250 мл колбаға 20 мл дистилденген су құйып, 60°С-қа дейін қыздырады. Оның үстіне 0,25 гр NaOH салып араластырады. Сілті еріген соң 0,5 мл олеин қышқылын қосады. Колбаны 20 минут бойы 60°С температурада араластырып отырады. Ерітіндінің рН-ын тексереді, оның мәні 9-ға тең болу керек. Колбаға 2,5 гр K2S2O8 калий персульфатын салып, жақсылап араластырады. Осы ертіндінің үстіне 10,6 /мл/ стиролды құйып, колбаны жақсылап шайқайды (1-1,5 сағ.). Түзілген эмульсияға 5 мл конц НСl немесе сірке қышқылын (CH3COOH) құяды. Жақсылап араластырады (20-30 минут). Әрі қарай 2-3 сағ. қойып қояды. Полимер өнімі түйіршіктер тәрізді болып тұнбаға түсу керек. Алынған өнімді фильтр қағазды өткізіп сүзіп алады да, бөлме температурасында кептіріп, өлшейді.
Тапсырма: Полимер шығымын анықтау керек.
Р – полимер шығымы;
mп- полимер массасы, г;
mм- мономер массасы, г.
б)Стиролдың үлесін бромид-бромат ерітіндісімен анықтау
Түбі жазық колбаға (250 мл) 0,2 гр стиролды өлшеп, салып, оның үстіне 5 мл – ректифкат этил спиртінде ерітеміз, 35 мл бромид-бромат ерітіндісін құямыз. Осы қоспаға 10 мл конц. НСl қосып, колбаның аузын берік жабылатын тығынмен жауып, жақсылап шайқайды да 30 мин. қояды. Көрсетілген уақыт өткен соң колбаға 10 мл КJ ерітіндісін құяды. Индикатор ретінде крахмал қосады. Бөлінген иодты 0,1н тиосульфат натрий ерітіндісімен титрлейді. Тәжірибеде стиролсыз қоспаны да титрлейді. Стиролдың мөлшерін төмендегі формуламен есептейді.
а - стиролсыз ерітіндіні титрлеуге кеткен 0,1н натрий тиосульфаты ерітіндісі, мл ;
в - стиролы бар ерітіндіні титрлеуге кеткен 0,1н натрий тиосуль-фаты ерітіндісі, мл;
к – 0,1н натрий тиосульфаты ерітіндісінің нормалдық коэфициенті
0,0052 – 1 мл 0,1н - натрий тиосульфаты ерітінісіне сәйкес бром мөлшері;
q – стиролдың мөлшері, г.
в) Полистиролдың деполимерленуі
Пробиркаға қатты ұсатылған полистиролды салып, аузын газ өткізгіш түтікпен жабады. Түтіктің ұшын сыртынан суытылған қабылдауыш-пробиркаға салады. Полимері бар пробирканы қатты қыздырады. Пробирка ішіндегі сұйық буланып, қабылдауыш-пробиркаға сұйық, сары түсті зат ретінде жиналады. Алынған стиролдың 1-2 тамшысына бром суының әсерін байқайды.
Тапсырма:
Полистиролдың деполимеризациясының теңдеуін көрсетіңіз.
Стиролға бром суының әсерін көрсететін реакция теңдеуін жаз.
№7 Полимерлердің химиялық түрленуі
Жұмыс мақсаты: поливинилацетаттың алкоголизі арқылы поливинил спиртін алу; поливинил спиртін альдегидтермен ацилдеу
Реактивтер: поливинилацетат, этил спирті, кұкірт қышқылы (p=1,84 г/см3), ацетон, 37 % формалин ерітіндісі
Құрал-жабдықтар: 250 см3 көлемді колба, 100о С термометр, суытқыш, су моншасы, Бюхнер воронкасы, Петри чашкасы, шпатель, фильтр қағазы, пробиркалар
а) Поливинилацетаттың қышқылды алкоголизі
Синтез жүргізетін колбаға (үш тармақты) 15 г поливинилацетат және 100 г этил спиртін құйып, 60-70°С температурада, су моншасында полимер әбден ерігенше ұстайды. Полимер еріген соң ерітіндіні 30°С дейін суытады. Оған қоспаны (15 мл этил спирті + 5,5 г H2SO4) аз-аздан құяды. Колбаны араластыра отырып, су моншасында 4-5 сағат қыздырады. Реакция аяқталған соң колбаны суытады. Алынған полимерді сүзеді, 40-50°С температурада кептіреді.
Тапсырма:
1. Алынған поливинил спиртінің шығымын есептеу.
2. Полимердің суда, ацетонда және тетрахлорметандағы ерігіштігін тексеру.
3. Поливинилацетат алкоголизі процесіндегі реакция теңдеуін жазу.
ә) Поливинил спиртінің формальдегидпен ацилденуі
250 мл колбаға 45 г этил спиртін, 37% формалин ерітіндісін, (оның мөлшері 4,1 г формальдегидке сәйкес болуы керек) және катализатор – 0,15 г күкірт қышқылын, араластыра отырып 10 г поливинил спиртін құяды. Колбаны су моншасында орналастырып 70-75°-қа дейін қыздырады және мөлдір ерітінді пайда болғанша ацилдеу реакциясын жүргізеді. Колбаны суытады, алынған поливинилформальды су құйылған ыдысқа араластыра отырып құяды, сополимер тұнба түрінде пайда болады. Оны 40-50°С температурада кептіреді.
Тапсырма:
1. Поливинильформальдың шығынын анықтау.
2. Суда, спиртте, ацетонда, тетрахлорметанда ерігіштігін тексеру.
б) Поливинил спиртінің май альдегидімен ацилденуі
Синтез жүргізетін колбаға 100 мл су құйып, оны 60-70°С қыздырады, оның үстіне 10 г поливинил спиртін құяды (поливинил спиртті біртіндеп, еріте отырып 30-40 мин бойы салады). Алынған ерітіндіге 0,6 гр конц.күкірт қышқылын құяды және араластыра отырып 9,8 г май альдегидін қосады. Реакцияны 60°С температурада, араластыра отырып жүргізеді.Ацилдеу процессі нәтижесінде поливинилбутираль тұнбаға түседі. Колбаны суытады, полимерді сүзеді, 40°С температурада кептіреді.
Тапсырма:
1. Полимер шығымын анықтау.
2. Алынған поливинил бутиралдың суда, ацетонда, тетрахлорметанда, спиртте ерігіштігін тексеру.
3. Поливинилбутиральдың түзілу реакциясының теңдеуін жазу.
в) Поливинилхлоридтің дегидрохлорлануы
100 мл колбаға 2 гр поливинилхлоридің өлшеп салады, аузын газ өткізгіш түтікпен жабады. Колбаны құм банясына орналастырады. Газ өткізгіш түтіктің ұшын 0,1н 50 мл аммиак ерітіндісі құйылған стаканға не колбаға салады. Колбаны 170-175°С температурада 10 мин қыздырады. 10 минуттан соң аммиак ерітіндісінің колбасын алып, 0,1н тұз қышқылымен титрлейді. Титрлеу алдында колбаға фенолфталеин тамызады, қызғылт түс болады. Титрленгенде қызғылт түс жоғалу керек. Басқа колбаға бақылаушы ретінде алып, оған 50 мл 0,1 н аммиак ерітіндісін құйып, фенолфталеин қатысында титрлейді.
Алынған мәліметтер негізінде поливинилхлоридінің дегидрохлорлануы кезінде бөлінген HCl (%) мөлшерін есептейді.
D - бөлінген хлорсутектің мөлшері ;
а,в – тәжірибедегі және бақылаушы колбадағы ерітіндіні титрлеуге жұмсалған 0,1н тұз қышқылының мөлшері, мл;
q - полимер массасы, гр
Т - 1 мл 0,1н HCl ерітіндісіне сәйкес HCl мөлшері, г;
k- 0,1н HCl ерітіндісінің нормалдылық коэффициенті.
Фтал ангидриді және глицериннің поликонденсациясы нәтижесінде тармақталған полиэфирлерді алу
Жұмыс мақсаты: Глифтал смоласын алу, полиэфирдің қышқылдығын, полимердің ерігіштігін анықтау, эфир санын және сабындану санын анықтау
Реактивтер:фтал ангидриді, глицирин, бензол, этил спирті, 0,1н калий гидроксидінің ерітіндісі, фенолфталеин, ацетон, 0,5н тұз қышқылының ерітіндісі
Құрал-жабдықтар: 250 см3 көлемді колба, 300о С термометр, суытқыш, құм моншасы, фарфор стаканы, шпатель, фильтр қағазы, пробиркалар
а) Глифтал смоласын алу
Жұмыс барысы: 10 г фтал ангидридін және 7 г сусыз глицеринді өлшейді. Өлшенген заттарды фарфор стаканға салып, бетін воронканы төңкеріп жабады. Фарфор стаканды құм моншасына орналастырып, 180°С температурада 2-2,5 сағат ұстайды. Одан кейін температураны 200-220°С-қа көтере отырып, қоспаны әрі қарай қыздырады. Қыздыру шыны тәріздес смола түзілгенше жүргізіледі. Алынған смола ацетонда нашар еру керек. Фтал ангидриді ыдыстың қабырғасына кристалл түрінде қонса, ыдыстың ішіне қырып түсіріп жіберу керек.
Тапсырма: Фтал ангидридімен глицериннің поликонденсация-сының реакция теңдеуін жазыңыз.
ә) Полиэфирдің қышқылдығын анықтау
250 мл колбаға полимерді (0,3-1,0 г) өлшеп салады. Оның үстіне 20-30 мл (бензол және этил спирті) еріткішті құяды. Әбден еріген соң 0,1н КОН ерітіндісімен, фенолфталеин қатысында қызғылт түс пайда болғанға дейін титрлейді. Полимер үлгісінсіз, бақылаушы колбаны да фенолфтолеин қатысында титрлеу керек.
қышқылдық саны
0,00561 – 0,1 н КОН ерітіндісінің титрі г/мл ;
V1V2 – полимер үлгісі және полимер үлгісінсіз колбаларға жұмсалған 0,1 н КОН ерітіндісінің мөлшері, мл;
q – полимердің массасы, гр.
Полимердің молекулалық массасын төмендегі формуламен анықтайды:
к.с-қышқылдық саны
б) Полимердің еріткішін анықтау
Төрт пробиркаға бензол, спирт, ацетон, су құйып, әр қайсысына полимер үлгісін салады. Бөлме температурасында 2 сағат бойы қайсысында жартылай еру немесе ісінуі, не ешқандай өзгеріс болмағанын бақылайды. Егер аздап өзгеріс болса, пробирканы су моншасына қойып, жарты сағаттан соң байқалған өзгерісті бақылайды. Журналға өзгеріс нәтижелерін белгілейді.
в) Эфир санын және сабындану санын анықтау
Сабындану саны 1 г зерттелетін полимердегі бос карбоксил тобын нейтралдауға қажетті КОН мг санымен сипатталады. Бос карбоксил тобы жоқ күрделі эфирде эфирлену саны сабындану санымен сәйкес келеді. Эфирлену саны полимер бөліктерінің молекула массасына тәуелділікте болады.
Жұмыс барысы: Колбаға 0,5-1 г полимерді өлшеп салып, оның үстіне 25 мл 0,5 н КОН-тың спирттік ерітінді құяды. Полимер үлгісінсіз екінші колбаны алады. Екі колбаны да су моншасында 2,5-3 сағат қыздырады. Колбаны фенолфталеин қатысында 0,5н HCl ерітіндісімен, қызыл түс жоғалғанша титрлейді.
эфирлену саны
V1V2 – полимер үлгісінсіз, полимері бар колбаға жұмсалған 0,5 н НСl ерітіндісінің көлемі, мл;
q – полимердің массасы, гр;
Т- қышқыл титрі, мг, КОН-пен анықталған-0,028
Полиэтиленадипинат синтезі
Жұмыс мақсаты: Адипин қышқылының этиленгликольмен поликонденсациялауы (полиэтиленадипинат синтезі) нәтижесінде сызықты полиэфир алу; сызықты полиэфирдің гидролитикалық ыдырауы нәтижесіндегі молекулалық массасының өзгеруін анықтау
Реактивтер: адипин қышқылы, этиленгликоль, п-толуолсульфоқышқылы, этил спирті, 30% күкірт қышқылының ерітіндісі, калий гидроксидінің 0,1 н спирт ерітіндісі
Құрал-жабдықтар: 100 см3 көлемді колба, араластырғыш, 250 см3 стакандар, пипеткалар, 100о С термометр, суытқыш, сплавымен монша, 10 см3 цилиндр, Бюхнер воронкасы, Бунзер колбасы, Петри чашкасы, фарфор чашкасы, фильтр қағазы, пробиркалар
а) Полиэтиленадипат синтезі
Жұмыс барысы:
Колбаға 14,6 г (0,1 моль) адипин қышқылын, 9,5см3 (0,1 моль)этиленгликольды және 0,152 г (0,8 моль) п-толуолсульфоқышқылын құйып, араластырғышты қосып, синтезді жүргізеді. Поликонденсация 175-185°С t-да, 3-4 сағ. жүргізіледі. Түзілген тұтқыр сұйықты фарфор чашкаға ыстық күйде құяды, суынған соң полимер балауыз тәрізді массаға айналады.
ә) Сызықты полиэфирдің гидролитикалық ыдырауы
Жұмыс барысы: 100 мл екі колбаға 2,5 гр полиэфирді салады, әрқайсысына 12,5 мл этил спиртін құяды, полимерді араластыра отырып ерітеді. Колбаның біреуіне 1,5 мл 30% H2SO4 құйып, екеуінің де аузын ауа суытқышпен жауып, су моншасында (40°С) қыздырады. 1 сағаттан соң екі колбаның әрқайсысынан 0,75 мл үлгі алады да, 12,5 мл су құйылған екі стаканға жеке-жеке салады. Полимер түнбаға түсу керек. Алынған полимерді сүзеді, кептіреді. Полимердегі (екеуінің де) адипин қышқылының үлесін анықтайды.
2 сағаттан соң тура жоғарыда көрсетілген жұмыс барысын қайталайды. Екі полимердегі адипин қышқылының үлесін анықтайды.
Адипин қышқылының үлесін анықтау
0,3-1 гр зерттелетін полимердің үлгісін колбаға салып, 20-30 мл еріткіш (бензол немесе хлороформ) құйып, полимер еріген соң фенолфталеин қатысында 0,1н КОН ерітіндісімен, қызғылт түс пайда болғанша титрлейді. Екінші колбаны алып оған 20-30 мл еріткішті құяды да, фенолфталеин қатысында, 0,1н КОН ерітіндісімен титрлейді (Бақылаушы колба, полимер үлгісінсіз). Екі колбаны да титрлеген соң, карбоксил тобының үлесін % төмендегі формуламен анықтайды:
V1V2 – полимер үлгісі бар және полимер үлгісінсіз титрлеуге кеткен 0,1н КОН көлемі, мл;
0,0090 – 1 мл КОН-қа сәйкес карбоксил топтарының мөлшері;
q – полимер үлгісінің массасы, г.
Карбоксил топтары бар мономердің (адипин қышқылының) үлесін төмендегі формуламен анықтайды:
146 – адипин қышқылының Mr;
90 – карбоксил топтарының Mr;
Этилен гликолдың үлесі төмендегі формуламен анықталады:
х2 = 100 – x1.
Адипин қышқылының массасы:
Этилен гликолдың массасы:
62-этилен гликолдың Mr.
Полимердің молекулалық массасы:
m = m1 + m2
Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге толтыру керек.
№
|
Полимер үлгісін алған р-я уақыты
|
Бірінші колбадағы полимерлердің массасы (m)
|
Екінші колбадағы полимерлердің массасы (m)
|
1
|
60 мин
|
|
|
2
|
120 мин
|
|
|
Тапсырма:
1. Кестені толтырып, бастапқы полимердің массасымен, реакциядан кейінгі массасының өзгеруіне баға бер.
2. Полиэфирдің гидролитикалық деструкциясының теңдеуін жаз.
Фенол-формальдегид смолаларын алу
Жұмыс мақсаты: Фенол-формаьдегид смолаларын – новолакты, резол, резитті алу; фенолды және формальдегидті сапалық және сандық анықтау
Реактивтер: фенол, формалин (техн.), концентрлі тұз қышқылы, аммиак (30% ерітіндісі)
Құрал-жабдықтар: 100 см3 көлемді колба, араластырғыш, 100о С термометр, суытқыш, Вюрц колбасы, фарфор чашкасы, пробиркалар
а)Фенол-формальдегид смоласы – новолакты алу және зерттеу
Жұмыс барысы:
Колбаға 2,5 гр кристалды фенолды саламыз. 5 мл формалин (30%); 0,3 мл конц НCl құйып, колбаны шайқаймыз, ауа суытқышпен жауып, су моншасында 80°С t-да, 1 сағат ұстаймыз. Біртіндеп лайланып, екі қабатқа бөлінеді, үстіңгі сулы қабатын ақырындап пипеткамен алып тастаймыз. Төменгі қабатын судан толық арылту мақсатында фарфор чашкаға құйып, бір тегіс смола қабаты түзілгенше 100-105°С t-да қыздырамыз. Чашканы суытып, ішіндегі полимерді алып, аздаған мөлшерін ацетон немесе бензол-спирт (1:1) қоспасы құйылған пробиркаға салып ерігіштігін тексереміз.
Тапсырма: Новолок түзілу реакциясының теңдеуін жаз.
ә) Фенол-формальдегид смоласы – резол, резитті алу және зерттеу
Жұмыс барысы:
а) Жоғарыда тәжірибеде алынған смаланың бір бөлігін құрғақ пробиркаға салып, оның үстіне 0,5 мл қаныққан уротропин ерітіндісін қосып қыздырады. Резит алынады. Оның ерігіштігін тексереді.
ә) Резолды алу. Колбаға 2,5 гр фенол, 5 мл формалин, 1,5 мл конц. аммиак құйып, колбаның аузын ауа суытқышпен жауып, қоспаны араластырып, ақырындап қыздырады (су моншасында, 80-85°С t-да). Қоспаның лайлануы, екі қабаттың бөлінуі байқалады. Сулы қабатын пипетка көмегімен алып тастайды. Төменгі қабатын фарфор чашкаға құйып, қыздырады. Алынған смоланы суытып, ерігіштігін тексереді.
б) а, б тәжірибеде алынған смоланы жеке-жеке пробиркаға салып, пробирканы көлденең ұстап қыздырады. Смола балқиды. Оны суытып қайтадан қыздырады. Біртіндеп смола балқымайтын болады.. Алынған резиттің ерігіштігін тексереді.
Тапсырма:
1. Резол және резит смолаларының түзілу реакциясының теңдеуін жаз.
2. Резолдың және резиттің айырмашылықтарына сипаттама бер (түрі, түсі, қолдануы, физикалық сипаттамалары).
б) Фенолды және формальдегидті сапалық және сандық анықтау
Жұмыс барысы:
а) Фенолды сапалық анықтау үшін ұсақталған смалаға 2-3 мл бром суын құяды. Пробирканы кішкене шайқайды. Егер фенол болса, трибром фенолдың ақ мақта тәріздес тұнбасы түзіледі.
Тапсырма: Фенолдың бром суымен реакция теңдеуін жаз.
ә) Бос формальдегидті сандық анықтау. Бұл натрий сульфитімен әрекеттесуіне негізделген, реакция нәтижесінде бөлінетін сілті тұз қышқылымен титрленеді.
Ұсақталған 0,6 гр смола үлгісін 50 мл стаканға салып 5 мл дистилденген су және 10 мл 1н натрий сульфитінің ерітіндісін құяды. 2 сағат қойып қояды. 3,4-тамшы фенолфталеин қотысында 1н тұз қышқылымен түссізденгенше титрлейді. Смоладағы бос формальдегид үлесін төмендегі формула бойынща есептейді.
мұнда а – титрлеуге кеткен 1н HCl мөлшері;
К - 1н HCl ерітіндісінің нормалдылық коэффициенті;
0,03 - 1н HCl ерітіндісіне сәйкес формальдегид мөлшері;
q – смоланың массасы, гр.
3. Студенттердің өздік жұмысына тапсырмалар.
1. Мұнайлардың элементтік құрамы. Мұнайдың минералдық компоненттері.
2. Мұнайлардың фракциялық құрамы. Мұнай фракцияларының қолдану аумағы.
3. Мұнайдың физика-химиялық константалары және күмірсутекті қоспаларды идентификациялағандағы олардың ролі.
4. Өндегенде полимердің химиялық құрылысының өзгеруі.
5. Радиацияның сызықты және торлы полимердің созылу релаксациясына әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |