«Петропавл қаласының білім бөлімі» кмм «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» кмм


 – сурет.Стeарин қышқылының формуласы



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата28.03.2024
өлшемі1.29 Mb.
#496849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Теректің құрамындағы полифенолды қосылыстар

1 – сурет.Стeарин қышқылының формуласы 
Қанықпаған табиғи май қышқылдары цис-конфигурацияда болатын бір 
немесе одан көп қос байланыстардан тұрады. Әдетте карбоксил тобына ең 
жақын жатқан қос байланыс 9 және 10 көміртек атомдары арасында 
орналасады. Егер қос байланыстар саны бірнешеу болса, олар метилен –СН
2

тобымен ажыратылып тұрады [1]. 
2-сурет. Олеин қышқылының формуласы 
2.Липидтік қос қабаттың асқын тотығу процесі 
Жоғарыда атап кеткеніміздей, жасуша мембраналары липидтік қосқабаттан 
құралады. Бұл жерде липидтер өзара ассоциацияланып, қос қабат түзеді (3-
сурет). 



3 - сурет. Липидтік қос қабаттың түзілуі 
Гидрофобты бастары арқасында бұл қос қабаттар таңдамалы өткізгіштік 
қасиетке ие келеді. Сонымен липидтердің ағзамыздағы ролі өте зор екендігіне 
көзіміз жетіп отыр. Липидтік қос қабаттар «жасуша лабораториясына» бөгде 
заттардың кіріп кетуінен сақтап тұрады. Алайда бұл қорғаныш қабатының өзі 
де бүлінуі мүмкін және бұл құбылыс жоғарыда қарастырылған ОАФ әсерінен 
жүріп, липидтердің аса тотығу процесі деген атқа ие болған. 
Липидтердің асқын тотығу құбылысы туралы зерттеулерді алғаш болып 
швейцариялық ғалым де Сосше 1800 жылдар шамасында жүргізді. Сынап 
монометрін қолдана отырып де Сосше ауада ашық ұсталған жер жаңғағы 
майының көлемі бір жыл ішінде жүз елу есеге артқанын байқаған. Майдың 
кейбір компоненттерінің оттекпен реакцияға түсетіні анық болса да, 1900 
жылдары таза көмірсутектер өсімдік майынан бөлініп алынғаннан кейін ғана 
құбылыс механизмі түсіндіріле басталды. 1920 жылы линоль қышқылы 
олеиннен, ал линолеин қышқылы линольден тотығу реакциясына жылдамырақ 
түсетіндігі анықталды. Тотығу механизмін жүйелі түрде зерттеу нәтижесінде 
Стефенс циклогексеннің перокси туындысын синдездеп алды.
1939 жылы Грейг перокситуындылардың көмірсутектер тотығу реакциясының 
негізгі өнімі екенін көрсетті. Он жылдан соң Болланд линоль қышқылының 
(жануарларда ең көп кездесетін қанықпаған май қышқылы) тотығуындағы 
тізбектегі 9 және 13 орында пероксид топтары түзілетінін анықтаған. Кейін 
кинетикалық 
және 
термодинамикалық 
зерттеулер 
нәтижесінде 
көмірсутектердің автототығу процесінің механизмі ашылды [9]. 
100ºC температурадан төмен жағдайда сұйық фазадағы органикалық 
қосылыстардың автототығуын келесі реакция арқылы бейнелеуге болады: 
R-H +O
2
→ROOH (1) 
Мұндағы R-H – көмірсутектер немесе альдегид молекуласы 
RООH–сәйкесінше түзілген пероксид немесе пероксоқышқыл 
Реакция механизмі радикалды тізбекті реакцияларға сәйкес келеді, себебі 
реакция жарық әсерінен және бос радикалдарға оңай ыдырайтын қосылыстар 
әсерінен катализденеді.
Липидтердің пероксидті тотығу процесінің активтену энергиясы төмен 
болады және процесс төрт сатыдан тұрады [2]: 
• инициирлеу сатысы 
тізбектің жалғасуы 
• тізбектің тармақталуы 
• тізбектің үзілуі 
Реакцияны келесі факторлар катализдей алады: 
• химиялық инициаторлар 
• жарық, жылу 
сәулелену 


10 
ОАФ әсерінен липидтердің тотығуы кезінде алғашында біріншілік тотығу 
өнімдері түзіледі: LOO• (перокси радикалдары), LO• (алкокси радикалдары), 
L• (алкильді радикалдар). Терең тотығу жағдайында екіншілік тотығу өнімдері 
түзіледі және бұл қосылыстардың тұрақтылықтары жоғары болып келеді: 
альдегидтер, кетондар, кіші молекулалық қышқылдар. Тотығу өнімдері ОАФ-
мен қоса жасуша биомембраналарын зақымдайды, ДНҚ және РНҚ 
молекулаларының құрылысын бұзады, метаболизмнің қалыпты өтуіне кедергі 
келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет