Пікір. Бұл көмекші құрал оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептердің 9сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылды. Негізгі мақсаты



жүктеу 168 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі168 Kb.
Пікір.
Бұл көмекші құрал оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептердің 9сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылды.
Негізгі мақсаты-оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу.

Бұл құрал тілдің грамматикалық белгілері мен ерекшеліктерінің сырын,оның әлеуметтік мәнін ашып,тіл мәдениетін арттыру, шығармашылық ізденіс, іскерлік дағды қалыптастыруға септігін тигізеді деген талаппен жасалды.Осы құралды тереңдетіп оқытатын сыныптар үшін де пайдалануға болады.




Орыс тілінде оқытатын

мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен
9-сыныптарға арналған

мазмұндама жинағы.


Павлодар қаласы-2006 жыл.


Түсінік хат.


Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудағы мақсат- оқушыларға тіл үйрету, яғни қазақ тілінде біршама сөйлей білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

Мазмұндама жиынтығынын мақсаты:оқушының жазба тілін дамытуға,сауаттылыққа, әдеби тіл нормаларын игеруге, күрделі ойлау формасының қалыптасуына, ой қорытысын жасауға/дедуктивтік, индуктивтік, аналогиялық/септігін тигізеді.

Тауық, тышқан және құр.

Ерте заманда тауық,тышқан, құр-үшеуі бір тұрыпты.Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты.Ол қуанғаннан:

-Дән таптым!-деп айқалапты.

-Мұны тиірменге апару керек.Кәне, қайсың алып жүресің?-депті тауық.

-Мен апара алмаймын,-депті тышқан.

-Мен де апара алмаймын,-депті құр.

Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті.Тиірменге тарттырыпты.

Тауық:


-Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?-депті.

-Мен апара алмаймын,-депті тышқан

-Мен де апара алмаймын,-депті құр.

Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.

-Кім қамыр илейді?-деп сұрапты тауық.

-Мен илей алмаймын,-депті тышқан.

-Мен де илей алмаймын,-депті құр.Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:

-Кім от жағады?-деп сұрапты.

-Мен жаға алмаймын,-депті тышқан.

-Мен де жаға алмаймын,-депті құр.Отты да тауық өзі жағыпты.

-Пешке нанды кім салады?-деп сұрапты тауық.

-Мен сала алмаймын,-депті тышқан.

-Мен де сала алмаймын.,-депті құр.Нанды да тауықтың өзі салыпты.

-Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.

Тауық нанды алып қойыпты да:

-Мұны кім жейді?-деп сұрапты.

-Мен,-деп тышқан стол қасына келіп отырыпты.

-Мен де жеймін,-деп,құр да стол қасына келіп отырыпты.

(110 сөз)

Мазмұндама.

Түске алданғандар.

Үш аңшы ауға шығыпты.Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты.Аңшылар әбден шаршап,бір өзеннің жағасына келіп түнейді.Үйректі пісіреді.Үйрек піскен соң, бір аңшы:

-Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз,сондықтан біреуіміз ғана жейік,-депті.

-Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.

-Кім жақсы түс көрсе,үйректі сол жесің,-депті бір қу жігіт.

Түн ортасында қу аңшы тұрып,үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды.Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:

-Қандай түс көрдіңдер?-деп сұрайды.

-Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын таж киіппін,патша болыппын.,-дейді

-Мен жұмаққа кіріппін,жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін,-депті.екінші аңшы.

Сонда қу аңшы айтыпты:

-Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым.Бірің патша болған соң,енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,-депті.
(108сөз)

Қожанасыр.

Бір бай той жасапты.Тойға көп адам келіпті.Қожанасыр да келіпті.Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен.Қожаны ешкім елемепті,бұған төрге шық, тамақ же демепті.Қожа ақырындап далаға шығыпты.Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп,қайта келіпті.Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:

-Қожаке,алыңыз,алыңыз!-деп қадірлепті.Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:

-Же,шапаным ,же,-деп отыра беріпті.Үй иесі өкпелеп:

-Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?-дейді.

Сонда Қожа:

-Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің.Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,-деп жауап беріпті.

(98 сөз)


Ақселеу.
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты.Оның біреуі-Ақселеу де, екіншісі-Абыз.Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.

-Ақселеу,қаш,әне,ит келіп қалды!-деп,Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.

Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды.Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды.

Абыз Ақселеудің жанына келіп:

-Мен қаш дегенде неге қашпадың?Қашсаң,сен де аман қалатын едің,-деді.

-Мен қашсам, денсаулығын жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім.Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,-деді Ақселеу.

-Ақселеу бала да болса, азамат екен!-деді екеуінің әңгімесін тындап тұрған бір ақсақал сүйсініп.

(М.Төрежанов.) (105 сөз)


Құлын.

Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді.Оны ана ағашқа байлап қойды.Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі-ақ.Жанына жақындауға қорықтым.Біраздан кейін тәуекл еттім.Құлын менен үркіп ,біраз жерге ұзап барып,қарап тұрды.Қайта келіп,есік алдындағы шелекті иіскелей бастады.”Жануар-ай, шөлдеген екенсің ғой”деп ойладым.

Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым.Құлын жасқана басып суға жақындады.Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп,пысқырынып шегінді.Суды азайтып ағыздым.Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті.Осылайша екеуіміз достасып кеттік.Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады. (“Балдырған”журналынан.) 103 сөз)

Ойын.

Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр.Екеуі допты әрі тепті, бері тепті.Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды.Енді допты соған дәлдеп ұрды.Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті.Ораз добын іздей бастады.Қараңғыда допты әрең тауып алды.

Сыртқа беттеген.Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті.Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды.Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.

-Қорықпа.Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,-деді Асқар.

-Мен өтірік айтпаймын.Байқаусызда төгіп алдым деймін,-деді Ораз.

( 93 сөз)



Үй шаруасы.

Мұғалім сабақ сұрағанда,Мұрат білмеді.

-Сабақты неге білмейсің?Оқымадың ба?

-Қолым тимеді, ағай!

-Не істедің?

-Үй шаруасымен айналастым.

-Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?

-Әкем үйде жоқ.Жолаушы кеткен.Апам ауырып жатыр.

Мұғалім аяғандай болды.

-Отыра ғой,шырағым!-деді.

Ертеңіне Мұрат Оқуға келмей қалды.Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық.Әбден терлеген, шаршаған екен.Біз жабылып отынын тасып бердік.Аттарына,сиырларына шөп салыстық.

(А.Байтұрсынов.) ( 95сөз)



Жаман жолдас.

Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті.Олардың біреуі әлсіз,ауру екен.Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап,жүгіріп барып,бір ағаштың басына шығып кетеді.Ауру,әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды.Ол жерге етпетінен түсіп,өлген кісідей, дем алмастан жата қалады.Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен.Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп,дыбысы білінбеген соң,жөніне кетеді.

Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:

-Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?-депті.

-Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,-деп досы жауап беріпті.

( 98 сөз)



Торғай.

Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін.Итім жүгіріп бара жатқан.

Ол кенет жүрісін тежеп,құстың иісін сезгендей бұға бастады.

Мен ілгері жол бойына қарадым.Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім .

Ол ұясынан құлап түсіпті.Ит балапанға ептеп жақындай бергенде,кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды.

Ол жан ұшырып,өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды.Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды.Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп,даусы шыр-шыр етеді.Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.

Мен итімді тез өзіме шақырдым.Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды.Мен жөніме кеттім.

(И.Тургенев.) (102 сөз)


Қолқанат.

Сәкен шаруаға ұқыпты болды.Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді.Ағайынды жетеуміз.Сәкен бәрімізден үлкен.Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі.Біз оянып, далаға шыққанда,Сәкен есік алдында жүреді.Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді.Мөлдір бұлақ басына барамыз да,жуынамыз.Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима,Халима,Сәлималарды жуындырады,шаштарын тарап,өріп береді.Содан кейін барып,өзі жуынады.Біздің күндегі әдетіміз-осы.Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.

“Айналайын,менің ақ қаздарым”,-деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады.Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:

-Қолқанатым менің!-дейді.

(М.Сейфуллин) (105сөз)

Ә дебиеттер.


Ж.Адамбаева.Қазақ тілі.9сынып,Алматы,1993ж.

Қ.Сариева.Тіл дамыту.Алматы,1994ж

Б.Адамбаев,Т.Жарқымбекова.Ел аузынан.Алматы,1989ж.

Журнал Мөлдір бұлақ.2003ж№3,№5.



С.Серғалиев Қазақ тілі.Методикалық оқу құралы.Алматы,1992ж.

Қазақ тілінен тестік тапсырмалар.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің

9-сыныбына арналған.

Павлодар қаласы-2006 жыл.
Түсінік хат.
Бұл тест оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептердің 9 сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылды.

Бастапқы мақсаты-оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту,кеңейту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру.

Іріктеп алынған тестке байланысты берілген тапсырма бойынша оқушы өз білімін өздігінен анықтай алады.
Лексико-грамматикалық тест.

1.Алғашқы түркі жазуы қалай аталады?

а)иероглиф ә)латын б)руна в)кириллица с)петроглиф

2Көне түркі сөздігі қай кезеңде пайда болды?

а)870ж ә)950ж б)1072ж в)1082ж с)1083ж.

3.Біздің оқулықта берілген қандай сөздік?

а) түсіндірме ә)орфография б) энциклопедия в)лексикалық с)экологиялық

4.Түркі халқының алғашқы сөздігін кім жазған?

а)М.Қашғари ә)Әл Фараби б)Ибн Сина с)Сүгір Әли

5. М.Қашғари сөздігі қалай аталады?

а)Диуани Хикмет ә)Алтын ғасыр б)Диуани лұғат ат-түрікв)Дана сөздік

6”Диуани лұғат ат-түрік” қай жылдары жазылған?

а)870-950 ә)1072-1074 б)980-1038 в)1351-1461.

7.)Қазақстанда араб алфавиті неше жыл қолданылды?

а)900ж ә)650ж б)700ж в)750ж.с)630ж.

8.Біздің дәуірімізден бұрын 8-7ғасырларда пайда болған алфавит?

а)орыс ә)латын б)араб в)руна с)ағылшын.

9.Латын алфавиті Қазақстанда нешінші жылдан бастап қолданылды?

а)1940ә)1929 б)1945 в)1951 с)1953.
10.Латын алфавиті неше жыл қолданылды?

а)7 ә)5 б)10 в)9 с)15

11Орыс алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау нешінші жылы қолға алынды?

а)1940 ә)1950 б)1960 в)1970 с)1971.

12.Есімі әлемге әйгілі түрколог,Шығысты зерттеуші ғалым-ол кім?

а)Радлов.В.В.ә)ЛомоносовМ.В.б)А.Байтұрсынов.

в)Ы.Алтынсарин.с)А.Құнанбаев.

13.”Қазақ тілінің жасалуы туралы” дейтін еңбектің авторы кім?

а)В.В.Бартольд ә)В.В.Радлов б)Н.Сауранбаев в)Ғ.Айдаров.с)Ш.Уәлиханов.

14.Н.Сауранбаев нешінші жылдан бастап жоғары оқу орындарында сабақ берген?

а)1938 ә)1932 б)1935 в)1936 с)1937.

15.Ғ.Айдаровтың түркі жазба ескерткіштеріне арналған неше еңбегі бар?

а)250 ә)300б)150 в)100с)120

16”Қуану”

деген мағынаны білдіретін фразеологизмді табыңыз.

а)көзі көрген ә)жүрек жүтқан б)бөркін аспанға лақтыру.

в)су жүрек с)қол жалғау.

17.Шартты бағыныңқылы сөйлемді табыңыз.

а)Күн батқан соң, қонақтар үйлеріне қелді.

ә)Егер жаңбыр жауса, егін мол болады.

б)Ердің атын еңбек шығарар.

в)Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.

с )Мекен-жайы өзгерген жоқ.

18.Омоним сөздерді көрсетіңіз.

а)Түс көрді, көк түсті көйлек.

ә)кітапты берді, қаламды алды.

б)хат жазды, сурет салды.

в)үлкен өзен, зор дауыс.

с )Бала өсіру - барша жанның мақсаты.

19.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а)Оқушылар келсе,сабақ басталды.

ә)әңгіме қызған сайын, Арман ынтамен тыңдады.

б)Мектепте мен бір ғажайып дәптер көрдім.

в)Бүгін күн суық болғандықтан, оқушылар оқымады.

с )Дұшпан сөзіне ерме.

20. Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.

а)бірақ, неге десең, егер.

ә)я, немесе,біресе.

б)мен, да, және.

в)алайда,себебі,онда.

с )сондықтан, дегенмен.

21)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді тап.

а )Қазір өзен мұзы ери қойған жоқ, бірақ әрі-бері қатынасуға болады.

ә )Адам еңбегі жеңілдеді,себебі ауыр жұмысты техника атқарады.

б )Асан ертерек келгенде, іс бұлай аяқталмайтын еді.

в )Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім.

с )Әркімге де тезірек өту керек.

22.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а )Ел орынға отыра бір топ адам үйге кіріп келеді.

ә )Еңбек-ана, білім-қазына.

б )Таң ата олар жолға шықты.

в )Жаңа келген адамсың, сондықтан жат жердің сырын біле қою оңай емес.

с )Базарға мал айдадық.

23. Қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а )Ол жұмыстан келген соң, бүгінгі газеттерді қарап шықты.

ә )Оқушылар жазғы демалысқа шықты.

б )Самал пешке от жағып, асты әзірлей бастады.

в )Ауыр жүгі жеңілдегендей болып, рақаттанып ұйықтап кетті.

с )Қол қусырып босқа отырмау керек.

24.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а )Үйірме мүшелері Ш. Қалдаяқовтың әндерін айтып берді.

ә )Тұрмыс жақсы болу үшін,еңбек өнімді болу керек.

б )Қазақстан Республикасы егеменді ел болды.

в )Есеп оңай болмады.

с )Күн батып барады.

25.Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

а )өз малы өзіне ыстық.

ә )Артық мал ақы сұрамайды.

б )Төл төлден өседі.

в )Ол әдейі, қасақана жасаған жоқ.

с )Ауыл таяқ тастам жерде.


26.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас қандай сұраққа жауап береді?

а)Қайтсе де? Қайткенмен ?

ә )Қашан? Қашаннан бері ?

б )Неліктен? Қайткен соң ?

в )Не үшін ?Қайтпек болып?

с )Қалай?

27.Мына сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысы қандай сұраққа жауап береді?

Ағасына көзінің асымен қарап, шолақ танауымен шуылдай дем алып тұр ?

а)Қалай?

ә )Қашан?

б )Қалайша ?

в )Не үшін ?

с )Неге?

28.Мына құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін ажыратыңыз.

Егер мен шақырсам, досың бізге келер ме?

а )Шартты бағыныңқылы сабақтас

ә )Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

б )Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

в )Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

с )Себеп бағыныңқы сабақтас.

29.Мақалдан антонимдік мағынасы бар түрін табыңыз.

а )бөріктің намысы бір.

ә )дүние кезек.

б )білім арзан - білу қымбат.

в )ырыс алды- ынтымақ.

с )тайға таңба басқандай.

30.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

а )Теңіздің суы мөп-мөлдір таза екен. ә)Күніне жүз ойланып, мың толғанам.

б)Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

в)Ойын аяқталды,бірақ көрерме жетті.

с) Иығындағы ауыр жүгі жеңілдегендей болып, рақаттанып ұйықтап кетті.


Деңгейлік тапсырмалар.

9 сынып.


Құрастырған:Рахметуллина А.Ж.

қазақ тілі пәні мұғалімі

№ 36 орта мектебі.

Павлодар қаласы-2006 жыл.



Түсінік хат.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған білімдерді мен біліктерін пысықтауға арналған.

Деңгейлік тапсырмалар (Қазақ тілі туралы*Қазақ тілін зерттеген ғалымдар*Қазақстан Республикасы*,Тарихи қайраткерлер*,Ұлттық киім*.) модульдері тақырыптарын қамтиды.

Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады,әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды, ой еңбегімен айналысуына көздейді.

Деңгейлік тапсырмаларды өздігінен жаңа сабақты меңгерту, тақырыпты пысықтау,қайталау сабақтарында пайдалануға болады.

Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға, тілін дамытуға бағытталған.
Тақырып.Қазақ тілі туралы қысқаша мәлімет.

І.деңгей.

1.Орысшадан аударып тиісті сөздерді қой.

Қазақ(язык)-(государственный) тіл.Қазақстанда тұратын (нация(ы) басқа (народ)тар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды.(Они )қазақ тілін (кружок) лерде,(общество)дарда,(школа)тер мен институттарда оқып біледі.

Қазақстанда (много)теген ұлт (представитель)дері тұрады.Олар Қазақстанды өз (народ)і санайды.(Но) өз (родной язык)ін ұмытпауға тырысып үйренуде.

2.Аудар.Сұрақтар құрастыр.

ІІ деңгей.

1.Диалогты толықтыр және жауабын жаз.

-Сен қазақша сөйлейсің бе?

-........

-Сенің достарыңның арасында кім қазақша сөйлейді?

-.........

-ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕТІК БІЛУ ҮШІН ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕК?

-...........

-ҚАЗАҚ ТІЛІН НЕ ҮШІН БІЛУ КЕРЕК?

-...........

2.МЫНА СӨЙЛЕМДЕРДІ КЕЛЕР ЖӘНЕ ӨТКЕН ШАҚҚА АЙНАЛДЫР.

1.МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНІП ЖҮРМІН.

2.МЕНІҢ ЖОЛДАСЫМ ҚАЗАҚША БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫП ОТЫР.

ІІІ.Деңгей.

1.Мына мақалдарды толтыр және аудар.

1.Ана сүті -...........

Ана тілі -..............

2.Тәрбие басы-..........

Өнер алды-........


Тақырып.Қазақ тілін зерттеген ғалымдар.

І.Деңгей.

1.Кестені толтыр.

Қазақ тілін зерттеген ғалымдар.



























ІІ.Деңгей.

1.(.Ғалымдар) тақырыбына сөзжұмбақ құрастыр.

2.(Білім) деген сөзді тәуелде.

ІІІ.Деңгей.

1.Берілген сөздердің дұрыс вариантын табыңыз.

өкілі исследование

мұра наука

ғылым учебники

оқулықтар памятники

негізін салушылар анализировал

Мәселе. наследие

зерттеу проблема

талдаған доказывать.

Дәлелдеу представитель

ескерткіштер учебники.

.

Тақырып.Тарихи қайраткерлер.
І.Деңгей.

1.Мәтінді оқы, аудар.

Қазақ хандары.

15ғасырда құрылған Қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген.

-Ұлы жүз

-Орта жүз

-Кіші жүз.

Әрбір жүз тайпаларға, тайпалар-руларға,рулар аталарға бөлінген.

Қазақ халқында қоғамның билеуші тобының жоғарғы сатысында-хан тұрған.

Халқымыздың ең ірі хандары Тәуке,Абылай және т.б.болды.

ІІ.Деңгей.

1.Сұраққа жауап бер.

1.Абылай хан кім?

2Абылайдың шын аты қандай?

3.Ол қай ғасырда өмір сүрді?

4.Ол қандай батыр?

5.Абылай хан кімдермен соғысты?

6.Қазақ халқы Абылайды кандай адам деп санаған?

7.Сенің пікірің.Менің ойымша .....деп баста.

ІІІ.Деңгей.

1.Сөздерге синоним жаз. Сөздерге антоним жаз.

Басқарушы- Жоғарғы-

Дұшпан- Қосу -

Батыр- қорқақ-

Күш- Ірі-

Атақты- Жоқ-

Құрмет- Сыртқы-

Туу- Қолдау-

Өлу- беру-

Тақырып: Қазақстан Республикасы.

І.Деңгей.

1.Сұраққа жауап бер:

1.Қазақстан-көп ұлты мемлекет пе?

2.Халқының саны қанша?

3.Қазақстан қай жерде орналасқан?

4.Оның жер көлемі қанша?

5.Бүгінгі Қазақстан қандай елге айналды?

6.Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті кім және қашан сайланды?

ІІ.Деңгей.

1.Мәтінді орысшадан қазақшаға аудар.

Отечеством мы зовем нашу республику.В ней жили наши отцы и деды.

В ней говорят на родном нам языке.Родина как мать.Она защищает и бережет нас от бед.Много на свете государств.Но одна у человека мать,одна у человека Родина.

2.Сөздерге синоним жаз.

Атақты-

Халық-


Ел-

Тұнғыш-


Ақыл-

ІІІ.Деңгей.

“Қазақстан” тақырыбы бойынша cөзжұмбақ құр.

Тақырып: Ұлттық киім.

І.Деңгей.

1.Мәтінге 5-6 сұрақ құрастыр.

Ерлердің ұлттық киімдері:жейде,шалбар,қамзол,ішік,тон.Ерлердің бас киімінің түрлері көп:қалпақ, тымақ,бөрік,малақай,т.б.

Әйелдердің ұлттық киімдері ерекше болады.Олардың киімдері әсем өрнектермен оюланып тігіледі.Көйлектердің сыртынан алтын жіппен,асыл тастармен әшекейлеген қамзол киіледі.Үйлену тойына киілетін сәукеле қымбат тастармен,күміс,маржанмен әшекеленеді.Бұны жасаушылар бір жыл еңбектенген,көп қаржы жұмсаған.

ІІ.Деңгей.

Төмендегі сөздерді оқыныз.Қазақша-орысша сөздікті пайдаланып,сөздердің мағынасын табыныз да, кестеге енгізіңіз.

Сырт киім Бас киім Аяқ киім.


Көйлек,тымақ,жейде, етік, туфли,белдемше,тон,бәтенке,бөрік, пальто,шалбар,костюм,орамал, свитер,қалпақ,күртке,кофта,қамзол.

2.Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз және олардың антонимін табыңыз.

Черный, дешевый, принести, да. большой, хороший,ночь,тонкий, низкий, продать, покупатель, новый, дать.

ІІІ.Деңгей.



Сатушы мен сатып алушы арасында сөйлесулер құраңыз.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет