды шешу ережелер бірегей құжатқа біріктірілгендігін айтса болады. Жоғарыда көрсетіліп кеткендей, ГАТТ жүйесінде көптеген келісімдерде дауларды шешудің өз жүйелері болса, ДСҰ-да ол ережелер ерекше құжат — Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығында (Уағдаластық немесе ДШУ) бекітілген. Оның міндеттемелері ДСҰ-ға мүше-мемлекеттердің барлығына бірдей міндетті болып табылады.

ДШУ «аралық топтарды құруға, олардың және Аппеляциялық орган баяндамаларын қабылдауға сондай-ақ, шешімдері мен ұсыныстардың орындалуын қадағалауға, «қамтылған келісімдерден» туындайтын басқа да міндеттемелерді  тоқтатуға рұқсат беруге құзыретті болып табылатын Дауларды шешу бойынша Органды бекітеді.

Былайша айтқанда, ДШУ ДСҰ құру туралы Келісімге 1 және 2 Қосымшаларында орын алған барлық келісімдер-«қамтылған келісімдерге» қатысты қолданылады. ДШУ әрекет ету аясы келісімге келген тараптармен бекітілген болса да, «шектелген қатысушылармен жасалған келісімдерге» де тарайды (ДШУ-ға 1 Қосымша).



ДСҰ-ның аталмыш келісімшарттары үшін «Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығы» ортақ құжат болғанына қарамастан, «қамтылған келісімдердің» көбісі нақты келісімшарттарға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы жеке ережелерге ие. Мысал ретінде, Субсидиялар мен қарсы шаралар туралы келісімді, Санитарлы және фитосанитарлы шаралар қолдану туралы келісімді,  Қызмет саудасы туралы Бас келісімді және басқаларын келтірсе болады. Мәселен, Субсидиялар мен қарсы шаралар туралы келісімнің 4.6 бабы ДШУ-мен салыстырғада, рәсімдерге қысқа мерзімдер белгілеген. Ол арнайы және қосымша нормалар тізімі ДШУ 2 Қосымшасында бар.

Дауларды шешуді реттейтін ДШУ ережелері  мен «қамтылған келісімдер» нормаларының арасында қайшылық орын алған жағдайда, соңғысының ережелері қолданылады (ДШУ, 1(2) б.).  Бұл қағида арнайы норма жалпы нормаға қарағанда артықшылыққа ие болатындығына негізделетіндіктен дұрыс болып табылады. Әр түрлі «қамтылған келісімдердегі» дауларды шешу үрдісін реттеуші екі норма арасында коллизия туындаған жағдай күрделі болып табылады. Бұндай жағдайда, тараптар өзара уағдаластық арқылы мәселені шешуге құқылы. Келісілген шешімге қол жеткізілмесе, Дауларды шешу бойынша Орган (ДШО) шешеді. Ол мүмкін жерлерде арнайы нормаларды қолданып, ал қақтығысты болдырмау қажет болғанда – Уағдаластық нормаларын қолдануы тиіс. Осыдан келесідей сұрақ туындайтыны анық: «қамтылған келісімдерде» арнайы нормалардың болуы ДШУ бекіткен дауларды шешу тетігіне кері әсерін тигізбейді ме? Бұл арнайы нормалар ДСҰ-ның қызмет етуінің нақты саласының ерекшеліктерін ескереді және «Уағдаластықта қамтылған тетікті ауыстырмай, керісінше толықтыра отырып, дауларды қарастыру рәсімнің тиімділігін арттыруға өзінің септігін тигізеді. Мұны Guatemala-Anti Dumping Investigation regarding Portland Cement from Mexico ісіндегі Аппеляциялық Орган ұстанымынан байқауға болады. Мұнда «арнайы және қосымша ереже бір ереже басқа ереженің бұзылуына, яғни олардың арасындағы қайшылық кезінде ғана ДШУ ережесінен басым болады. Бұл ұйымның «қамтылған келісімдер» ережелеріне Уағдаластықты қолдану «қамтылған келісімдердің» айқын бұзылуы болған жағдайда ғана жүгініп, «Уағдаластық» нормаларын барынша кең қолдану ниетін көрсетеді. Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығының өзі туралы айтқанда, ол мүлдем жаңа құжат еместігін, жетілдірілген және модификацияланған ГАТТ тәжірибесінің жалғасы екендігін ескеру қажет. Тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің шеңберінде жасалған құжаттардың көбісі ДСҰ жүйесінде де үлкен қажеттілікте екендігін тағы да атап өткен жөн. ДСҰ Бас келісім тәжірибесін басшылыққа алуы қажет деген жалпы нұсқаулардан  басқа ДСҰ мүшелері 1947 жылғы Бас келісімнің ХХІІ және ХХІІІ баптарына сәйкес дауларды шешу қағидаларын ұстануы тиіс деп бекітілген. Одан басқа, «Уағдаластықта» ДСҰ құрылғанға дейінгі құжаттар аталып өтілген. Осылайша, ДШУ 26 бабы 1989 жылы 12 сәуірде ГАТТ шешіміне сүйенеді (BISD 36s/61-67). Басқа мысал ретінде ДШУ 3,12 бабын келітрсе болады. Ол бойынша, жауапкер мемлекет дамыған мемлекет болса, ал талапкер мемлекет дамушы болса, ондай жағдайда соңғысы кеңесулер, ізгі көмек, ымыраласу, делдалдық жасау, дауларды шешу бойынша топ құру арқылы және топтың дауды қарастыру рәсімі бойынша ДШУ стандартты ережелерін қолданбай, 1966 жылғы 5 сәуірдегі Келісуші Тараптардың тиісті тәртіптерін қолдана алады. Жоғарыда аталып өтілген ДШУ жетістіктерінің жалпы сипатынан, яғни ГАТТ-тың сәйкес ережелерінің жүйелілігі мен солардың негізінде дауларды шешу тетігі бойынша барлығына бірыңғай қамтылған келісімдер құрылуымен қатар, Уағдаластықта ДСҰ тетігі мен ГАТТ жүйесінен мүлде жаңа бірқатар ережелері бар. Бұл тұрғыда алғашқы назарды Дауларды шешу бойынша Уағадаластықта қарастырылған, Дауларды шешу бойынша орган құзыретіндегі бірқатар негізгі рәсімдік шешімдер қабылдауға байланысты ережелерге (мәселен, топ құру мәселелеріне, топ есебін бекіту т.б.) аударса болады. ДШУ ережелеріне сәйкес, осы шешімдерді қабылдауға қарсы консенсус болмау талап етіледі. Ондай консенсус әдебиетте «негативті консенсус» немесе «кері консенсус» (negative consensus or inverted consensus) деп белгіленген ретінде белгілі. Теория жүзінде, ондай консенсус бар. Дегенмен, мәселе өз пайдасына шешілген қатысушы мемлекет, сол шешімнің бекітілуіне қарсы дауыс береуі екіталай. Мұнсыз «кері консенсуске» қол жеткізу мүмкін еместігі айқын. Осылайша, бұл қағида бүкіл дауларды шешу тетігіне автоматизм сипатын береді. Осының нәтижесінде, ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігінің негізі болып табылатын «кері консенсус» қағидасы бұл салада мамандардың жоғарғы бағасын ақтады . Келесі ерекшелік аппеляциялық шағым беру болып табылады. Осы тұста, профессор Петерсманның осы сатыны енгізу мемлекеттердің «кері консенсус» қағидасына өтуге келісімін алуға өз үлесін қосты деген пікіріне қосылуға әбден болады. ГАТТ-та топтардың қате шешімдеріне қарсы кепіл ретінде топтардың есептерін бекіту үшін мүшелерінің консенсусы қажет ГАТТ Кеңесі болса, Дүниежүзілік сауда ұйымында есепті қабылдамау мүмкіндігі өте аз. Дегенмен, шағым дауласушы тарапынан түсетін болса, дауларды шешу бойынша топ қорытындыларын Аппеляциялық орган тексереді. ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігіндегі үшінші жаңа элемент ретінде істерді қарастырудың түрлі кезеңдері үшін міндетті мерзімдердің бектілуін атап өтсе болады. Бұл өз кезегінде, дауларды шешу барысында шешімдер шығарудың созылып кетпеуіне ықпал етеді, яғни дауларды шешуде айтарлықтай нақты жетістіктерге жетуге көмектеседі (ДШУ, 20 б.). Мысалы үшін, кеңесулердің басталу сәтінен Аппеляциялық орган есебінің бекітілуі 15 ай аралығында жүзеге асырылуы тиіс.

ДСҰ шеңберінде дауларды шешу мерзімдерінің ұзақтығын барлығы бірдей  жағымды қабылдамайды. К.В. Ремчуков оларды едәуір ұзақ деп, олардың тиімділігіне күдік келтіреді.Мұндай пікірмен келісе де алмаймыз. Дауларды қарастыру мерзімдері айтарлықтай ұзақ болып көрінуі мүмкін, алайда, ұйымда күрделі мемлекетаралық даулар қарастырылады. Олар үшін 12-15 ай тым ұзақ уақыт болып көрінбейді. Істерді қарастырудың мұндай мерзімдері, тіпті, ұлттық сот жүргізуде де кездеседі. Неміс заңгері Х.Хомани ДСҰ дауларды қарастыру мерзімдеріне жоғары баға бере отырып, Германияда Әкімшілік сотта іс 15 ай көлемінде қарастырылуына рұқсат етілетіні туралы атап өткен. Халықаралық деңгейде, ұлттық сот ісіне тән мерзімдердің болуы ДСҰ шеңберінде дауларды шешу үрдісінің жоғарғы тиімділігінің белгісі екені анық. Осылайша, Уағдаластық — Дауларды шешу бойынша органымен шешім қабылдауына автоматизм енгізетін рәсімдердің нақты мерзімдері туралы ережелері бар және аппеляциялық шағым жасау кезеңін ескерген дауларды шешу ережелерінің нысандандылырған жинағы деген қорытындыға келуге болады. ДСҰ аясында дауларды шешу тетігінің ерекше қырларына келетін болсақ, жеке тұлғалар мен компаниялар дауларды шешу механизміне тікелей қатысуға мүмкіндігі жоқ. Дауларға мүше-мемлекеттер қатысады, ал даулар ұлттық компаниялар тарапынан туындайды. Халықаралық сауда даулары отандық саланың ұлттық үкіметтегі арнайы құзырлы органдарына шетелдік мемлекеттің сауда режимінің өзгеруі салдарынан, бизнес үшін жағдайдың нашарлауы жайлы шағымдарынан басталады. Біріншіден, дауды бастау туралы түбегейлі шешім мемлекет тарапынан болуы тиіс. Оған дейін, мемлекет жеңіс немесе жеңілістен соң орын алатын жағдайды түсінуі керек. ДСҰ келісімдеріне қарама-қайшы болып табылатын мемлекет шараларына шағымданып, тергеуді бастаған мемлекет, істе жеңіске жете отырып, ұқсас дауда жауапкер мемлекет болу қауіпін төндіреді. Екіншіден, үкімет мәселе күш-жігер жұмсауды қажет етпейді. Үшіншіден, ДШУ ережелері бойынша, сот рәсімін бастамас бұрын, талапкер мемлекет  ДСҰ ережелерін бұзушы мемлкетпен кеңесу өткізуге міндетті. Шиеленіскен мәселелер осы кезеңде де шешілуі мүмкін. Бұл ірі қаржы және адам ресурстарын жұмсамауға мүмкіндік береді. Егер тараптар келіссөздер арқылы бір шешімге келе алмаса, олар Уағдаластықта тұжырымдалған дауларды шешу бойынша тетікке жүгінеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының дауларды шешу тетігін толық түсіну үшін, ұйым тәжірибесінде орын алған Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Одақ арасындағы американдық компаниялармен ЕО-ға банан импортына қатысты ұзақ уақытқа созылған, кейін «банан соғысы» деп аталып кеткен дауды талдайық. Аталмыш шиеленіс бірнеше американдық компаниялардың Еуропа мемлекеттеріне Эквадор, Гватемала, Гондурастан, яғни бұрынғы ағылшын және француздық отарларынан банан жеткізіп отыру ұмтылысынан басталды. Бірақ, ЕО банан жеткізіліміне қатысты өзінің және еуропалық компаниялар мүдделерін қорғау мақсатында америкалық компаниялардың еуропалық нарыққа өтуіне белсенді түрде бөгет жасады. ЕО мен АҚШ арасындағы сауда соғысына АҚШ әкімдігінің Еуропалық Одақ Латын америкасы елдерінен банан импортына еуропалық шекараларды ашатын болса,  ЕО-дан алып келінетін кейбір өнім түрлеріне салық салынбайтыны жөніндегі мәлімдемесі түрткі болды. Бұл дау ДСҰ Шағымдар мен наразылықтарды талдау бойынша Комиссиясында қарастырылғаннан кейін, 1998 жылы іс Дауларды шешу бойынша орган қарауына берілді. Комиссия шешіміне сәйкес, ДСҰ Еуропалық одақты 1999 жылдың 11 қаңтарына дейін өзінің банан импорты режимін өзгертуге міндеттеді. Нәтижесінде, ЕО АҚШ қысымымен баж салығын 100 пайызға көтере отырып, экпорттық өнімге тарифтік шектеулер енгізді. Бұл шығын сомасынан үш есеге асып кетуіне алып келді. 1999 жылдың сәуір айында ДСҰ Дауларды қарастыру органы  АҚШ ұстанымын қолдады. Ол бойынша, ЕО банан импорты кезінде «халықаралық сауда қағидаларын бұзды». Осылайша, американдық өнім жеткізуші шығындарын өтеу үшін ЕО-дан импортталатын бірқатар тауарларынан қосымша салық жинау жайында 1999 жылы 3 наурызда АҚШ жариялаған мәлімдемесінің жүзеге асуына жол ашты. Орган банан импортын реттейтін ЕО бекіткен ережелер АҚШ-тың сауда фирмаларын кемсітеді, банан импорттау саласында ЕО саясаты Дүниежүзілік сауда ұйымы қабылдаған ережелерге сейкес келмейді деп мойындады.

2001 жылдың сәуірінде ЕО мен АҚШ арасындағы дау шешімін тапты. Вашингтон мен Брюссель арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін, тараптар келісімге келді. Американдық компания еуропалық нарыққа рұқсат алып, ал Вашингтон еуропалық тауарларға салынған, сомасы жылына 190 млн.доллар құрайтын санкцияны алып тастады. Қазіргі кездегі Бас кеңес төрағасы Йонов Фредерик Аганың (Нигерия) 2010 жылдың 19 наурызынан 2011 жылдың 24 ақпанына дейін Дауларлы шешу бойынша органның төрағасы болды. Ол 2011 жылы ДСҰ дауларды шешу жүйесінің жетістіктері туралы айтқанда, құрылғанынан бері 400-ден астам дауды қарастырып, халықаралық дауларды шешу жүйелерінің ең жемістісі деп белгіледі. Шын мәнінде, Халықаралық сот 65 жыл қызмет етуі кезінде барлығы 150 дауды қарастырды. Теңіз құқығы бойынша, Халықаралық трибунал 1996 жылы құрылып, 15 іс қарады. Экологиялық мәселелер бойынша палата 1993 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс істеп, бір де бір іс қарастырмаған. Осындай мысалдарды талқылай отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымының Дауларды шешу бойынша жүйесінің қаншалықты тиімді және нәтижелі екендігін айқын аңғаруға болатыны сөзсіз.

Ойымызды түйіндейтін болсақ, жалпы алғанда, ДСҰ-ң дауларды шешу тетігі ГАТТ жүйесімен салыстырғанда едәуір жетістіктерге жетті және тиімді рәсімдері бар дауларды шешуші құрал болып табылады. Сондай-ақ, Дауларды шешу органымен мәселелерді қарастырудың нақты мерзімдері бекітілгендігін аңғардық. Бұл дауларды қарастырғанда оның тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, И.Т.Бдоян пікірінше, шектеулі уақыт мерзімі еленбеуі мүмкін. Себебі, мерзімге сай әрекет етілмеген жағдайда, ешқандай санкциялар енгізілбегендігін белгілейді Әрине, бұл пікірге де қосылуға болады. Кез келген дауды шешіп, оның шешімдері нақты орындалуы үшін белгілі бір міндеттемелердің қажеттілігі зор. Қарапайым қоғамдық қатынастар да құқық пен тәртіп қағидалары арқылы реттелуде. Ал жүздеген мемлекеттер мүдделерін жүйелендіру үшін, даулардың оңтайлы шешілуі үшін құқық бұзушы мүше-мемлекеттерге санкциялар қолданылуы керек. Сонымен қатар, ДСҰ аясында институционалды мүдделерді келісімге келтірудің кең қолданылған жүйесінің болуына қарамастан, мүше-мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерінің әр түрлілігімен  байланысты белгілі бір  «проблемалық зоналардың» бар екендігін белгілеген жөн. Мәселен, ДСҰ мағұлматтарына сүйенетін болсақ, 2009 жылдың басында антидемпингтік тергеулер 2008 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артты. ДСҰ Бас директоры Паскаль Ламидің баяндамасы бойынша, 2009 жылы әлемдік сауда көлемі 2,1 пайызға қысқарды. ДСҰ шеңберінде дауларды шешудегі күрделі аспектісі — Аппеляциялық орган мен арнайы комитеттердің шешімдеріне заңдылық күшін беріп, мүше-мемлекеттер мен оның азаматтарының ол шешімдерге көнетінін кепілдік беру болып табылады.Бұл елеулі ресуртарды, кәсіби деңгейдің жоғарылауын және жалпы әлемдік қауымдастықтың ашықтығын қажет ететіні айқын деп есептейміз.  Осылайша, 1997 жылы пайда болған ГАТТ-тың дауларды шешу тетігіне Уругвай раундымен енгізілген өзгерістер, яғни, алдыңғы жүйе «soft law» ережелеріне сүйенсе, енді қарама-қайшылықтарды реттеу жүйесі «hard law» ережелеріне негізделетіні айқын көрінеді.

Қорыта келе, ДСҰ дауларды шешу жүйесінің әлемнің 155 мемлекетінің сауда-экономикалық қатынастарын реттеп қана қоймай, Дауларды шешу бойынша органы арқылы сол мемлекеттер арасында туындап отыратын әр түрлі даулардың оңтайлы шешілуін қамтамасыз етіп отырғанын аңғардық. Мемлекетаралық келіспеушіліктерді халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып және барлық істерді тең дәрежеде қарастыратыны бұл тетіктің әділдігіне, әрі тиімділігіне дәлел.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет