ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалы



бет1/6
Дата17.06.2016
өлшемі389 Kb.
#142985
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.1. ___

/01-2013



ПОӘК

Пәннің оқу-әдістемелік материалы



«Омыртқалылар зоологиясы»

№ 1 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

Омыртқалылар зоологиясы
«5В011300» – «Биология» мамандығы үшін

Семей


2013


Мазмұны:
1. Пән бойынша глоссарий

2. Лекциялардың қысқаша конспектісі

3. Зертханалық сабақтарды жүргізуге

арналған әдістемелік нұсқаулар

4. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар

5. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар

6. Бақылау – тексеру құралдары

1. Пән бойынша глоссарий
Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;

зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;

морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;

онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі;

омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;

палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;

симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші;

таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы;

тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі;

ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары;

ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;

филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;

физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;

экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;

протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым;

гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;

карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым;

арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым;

акарология – кенелерді зерттейтін ғылым;

энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;

малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;

ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым;

герпетология – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым;

орнитология – құстарды зерттейтін ғылым;

териология (маммалогия) – сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.

2. Лекциялардың қысқаша конспектісі

1-таќырып: Кіріспе. Хордалылардың жіктелуі. Бассүйексіздер тип тармағы. Ќандауыршатектестер отряды. Ќандауыршаның ќұрылысы.
Кіріспе. Хордалылар типі.
Хордалылар типі — жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең соңғы єрі жоғары сатыдағы тип екендігі. Хордалылардың өзіне тєн белгілері: арќа хордасы, жүйке түтігі, желбезек саңылаулары және жүрегінің ќұрсаќ жағында орналасуы. Хордалылардың омыртќасыз жануарларға ұќсас белгілері: екі жаќты симметриясы, 2-реттік дене ќуысы (целом), 2-реттік ауыз ќуысы, кейбір мүшелерінің метамерлі (өзара ұќсас бөлшектерден тұруы) орналасуы.

Хордалылар типінің жіктелуі: бассүйексіздер, ќабыќтылар (личинкахордалылар) және омыртќалылар (бассүйектілер) тип тармаќтары.



Бассүйексіздер тип тармағы. Басхордалылар класы. Ќандауыршатектестер отряды, европа ќандауыршасы. Ќандауыршада хордалылар типіне тєн белгілердің (хорда, жүйке түтігі, 100 жұптай желбезек саңылаулары, тұйыќ ќанайналым жүйесі) өмір бойы саќталатындығы. Ќандауыршаның тері жабыны (кутикула, эпидермис, кутис (кориум). Бұлшыќ еттері (миомер, миосепта). Асќорыту жүйесі (ауыз алды ќуысы, аузы (желкен), көлемді жұтќыншағы, ќысќа ішегі, бауыр өскіні, аналь тесігі.

Ќандауыршаның ќанайналымы – тұйыќ. Жүрегі болмайды, жүректің ќызметін ќұрсаќ ќолќа ќантамыры атќарады.

Жүйке жүйесі: жүйке түтігі (невроцель ќуысы, гессе көзшелері).

Ыдырау өнімдерін шығару жүйесі: 90 жұптай нефридия түтікшелері (нефростомалар, соленоцит клеткалары).

Жыныс жүйесі: дара жынысты, сырттай ұрыќтануы. Дернєсілдерінің түрленіп дамуы. Хордалылардың ұрыќтарының дамуын зерттеуде А.О.Ковалевский еңбегінің маңызы.

Ќандауыршаның дамуы: бөлшектенуі, бластула, гаструла, нейрула, органогенез.

Ќандауыршаның шығу тегі және жіктелуі: кєдімгі ќандауыршалар, эпигонихтер, амфиокстер тұќымдастары.

Ќабыќтылар (личинкахордалылар) тип тармағы.
Ќабыќтылардың жіктелуі: (5 класќа бөлінеді) асцидиялар, сальпалар, аппендикуляриялар, оттыденелілер, бөшкетєрізділер. Ќабыќтылардың түрі саны 1500-дей теңіз жануарлары. Ересектерінде хордасы да және жүйке түтігі де болмайды. Ќабыќтыларда хордалыларға тєн белгілер тек дернєсілдік кезеңде айќын байќалады.

Ќабыќтыларға тєн белгілер: денесі ерекше ќалың туника ќабығымен ќапталған, ќанайналымы – ашыќ, ќосжынысты (гермафродиттер). Жыныссыз көбеюі – бүршіктену, жынысты жолмен де көбейеді. Дернєсілдері еркін жүзеді, түрленіп дамиды. Кей түрлері бір орынға бекіп, кей түрлері еркін жүзіп тіршілік етеді.

3-Дәріс

Омыртқалы хордалыларға жалпы сипаттама.

Омыртқалылар тип тармағы.
Мақсаты: Омыртқалылар тип тармағының морфологиялық ерекшеліктеріне тоқталу. Дөңгелек ауыздылар класының жалпы сипаттамасын беру, систематикасы шолу жасау.

Омыртќалылар хордалылар типінің жоғары сатыдағы тип тармағы. Омырќалыларда шеміршектен немесе сүйектен тұратын омыртќа жотасы болады.

І. Омыртќалылардың жіктелуі: жаќ аппараттарының болмауына және болуына байланысты 2 топќа бөлінеді: 1-жаќсыздар — оған дөңгелекауыздылар класы ғана жатады; 2-жаќауыздылар — бұған шеміршекті және сүйекті балыќтар, ќосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, ќұстар, сүтќоректілер жатады.

ІІ. Омыртќалылар ұрығының даму ерекшеліктеріне сєйкес 2 топќа бөлінеді:

1. Ќағанаќсыздар nаmnіа) (ұрыќќабыќсыздар) — бұған дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балыќтар, ќосмекенділер жатады.

2. Ќағанаќтылар (Amniota) (ұрыќќабыќтылар) — оған бауырымен жорғалаушылар, ќұстар және сүтќоректілер жатады.

ІІІ. Омырќалылар дене температурасының тұраќсыз және тұраќты болуына сєйкес салќынќандылар және жылыќандылар деп 2 топќа бөлінеді.



1. Салќынќандылар (пойкилотермиялылар) — олардың дене температурасы сыртќы ортаның температурасына тєуелді болады. Бұл топќа- дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балыќтар, ќосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар жатады.

2. Жылыќандылар (гомойотермиялылар) — оған дене температурасы үнемі тұраќты – ќұстар мен сүтќоректілер жатады.

Омыртќалылардың жеке мүшелер жүйесі:

Тері жабыны 2 ќабатты: сыртќысы - көп ќабатты-эпидермис, ішкісі – дєнекер ұлпалы –кутис (кориум).

Бұлшыќ еттері — төменгі сатыдағы омыртќалыларда көбіне матамерлі орналасќан, ал жоғары сатыдағыларда – жекеленген бұлшыќеттерге жіктелген.

Ќанќасы бірнеше бөлімнен тұрады: біліктік ќаңќа – оған омыртќа жотасы мен бассүйек жатады. Белдеулері мен жұп жүзбеќанаттары немесе жұп аяќтыларының ќаңќасы.

Асќорыту жүйесі – асќорыту мүшелерінен (ауыз ќуысы, жұтќыншаќ, өңеш, ќарын, аш ішек және тоќ ішек, клоакадан (кей түрлерінде аналь тесігінен) тұрады. Асќорыту бездеріне - бауыр, ұйќы безі (кей түрлерінде сілекей бездері) жатады.

Тынысалу жүйесі — суда тіршілік ететіндер – желбезек аппараты арќылы суда еріген оттекпен, ал ќұрлыќтағы омырталылар атмосфералыќ ауаның ќұрамындағы оттекпен тыныс алады.

Ќанайналым жүйесінің орталыќ мүшесі – жүрек. Дөңгелекауыздылардың және балыќтардың жүрегі 2 камералы, ќосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларда –3 камералы, ал ќұстар мен сүтќоректілерде жүрегі –4 камералы болады.

Ќантамырлары – артериялар (жүректен ќанды алып шығатын), веналар (ќанды мүшелерден жүрекке алып келетін) және капиллярлар (өте ұсаќ микроскопиялыќ ќантамырлар) деп бөлінеді.

Омыртќалылардың ќанайналуы – тұйыќ (ќан тек ќантамырлардың бойымен ғаа ағады).

Жүйке жүйесі. Орталыќ жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Ми 5 бөлімнен (алдыңғы, аралыќ, ортаңғы, сопаќша ми және мишыќ) тұрады. Шеткі жүйке жүйесіне - мидан және жұлыннан тарайтын жүйкелер жатады.

Зєр шығару жүйесі – төменгі сатыдағы омыртќалыларда – жұп дене бүйрегі (мезонефрос), жұп несепағар (вольф өзегі), кей түрлерінде ќуыќ болады. Жоғары сатыдағы омыртќалыларда – жұп жамбас бүйрек (метанефрос) болады.

Жыныс жүйесі – дара жынысты. Төменгі сатыдағы омыртќалылар (дөңгелекауыздылар, сүйекті балыќтар, ќосмекенділер) – сырттай ұрыќтанады. Ал, шеміршекті балыќтар, бауырымен жорғалаушылар, ќұстар, сүтќоректілер іштей ұрыќтанады.

Аналыќтарында - жұп аналыќ без, жұп жұмыртќа жолы (мюллер өзегі) болады. Ал, аталыќтарында – жұп аталыќ без, жұп тұќым жолы, жұп тұќым шашќыш өзекшелер бар.

Омыртќалылардың дамуы бір-біріне ұќсас, бєрінің ұрығының дамуының бастапќы кезеңінде хорда, жүйке түтігі, желбезек саңылаулары байќалады.

Дөңгелекауыздылар класына жалпы сипаттама.

Әрбір мүшелер жүйесі белгілі бір реттілікпен атап өтіледі. Жаќсыз омыртќалы жануарларға тєн белгілер: Жаќсыздар – омыртќалылардың ең ќарапайым тобы. Оларда хорда өмір бойы саќталады; жаќ аппараты болмайды; аузы сору ќызметін атќарады, жұп жүзбеќанаттары болмайды; танау тегі сыңар (біреу); ішкі ќұлағында 2 (миногаларда), не 1 (миксиндерде) жарты иірім өзекшелер болады; желбезек шашаќтары энтодермадан пайда болған; жыныс бездері сыңар (біреу).



Сыртќы түрі - ұзынша жылан тєрізді. Ауыз алды ќуысы дөңгелек, онда ұсаќ мүйізді “тісшелер” орналасќан.

Ќаңќасы – хорда өмір бойы саќталады. Бас ќаңќасы шеміршекті таќташалардан тұрады. 9 жұп шеміршекті желбезек доғасы болады.

Асќорыту жүйесі. Ауыз алды ќуысы, аузы (желкен), жұтќыншаќ, өңеш, ішек, аналь тесігі бар. Жұтќаншағы екі түтікке бөлінген (асќорыту және тынысалу). Ішегінде спиральды ќатпарлар бар, өт ќабы болмайды, ұйќы безінің нышаны ішекте шашырап орналасќан.

Тынысалу жүйесі - ќапшыќ тєрізді желбезек аппаратынан тұратындыќтан, оларды кейде ќапшыќ желбезектілер деп те атайды Оның саны 7 жұп. Сыртќы желбезек тесіктері сыртќа жеке-жеке ашылады. Ал, ішкі желбезек тесіктері тыныстыќ түтікке ашылады. Тыныстыќ түтігі – тұйыќ өскін болып бітеді.

Ќанайналым жүйесі – тұйыќ, жүрегі 2 камералы (бір жүрекше, бір ќарынша), жүрегі арќылы вена ќаны ағады. Бүйрегінде вена ќаќпа торы болмайды. Көкбауыры жоќ. Ќан клеткалары өңеште, ішекте, бауырда, бүйректе түзіледі.

Жүйке жүйесі. Миы 5 бөлімнен тұрады, мидан 10 жұп жүйкелер таралады.

Сезім мүшелері өте ќарапайым. Көзі нашар дамыған. Иіс сезу мүшесі – сыңар таңау тесігінен тұрады. Бүйір сызығы айќын байќалады.

Зєр шығару жүйесі – жұп дене бүйрегінен (мезонефрос), жұп несепағардан (вольф өзектерінен), зєржыныстыќ ќолтыќтан тұрады.

Жыныс жүйесі. Дөңгелекауыздылар дара жынысты, сырттай ұрыќтанады. Жыныс бездері (аналығында да, аталығында да) сыңар (біреу). Миногалардың көпшілік түрі өрістейді (теңізден өзенге көтеріліп, уылдырыќ шашады).

¤суі мен дамуы. Бөлшектену арќылы дамиды. Дернєсілі – ќұмтескіш (пескоройка) деп аталады. Ол белсенді жүзіп тіршілік етеді. Дернєсілінің тіршілігі ќандауыршаға ұќсас.

Жіктелуі. Дөңгелекауыздылар класының 2 отряды бар: миногалар (30-дан астам түрі бар), және миксиндер (18 түрі бар). Жаќсыздардың ќалќандылар класының түрлері геологиялыќ замандарда жойылып кеткен.

2-модуль. Балыќтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балыќтар класы.
5 – таќырып: Шеміршекті балыќтардың жеке мүшелер жүйесінің

ќұрылысы мен тіршілік єрекеттерінің ерекшеліктері.
Сыртќы түрі мен тері жабыны. Дене бөліктері: бас, тұлға, ќұйрыќ. Дене мөлшері – 20-см-ден 20 метрге дейін жетеді. Тері жабыны 2 ќабатты: сыртќы көпќабатты эпидермис, ішкі дєнекер ұлпалы кутис (кориум). Желбезек саңылаулары 5-7 жұп, оның єрќайсысы сыртќа жеке-жеке ашылады. Алға созылыңќы тұмсығы (рострум) болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау пішінді. Көздің артќы жағында жұтќыншаќпен байланысќан екі су шашќыш тесігі (брызгальца) бар. Ќұйрыќ жүзбеќанатының үстіңгі ќалағы үлкен (астыңғы ќалағы кіші) – гетероцеркальды. Ќұрсаќ жағында клоака (тік ішектің кеңейген бөлімі) орналасќан. Денесі плакоидты ќабыршаќпен (ұсаќ сыртында тікенекті бүртігі бар) ќапталған. Жұп көкірек және жұп ќұрсаќ жүзбеќанаттары денесіне көлбеу орналасќан.

Ќанќасы мен бұлшыќеттері. Ќаңќасы шеміршекті. Біліктік ќаңќа – басќаңќасы мен омыртќа жотасынан тұрады. Басќаңќасы – ми сауыты мен висцеральды бөлімдерден ќұралған. Висцеральды бөлімде – жаќ, тіласты және желбезек доғалары бар. Омыртќа жотасы 2 бөлімнен (тұлға және ќұйрыќ) тұрады. Жеке омыртќаның денесін және доғасын ажыратады. Омыртќаның денесінің алды да, арты да ойыс (амфрицельді). Жұп жүзбеќанаттарының (көкірек және ќұрсаќ) ќаңќасы белдеулермен байланысќан: а) иыќ белдеуі мен көкірек жүзбеќанаттары; є) жамбас белдеуі мен ќұрсаќ жүзбеќанаттары.

Бұлшыќеттері метамерлі (жеке сегменттерден тұрады) орналасќан.



Асќорыту жүйесі. Ќозғалмалы жаќ аппараты бар ауыз ќуысы, жұтќыншаќ, ќысќа өңеш, ќарын, аш ішек, тоќ ішек, клоакамен аяќталады. Тоќ ішегі едеуір жуан, єрі онда спиральды ќатпарлар орналасќан. Ол ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Бауыры үлкен 2 ќалаќты, өт ќабы, өт өзегі бар. ¤т өзегі аш ішектің алдыңғы бөліміне ашылады. Аш ішектің бұрылысында ұйќы безі орналасќан.

Тынысалу жүйесі. Желбезек аппараты 3 элементтен тұрады: а) шеміршектегі желбезек доғасы; є) терілі желбезек аралыќ перде; б) ұсаќ желбезек шашаќтары. Суда еріген оттекпен тыныс алады. Желбезек шашаќтары мен капилляр ќантамырларының арасында газ алмасу процесі жүреді.

Ќанайналым жүйесі – тұйыќ. Жүрегі 2 камералы (бір жүрекше, бір ќарынша). Жүрегінен тек вена ќаны ағып өтеді. Артерия ќантамырлары – ќұрсаќ ќолќасы, желбезек артериялары, арќа ќолќа түбірі (жұп), арќа ќолќасы және т.б.

Веналыќ ќантамырлары – жұп алдыңғы және жұп артќы кардинальды (яремді) веналар, жұп кювье өзегі, ішекасты венасы, бауыр және бүйрек вена ќаќпалары, бауыр венасы.

Жүйке жүйесі. Орталыќ жүйке жүйесі – ми мен жұлын. Ми бөлімдері (алдыңғы, аралыќ, ортаңғы, сопаќша ми және мишыќ). Жұлын – омыртќа жотасының өзегінде орналасќан.

Шеткі жүйке жүйесі – мидан және жұлыннан тарайтын жүйкелерден тұрады. Мидан 10 жұп жүйкелер таралады:

І. Иіс сезу жүйкелері – алдыңғы мидың иіс сезу бөліктерінен басталып, танау тесігіне таралады.

ІІ. Көру жүйкелері – аралыќ мидың түбінен басталып, көздің торлы ќабығына таралады.

ІІІ. Көзді ќозғаушы жүйкелер – ортаңғы мидың түбінен басталып, көз алмасының бұлшыќеттеріне таралады.

ІV. Шығыр (блоктыќ) жүйкелер – ортаңғы мидың артќы бөлігінен басталып, көз алмасының ќиғаш бұлшыќеттеріне таралады.

V. Үштарамды жүйкелер – сопаќша мидан басталып, көзге, үстіңгі және астыңғы жаќтарға таралады.

VI. Әкетуші жүйкелер – сопаќша мидан басталып, көз алмасының сыртќы тік бұлшыќеттеріне таралады.

VІІ. Бет жүйкелері – сопаќша мидан басталып, ауыз ќуысына, жаќ және тіласты доғаларына таралады.

VІІІ. Есту жүйкелері – сопаќша мидан басталып, ішкі ќұлаќќа таралады.

ІХ. Тіл – жұтќыншаќ жүйкелері – сопаќша мидан басталып, тіл мен жұтќыншаќќа таралады.

Х. Кезеген жүйкелер – сопаќша мидан басталып, барлыќ ішкі мүшелерге таралады.

Сезім мүшелері. Иіс сезу мүшесі – жұп танау тесігі. Көру мүшесі – жұп көз. Көз алмасының ќасаң ќабығы жазыќ, көз бұршағы шар пішінді. Есту мүшесі – ішкі ќұлаќтан тұрады. Онда үш жарты иірім өзекшелер бар. Бүйір сызығы жаќсы дамыған.

Зәр шығару жүйесі: жұп бүйрек (мезонефрос), жұп несепағар (вольф өзектері) және клоака. Ыдырау өнімдері негізінен ќаннан, ал амиаќ желбезектерінен бөлінеді.

Жыныс жүйесі: дара жынысты, іштей ұрыќтанады. Аналыќтарында жұп аналыќ без, жұп жұмыртќа жолы клоакаға ашылады. Жұмыртќалары ірі єрі сарыуызға бай. Аналыќтарының жұмыртќа жолы мен несепағарлары бір-бірімен байланыспайды. Аталыќтарында жұп тұќым безі, жұп тұќым жолы клоакамен аяќталады. Аталыќтарының несепағарлары (вольф өзекшелері) арќылы зєр заттары және жыныс өнімдері өтеді.
6-таќырып. Шеміршекті балыќтар класының жіктелуі.
Шеміршекті балыќтар 2 класс тармағына бөлінеді: 1. Таќтажелбезектілер; 2. Тұтасбастылар.

Таќтажелбезектілер класс тармағына 700- ге жуыќ түрлер жатады. Көпшілік түрлері теңізде тіршілік етеді. Тұмсығы (рострум) айќын байќалады. Желбезек саңылауларының саны 5-7 жұп. Бір жұп сушашќыш тесігі бар. Желбезектері терілі желбезек аралыќ перделерде орналасќан.

Акулалар отряд үсті. Акулалардың 350-ге жуыќ түрі бар. Олар Каспий, Арал теңіздерінен басќа барлыќ мұхиттар мен теңіздерде таралған. Дене пішіні ұзынша созылыңќы, белсенді тіршілік етеді. Көпшілігі жыртќыш, кей түрлері (кит акуласы, алып акула) планктондармен ќоректенеді.
І. Акулалардың негізгі отрядтары:
1. Көпжелбезекті акулалар: оған ертеден келе жатќан ќарапайым акулалар жатады. ¤кілі – жалпаќ тұмсыќты акула. Дене пішіні жылан тєрізді, 6 жұп желбезек саңылауы бар, тірідей шабаќтайды. Атлант, ‡нді, Тыныќ мұхиттардың ќоңыржай және субтропикалыќ суларында таралған, саны аз. Балыќтармен, басаяќты ұлулармен ќоректенеді.
2. Әртүрлі тісті акулалар: 7-10 түрі бар, ұзындығы –1,5 метрге жетеді. Желбезек саңылаулары – 5 жұп. ¦рыќтанған уылдырыќ шашып көбейеді. Тыныќ, Үнді мұхиттарының жылы єрі субтропикалыќ теңіздерінде таралған.
3. Мұртты акулалар: көпшілігінің тұмсығында мұртшалараы болады. 2 тұќымдасы бар. Кит акуласының ұзындығы 15-20 м., салмағы 12-14 т.
4. Ламнотектес акулалар: арќа жүзбеќанаты екеу, аналь жүзбеќанаты біреу. 6 тұќымдасының 20-дей түрі бар. Алып акула осы отрядќа жатады.
5. Кархаринтектес акулалар: 150-дей түрі бар. Жолбарыс акуласы - ұзындығы 5 метрдей. Балға тұмсыќты акулалардың бастары жалпаќ, оның екі шетінде екі үлкен өскіні бар. Көздері сол өскіндердің ұшында орналасќан. Бұл отрядќа мысыќ және сусар акулалары да жатады.
6. Катрантектес (тікенекті) акулалар: 3 тұќымдасының 30-дан астам түрі бар. Көпшілігінің дене мөлшері шағын. Кей түрлері топтанып тіршілік етеді.
7. Аратұмсыќты акулалар: 4 түрі бар. Үнді, Тыныќ мұхиттарының жылы теңіздерінде жағалауға жаќын аймаќтарында таралған. Тұмсыќтары ұзын єрі жалпаќ семсерге ұќсас. Оның екі шетінде жұп мұртшалары бар, єрі ірі тістері орналасќан. Су түбінде тіршілік етеді.
8. Теңіздің періште акулалары: дене пішіндері скатќа ұќсас, су түбінде тіршілік етуге бейімделген 11түрі бар. Денесі жалпаќ, єрі жұмыр, ұзындығы 2,5 м., салмағы 100 кг. ¦саќ балыќтармен ќоректенеді.
ІІ. Скаттар отряд үсті. Оған денесі жалпаќ және көкірек жүзбеќанаттары өте жаќсы дамыған шеміршекті балыќтар жатады. 5 жұп желбезек саңылаулары денесінің ќұрсаќ жағында орналасќан. Су шашќыш тесіктері акулалардан жаќсы дамыған. Скаттар су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Олар ұлулармен, шаянтектестермен ќоректенеді. Скаттар 5 отрядќа бөлінеді. Түр саны 340-тан асады.
Скаттардың отрядтары:
1. Аратұмсыќты скаттар: 7 түрі бар, ірі түрлерінің денесінің ұзындығы 5-6 м., сыртќы түрі аратұмсыќты акулаларға ұќсас. Тұмсығы ара пішінді ұзын оның жиектерінде ірі тістері болады, біраќ онда мұршалары болмайды. Жаќсы жүзеді, топтанып жүрген ұсаќ балыќтармен ќоректенеді.

2. Рохлетектес скаттар: оған 50-ге жуыќ түрлер жатады. Сыртќы түрі акулаға ұќсас, біраќ желбезек саңылаулары денесінің ќұрсаќ жағында орналасќан.
3. Ромбыденелі скаттар: 100-ден аса түрі бар. Денесінің ұзындығы 30-см-ден 2 метрге жетеді. Көпшілігінің денесінде ірі плакоидты ќабыршаќтары бар. Ќара теңізде – теңіз түлкісі деген түрі, ал Аќ теңіз бен Баренцов теңізінде жұлдызды скат деген түрі кездеседі.
4.3. Шаншарќұйрыќты скаттар: 100 – дей түрі бар, денелерінің ұзындығы 50 см-ден 7 метрге, жалпаќтығы 30 см-ден 5-7 метрге жетеді. Көпшілігінің ќұйрыќ сабаќшасының орта тұсында бір (кейде 2) ұзын мүйізді ұшы үшкір шаншары (инесі) болады. Осы шаншары арќылы жауынан ќоранады, єрі ќорегін ұстайды. Ќара және Азов теңіздерінде теңіз мысығы деген түрі кезедеседі.
5. Электрлі скаттар: барлыќ мұхиттардың субтропикалыќ және тропикалыќ теңіздерінде 40-ќа жуыќ түрі таралған. Ќабыршаќтары, тікенектері болмайды. Басының екі бүйірінде түрі өзгерген бұлшыќет ұлпасынан пайда болған ерекше электрлі мүшелері болады. Олардан бөлінетін электр ќуаты 60-300 вольтќа жетеді. Олар өте баяу ќозғалады.
Тұтасбастылар класс тармағы. Судың терең ќабаттарында тіршілік етуге бейімделген аздаған шеміршекті балыќтар жатады. Дене пішіндері ұзынша ұршыќ тєрізді, тұмсығы доғал, терісінде ќабыршаќтары болмайды. Ќұйрыќ жүзбеќанаты жіңішке жіпке ұќсас. Сушашќыш тесіктері де жоќ. Желбезектерінің сырты терілі ќатпармен ќапталған. Желбезек саңылауы бір жұп. Іштей ұрыќтанады. Бір ғана отрядының (химератектестер) 30-ға жуыќ түрлері Атлант, Үнді, Тыныќ мұхиттарының теңіздерінде таралған.
7-таќырып. Сүйекті балыќтар класы. Сүйекті балыќтарға жалпы сипаттама.
Сүйекті балыќтар – омыртќалы жануарлардың түрі ќұрамы өте көп (20 мыңнан астам түрі бар) класы. Олар барлыќ су айдындарында тіршілік етуге бейімделген. Сүйекті балыќтардың ќаңќасында сүйекті элементтер басым. Сүйекті балыќтардың көпшілік түрлерінде дене салмағын реттейтін арнайы мүше – торсылдаќ пайда болған. Ауыз тесігі басының алдыңғы шетінде орналасќан. Желбезектерінің сыртын сүйекті желбезек ќаќпағы жауып тұрады. ‡лкен бір жұп желбезек саңылауы желбезек ќаќпағының артќы шетінен ашылады. Ќұйрыќ жүзбеќанатының ќалаќтары тең (гомоцеркальды). Аналь, жыныс және зєр шығатын тесіктері сыртќа жеке-жеке ашылады. Денесі ірі єрі жалпаќ ќабыршаќтармен (циклоидты, ктеноидты) ќапталған.

Сыртќы түрі мен дене пішіні. Сүйекті балыќтардың денесі – бас, тұлға және ќұйрыќ деп үш бөлімге бөлінеді. Дене пішіні көбіне ұршыќ тєрізді.

Тері жабыны – шеміршекті балыќтарға ұќсас. Сыртќы – эпидермис, ішкі – кутис ќабаттарынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет