Персоналды таңдау, іріктеу кезеңдері


Кандидаттардың қызығушылығы



бет4/16
Дата03.01.2022
өлшемі30.51 Kb.
#450923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2.4 Кандидаттардың қызығушылығы

Мекемеге потенциальді кандидаттарды қалай қызықтыруға болады? Бұның бірнеше мүмкіндіктері бар.

· Тез өсу, қызметте жоғарылату мүмкіндіктері. Біртіндеп (динамично) дамитын мекемелер карьераны тез жасауға жиі керемет мүмкіндік береді (бұдан еңбекақының тезірек өсуін болжауға болады).

· Басшылар жағынан қатал бақылаусыз, дербес жұмыс істеу мүмкіншіліктері. Қазіргі заманғы компаниялар әр жұмысшының қызметін қатаң бюрократиялық тәртіпке бағындыруға ұмтылмайды. Тәртіп икемді және мобильді болу керек. Шешім қабылдағаннан оны жүзеге асырғанға дейінгі жол практикада тез және қысқа.

· Жылы және достық қатынастар. Көптеген адамдар үшін командалық жұмыстардың климаты ерекше қызықтырады, жалпы ортақ іске оның үлесі қаншалықты әр жұмысшы түсініп отырса, ортақ істің жетістігі олардың әрқайсысының күш салғандарына тәуелді екенін көреді.

· Қосымша жеңілдіктер. Егер жоғары деңгейде төлемақы төлеуге мүмкіндік болмаса, кәсіби біліктілігі жоғары үміткерлерді тартуға қандай қосымша жеңілдіктер ұсынатындықтарын анықтау керек.



Бұлар төмендегідей болуы мүмкін:

· Тегін тамақтандыруды ұйымдастыру немесе тамақ ақысын төлеу;

· Компанияның автомобильді ұсынуы немесе өз жеке меншік автомобилін қолданатын жұмыскерлерге ақшалай өтем жасау;

· Мобильді телефон шығынын төлеу;

· Компания есебінен медициналық сақтандыру;

· Компания қызметкерлеріне распродажа ұйымдастыру. Мысалы кейбір сауда компаниялар өз қызметкерлеріне ремонтталған жаңа техника распродажасын ұйымдастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет