ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалы



бет2/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.9 Mb.
#140109
1   2   3   4   5   6

Ќаңќасы – сүйектенген. Білікті ќаңќасында (єсіресе бассүйекте) сүйекті элементтер басым. Висцеральды бөлімі – күрделенген. Сүйекті желбезек ќаќпағы пайда болған.

Бұлшыќеттері шеміршекті балыќтарға ұќсас метамерлі орналасќан.

Асќорыту жүйесі. Ауыз ќуысы тікелей жұтќыншаќпен, ол ќысќа өңешпен байланысќан. Ќарнының пішіні де єртүрлі. Ішектері біршама ұзын және жуындығы да бірдей. Аш ішек пен тоќ ішектің шекарасында көптеген тұйыќ – пилорикалыќ өскіндер орналасќан. Олар ішектің сіңіру бетін ұлғайтады. Бауыры бірнеше ќалаќты, өт ќабы, өт өзегі бар. ¦йќы безі шашыраңќы.

Тынысалу жүйесі. Желбезек аппараты: сүйекті желбезек доғасы (4 жұп), желбезек шашаќтарынан тұрады. Тынысалуы ауыз - жұтќыншаќ ќуысы мен желбезек ќаќпаќтарының ќозғалуы арќылы жүзеге асады.

Ќанайналым жүйесі: шеміршекті балыќтарға ұќсас, ќұрсаќ ќолќасының кеңейген алдыңғы бөлігі – ќолќа жуашығы деп аталады. Сол бүйректе ғана вена ќаќпа торы түзілген.

Жүйке жүйесі: сүйекті балыќтардың миының ќұрылысы шеміршекті балыќтарға ќарағанда едеуір ќарапайым, єрі миы шағын. Алдыңғы миы кіші. Мидан 10 жұп жүйке тарайды.

Сезім мүшелері – шеміршекті балыќтарға ұќсас.

Зєр шығару жүйесі: жұп дене бүйрегі, жұп несепағар, сыңар ќуыќ және шєр шығару тесігі болады.

Жыныс жүйесі: аналыќтарының жұмыртќа жолы болмайды, ал аталыќтарының тұќым бездері бүйрекпен байланыспайды және несепағармен жыныс тесіктері сыртќа жеке ашылады. Сүйекті балыќтар 2 класс тармағына бөлінеді: 1. Сєулеќанаттылар; 2. Ќалаќќанаттылар.
8-таќырып. Сүйекті балыќтардың жіктелуі.
І-класс тармағы. Сєулеќанаттылар. Ќазіргі кезде кеңінен таралған балыќтар осы класс тармағына жатады. Жұп жүзбеќанаттарының негізінде бұлшыќетті ќалаќтары болмайды. Миының күмбезінде жүйке заттары жоќ. Бұл класс тармағы 2 отряд үстіне бөлінеді.
1. Ганоидты балыќтар – ертеден келе жатќан шағын топты ќұрайды. Біліктік ќаңќасы – хорда. Ќаңќасында шеміршек басым, тоќ ішегінде спиральды ќатпарлар бар, сушашќыш тесіктері айќын. Денесі ќарапайым ганоидты ќабыршаќтармен ќапталған. 4 отрядќа бөлінеді:

а) Бекіретектестер отряды. Көп белгілері шеміршекті балыќтарға ұќсас (тұмсығы, ќұйрыќ жүзбеќанатының пішіні, хорданың өмір бойы саќталуы, тоќ ішегіндегі спиральды ќатпарлар, артериялды конус). Бекірелер - өрістегіш (анадромды) балыќтар (теңізден өзенге көтеріледі). Кєсіптік мєні зор, ќара уылдырыќ алынады, еті бағалы єрі дємді. Каспий Азов, Ќара теңіздерде таралған. Бекірелердің 17 түрі бар (ќортпа, ќызыл балыќ – шоќыр, пілмай, сүйрік, күректұмсыќтар және т.б.). Бекірелердің денесінде ұзына бойы орналасќан 5 (кейде үш) сүйекті ірі шытыралары болады.

є) Көпжүзбеќанаттылар. Олар Африканың тропикалыќ аймаќтарында таралған. 10-нан астам түрі бар. Арќа жүзбеќанаттары көптеген ұсаќ жүзбеќанатшалардан тұрады. Сушашќыш тесігі, торсылдағы бар. Көкірек жүзбеќанаттарының негізінде бұлшыќетті ќалаќтары жаќсы дамыған.

б) Амиетектестер отрядының бір ғана түрі (балшыќ балығы) бар. Ол Миссисипи өзенінде таралған.

в) Сауыттылар отрядының 7 түрі Солтүстік және Орталыќ Американың тұщы суларында таралған.
2. Отряд үсті – нағыз сүйекті балыќтар. Бұл отряд үстінің 36-дан астам отряды бар: майшабаќтектестер, албырттектестер, шортантектестер, угортектестер, тұќытектестер, кефалтектестер, саргантектестер, трескатектестер, тікентектестер, алабұғатектестер, камбалатектестер т.б.

ІІ класс тармағы – Ќалаќќанатты балыќтар 2 отряд үстіне бөлінеді:

1. Отряд үсті – Ќостыныстылар: өзендерде тіршілік ететін балыќтар. Хорда – ішкі ќаңќаның ќызметін атќарады. Жұп жүзбеќанаттарының негізінде тіректік терілі ќалаќтары болады. Оның бір ғана отряды – мүйізтістілер деп аталады. Оған бірөкпелі және ќосөкпелі балыќтар жатады. Бірөкпелілер – Австралияның солтүстік-шығысындағы өзендерде таралған. Ќосөкпелілер – Африканың тропикалыќ өзендері мен Оңтүстік Американың Аманзонка бассейндерінде кездеседі.
2. отряд үсті – саусаќќанаттылар. Бұл балыќтар ерте кездерде кеңінен таралған. Кейіннен көптеген түрлері жойылып кетті. Ќазіргі кезде оның бір ғана түрі – латимерия саќталған. Оның жұп жүзбеќанаттарының негізінде бұлшыќетті ќалаќтары жаќсы дамыған. Бұл балыќтар екі бағытта дамыған. Оның бір тармағы мұхиттарда екінші рет тіршілік етуге бейімделген. Ал, екінші тармағы ќұрлыќта тіршілік етуге бейімделіп, ќосмекенділердің шығуына жол ашты.
9- таќырып. Балыќтардың экологиясы. Балыќтардың сулы ортада тіршілік етуіне бейімделуі.
Сулы ортаның үнемі ќозғалыста болуы су ағындарымен тығыз байланысты. Су ағындарымен балыќтардың ќорегі – планктондардың ќозғалуына сєйкес балыќтар да орын алмастырып отырады. Су температурасының балыќтар тіршілігі үшін маңызы зор. Су температурасының өзгеруіне сєйкес балыќтардың тіршілік єрекетінде көптеген өзгерістер байќалады. Мысалы, балыќтардың көбеюі және дамуы, таралуы т.б.

Балыќтардың тіршілігі үшін суда еріген оттектің болуының маңызы зор. Балыќтар оттекті пайдалану ерекшеліктеріне сєйкес 4 топќа бөлінеді: а) оттекті өте көп пайдаланатын балыќтар; є) оттекті көп пайдаланатын балыќтар; б) оттекті шамалы мөлшерде пайдланатын балыќтар; в) оттекті аз мөлшерде пайдаланатын балыќтар.



Балыќтардың экологиялыќ топтары: балыќтар тіршілік ететін су айдындарының ерекшеліктеріне байланысты 2 топќа бөлінеді: 1. теңіз балыќтары. 2. тұщы су балыќтары.

Балыќтардың тіршілік циклдері: өсуі, дамуы, көбеюі, ќорек іздеуі, ќыстап шығуы. Балыќтардың ќоныс аударуы (миграциясы). Ќоректік, уылдырыќ шашу және ќыстап шығу миграциялары (өрістеуі). Анадромды және катадромды миграциялар.
10- таќырып. Балыќтардың ќоректенуі, көбеюі, өсуі, жасы, сулы биоценоздағы рөлі, ќорғау шаралары.
Балыќтардың ќоректену және көбею ерекшеліктері; ұрпаќтарына ќамќорлыќ жасауы; балыќтардың тіршілігінің ұзаќтығы (жасы), жыныстыќ жетілуі.

Балыќтардың практикалыќ маңызы. Балыќ өнімдері – басты тағам. Теңіздердегі балыќ аулау кєсіпшілігі. Балыќ шаруашылығы. Балыќтардың ќолдан көбейту, жерсіндіру шаралары. Балыќтарды ќорғау Ќазаќстанның ќызыл кітабына (1996) тіркелген балыќ түрлері. Тоғандарда балыќ өсіру.



Балыќтардың шығу тегі мен эволюциясы. Жаќауыздылардың төменгі сатыдағы топтарының (шеміршекті және сүйекті балыќтар) эволюциясы. Сауытты балыќтар, акантодтар.
3-модуль. Ќұрлыќта тіршілік ететін омыртќалы жануарларға жалпы сипаттама.
11-таќырып. Ќосмекенділер класының ќұрылыс және тіршілік єрекеттерінің ерекшеліктері.
Ќосмекенділер – алғаш рет ќұрлыќта тіршілік етуге бейімделген омыртќалылар. Олардың көбеюі және дернєсілдерінің дамуы сулы ортамен тығыз байланысты. Ќосмекенділердің ќұрлыќта тіршілік етуіне байланысты өкпе пайда болды. Олар атмосфералыќ ауаның ќұрамындағы оттекпен тыныс алады. Алғаш рет ќанайналудың кіші (өкпелік) шеңбері пайда болды. Ќосмекенділердің жүрегі үш камералы (екі жүрекше, бір ќарынша). Терісінде ешќандай мүйізді түзілістер жоќ, бездерге бай. Сезім мүшелерінде көптеген жетілген белгілер бар: көзінің ќасаң ќабығы дөңес, көз бұршағы ќос дөңесті шыны тєрізді. Көздің айналасында ќозғалмалы терілі ќабаќтар пайда болған. Ішкі ќұлаќпен бірге ортаңғы ќұлаќ ќуысы бар.

Дене пішіні мен тірі жабыны: ќосмекенділердің дене пішіні жұмыр, сопаќша және ұзынша жылан тєрізді. Дене тұрќының ұзындығы 3 см –ден 1,5 метрге жетеді.

Ќаңќасы: алғаш рет белдеулерімен байланысатын екі жұп аяќтары пайда болды. Омыртќа жобасы 4 бөлімге (мойын, тұлға, сегізкөз және ќұйрыќ) бөлінген. Алдыңғы және артќы сан, алдыңғы және артќы сираќ, алдыңғы және артќы табаннан тұрады.

Бұлшыќеттері – жекеленген бұлшыќеттерге жіктелген. Єсіресе аяќтарындағы бұлшыќеттер жаќсы жіктелген.

Асќорыту жүйесі: ауыз ќуысына сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз-жұтќыншаќ ќуысына ортаңғы ќұлаќ ќуысының түтігі (евстахиев) ашылады. Ішектері балыќтардан ұзындау. Аш ішекке бауыр мен ұйќы безінің өзектері ашылады. Тоќ ішектің соңғы бөлімі – тоќ ішек деп аталады. Тоќ ішек клоакаға ашылады.

Тынысалу жүйесі: ќосмекенділердің дернєсілдері желбезектерімен тыныс алса, ересектері терісі және өкпесі арќылы тыныс алады. ¤кпесі нашар дамыған. Кей түрлерінде ауыз-жұтќыншаќ ќуысы арќылы да газ алмасу процесі жүзеге асады. Тынысалуы ауыз-жұтќыншаќ ќуысының ќозғалуы арќылы орындалады.

Ќанайналым жүйесі. Жүрегі үш камералы (2 жүрекше, 1 ќарынша). Алғаш рет кіші (өкпелік) ќан айналу шеңбері пайда болған. Денесіне аралас ќан тарайды. Артериялды конустан үш жұп артериялыќ ќантамырлар тарайды: 1-жұбы-ұйќы артериялары; 2- жұбы оң және сол ќолќа доғалары; 3-жұбы-өкпе артериялары.

Жүйке жүйесі: ќосмекенділердің миының ќұрылысында балыќтармен салыстырғанда көптеген прогрессивті белгілер байќалады: алдыңғы миының көлемі үлкен єрі ол айќын екі ми сыңарына бөлінген. Алғаш рет ми ќыртысы – архипаллиум пайда болған. Аралыќ мидың үстінде эпифиз, астында гипофиз орналасќан. Ортаңғы миы шағын. Мишығы нашар дамыған. Миынан 10 жұп жүйкелер тарайды.

Сезім мүшелері – балыќтармен салыстырғанда едеуір жаќсы дамыған. Иіс сезу мүшесі жұп иіс сезу капсуласынан тұрады. Иіс сезу капсулалары иісті сезеді єрі тынысалуға ќатысады.

Көру мүшесінде көптеген прогрессивті белгілер бар: көзінің айналасында ќозғалмалы терілі ќабаќтары бар (үстіңгі, астыңғы, жыпылыќтатќыш). Жас безі бар; ќасаң ќабағы дөңес; көз бұршағы ќос дөңесті шыны тєрізді.

Есту мүшесі - күрделі ќұрылысты. Ќосмекенділерде ішкі ќұлаќќа ќосымша ортаңғы ќұлаќ ќуысы пайда болған және ол евстахив түтігі арќылы ауыз жұтќыншаќ ќуысымен байланысќан. Оның сыртын дабыл жарғағы жауып тұрады. Ортаңғы ќұлаќ ќуысында бір ғана үзеңгі сүйегі бар.

Зєр шығару жүйесі: жұп дене бүйрегі (мезонефрос), жұп несепағар (вольф өзегі), ќуыќ, клоакасы болады.

Жыныс жүйесі: дара жынысты. Аталыќтарында жұп аталыќ безден тұрады. Несепағарлары (вольф өзектері) арќылы зєр заттары да және жыныс өнімдері де өтеді. Аналыќтарында – жұп аналыќ без, жұп жұмыртќа жолы (мюллер өзектері) бар. Аталыќтары мен аналыќтарының жыныстыќ жетілу кезінде сары түсті майлы денелер пайда болып, жыныс клеткаларының ќоректенуіне жағдай жасайды. Көпшілігі сырттай ұрыќтанады.
12-таќырып. Ќосмекенділердің жіктелуі, шығу тегі және эволюциясы.
Ќазіргі кезде ќосмекенділердің 6000-дей түрі белгілі. Ќосмекенділер класы 2 класс тармағына бөлінеді: 1. Жұќаомыртќалылар: оның екі отряды бар; а) аяќсыз ќосмекенділер; є) ќұйрыќты ќосмекенділер. 2. Доғаомыртќалылар: оған бір ғана ќұйрыќсыздар отряды жатады.

Ќұйрыќтылар отряды: Дене пішіні ұзынша созылған, денесі үш бөлімнен (бас, тұлға, ќұйрыќ) тұрады. Көпшілік түрінде алдыңғы және артќы аяќтары жаќсы жетілген. Ќұйрыќтылардың 5000-ға жуыќ түрі белгілі. Нағыз саламандралар тұќымдасына – саламандралар мен тритондар жатады. ¤кпесіз саламандралар тұќымдасының өкілдері Солтүстік, Орталыќ және ¤ңтүстік Америкада таралған. Ќұйрыќтылардың амфиумдар, протейлер, сирендер, бұрыштістілер, жасырын желбезектілер деген тұќымдастары белгілі.

Аяќсыз ќосмекенділер отрядының 160-тан астам түрі бар. Олардың аяќтары жойылған. Жер астында ін ќазып тіршілік етуге бейімделген. Дене пішіндері жыланға, ќұртќа ұќсас. 6 тұќымдасы белгілі. Олар Азияның оңтүстік-шығысында, Оңтүстік Америкада, тропикалыќ Африкада таралған.
Ќұйрыќсыз ќосмекенділер отряды: бұған ќосмекенділердің күрделі ќұрылысты єрі кеңінен таралған түрлері топтастырылған. Бұл отрядтың 19 тұќымдасы бар. Негізгі тұќымдастары – нағыз баќалар, ќұрбаќалар, тарбаќалар баќылдауыќ баќалар, дөңгелектілділер, жылтыраяќтылар және т.б.

Ќазаќстанда ќосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі Ќызыл кітапќа (1996) тіркелген. Олар - жетісу баќатісі, даната ќұрбаќасы және ќызылаяќ баќа.


Ќосмекенділердің шығу тегі және эволюциясы. Ќосмекенділердің ќұрлыќта тіршілік етуіне байланысты 2 түрлі бейімделушілік белгілер пайда болған : 1) атмосфералыќ ауамен тыныс алуы; 2) ќұрлыќта ќозғалуына ќажетті 2 жұп аяќтардың пайда болуы.

Алғашќы ќосмекенділер (ихтиостегидтер) девон дєуірінің соңында тұщы суларда тіршілік еткен. Стегоцефалдар (сауытбастылар) алғаш рет ќұрлыќта тіршілік етуге бейімделген ќұйрыќты ќосмекенділердің тікелей арғы тегі. Стегоцефалдар саусаќќанатты балыќтар ұќсас болған.



Ќосмекенділердің экологиясы. Ќосмекенділердің тіршілік єрекеттері сулы орта мен ќұрлыќта тіршілік етуге бейімделгендіктері арќылы айќын байќалады. Олардың кей түрлері (протейлер, сирендер, амфиумдар) тек сулы ортада ғана таралған.

Ќосмекенділердің тіршілігінде ылғалдылыќ пен температуралыќ факторлар негізгі рөл атќарады. Олар дүниежүзінің тропикалыќ субтропикалыќ және ќоңыржай белдеулерінде ғана таралған. Ќосмекенділердің көпшілік түрлерінің ересектері жануартекті ќорекпен, ал дернєсілдері өсімдікті ќорекпен ќоректенеді.

Ќосмекенділердің дернєсілдері түрленіп (метаморфоз) дамиды. Кей түрлері дернєсілдік кезеңінде көбейе алады. Оны неотения ќұбылысы деп атайды. Мысалы, америка амбистомасы, оның дернєсілі – аксолотль деп аталады.

Ќосмекенділер биоценоздағы ќоректену тізбегінде маңызды рөл атќарады, олардың көп түрлері пайдалы. Зертханалыќ жұмыстарда зерттеу нысаны ретінде де пайдаланылады. Кейбір халыќтар ќосмекенділерді тағам ретінде де пайдаланады. Олардың кей түрлері ќолдан өсіріледі, кей түрлері басќа аймаќтарда жерсіндірілген.

Ќосмекенділердің біраз түрлері МСОП-тың (Халыќаралыќ табиғат ќорғау одағының) Ќызыл кітабына тіркелген.
13-таќырып. Бауырымен жорғалаушылар класына жалпы сипаттама. Бауырымен жорғалаушылардың ќұрылыс және тіршілік єрекеттерінің басты ерекшеліктері.
Бауырымен жорғалаушылар омыртќалы жануарлардың салќынќанды єрі ќағанаќтылар тобына жатады. Олар нағыз ќұрлыќта тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Көбеюі, дернєсілдерінің дамуы, тіршілік єрекеттері тікелей ќұрлыќта өтеді.

Бауырымен жорғалаушыларға тєн белгілер: 1) терісі ќұрғаќ және оның сыртын мүйізді ќабыршыќтар, ќалќаншалар, сауыттар ќаптайды, олар ауаны өткізбейді яғни тек терісі арќылы тыныс алмайды; 2) ќаңќасында алғаш рет кеуде торы пайда болған. Тынысалуы осы кеуде ќуысының бірде кеңейіп, бірде тарылуы арќылы жүзеге асады; 3) бұлшыќеттері едеуір жіктелген, єсіресе ќабырғааралыќ бұлшыќ еттері жаќсы дамыған; 4) жүрегінің ќарыншасы жартылай перде арќылы екі бөлімге бөлінген, ќаны онша араласпайды (артерия ќаны басым), денесіне аралас ќан тарайды. Жүрегінен тікелей үш ірі артерия ќантамыры басталады; 5) өкпесі ұсаќ көптеген ұяшыќтардан тұрады, тек өкпесі арќылы ғана тыныс алады; 6) Миы айќын екі ми сыңарына бөлінген, ми ќыртысы пайда болған (неопаллиум); 7) алғаш рет жамбас бүйректері (метанефрос) пайда болған; 8) іштей ұрыќтанады және дернєсілдері тікелей дамып ересектеріне айналады. ¦рығының дамуында арнайы ќабыќтар пайда болады; 9) Жер шарында кеңінен таралған, єрі түр саны да (8000-дай) көп; 10) суда тіршілік ететін түрлері 2-рет суда тіршілік етуге бейімделген;



Ќазаќстанда бауырымен жорғалаушылардың 51 түрі кездеседі, оған тасбаќалар, кесірткелер, жыландар жатады. Олардың 10 түрі Ќазаќстанның Ќызыл кітабына (1996) тіркелген.
14-таќырып. Бауырымен жорғалаушылардың жіктелуі, шығу тегі және эволюциясы.
Ќазір бауырымен жорғалаушылардың 8 мыңға жуыќ түрі белгілі. Олар 3 класс тармағына бөлінеді. 1. Анапсидалар; 2. Лепидозаврлар; 3. Архозаврлар.
І-класс тармағы. Анапсидалар. Оның бір ғана - тасбаќалар отряды бар. Бұл отрядќа 250-ге жуыќ тасбаќа түрлері жатады. Көпшілік түрлерінің сүйекті сауыты болады. Денесі сүйекті сауыттың ішінде орналасќан. Сауыттың үстіңгісі - карапакс, ал астыңғысы – пластрон деп аталады. Карапакстың сырты мүйізді ќалќандармен ќапталған, ол өмір бойы өсіп отырады. Ондағы ќабаттарға ќарап тасбаќаның жасын ажыратуға болады.
Тасбаќалар 5 отряд тармағына бөлінеді:
1. Жасырын мойынды тасбаќалар. Оған 150-дей түр жатады. Олардың көпшілігі ќұрлыќта, аздаған түрі суда тіршілік етеді. Көпшілігі өсімдікпен ќоректенеді. Австралиядан басќа ќұрлыќтардың ќоңыржай және ыстыќ белдеулерінде таралған. Осы отряд тармағының ќұрлыќ тасбаќалары тұќымдасына – орта азияның дала тасбаќасы жатады. Ол Ќазаќстанның шөл шөлейтті, ќұрғаќ далалы аймаќтарында таралған. Піл тасбаќасы өте ірі, сауытының ұзындығы 1,5 метр, салмағы 400 кг-дай. Тұщысу тасбаќалары тұќымдасына – Ќазаќстанның батыс өңірінде (Жайыќ өзенінің жағалауында) таралған батпаќ тасбаќасы жатады.
2. Теңіз тасбаќалары отряд тармағы. Олардың аяќтары ескекке айналған. Сауыты нашар дамыған. 6-7 түрі белгілі. Кеңінен таралған түрлері - сорпа (жасыл) тасбаќасы және бисса (каретта) тасбаќасы. Олар мұхиттардың тропикалыќ теңіздерінің жағалауларында тіршілік етеді.
3. Жұмсаќ терілі тасбаќалар отряд тармағына 25 түрлі тасбаќа топтастырылған. Сүйекті сауыты нашар дамыған. Олар Африканың, Оңтүстік Азияның, Солтүстік Американың тұщы суларында таралған. Кеңінен таралған түрі – ќытай триониксі. Ол Ресейдің Ќиыр шығысындағы өзен, көлдерде кездеседі.
4. Бүйір мойынды тасбаќалар отряд тармағы. Бұған 50-дей түрлі тасбаќалар жатады. Олар Африканың, Австралияның, Солтүстік Американың өзендерінде кездеседі. Кеңінен таралған түрі – аррау (тартаруга) Амазонка, Ориноко өзендерінде таралған.
5. Ќалќансыз тасбаќалар отряд тармағы. Оның бір ғана – терілі тасбаќа деген түрі бар. Ол ‡нді, Тыныќ, Атлант мұхиттарының тропикалыќ теңіздерінде таралған.
ІІ. Лепидозаврлар класс тармағы. Оның 2 отряды бар:
1. Тұмсыќбастылар отрядының бір ғана түрі – гаттерия 220 млн. жылдан бері тіршілік етіп келеді. Ол Жаңа Зеландияның ұсаќ аралдарында ғана саќталған. ¦рығы 12-14 айда ғана жетіледі.
2. Ќабыршаќтылар отрядына ќазіргі бауырымен жорғалаушылардың көпшілік түрлері жатады. Ол екі отряд тармағына (кесірткелер және жыландар) бөлінген.
а) Кесіркелер отряд тармағы: олардың сыртќы түрі єртүрлі, 4300-дей түрі белгілі. Олар көбіне ќұрлыќта, кей түрі ағаш басында, кей түрі жерастында, аздаған түрлері (теңіз игуандары) суда тіршілік етуге бейімделген. Бұл отряд тармағына ќұбылғылар (хамелеондар) да жатады. Кеңінен таралған тұќымдастары: - геккондар, ешкіемерлер (агамалар), игуандар, ұршыќсаптар (аяќсыз кесірткелер), варандар, нағыз кесірткелер, сығыркөздер (сцинктер) және т.б.
є) Жыландар отряд тармағы: бұған аяќтары жойылған єрі ирелеңдеп ќозғалатын ќабыршаќтылар жатады. Аздаған түрлерінде артќы аяќ пен жамбас сүйектерінің ќалдыќтары (айдаћарлар мен соќыр жыландарда) саќталған. Олардың 3000-дай түрі белгілі.

Жыландардың негізгі тұќымдастары - жалғанаяќтылар (айдаћарлар), сужыландар, аспидтер, теңіз жыландары, сұржыландар, сылдырмаќты жыландар және т.б.
ІІІ. Архозаврлар класс тармағы. Оған бір ғана ќолтырауындар (крокодилдер) отряды жатады. Бұл отрядќа ќолтырауындардың 25 түрі топтастырылған. Олар үш тұќымдасќа біріктірілген: а) гавиалдар тұќымдасының бір түрі белгілі; є) нағыз ќолтырауындар тұќымдасының 14 түрі бар; б) аллигаторлар тұќымдасының 10 түрі белгілі.
15- таќырып. Бауырымен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.
Олардың ертедегі түрлері палеозой заманында тіршілік еткен – котилозавлар. Бауырымен жорғалаушылардың эволюциясы олардың бассүйегінің ќұрылысында (көз және иіс сезу ойыстарынан басќа) ойыстардың болмауымен ерекшеленеді. Бассүйектерінің мұндай ќұрылыс ерекшеліктері тасбаќаларда айќын байќалады. Бауырымен жорғалаушылардың көпшілік түрлерінде бір немесе екі самай ойыстар бар. Котилозавлардан аңтектес жорғалаушылар пайда болған. Олардан бірте-бірте жыртќыш - аңтісті жорғалаушылар келіп шыќќан.

Мезозой заманында буырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері єртүрлі экологиялыќ ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, ұшќыш кесірткетєрізділер, ихтиозаврлар, динозаврлар және т.б.


Бауырымен жорғалаушылардың экологиясы.
Олардың тіршілік ететін ортасы єртүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл олардың ќұрылысы мен тіршілік єрекеттерінің күрделенгендігін аңғартады. Мұндай күрделі белгілері ќұрлыќта тіршілік етуге бейімделуінен және эмбриональдыќ дамуынан айќын байќалады. Бауырымен жорғалаушылар Жер шарында кеңінен таралған, тек Арктика мен Антрактикада ғана кездеспейді. Олар салќынќанды жануарлар болғандыќтан ќоршаған ортаның температурасы басты рөл атќарады. Олардың тіршілік ететін орта жағдайларына байланысты ќұрлыќта, суда, жер астында, ағаш басында, жартылай суда тіршілік ететіндер деп жеке экологиялыќ топтарға бөлінеді.

Бауырымен жорғалаушылардың басым түрлері жануарлармен, ал аздаған түрлері өсімдіктермен ќоректенеді. Кей түрлері өсімдікпен де, жануарлармен де ќоректенеді.

Бауырымен жорғалаушылардың эмбриональдыќ дамуында жұмыртќалыќ және ұрыќтыќ ќабыќтар пайда болады. Жұмыртќалыќ ќабыќтарға – талшыќты, белокты және известі ќабыќтар жатады. Ал, ұрыќтыќ ќабыќтарға – амнион (ќағанаќ), сір және аллантоис ќабыќтары жатады. Амнион (ќағанаќ) ќабығының болуына сєйкес бауырымен жорғалаушылар амниоттар (ќағанаќтылар) тобына жатады.

Бауырымен жорғалаушылар ќоректік тізбекте ерекше орын алады. Ал, адам өмірінде олардың маңызы зор яғни тағам ретінде пайдаланылады, дєрі-дєрмек алынады, терісі де бағалы және т.б. Олардың сирек кездесетін түрлері ќорғауды ќажет етеді.



16-таќырып. Ќұстар класына жалпы сипаттама. Ќұстардың ќұрылыс және тіршілік єрекеттерінің ерекшеліктері.
Ќұстар-омыртќалы жануарлардың ќағанаќтылар, єрі жылыќандылар (гомойотермиялы) тобына жатады, єрі ұшуға бейімделген. Ќұстардың ұшуға бейімделуіне сєйкес өздеріне тєн белгілер ќалыптасќан:

1. Ќұстардың денесі ќауырсынмен ќапталған, тері бездері нашар дамыған, тек кейбір ќұстарда ғана (ќазтектестерде, тауыќтектестерде т.б.) ќұймышаќ безі болады. Терісі жұќа, көбіне ќұрғаќ. Денесінің кейбір жерлерінде (жіліншігінде, саусаќтарында, тұмсығында) мүйізді ќабыршаќтар саќталған.

2. Ќаңќасында ұшуға бейімделуге сєйкес көптеген белгілер ќалыптасќан: жаќ сүйектері мүйізді тұтас таќташалармен ќапталған және тістері болмайды; мойын омыртќалары бір-бірімен өте ќозғалмалы байланысќан; төссүйегінде ќыры (киль) болады; алдыңғы аяќтары ќанатќа айналған; омыртќа жотасының арќа, сегізкөз, ќұйрыќ омыртќалары жамбас белдеулерімен тұтасып күрделі сегізкөзді ќұрайды. Толарсаќ сүйектері табан сүйектерімен тұтасып жіліншілікке (цевка) айналған. Ќабырғалары бұрыш жасап кеуде ќуысын ќұрайды.

3. Бұлшыќеттері жеке-жеке жіктеліп, күрделі ќозғалыстар (ұшу кезінде) жасауға бейімделген.

4. ¤ңештің кеңейген бөлімі – жемсау (зоб) деп аталады. Ќарыны - безді және етті ќарын деп екі бөлімге бөлінген. Етті ќарын ќорегін ұсаќтайды. Ішектері клоакаға ашылады.

4. Бронхының ұсаќ өскіндері өкпеден өтіп тұйыќ ауа ќапшыќтарын ќұрайды. Ауа ќапшыќтары ауаның сыйымдылығын арттырады. ¤кпесі көптеген ұсаќ ұяшыќтардан тұрады. Ќұс ұшќан кезде өкпеде ќан оттекпен 2 рет (тыныс алғанда да, тыныс шығарғанда да) тотығады. Оны ќосарлы тынысалу деп атайды.

5. Ќұстардың жүрегі толыќ 4 ќуысты (камералы). Артерия мен вена ќаны араласпайды, денесіне тек артерия ќаны тарайды. Оң жаќ ќолќа доғасы ғана саќталған (сол жаќ ќолќа доғасы жойылған).

6. Жүйке жүйесі өте жаќсы дамыған. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары үлкен, онда ми ќыртысы бар. Мишығында иірімдер, сайшалар пайда болған. Ортаңғы мидың көру бөліктері жаќсы дамыған.

7. Зєр шығару жүйесінде ќуығы болмайды, несепағар өзектері бірден клоакаға ашылады.

8. Сезім мүшелерінде көру, есту мүшелері өте жаќсы дамыған.



9. Дара жынысты. Іштей ұрыќтанады. Жұмыртќа салып көбейеді. Жұмыртќасында сарыуызы мол. Мекиендерінің тек сол жаќ аналыќ безі мен сол жаќ жұмыртќа жолы (мюллер өзегі) саќталған, бұл ірі жұмыртќа салуымен тікелей байланысты. Жұмыртќа клеткасы - жұмыртќаның ішіндегі сарысы болып саналады. Жұмыртќаның ќұрылысы күрделі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет