Пәннің шифры: oam 1201 Пән атауы: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы Пререквизиттері



бет1/6
Дата11.07.2016
өлшемі0.96 Mb.
#192176
  1   2   3   4   5   6


ЭК

Пәннің шифры: OAM 1201

Пән атауы: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы

Пререквизиттері: Латын тілі, цитология және гистология

Постреквизиттері: Өсімдіктер физиологиясы

Мақсаты: Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясын зерттеу. Өсімдіктің вегетативті және генеративті мүшелерін анықтау.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін ажыратуда тиісті білімдерді меңгерді;

- жоғары сатылы өсімдіктердің морфологиялық формаларының көптүрлілігі туралы мағлұмат алды;

- вегетативті және генеративті мүшелері формаларының эволюциялық негізі туралы мағлұматтардан хабардар;

- мазмұны мен проблемасы бойынша өз тобындағы студентермен де және білім беру мекемелерінің мамандарымен де еркін сұқпатаса алады; - жобаны ұйымдастыру мен іске асыруда басқа ұлт өкілдерімен жеке және топпен жұмыс жүргізуге қабілетті

Күтілетін нәтиже:


  • Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясының ролі тіршілік процестерін тану және оны игеру.

  • Бұл пәннің негіздерінде күрделі тараулар борлып саналатын көмірсулар, белоктар, липидтер, витаминдер, ферментер туралы теориялық мәліметтер мен лабораториялық тәжірибелер берілген.

Құзыреті: Өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін ажыратуда тиісті білімдерді меңгерген және тәжірибеде қолдана біледі.

ЭК

Пәннің шифры: Ily 1105

Пән атауы: Ілиястану

Пререквизиттері: мектептегі қазақ әдебиеті курсы

Постреквизиттері: философия

Мақсаты: Университетімізге аты берілген классик ақынның шығармашылығын терең таныстыру, әдеби мұраларын зерттей оқыту мақсатында енгізіліп отыр. Творчестволық негізі 1912 қаланған сонау “Балдырған”, “Қызыл жалау” қолжазбаларынан бастап, 1937 жылға дейінгі әдеби мұраларды меңгеру.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

I.Жансүгiровтiң өмiр жолы, оның қазақ әдебиеттану ғылымындағы орны. Шығармалары мен әдебиетiмiздегi көркемдiк тәсiлдi қалыптастырудағы елеулi үлес қосқандығы. 1912 жылдан 1937 жылға дейін жазған туындыларының мазмұны, сюжеті, мәтіні толық қарастырылмақ.



Күтілетін нәтиже: : Ілияс Жансүгіров мұраларымен танысумен бірге, шығармаларды талдай білуге; идеялық-көркемдігін айқындауға білу; әр шығармаға мінездеме беруге; практика сабағында тақырып аясын аша білуге тиіс.

Түйінді құзыреті:қазақ әдебиеті саласында білімді игеру

Пәндік құзырет: ғылыми әдебиеттерді іздестіру дағдысын білу

Арнайы құзірет: шығармашылық жұмыстың теориялық негіздерін меңгеру

ЭК

Пәннің шифры: CG 2208

Пән атауы: Цитология және гистология

Пререквизиттері: жоқ

Постреквизиттері: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы

Мақсаты: Цитологияда негізгі қолданылатын әдістерінің бірі, арнайы тәсілдермен дайындалған цитологиялық және гистологиялық препараттарды, яғни клеткалар мен ұлпаларды әртүрлі микроскоптар арқылы зерттеу. Бағдарламаның негізгі мақсаты, цитология курсын оқытудың жаңа белестері болып табылады. Демек, цитология және гистология - анатомия, эмбриология, генетика, физиология, биохимия т.б. ілімдерімен тығыз байланыста.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Пәнді оқығаннан кейінгі студенттің игеруге тиісті білімдері, іскерліктері мен дағдылары. клетка биология негіздерімен, клетканың теориясын, эмбриондық дамуын түсіндіреді; пәнді оқып үйрену.

Гистология және эмбриология негіздерін оқып игеруде студенттер ұрықтың дамуын ұлпалардың құрылымын барлық деңгейде зерттеп, практикалық және теориялық негіздерімен танысады.

Күтілетін нәтиже: қазіргі технологиялар мен әдістемелер жүйесінің құрылымымен қағидаттары туралы түсінік бере отырып, оқу үрдісін жоспарлаудың, ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету;

оқытудың жаңа технологияларын сабақта пайдалану барысында студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп, кәсіби іскерлік-дағдыларын қалыптастыру, сөз қорын арттыру;

оқу үрдісінің барысында сабақтың құрылымын дұрыс айқындап, оқыту әдістемелерін дұрыс пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттырудың жолдарын меңгерту;

Түйінді құзыреті: Жалпы тіршіліктің мәнін, оның формаларын, дамуын, тірі табиғат дамуының жалпы заңдылықтарын игеру

Пәндік құзырет: педагогикалық технологиялар пайдалану саласында іздену, бағалау, саралау білу

Арнайы құзірет: ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеудің студенттердің білім қорын арттырудағы маңызын ашып көрсету.



ЭК

Пәннің шифры: BCh 2302

Пән атауы: Бейорганикалық химия

Пререквизиттері: мектептегі химия пәні

Постреквизиттері: периодтық жүйедегі элементтер химиясы.

Мақсаты: негізгі химиялық білім алуын және химияның негізгі түсініктемелері мен ережелерін оқып үйрету, сонымен бірге тәжірибе жүзінде қолдану

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Атом құрылысы және химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Химиялық байланыс. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары. Ерітінділер. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимияның негіздері. Комплексті қосылыстар



Күтілетін нәтиже: химияның негізгі стериометриялық заңдарын; периодтық кестенің құрылысын; бейэлектролиттер мен электролиттердің ерітінділерінің күйлерін; «тотығу-тотықсыздану» терминдерінің мағынасы мен түсінігін білуі тиіс.

есептерді шешуде химияның негізгі стехиометрикалық заңдарын қолдануды; заттың массаға, атомдар санына, ионға, молекулаға ауыстыруды; химиялық теңдеулермен өнімді шығаруға; ковалентті байланыстың табиғатын түсіндіруге; тотығу-тотықсыздану реакциясын теңестіруге; Д.И. Менделеевтің периодтық заңының және заттарды құрудың теориясының негізінде металл және бейметалл элементердің және олардың қосылуларының физикалық және химиялық күйлерін болжай білу тиіс.



Құзыретілігі:

Бейорганикалық химияның теориялық негіздері саласындағы білімдерді меңгеру, химиялық мониторингті іске асыру, химиялық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған химиялық нәтижелерді түсіндіріп беру.

-Жаңашылдққа қабілетті болу және еңбекқорлығын көрсете білу;

-Түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру, біліктері мен дағдыларын меңгеру.
ЭК

Пәннің шифры: BLT 1204

Пән атауы: Биологиядағы латын тілі

Пререквизиттері: Шет тілі

Постреквизиттері: Адам анатомиясы, омыртқасыздар зоологиясы

Мақсаты: өсімдіктер мен жануарлар атын латын тілінде дұрыс оқып білу, дұрыс екпіндерін қою. Ботаника, зоология, адам анатомиясы, микробиология, вирусология пәндері терминологияларын дұрыс айту. Жануарлар және өсімдіктер классификациясы латын тілінде беріледі. Осыны ескере отырып студенттердің жануарлар және өсімдіктердің аттарын дұрыс оқу үшін латын тілін үйрету керек.

Жануарлар және өсімдіктер номенклатурасын дұрыс оқу және екпіндерін қою латын тілі пәнінің негізгі міндеттері болып табылады.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Латын тіліне негізінен алфавит, дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуын және олардың үйлесімділігі, екпін қоюы, сөйлемнің негізгі бөлімдері кіреді. Зат есім мен сын есімнің жіктелуін, етістіктің септелуі, мақалдар үйретіледі. Екпіннің қойылуына өте көп мән береді.



Күтілетін нәтиже:

Терминдерді дұрыс оқып жазылуын;

Екпіндердің дұрыс қойылуын;

Мақал – мәтелдерді білуі қажет.

Түйінді құзыреті: Сөздердегі дифтонгтарды атау, буынның ұзақтылығымен қысқалығын түсіндіру, екпін қою ережесін игеру

Пәндік құзыреті: Жаттығу орындау, дауыссыз әріптерді жазу, мәтінді оқу, зат есім морфологиясын білу



Арнайы құзіреті: Латын тіліндегі сөздерде дұрыс оқи және екпіндерін қоя біледі, фонетиканы біледі; Ботаника, зоология, адам анатомиясы, микробиологиядағы латын тіліндегі терминдерді дұрыс айта біледі.

ЭК

Пәннің шифры: EB 2106

Пән атауы: Еңбекті қорғау

Пререквизиттері: мектептегі еңбекті қорғау пәні

Постреквизиттері: жоқ

Мақсаты: Еңбекті қорғауда құқықтық актілердегі тапсырмасы мен ролі орындау.Осы көрсетілген нәтижесін тәжірбиелік тұрғыдан әдістемелерін қолдана алу. Еңбек қауіпсіздік ережелерін үйрену.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Кіріспе, Пәннің оқытылу кезінде терминдер мен еңбекті қорғауды анықтау. Еңбек қорғаудағы заңды сұрақтарын игеру. Еңбек қорғау сұрақтарын ұйымдастыру. Еңбек жағдайының өндіріс аттестациясының обьектісі. Еңбек шартын жақсартудағы іс-шаралар. Өндіріс орындарының метеорологиялық ортаның жақсартылуы. Өндірістегі мереорологиялық жағдайлардың және іс-шаралардың қалыпқа келтіру.Өндірісті жаңарту. Өндірістегі шу мен дірілдер. Тоқтан сақтану. Өндіріс ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау.Өндіріс орындарында өрт болған жағдайдағы өрт себептерін анықтау.Өрт түрлері; өртке қауіпті құрал-жабдықтар, кеңседегі жарылыс келтіретін заттар.Өртке қарсы оқу жаттығуларын жүргізу.



Күтілетін нәтиже: еңбекті қорғау актілерімен ортада қолдана білу керек; өндірісте санитарлық- гигеналық әдістемелердің негізін игеру; еңбек қорғауды ұйымдастыру және өндірісте жараланғандағы алғашқы көмек; жоспар құра білу керек; өндірісте жұмыс істеуге қолайлы және ортаның микроклимат жағдайын құру :

Түйінді құзыреті:: еңбек қауіпсізідк жағдайы және қорғау жағдайын шешу құзіреті.

  • Өндіріс орталығында жұмыс аймағында санитарлық-гигеналық тазалықты сақтау жолдарын игеру.

  • Жұмыстағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек аймағындағы нормативтері мен актілер заңдылығын білу.

Пәндік құзырет: ғылыми әдебиеттерді іздестіру дағдысын білу

Арнайы құзірет: шығармашылық жұмыстың теориялық негіздерін меңгеру

ЭК

Пәннің шифры: OS 2211

Пән атауы: Өсімдіктер систематикасы

Пререквизиттері: Латын тілі, Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы

Постреквизиттері: Өсімдіктер физиологиясы

Мақсаты: Білімгерлердің өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі және олардың эволюциялық жолдары, өсімдіктер жүйесінің филогенетикалық құрылымының принциптері және таксондармен филогенетикалық байланыстары қарастырылып, ғылыми негізден пайымдауды көздейді.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Пәнді оқыту барысында өсімдіктер төменгі және жоғары өсімдіктер систематикасының даму тарихы, жасанды системалар, К. Линнейдің бинарлық номенклатурасы, филогенетикалық системаны құрудың принциптері, таксономиялық категориялар, саңырауқұлақтар, қыналар, төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер қазіргі заманғы системалар қарастырылады. Негізгі таксономиялық топтардың филогениясы. Жоғарғы топ өсімдіктерінің классификациясы.



Күтілетін нәтиже: өсімдіктер систематикасының терминдері мен анықтамаларын білу;

- жасанды системалар, К. Линнейдің бинарлық номенклатурасы, филогенетикалық системаны құрудың принциптері, таксономиялық категориялар білу;

- өсімдіктер вегетативті және генеративті мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылысы ерекшеліктерін айқындай бөлу, түсіну;

- төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер қазіргі заманғы системалар түсіну



Құзыреті: Төменгі және жоғары сатылы өсімдіктердің жүйелеу принциптері мен олардың мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін және өмірсүру кызметтерін ажыратуда тиісті білімдерді меңгерді;

- Өсімдіктер әлемінің алунтүрлілігі туралы мағлұмат алды;

- Өсімдіктер әлемінің эволюциялық негізі туралы мағлұматтардан хабардар;

- өсімдіктердің басқа тірі организмдермен және тіршілік ортасымен байланысына өз бетімен сараптама бере алады;



Түйінді құзыреті: Өсімдіктердің морфологиялық саналуандылығы жайлы білімдерді меңгеру.

Пәндік құзыреті: Өсімдіктер әлемінің эволюциялық негізі туралы мағлұматтарды білу.



Арнайы құзіреті: Төменгі және жоғары сатылы өсімдіктердің жүйелеу принциптерін біледі.
ЭК

Пәннің шифры: OZ 3212

Пән атауы: Омыртқасыздар зоологиясы

Пререквизиттері: Латын тілі, Цитология және гистология

Постреквизиттері:Омыртқалылар зоологиясы

Мақсаты: омыртқасыз жануарладың көптүрлілігің, олардың шығу тегін, органдар жүйесінің құрылысын, тіршілігін, жеке даму зандылықтарын, систематикасын, таралуын, тіршілік ортасымен байланысын және адам үшін маңызын көрсету. Типті және оның кластарын кәзіргі системаға сәйкес, төменгі сатыларынан жоғарыларына дейін зерттеу әрбір топтардын ерекшеліктері тұралы түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардын пайда болуы мен туыстық ара-қатынастарын, құрылысы мен мүшелер жүйесінін эволюциясын және олардын функционалдық байланыстарын қадағалауға да мүмкіндік береді.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Зоология пәнінің маңызы мен міндеттері. Осы пәнде қарастыратын тип, тип тармағы, класқа жататын түрлері, биосферадағы жіне адам өміріндегі ролі. Жер бетінде кездесетін жануарлардың әр қайсысынның мекен ететін ортасына байланысты таралуы, көбеюі, балгілі бір биологиялық заңдылыққа сүйене отыру. Омыртқасыздардың жер бетінде таралу деңгейі басқа түрлерімен салыстырғанда. 22 типтін экологиясы, систематикасы, құрылысы және онтогенезі.



  • Күтілетін нәтиже: омыртқасыз жануарлардын көптүрлілігін және олардын қалыптасуының негізгі зандылықтарын; әртүрлі топтардын биологиялық прогресі немесе регресінін себептерін; мүшелер жүйелерінің құрылысы мен морфологиясын; шаруашлықтық және кәсіптік маңызын білу тиіс;

  • Алған білімін ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге; түрлердін биологиялық ерекшеліктерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінін эволюциясындағы әртүрлі топтардағы жануарлардың маңыздылығын анықтауға қолдана білуі тиіс;

  • Ғылыми мәселелерді қоя білуге, лабораториялық және далалық жағдайларда зерттеу жұмыстарын іске асыруда практикалық дағдыларға ие болуы тиіс.

Түйінді құзыреті: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын игеру.

Пәндік құзырет: Омыртқасыздар зоологиясы, жәндіктердің құрылыс ерекшеліктері, филогенетикалық байланыстары, систематикалық орыны жайлы біледі.
ЭК

Пәннің шифры: AA 3216

Пән атауы: Адам анатомиясы

Пререквизиттері: Латын тілі

Постреквизиттері: Адам және жануарлар физиологиясы

Мақсаты: адам организімінің құрылысымен және жалпы биологиялық заңдылықтар туралы көзқарастарын қалыптастыруды; адамның дене құрылысына сыртқы ортаның, еңбектің әлеуметтік жағдайлардың тигізетін әсерлерін білу керек.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Кіріспе. Тірек-қимыл жүйесі. Адамның қаңқасы. Бұлшық еттер туралы ілім – миология. Ішкі органдар туралы ілім –спланхнология. Тыныс алу жүйесі. Зәр шығару жүйесі. Тамырлар туралы ілім – ангиология. Нерв жүйесі – неврология. Орталық нерв жүйесі. Адам анатомиясы (тән тану) биологиялық ғылымдардың, соның ішінде морфологиялық ғылымдардың бір саласы. Адам анатомиясы болашақ биолог мамандарды адам организмінің құрылысымен таныстырумен қатар олардың жалпы биологиялық заңдылықтар туралы көз қарастарын қалыптастырады. Адам анатомиясының типтік бұл бағдарламасы университеттердің биология -психология, биология - валеология, химия - биология мамандықтарының студенттеріне арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет