|
|
Дәрілік зат
|
|
Қосымша зат
|
| -
Негізқұраушы
-
Стабилизирлейтін
| -
А және Б тізімінің заттары
|
|
|
|
|
| -
Пролонгирлейтін
-
Корригирлейтін және т.б.
|
|
|
Дәрілік өсімдікті шикізат
|
|
Дәрілік зат
|
| -
Химиялық
-
Биологиялық активті
|
| -
Ұнтақтар
-
Таблеткалар
-
Пилюлдер
-
Гранулалар
|
|
|
| -
Жақпа майлар
-
Суппозиториялар
ерітінділер -
Эмульсиялар
-
Суспензиялар
|
|
Кәсіпорынның фармакөшірмелік бабы (КФБ) - міндетті түрде көрсеткіштер тізімінен және де, дәрілік пішінді ескеріп, сапаны бақылаудың әдістерінен тұратын дәрілік затты саудалық атауымен аталған дәрілік зат сапасының стандарты.
Дәрілік заттарды өндіру кәсіпорны - «Дәрілік заттар туралы» федералді заңның талаптарына сәйкес дәрілік заттарды өндіретін ұйым.
Дәрілік заттардың сапасы – дәрілік заттар сапасының мемлекеттік стандартына сәйкес дәрілік заттардың сапасы.
Дәрілік заттар өндірісі – дәрілік заттардың сапасын бақылаудың федералді органмен бекітілген, дәрілік заттар өндірісін және сапасын бақылауын ұйымдастыру ережелеріне сәйкес, дәрілік заттарды өндіру лицензиясы бар кәсіпорын – жасап шығарушылармен дәрілік заттарды сериялы алу.
Дәрілік заттар – биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар.
Қатты әсер ететін дәрілік зат – Есірткілерді бақылау тұрақты комитетімен орнатылған (ЕБТК), қатты әсер ететін заттар тізіміне кіретін, дәрілік заттар.
Субстанция – фармакологиялық активтілігі бар жəне дәрілік препараттарды өндіру және жасап шығару үшін қолданылатын, шығу тегі табиғи жануар тектес, микробты немесе синтетикалық заттар.
Дәрілік өсімдікті шикізаты – медициналық қолдану үшін белгіленген уәкілетті орган белгіленген тәртіппен рұқсат етілген өсімдікті шикізаты.
Дәрілік форма – дәрілік затты немесе дәрілік өсімдікті шикізатты қолдану үшін ыңғайлы күйге келтіру, бұл кезде қажетті емдік əсер болуы тиіс
Дәрілік препараттар – белгілі дәрілік формада мөлшерленген дәрілік заттар.
Қосалқы заттар – дайын дәрілік пішіндер өндіру процесінде, оларға қажетті қасиеттер беру үшін қолданылатын, табиғаты органикалық немесе бейорганикалық болатын заттар
Қаптама материалдары – дайын дәрілік заттарды мөлшерлеу, сақтау үшін арналған материалдар.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: фармацевтикалық технологиясының негізгі түсініктері мен ұғымдары, дәрілік формалардың жіктелуі, фармацевтикалық технологияның міндеттері мен мақсаттары
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Фармацевтикалық технология қай мезгілді пайда болды?
-
Фармацевтикалық технологиясының негізгі ұғымдары мен түсініктері өзара қалай байланысқан?
-
Дәрілік формалардың жіктелуі?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 5-24
-
Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 5-14
-
Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 5-17.
Дәріс 2 - Фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары
Дәріс жоспары:
-
Өнеркəсіптік фармацевтикалық өндіріс
-
Химико-фармацевтикалық өндірістегі өндірістік ерекшеліктер
-
Дәріхана өндірісі
Өнеркəсіптік өндіріс стандартты үлгілерімен шығатын дайын дәрілік препараттардың жаппай сериясын қарастырады.
Дәрілер өндірісі кең ауқымды сериялы (Химико-фармацевтикалық заводтар, фармацевтикалық фабрикалар мен фирмалар) және кіші сериялы (аурухана, аурухана аралық жəне дәріхананың басқа түрлері) болып бөлінеді.
Кіші сериялы өндірісте аттас өнімдерді шығару систематикалық түрде қайталана береді (ай, квартал сайын)
Кең ауқымды сериалы өндірісте технологиялық процестер механикаландырылған, қазіргі заманғы құрылғылармен, тар өндіріс специализациясымен жабдықталған жəне дәрілік препараттардың номенклатуралық шектеу бар жəне ұзақ мерзімде сақталады.
Кең ауқымды сериялы өндіріс үшін құрылғылар технологиялық процестің жүру барысы бойынша орналастырылған.
Химико-фармацевтикалық өнеркəсіптерінің ұйымдастырылуы өзінің спецификалық ерекшеліктерін қамтиды. Фармацевтикалық өнеркəсіптің дәрілік өндірісі цехтық ұстаным бойынша жəне арнайы бір-бірімен байланысты болатын цехтардан тұрады.
Цех – өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнім немесе шикізат жасалатын өңдірістік цех не қосымша материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін (қосымша цех) құрылымдық бөлімшесі.
Өз кезегінде цех өзінің бірнеше аумағын қамтиды, онда технологиялық процесті құрайтын бір типті операциялар жүргізіледі.
Жасалынатын жұмыс сипатын қарай цехтық негізгі, көмекші жəне қосалқы түрлері болады.
Цехтағы машиналар мен аппараттардың орналасу түрлері:
– цехтық орналасу;
– технологиялық процестің жүру барысы бойынша орналасу
- аралас орналасу
Дәріхана - денсаулық сақтау мекемесі, негізгі міндеті: 1) халыққа дәрілерді рецепт бойынша дайындап жіберу; 2) халыққа рецептсіз сатуға рұқсат етілген дәрілерді босатып жіберу, санитария және гигиена, дезинфекциялық заттарын, оптикалық заттарды, медициналық инструменттерді сату; 3) емдеу-профилактикалық мекемелерді медикаменттермен қамтамасыз ету; 4) дәрілік шикізатты алдын ала дайындау; 5) халық арасында санитарлық-гигиеналық білімді қалыптастыру. Екі түрлі дәріхіналар бар: а) ашық және б) жабық – емдеу мекемелердің ішінде. Ашық дәріханалар – сату және медициналық өңдіріс, жеке түлғаларды және емдеу мекемелерін дәрілермен қамтамасыз етеді. Жабық дәріханалар тек өңдірістік функцияларды атқарады, яғни емделіп жатқан аурулар үшін дәрілерді жасап шығарады. Дәріханалар 3 бөлімдерден тұрады: рецептуралық – өңдірістік, сату бөлімі, сақтау бөлімі. Рецептуралық – өңдірістік бөлімінің міндеттері: халыққа рецепт бойынша дәрілерді жасап дайындау. Сату бөлімінде рецепт бойынша дайындалған дәрілерді халыққа жібереді, рецептсіз рұқсат етілген дәрілер, санитария заттары сатылады. Сақтау бөлімінде медикаменттерді қабылдау және сақтаумен қатар концентраттарды, полуфабрикаттарды дайындау жүреді. Дәріханаға қойылатын талаптар: дәрілерді дұрыс дайындау және босату, дәріхана жұмысшыларының жоғары өнімділігі, бөлмелерде және жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, дәрілік заттарды дұрыс сақтау.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: кіші сериялы жəне кең ауқымды сериялы фармацевтикалық өндіріс, кең ауқымды сериялы өндіріс үшін қондырғылар, қондырғыларды орналастыру ерекшелігі.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Дәрілік өндіріс қалай бөлінеді?
-
Негізгі өндірістік бөлінулерді атап шығыңыз?
-
Қандай цех түрлері болады?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 11-12
-
Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 14-19
-
Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 30-45
Дәріс 3, 4 - Дәрілік препараттардың сапасы мен өндірісті регламенттейтін нормативті құжаттама. Материалдық баланс
Дәріс жоспары:
1. Фармацевтикалық өндірістің нормативті-құжаттамасы
2. Материалдық баланс
Нормативті-құжаттама – бұл ережелерді, жалпы ұстанымдарды немесе əртүрлі қызмет түріне жəне оның нəтижелеріне қатысты сипаттамаларды орнататын құжаттар.
Дәрілік заттарға НҚ, дәрілік өсімдікті шикізат жəне медициналық техниканың бұйымдары келесідей категориялардан тұрады:
1.Технологиялық регламенттер
2. Мемлекеттік фармакөшірме (МФ).
3. Фармакөшірмелік бап (ФБ).
4. Уақытша фармакөшірмелік бап (УФБ).
5. Мемлекеттік стандарттар (МЕСТ).
6. Салалық стандарттар (ССТ).
7. Техникалық талаптар (ТТ).
8. Басқарушы номативті-құжаттама (БҚ) – нұсқаулар, əдістемелік нұсқаулар жəне т.б.
9. Өндірістік жəне технологиялық нұсқаулар.
Технологиялық регламент – бұл ішінде технологиялық əдістер, тезнологиялық заттар, дəрілік заттар өндірісінің нормалары жəне нормативтері көрсетілген нормативті-құжаттама.
Технологиялық регламент түрлеріне қарамастан келесі бөлімдерді қамтиды:
1. Дайын өнім сипаттамасы
2. Өндірістің химиялық сызбасы
3. Өндірістің технологиялық сызбасы
4. Өндірістің қондырғылық сызбасы және қондырғы спецификация
5. Шикізаттың, материалдың жене жартылай өнімдердің сипаттамасы
6. Технологиялық процесс сатыларының баяндамасы
7. Технико-экономикалық баланс
8. Өндіріс бақылауында
9. Қауіпсіздік техникасы
10. Қоршаған ортаны қорғау
11. Қосымша:
– дайындады технологиялық нұсқауларының тізімі;
– протокол формаларының тізімі.
Технологиялвқ регламенттің барлық таларптарының сақтау міндетті.
Фармакөшірмелік бап (ФБ) – міндетті түрде көрсеткіштер тізімінен және де, дәрілік пішінді ескеріп, сапаны бақылаудың әдістерінен тұратын дәрілік заттар сапасының Мемлекеттік стандарты.
Уақытша фармокөшірмелік бап – шектеулі уақыт ішінде бекітілген (3 жылдан аспайтын) препараттың сапасын немесе дәрілік өсімдіктер үшін талаптарды белгілейтін мемлекеттік үлгідегі сипаты бар нормативті-техникалық құжат.
Стандарт – жалпы жəне көп қолданылатын ережелер, талаптар, жалпы ұстаным дар немесе сипаттамалар көрсетілген нормативті құжат.
Техникалық жағдайлар – белгілі өнім түріне талап қоятын, өнім жеткізуші жəне тұтынушы арасындағы қатынасты реттейтін нормативті құжат.
Масса сақталу заңы бойынша дəрілік препарат өндірісі үшін алынған бастапқы материалдар мен дайын өнім арасында тепе-теңдік болу керек. Ол келесі тепе-теңдікпен көрсетіледі.
мұндағы g1 – бастапқы материалдар; g2 – дайын өнім; g3-жанама өнім ; g4 – қалдық заттар.
Практикада жоғарыда келтірілген теңдеу мына түрде болады:
Мұндағы g5 – килограмм түріндегі материалдық шығындар.
Соңғы тепе-теңдік материалдық баланс теңдеу деп аталады.; материалдық (немесе технико-экономикалық) баланс деп бастапқы материалдар мөлшері, дайын өнім, жанама өнім, қалдық заттар жəне материалдық шығымдардың арасындағы қатынасты айтады.
Материалдық баланс тек алгебралық теңдеу түрінде ғана емес сонымен қатар кіріс жəне шығыс таблицалары сондай-ақ диаграммалар түрінде болуы мүмкін.
Материалдық баланс құрылуы мүмкін : 1) бір сатыға, операция немесе жүктеуге; 2) бірлік уақытқа (сағат, ауысым, тəулік); 3) дайын өнім бірлігіне (1000 немесе 100 кг-ға)
Материалдық баланс теңдеуін қолдана отырып шығыс көлемін, технологиялық шығындарын, шығын коэффициенттері, шығын нормалары сияқты технологиялық процестің маңызды сипаттамаларын анықтауға болады.
Шығым (η)– дайын өнімнің (g2) бастапқы материалға (g1) үлестік қатынасы:
η = g2 / g1 · 100%.
Егер технологиялық процесс нәтижесінде қалдық заттар болса, олар өз кезегінде жанама заттар мен қоқсық заттарға өнделсе, онда аталған есептеулі күрделенеді түседі сонда материалдық баланс мына күйге ауысады
η = g2 / (g1 - (g3 + g4)) · 100%.
Технологиялық шығын (ε) – бастапқы материалдардың материалдық шығынға үлестік қатынасы: ε = g5 / g1 · 100%, пЕгер өндірісте қалдық заттар болса
ε = g5 / (g1 - (g3 + g4)) · 100%.
Шығын коэффициенті. (Kшығ) – бастапқы зат массасыныңтдайын өнім массасына қатынасы :
Kpacx. = g1 / g2,
Егер өндірісте қалдық заттар болса
Kpacx. = (g1 - (g3 + g4))/ g2.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: нормативті құжаттар, технологиялық регламент, материалдық баланс, дәрі шығымы, технологиялық шығын, шығын коэффициенті.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Өндірістің материалдық балансы қандай формула арқылы есептелінеді?
-
Дәрі өндірісінде қандай нормативтік құжаттар қолданылады?
-
Технологиялық регламент дегеніміз не және оның құрамына қандай бөлімдер кіреді?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 27-45
-
Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 19-40
-
Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 44-70
Микромодуль 2 – Фармацевтикалық өндірістің жалпы принциптері
Дәріс 5 – Фармацевтикалық технологияның машиналары мен аппараттары
Дәріс жоспары:
-
Машиналар және аппараттар туралы жалпы түсініктер.
-
Беріліс механизмдері.
-
Қозғалысты қайтадан қалыптастыру механизмдері
-
Аппараттар мен машиналардың негізгі сипаттамалары
-
Материалдарды тасымалдау
Машина деп энергияны қайтадан түзу немесе жұмысты жүргізу үшін белгілі бір мақсатты қозғалысты жүзеге асыратын механизмдердің біріккен жүйесі.Кез келген машинаның негізгі бөлігі жұмыс өзара бір біріне байланысты жүретін бөлшектер қозғалтқыш, беріліс және атқарушы механизмдерден тұрады.
Фармацевтикалық өндіріс шарттарында қозғалтқыш ретінде электроқозғалтқыштар және бу машиналары жиірек пайдаланылады.
Әрбір қозғалысты беретін (дәлірек айтқанда қабылдайтын – беретін ) және қайтадан қалыптастыратын механизм кинематикалық жұптар мен буындардан тұратын, кинематикалық тізбекті құрайды. Буындар деп механизмге кіретін қатты денелерді атайды. Бірнеше кинематикалық жұптардың бірігуі кинематикалық жүйені құрайды. Кинематикалық тізбек құрамындағы буындар саны әр түрлі болуы
Аппарат – өнімге немесе бастапқы материалдарға физика-химиялық қасиеттерінің немесе агрегаттық күйінің өзгеруімен жүретін әсерлерді жүзеге асыратын құрылғы (мысалы, перколятор, кептіргіштер, дистилляторлар және т.б.). Аппаратта диффузиялық, жылулық, химиялық және басқа да процесстер жүреді.
Беріліс механизмдер екі түрлі болады: 1) білікке бекітілген бөлшектерге тікелей жанасу; 2) аралық икемді байланыс қосу
білікке бекітілген бөлшектерге тікелей жанасу механизмдері
-
Фрикциондық беріліс
-
Тістік беріліс
-
Буынтықтық беріліс
Аралық икемді байланыс механизмдері
-
Ремендік берілу
-
Тізбекті берілу
Қозғалысты қайта қалыптастыру механизмдері
-
Кривошиптік механизм
-
Кулистік механизм
-
Жұдырықтық механизм
-
Эксцентриктік механизм
Аппараттар мен машиналардың негізгі сипаттамаларының бірі олардың өнімділігі. Оны екі түрлі сипаттауға болады: 1)уақыт бірілігінде түскен бастапқы материалдардың санымен; 2) уақыт бірлігінде алынған өнім санымен.
Материалдардың (немесе өнімдердің) санын салмақ немесе бірлік көлем түрінде белгілейді, ал заттарды даналап шығарғанда – дана түрінде белгілейді. Өнімділігімен қатар, аппараттар мен машиналар қуаттылығымен де сипатталады, яғни уақыт бірлігінде жұмсалған немесе алынған жұмыспен сипатталады. Қуаттылықты Дж/с белгілейді.
Аппараттың немесе машинаның білігіне қажетті (жұмсалатын) қуат, және машинаны қозғалысқа келтіретін қозғалтқыш қуаты деп жіктейді.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: фармацевтикалық технологияның машиналары мен аппартаттары, беру механизмдері, қозғалысты қайтадан қалыптастыру механизмдері, өнімділік, аппараттың қуаты.
Өзін -өзі бақылак сұрақтары:
1.Берілісті механизмдердің түрлерін атаңыз
-
Аппараттың өнімділігі дегеніміз не?
-
Қозғалысты қайтадан қалыптастыру механизмі қандай процестерге негізделген?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 44-49
Дәріс 6, 7 – Өндіріс ішінде материалдарды тасымалдау
Дәріс жоспары:
-
Сұйықтарды тасымалдау. Құбырлар
-
Құбырларды жалғау тәсілдері және жалғастырғыш бөлшектер
-
Сұйықтарды тасымалдау машиналары мен аппараттары
-
Газдарды тасымалдау. Газдарды тасымалдау аппараттары
-
Қатты заттарды тасымалдау. Қатты заттарды тасымалдау аппараттары
Сұйық материалдарды тасымалы оның бастапқы және соңғы пунктерініңарасындағы қысымдарының айырымы есебінен құбырлар бойынша жүзеге асырылады.
Құбырлар тасымалдау мақсатына байланысты әр түрлі материалдардан жасалынатын құбыр тізбектерінен тұрады.
-
шойын
-
темір
-
тот баспайтын болат
-
алюминий құбырлар
-
мыс құбырлар
-
титан құбырлар
-
шыны құбырлар
-
керамикалық құбырлар
Құбырлық байланыстар
-
ажыратылмаған
-
ажыратылған
-
құбыраралық
Сұйықтарды тасымалдау немесе көтеру келесідей түрде жүзеге асуы мүмкін: а) ауа немесе газ қысымымен (сифондарда, монтежюде); б) ауаның, судың немесе будың қозғалыс ағынымен, (ағын сорғыларында); в) поршеньдермен (поршеньдік сорғыларда); г) жылдам айналмалы жүзді доңғалақтармен (орталық сорғыларда)
Сифондар. Сұйықтарды ыдыстан ыдысқа құюға арналаған қарапайым құрылғылар.
Монтежю. Сұйықты, қысылған ауа немесе инертті газ көмегімен көтеруге болатын аппарат.
Инжектор. Бу ағынды сорғылар, сұйықты сору немесе жоғары көтеру жылдам ағып өтетін бу ағынының кинетикалық энергиясының қысымның потенциалдық энергиясына айналуы есебінен жүреді.
Поршендік сорғылар
Орталық сорғылы насостар. Бұл сорғыларда сұйықты сору және айдау, қаптамаға бекітілген табақшалары бар доңғалақтар айналған пайда болған ортадан тепкіш күштер әсерінен жүзеге асады.
Газдарды тасымалдау барысында қажетті қысымды тудыру үшін газдарды қысады немесе ыдыратады. Фармацевтикалық өндірісте машиналардың келесі түрі қолданылады:
Комперссорлар. Компрессорлар деп қысылған газды жинауға арналған машиналарды атайды. Компрессорлар поршендік және ротациялық болады.
Ротациялық компрессорлар
Ваккумдық сорғылар. Вакуумдық сорғылар жабық камерадан, оның ішінді ыдырау қалыптастыра отырып, газды сорып алады, және атмосфералықтан сәл жоғары қысымға дейін қысқаннан кейін газды сыртқа шығарады.
Желдеткіштер
Фармацевтикалық өндірісте қолданылатын қатты заттары тасымалдауға арналған транспорттық құрылғыларды 3 топқа бөлуге болады: 1) механикалық; 2) пневматикалық; 3) гравитациялық тасымалдаушылар.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: сұйықтар тасымалы, құбырлар, құбырларды байланыстыру тәсілдері және жалғастырушы бөлшектер, сұйықтарды тасымалдауға арналаған машиналар мен аппараттар, газдар тасымалы, газдарды тасымалдауға арналған аппараттар, қатты материалдар тасымалы, қатты заттарды тасымалдауға арналған аппараттар.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Сұйықтарды тасымалдау үшін қандай аппараттар қолданылады?
-
Сұйықтарды тасымалдау үшін қандай құбырлар пайдаланылады?
-
Газдарды тасымалдау үшін қандай аппараттар қолданылады.
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 49-63
-
Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 44-70
Дәріс 8, 9 – Қатты материалдарды ұсақтау, елеу, араластыру
Дәріс жоспары:
-
Ұсақтау. Процестің сипаттамасы.
-
Минералды шикізатты ұсақтауға арналған машиналар. Құрылғсы және жұмыс істеу принцпі.
-
Дәрілік өсімдікті шикізатты ұсақтауға арналған аппараттар.
-
Елеу. Процестің сипаттамасы. Елеуішті механикаландыру. Құрылғысы және жұмыс істеу принцпі
-
Араластыру. Процестің сипаттамасы. Дәрілік және көмекші заттарды араластыруға арналған аппараттар.
Ұсақтау, елеу, араластыру процестері әр түрлі: ұнтақтар, жиынтықтар, таблеткалар, тұндырмалар, экстрактер және мазьдер және т.б. формадағы дәрілік заттарды өндіруде кеңінен қолданылады.
Ұсақтау – қатты матриалдардың бөлшектерінің немесе бөліктерінің өлшемін мехаканикалық әсер ету жолымен кішірейту процесі. Материалды ұсақтау барысында деформация орын алады.
Деформацияның түрлері:
-
қатты деформациялар (дененің формасы өзгермейді)
-
пластикалық деформациялар (дененің формасы өзгереді)
Қатты денелерді ұсақтау тәсілдері:
-
мыжғылау;
-
құрыштау;
-
тарту;
-
кесу;
-
арамен кесу;
-
уатылу;
-
қатты соққы;
-
еркін соққы.
Технологияда ұсақтау шартты индекспен – ұсақтау дәрежесімен сипатталады.
Ұсақтау дәрежесі – матриалдың бөлшектерінің ұсақтауға дейіңгі және кейіңгі орташа өлшемінің қатынасы, мм өрнектеледі. Ұсақтаудың келесі түрлері бар: ірі, орташа, ұсақ, майда, өте майда.
Ұсақтауға арналған машиналардың жіктелуі:
I. Ұсақтау түріне байланысты:
-
кескіш – шөпкескіш, тамыр кескіш;
-
жаншығыш – білікті ұсақтағыш, беттік ұсақтағыш, жүгіртпелер;
-
ұнтақтағыш – диірмендер, шарлы диірмендер, жүгіртпелер;
-
соққылы – балғалы, дискілі диірмендер (дезинтегратор, дисмембратор).
-
Шикізатты ұсақтау дәрежесі бойынша:
-
орташа және ұсақ ұсақтау үшін – жүгіртпелер, дәнді- дақылға арналған диірмендер, дезинтеграторлар, дисмембраторлар, балталы диірмендер, білікті диірмендер;
-
майда ұсақтау үшін – шарлы диірмендер, стержендік диірмендер;
-
өте майда ұсақтау үшін – ағындық ұсақтағыш, вибрациялық диірмен.
Минералды шикізатты ұсақтауға арналған машиналар.
-
Жүгіртпелер.
-
Диірмендер.
-
Дезинтегратор.
-
Дисмембратор.
-
Шар тәріздес диірмендер.
Помольдық камера жолағы бар ағынды ұсақтағыш.
Дәрілік өсімдікті шикізатты ұсақтауға арналған аппараттар:
-
Шөп кескіш
-
Гильотинді пышағы бар тамыр кескіш
-
Уатқыш біліктер
-
Жұмсақ біліктер
Елеу – бөлшектерінің өлшемі бойынша материалдарды жеке фракцияларға бөлу. Елеудің мақсаты: матриалдың біркелкілігіне, сусымалылығына, өлшеу дәлдігіне қол жеткізу. Елеуіштердің жұмысы екі көрсеткішпен сипатталады:
1) Елеу эффективтілігі (пайдалы әрекет коэффициенті (елеуіштік ПӘК) – бұл еленген зат массасының бастапқы матриалдағы бөлшектер массасына қатынасы, пайызбен өрнектеледі.
ПӘК =g1. 100% /(g1 + g11)
g1 – еленген зат массасы; g11 – елеуіш массасы
2) Елеуіштің өнімділігі –уақыт бірлігінде елеуіштің 1 м2 алынған еленген зат массасы.
Елеуіштің өнімділігіне әсер етуші факторлар:
-
материалдың ылғалдылығы;
-
елеуіштегі материал қабатының қалыңдығы;
-
елеу жылдамдығы;
-
елеуіш тесіктерінің өлшемі мен формасы;
-
матриалдың қозғалысының жылдамдығы;
-
елеуіштен өтетін материалдың жолының ұзындығы.
Елеуіштік механизмдердің жіктелуі:
1) елеуіш бетінің түрі бойынша:
-
елеуіштің қозғалу механизмі бойынша:
-
тербелмелі
-
вибрациялық: инерциялық, гирацциялық, электромагниттік болып жіктеледі.
Елеу барысындағы трибоэлектрлік құбылыстар. Елеу барысындағы бөлшектердің соқтығысуы нәтижесінде елеуіштің бетінде электірлік зарядтар (трибоэлектрлік) пайда болады. Егер бөлшектер бірдей зарядты болса, онда олар тебіседі, нәтижесінде – күшті шаңданған аумақ; егер бөлшектер әр түрлә зарядты болса, онда бөлшектер бірігеді, алайда мұндайда елеу процесін жүргізу мүмкін емес.
Күресу жолдары:
-
заттарды жекелей бөлу;
-
елеуіштің торларын жиі -жиі ауыстырып тұру;
-
елеуіш жерге тұйықталған болу керек (трибоэффект).
Араластыру – бұл процесс бір немесе бірнеше компоненттерді материалдың барлық көлемінде біркелкі тарату. Аппараттар сусымалы материалдар өзара немесе сұйықтық қосу арқылы араласатын аппараттар араластырғыштар деп аталады.
Араластырғыштардың жіктелуі:
-
жұмыс принцпі бойынша: мерзімді және үздіксіз әрекетті;
-
қоспаға әсер ету тәсілі бойынша: гравитациялық және орталық;
-
құрылымы бойынша: буылтықты – қалақты, барабандық, орталық, сусымалы материалдың сұйылтылуы.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: ұсақтау, минералдық шикізатты ұсақтауға арналған машина, дәрілік өсімдік шикізатты шикізатты ұсақтау аппараттары, елеу, процестің сипаттамасы, араластыру, процестің сипаттамасы.
Өзін- өзі бақылау сипатамасы:
-
Дәрілік заттарды дайындаудағы механикалық процестерді атаңыз.
-
Дәрілік заттарды ұсақтауда қандай құралдар қолданылады?
-
Елеуіш жұмысын қандай көрсеткіштер бағалайды?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 63-77
-
Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. Т.2. С. 92-123
Дәріс 10, 11 – Фармацевтикалық технологиядағы жылулық процестер
Дәріс жоспары:
-
Қыздыру және салқындату процестері. Жылуалмастырғыш аппараттар.
-
Буландыру. Процестің сипаттамасы. Буландыру аппараттары.
-
Кептіру процесі. Кептіру процесінің теориялық негіздері. Кептіруге арналған аппараттар.
Жылулық процестер деп жылуды беру немесе алу шарттарында жүретін процестерді атайды. Фармацевтикалық технологияда әр түрлі жылулық процестер: қыздыру, салқындату, конденсация, буландыру, кептіру қолданылады.
Жылу температурасы жоғарырақ ортадан температурасы төменірек ортаға берілуі мүмкін. Температуралардың осы айырмашылығы жылуберу процесінің қозғаушы күші болып табылады және температуралық күш деп аталады.
Жылудың өту әр түрлі жолдармен: жылуөткізгіштікпен, конвекциямен және сәулеленумен таралуы мүмкін.
Жылуөткізгіштік – жылуалмасудың бір түрі, өзара жанасқан денелердің бөлшектері арасында жүреді.
Конвекция – газдар немесе сұйықтардың макроскопиялық көлемдерінің араласуы және қозғалысы нәтижесінде жылу алмасу. Конвекция белгілі бір орындарда болады, мысалы, жылуды сұйық құбырының қабырғасынан, оның ішінде беру кезінде.
Сәулелену (сәул шығару) Кельвин шкаласы бойынша нөлден жоғары температураға ие барлық денелерге тән.
Фармацевтикалық технологияда жылутасымалдағыштар қолданылады – жылудың аралық көздері.
Жылутасымалдағыш ретінде су буы, ыстық су, минералды майлар қолданылады. Бу жылутасымалдағыш ретінде келесі параметрлермен сипатталады: температура, қысым, энтальпия.
Жылутасымалдағыш ретінде бу келесі қасиеттарге ие:
-
қолжетімді жылутасымалдағыш;
-
өртке қатысты қауіпсіздігі;
-
уытты емес;
-
жылуберу коэффициенті жоғары (1 кг бу конденсация кезінде 540ккал жылу бөледі);
-
температураны реттеу мүмкіндігі;
-
булар құбырлар арқылы өз қысымының есебінен жеңіл тасымалданады;
-
қыздырудың біркелкілігін қамтамасыз етеді.
Су буымен қыздыру екі әдіспен жүзеге асуы мүмкін: «өткір» бумен және «әлсіз» бумен.
Жылуалмасырғыш аппараттарға жылутасымалдағыш жылуды қыздырылатын нысанға – сұйыққа, газға, қатты затқа және т.б. беретін құрылғылар жатады.
Жылыту үшін әр түрлі құрылымды жылуалмасырғыштар қолданылады.
Салқындату процестерінің ішіндегі кең тарағаны конденсация процесі. Конденсация деп буды сұйық күйге оны салқындату арқылы ауыстыру поцесін атайды.
Конденсация жүретін аппараттар, конденсаторлар деп аталады.
Конденсатор бу суық жылутасымалдағышпен салқындатылатын жылуалмастырғыш.
Буландыру процесі еріткіштер немесе экстрагент бөлшектерін қыздыру көмегімен бу түрінде кетіру. Буландыру атмосфералық және одан төмен қысымда жүргізілуі мүмкін.
Буландыру үшін үш түрлі аппараттар қолданылады: шарлы, құбырлы, ротолық.
Кептіру ылғалды қатты, паста тәрізді материалдардан, сонымен қатар суспензиялар мен ерітінділерден оны буландыру арқылы кетіру процесі.
Кептіруді тиімділігіне әр түрлі факторлар әсер етеді: материалдың қасиеті, ылғалдың мөлшері, оның материалмен байланысу формасы, жылутасымалдағыштың қасиеті, материалдағы ылғал алмасу поцестері.
Қысымдар айырмасы процестің қозғаушы күші болып табылады.
Кептірудің кинетикасы кептіру процесін ылғалдың материалдан қоршаған ортаға өтуінің массаалмасу процесі деп қарастырады, және жылуалмасу теңдеуімен өрнектеледі.
W=KF(PМPП), мұнда
W – буланған ылғал көлемі, кг;
K — масаберу коэффициенті ;
Рм – су буының матриалдың бетіндегі парициалды қысымы;
Рп – будың қоршаған ортадағы парициалды қысымы;
Кептіру жылдамдығы уақыт бірлігінде кептірілетін материалдың бірлік бетіндегі F, ылғал мөлшерімен W анықталады:
W
U= кг/м2с
Fτ
Кептіру процесін қарқындату төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
-
Кептірілетін сусымалы материалды стационарлық күйден қозғалмалы күйге кептіргіш агентті үрлеу көмегімен ауыстыру;
-
Материалдың кептіргіш агентпен жанасу бетін ұлғайту;
-
Жоғары температуралы кептіргіш агенттерді қолдану;
-
Материалға жылуберудің біріккен тәсілдерін қолдану.
Жылуды өткізу тәсілі бойынша кептіру конвективті (ауалы) және контактілі деп бөлінеді.
-
Вакуум-кептіргіш шкаф
-
Жанышқыш механизмі кептіргіш
-
Тозаңдатқышты кептіргіш
-
Жалған сұйытқыш қабаты бар тозаңдатқышты кептіргіш
Берілген лекция материалын оқығаннан кейін білуге міндетті негізгі ұғымдар: қыздыру және суыту үдерістері, жылу алмасу аппараттары, буландыру, үдеріс сипаттамасы, буландыруға арналған аппараттар, кептіру үдерісі, құрғатуға арналған аппараттар.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Қыздыру және суыту кезінде қандай үдерістер өтеді?
-
Буландыру кезінде қандай аппараттар қолданылады?
-
Кептіру үдерісі қандай параметрлермен сипатталады?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 94-106
-
Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. Т.2. С. 45-61
Лекция 12 - Ерітінділерді тазарту тәсілдері. Сүзгіден өткізу (Фильтрлеу)
Дәріс жоспары:
1. Сүзгіден өткізу үдерісінің теориялық негіздері
2. Сүзгіден өткізу тәсілдері
3. Сүзгіден өткен материалдар сипатттамасы
4. Сүзгіден өткізуге арналған аппараттар
Сүзгіден өткізу – кеуекті перде көмегі арқылы қатты дисперсті фазамен гетерогенді жүйелерді бөлу үдерісі. Ол сұйықтықты (фильтрат) өткізіп және өлшенген қатты бөлшектерді (осадок) кідіртеді.
Сұйықтықтың кеуекті сүзгіш перде арқылы қозғалуы негізінде ламинарлы сипатта болады. Сусүзбе көлеміне байланысты түрлі факторлардан Пуазель заңына бағынады:
Q=F·z·π·r ·ΔP·τ/8·ŋ·l·α , бұнда
F- сусүзбе беткейі, м²; z- 1 м² капиллярлар саны; r- капиллярлардың ортаңғы радиусы, м; ΔP- сүзгіш перденің екі жақты түрлі қысымы (немесе капилляр ұшындағы қысымының түсіп кетуі), н/м²; τ- сүзудің ұзақтығы, сек; ŋ- сұйық фазаның абсолютті тұтқырлығы н/с·м²; l- капиллярлардың орташа ұзындығы, м²; α- капиллырлар қисығына түзету коэффициенті; Q- сусүзбе көлемі, м³.
Сүзгіден өткізу жылдамдығының теңдеуі(V), ол бірлік уақытта бірлік беткей арқылы өтетін сұйықтықтың мөлшерімен анықталады.
V = Q / F·τ
Пуазель теңдеуінің түрленуінен кейін ол ие болатын түрі:
V = ΔP/Rтұңбасы + Rперделер
бұнда R – сұйықтық қозғалысына қарсыласу
Сүзгіден өткізу екі механизм бойынша жүреді:
-
Тұңбаның түзілуінің арқасында , себебі қатты бөлшектер қуыстарға өтпейді және перденің үстінде қалып қояды. (шламовый тип фильтрования);
-
Қуыстардың бітелуінің арқасынада,(закупорочный тип фильтрования); осы кезде тұңба шамалы түрде ғана түзіледі, себебі бөлшектері қуыстарда тұрып қалады.
Сусүзбе көлеміне әсер ететін факторлар сонымен қатар сүзгіден өткізу жылдамдығына байланысты бөлінеді:
- гидродинамикалық;
- физико-химиялық.
Бөлшектерді жою көлеміне байланысты және сүзгіден өту мақсатында келесі тәсілдерді ажыратады:
1. Қатаң сүзгілеу – 50 мкм және одан көп көлемді бөлшектерді бөлу;
2. Жіңішке сүзгілеу – обеспечивает удаление частиц размером
1-50 мкм көлемді бөлшектерді .
3. Стерильді сүзгілеу (микрофильтрация) – бөлшектерді және 5-0,05 мкм көлемді микробтарды жою үшін қолданылады.
Талаптары:
- қатты бөлшектерді жақсы ұстап қалу керек;
- сусүзбе ағымына үлкен емес гидравликалық қарсылу болу;
- оңай регенерациялану керек;
- бөлінушілік фазалардың химиялық әсер етуіне тұрақтылық қасиетіне ие болу керек;
- сұйық ортада бөртінбеу керек;
- жеткілікті механикалық беріктілігі болу керек;
- сүзгіден өту температурасы кезінде жылу тұрақтылығы болу керек;
- қол жетімді және арзаң болу керек;
Сузгіден өтетін перделерді әр түрлі қасиетіне байланысты жіктейді.
1. Олар жасалған материалдарға байланысты:
- мақта-маталы;
- жүн маталы;
- синтетикалық;
- шыңылы;
- керамикалық;
- металлдық;
- металлокерамикалық.
2. Құрылымы бойынша:
- иілгіш;
- иілгіш емес.
3. Физикалық қасиетіне байланысты:
- қысылғыш;
- қысылғыш емес;
- дәңді.
4. Жұмыс істеу принципіне байланысты сусүзбелерді ажыратады, жұмыс атқаратын:
- атмосфералық қысымда;
- сиректету (вакуумда);
- артық қысымда.
Атмосфералық қысымда (немесе сұйықтық бағанасы қысымы нәтижесінде)жұмыс атқаратын сусүзбелер екі режимде жұмыс атқара алады.
а) Сүзгіден өтетін пердеде орналасқан сұйықтық арқылы қысым пайда болады.
б) Унемі биіктікте тіреп тұратын регулятор деңгейіне қысымды бактан беріліп , сүзгіден өтетін сұйықтық арқылы қысым пайда болады.
Сүзгіден өткізуге арналған аппараттар:
Сиректету арқылы жұмыс істейтін сусүзбелер - нутч-сусүзбесі.
-
Жиектемелі сусүзбе
-
“Грибок” - сусүзбе
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: сүзгіден өткізу үдерісінің теориялық негіздері, сүзгіден өткізу тәсілдері, сүзгіден өткен материалдар сипаттамасы, сүзгіден өткізуге арналған аппараттар.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сүзгіден өткізу кезінде қандай үдерістер өтеді?
2.Сүзгіден өткізу үшін қандай аппараттар қолданылады?
3. Сүзгіден өті механизмін түсіндіріңіз?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 126-143
Дәріс 13, 14 – Фармацевтикалық технологияда экстракция процестері
Дәріс жоспары:
-
Бөліп алу(экстрагирлеу) үдерісінің теориялық негізі.
-
Методы экстрагирования лекарственного сырья.
-
Рекуперация және ректификация.
Экстрагирлеу үдерісі барлық экстрационды препараттар (суды алу, тұңбалар, экстракт және т.б.) технологиясында және жануар мен өсімдік шикізатынан алынатын жеке заттар алу кезінде орны бар.
Экстракция – бір ортадан келесі ортаға өту орны бар зат массаларның масса алмасу үдерістерінің жеке жағдайы
Экстракция үдерісі келесі үдерістерді қосады:
- диффузия;
- диализ;
- еру;
- десорбция;
- осмос;
- механикалық шайылу.
Диффузия – бір бірімен шекаралас заттардың біртіндеп өзара біріне бірі ену үдерісі. Молекулярлы және конвективті, бос және ішкі диффузияны ажыратады.
Молекулярлы диффузия Фик теңдеуімен анықталады:
(1) , мұнда
- диффузия жылдамдығы, бір уақытта бір ортадан келесі ортаға өткен масса затымен анықталады; F – қабылдаушы және беруші орта контактысының ауданы; dc - ортада заттардың концентрациялардың әр түрлі болуы; dx - диффузионды қабаттың қалындығының өзгерісі; D - молекулярлы диффузия коэффициенті:
(2), мұнда
R - әмбебап газды тұрақты шама; T - абсолютті температура; No - Авогадро саны; r – экстрагент тұтқырлығы; - зат бөлшектерінің( молекула ) радиусы.
Конвективті диффузия экстрагенттің шикізат жөнінде ауыстыру нәтижесінде пайда болады, ал оның жылдамдығы келесі теңдеумен көрінеді:
(3), мұнда
- конвективті диффузия коэффициенті; диффузия жылдамдығы, бір уақытта бір ортадан келесі ортаға өткен масса затымен анықталады; F - қабылдаушы және беруші орта контактысының ауданы; dc ортада заттардың концентрациялардың әр түрлі болуы; dx - диффузионды қабаттың қалындығының өзгерісі.
Конвективті диффузия коэффициенті 1ге тең, әр түрлі концентрацияның 1 с ішінде қабылдаушы орта(экстрагент) контактысының 1 м беткейінде өтетін заттың мөлшерін көрсетеді. Экстракцияның жасаушы үдерісі болып табылатын десорбция – адсробцияға қарама –қарсы үдеріс.
Экстракция үдерісі келесі схема бойынша жүреді:
-
Экстрагент шикізат бөлігіне еніп, жасуша аралық канал арқылы жасуша беткейіне жетеді, жай жасушалық қабықша арқылы жасуша ішіне өтеді.
-
Жасуша ішінде десорбциядан кейін экстрактивті заттар экстрагентте еріп кетеді.
-
Концентрация әр түрлі болуына байлансты диализ басталады –жасушадан заттардың жасушалық мембрана арқылы өтуі.
-
Диализ нәтижесінде өсімдік шикізаты беткейінде қозғалмайтын диффузионды қабат пайда болады. Бұнда молекулярлы диффузия орны бар. Бұнда әр түрлі қалыңдығы орын алады және шикізатқа байланысты экстрагент жылдамдылығының қозғалысы орын алады. Диффузионды қабат заттар экстракциясы үшін кедергі болады, себебі шикізаттан заттардың шығуын баяулатады.
-
Диффузионнды қабат кедергісінен өткен соң, экстрактивті заттар бос конвективті диффузия заңы бойынша экстрагенттің бүкіл көлемі бойымен жайылып бөлінеді.
Жалпы экстрагирлеу үдерісі келесі математикалық теңдеумен көрінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |