Пікір білім беру ұйымы



Дата08.05.2023
өлшемі14.28 Kb.
#473360
түріБағдарламасы
2 пікір


«Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» курсы бағдарламасына


ПІКІР
Білім беру ұйымы: Шыңғырлау ауданының білім беру ұйымы, Л.Қылышев ат. ЖОББМ
Автор: Қужиева Аида Руслановна, Л.Қылышев ат. ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» курсының бағдарламасы
«Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» курсының бағдарламасы (авторлық бағдарлама) бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді қамти отырып құрылған, себебі қазіргі таңда мектеп оқушыларының функционалды сауатты тұлға болып қалыптасуына және халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін меңгерген білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталып отыр.
Автор жұмысында білім берудің әдістемесін ұтымды қолданған. Атап айтқанда, тапсырмалар жаңартылған білім беру бағдарламасың мақсаттарына да сәйкес келеді, онымен қоса оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, талдау, анализ, бағалауға, салыстыруға арналған тапсырмаларды кірістірген.
Автор жұмысты жазу барысында ізденіп, әр тапсырманы жан жақты зерттегені байқалады.
Бағдарлама логикалық жағынан дұрыс құрылған, оқушылардың мәтіндерді өзара салыстыра оқуына мүмкіндік береді. Әдістемелік, логикалық жағынан қарама-қайшылықтар кездеспейді.
Жұмыс нәтижесі бойынша күтілген нәтижелерге қол жеткізілгені айтылған. Авторлық бағдарламадағы тапсырмалар да күтілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Бағдарламаны автор апробациядан өткізіп, практикада қолданған.
Авторлық бағдарламада мәтінді талдау үшін алынған тапсырмалар оқушылардың курс барысында алған білімін өмірде қолдануына мүмкіндік береді. Әр сабаққа берілген ашық сұрақтар, тесттер, тірек-сызбалар мен талқылау тапсырмаларын қоса алғанда бестен жетіге дейін тапсырмаларды мұғалім өзінің таңдауынша қолдана алады.
Жұмыстың қорытындысында оқушылардың курс барысында алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында ұтымды қолданып жүргені келтірілген.
Жұмыс рәсімдеу талаптарына сәйкес құрылған. Авторлық бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне оқушыларды оқу сауаттылығына, мәтін талдауға тиімді әдістемелік құрал ретінде қолдануға ұсынылады.

Рецензент:
Махамбет Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан университетінің
қауымдастырылған профессоры,
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент: Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет