Петровка орта мектебі «Блокнот және Калькулятор стандарттық бағдарламасы» Өткізген



Дата07.07.2016
өлшемі56.75 Kb.
#182838
түріСабақ
Петровка орта мектебі



«Блокнот және Калькулятор

стандарттық бағдарламасы»


Өткізген: Нурдуллаев Е.Г.

2015-2016 оқу жылы



Мерзімі: _________

Сынып: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Блокнот және Калькулятор стандарттық бағдарламасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Блокнот және Калькулятыр қолданбаларының міндеттері таныстыру көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету. Калькулятор бағдарламасының көмегімен қарапайым және күрделі есептеулерді шешуге, калькулятор бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру;

Дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру, оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу, қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтыққа үйрету, информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі : Саяхат сабақ

Көрнекілігі: ДК, билеттер, тапсырмалар, тақырыпқа арналған презентация.

Өту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Оқушылармен амандасып, кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу.



Информатикалық пойыз

  • 1. Кубик лақтыру, билет алу

  • 2. Пернелер бекеті

  • 3. Ақпарат бекеті

  • 4. Компьютер бекеті

  • 5. Білім қаласы

1. Үй тапсырмасын тексеру. Кубик лақтыру арқылы (5 мин)

Шарты: Кубикта 1-ден 6-ға дейінгі сандар жазылған, оқушылар кезек-кезегімен кубикті лақытырады, жерге түскен кубиктағы санды мұғалімге айта отырып сол санға арналған сұраққа жауап береді.

1. Ctrl + С пернелері қандай қызмет атқарады?

Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру



2. батырмасының қызметі:

Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру



3. Егер бас әріпті енгізу керек болса

Shift


4. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса

CapsLock


5. Мәтіндік процессор іске қосу?

Пуск - все программы – Microsoft Office- Microsoft Word



6. Tab- пернесінің қызметі?

Абзацтан жазу


(Оқушылар сұрақ жауабына қарай пойызға билет алып сапарға «Білім қаласына» шығады.)

2. Пернелер бекеті. (2 мин)

Жұмбақтар шешу:

1) Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )



2) Міне, тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші, енді нені басам мен? (Caps Lock )



3) Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің? (Пробел)



4) Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift +)



5) Сәйкестендіру тапсырмасын орындау:



ІІ. Негізгі кезең:

3. Ақпарат бекеті. Мұнда оқушылар жаңа сабақпен танысады. (15 мин)

§ 27. Блокнот және калькулятор

Блокнот - бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жатқан аз көлемі қажет. Блокнотжұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск - Все программы – Стандартные - Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі. Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка - Вставить, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.

Файл - Макет страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын(Альбомдық немесе Кітаптық)таңдауға болады.


Формат - Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз.
Файл – Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады. Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.

Компьютердің сандық информациялар мен жұмыс атқару мүмкіндігін Windоws –ң көмекші программасы «Калькулятор» арқылы көруге болады. Бұл программа кәдімгі электрондық калькулятордың жұмысын  модельдейді.

Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді тез орындауға болады. Мысалы: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударғанда, функциялардың мәндерін автоматты түрде есептеуге пайдаланады. Жүйеден калькулятордың 2 –түрін пайдалануға болады: қарапайым және инженерлік.

Пуск→Программы→Стандартные→Калькулятор.

Қалта калькуляторына ұқсас тек экранға тақырып жолы мен меню жол қосылып шығады. Калькулятордың бұл қарапайым түрі, екінші түріне көшу Вид менюінен таңдалады. Калькулятордың функционалдық батырмасымен жеке –жеке таныстыру.



Back, CE, C, /, *, +, -, =, Sgrt, %, 1/x, +/-.

Калькуляторды пайдаланып амалдар орындауға болады.



Мысалы:

  1. 756,87 және 849,03 екі сан қосу

  2. 456 санын 3 санына бөлу

  3. 625 санының квадрат түбірін табу.

  4. (-158+108)=

Калькуляторда жеке нәтижелерді сақтау үшін қолдануға болатын ішкі жад қарастырылған. Калькулятордың ішкі жады болады, сандарды сақтап қоюға болады. Жадта 0 - басқа сан тұрса индикатордың төменгі терезесінде М - жазулы тұрады. Егер жадка жаңа сан жазса алдындағы мән өшеді.

MC –жадты өшіреді

MR –жадтағы санды индикаторға көшіреді

MS –индикатордағы санды жадқа жазады

M+ -индикатордағы санды жадқа қосады

Мысалы: 1.8-3=5 5 –ті жадқа жазамыз

2. С-инд-ды тазала

3. 10+5+MR=20

4. сосын M+=25
Сергіту сәті (1 мин)

бейнеролик арқылы оқушылармен жаттығу жасау.
4. Компьютер бекеті.(15 мин)

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс 194 бет.



А – деңгейі

Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Жұмысты аяқтап өз тектерініңді теріп, құжатты сақтаңыздар.

  1. 100-67=

  2. (30*5)-6=

  3. (456+76)-(76+3)=

  4. 6*(45+5-21)+9=

  5. 207+65-(54+32)*2=

  6. 76-9*(5-2)=

  7. (300+200)-(54+3)=

  8. 66:3+11=

  9. 80:2+4(34+12)-1=

  10. 100+58-(34+5*2):2=

  11. 45:5+15-6*3=

  12. 670+300-2*4+(56-2)=


В – деңгейі

Есептерді шығарыңдар, есептеулерді калькуляторда орындаңдар және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Әртүрлі тәсілменен көшіріңдер. Жұмысты сақтаңдар.

1 Есеп: Ботаның салмағы – 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең?

2 Есеп: қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг атықық қой және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?
5. Соңғы бекет «Білім қаласы» бекіту сұрақтары (2 мин)


    1. Блокнот қолданбасын атқаратын қызметі қандай?

    2. Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?

    3. Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?

    4. Калькулятор программасының міндеті қандай?

    5. Программаны іске қалай қосамыз?

    6. Қандай түрлерін білесің?


ІІІ. Қорытынды кезең:

Бағалау: Өзін-өзі бағалау (3 мин)

5- Тақырыпты жақсы меңгердім

4- Сабақты жақсыдан төмен меңгердім,әлі де жұмыс жасауым қажет

3- Бұл тақырып бойынша көп жұмыс жасауым қажет


Үй тапсырмасы: §27. Блокнот және калькулятор 191-193 бет (1 мин)



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет