Авакова Р.А. Фразеосемантика
104
беруге шығады, бұл жазаланатын адамның ақтығына
ант беру деген сөз.
Кепілдік беруші адам өлік құрған шымылдыққа немесе қабір ішіне кіріп
құран ұстап,
жанымды берейін, өтірік айтсам құдай тапсын, иманым
бұйырмасын! Немесе
әруақ соқсын! және т.б. ант-су ішетін болған. Қазіргі
тілдегі фразема түрінде қайтыс болу мағынасында қолданылатын
жан беру
тәркесінің мәдени коды осында болар деген ой келеді.
Көңіл айту (ғұрып) // қайтыс болған үйге әдейі барып, бата жасап көңіл
айту. Көңіл айтудың мәні –
мұңды адамды жұбату, сергіту,
өлгеннің ар-
тынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілік жасайды, бекем болыңдар, арты
қайырлы болсын және т.б. таза бата ниеттермен жаңашылдық білдіріп, ақыл-
кеңестерін айтып, қайрат береді. Көңіл айтып, қайғысын жұбата білу де үлкен
көрегендікті, шешендікті, білгірлікті талап етеді. Қазақ халқының фолькло-
рында жұбату мен жоқтау айтудың шебер үлгілері кездеседі. Көңіл айта білу
де – даналық, көрегендік, тіпті сөз өнері. Мысалы, Бағаналы Ерденнің бала-
сы өлгенде басын көтере алмай қалғанда Таз Шоқай би былай деген екен:
– Уа, Ерден»
Басыңды көтер жерден!
Осы балаң өлмегенде
Кетіп едің кердең.
Өзі беріп, өзі алды
Нең бар еді құдайға берген?!
Балаң түгілі
Әкең Сандыбай да өлген.
Жақсының басына іс түссе,
Бойлай
береді
Жаманның басына іс түссе,
Ойлай береді.
Көкті бу көтереді,
Жүйрікті ду көтереді,
Жүкті
нар көтереді,
Өлімді ер көтереді.
Демек, халықтың өткен өмірін, тіршілігін сипаттайтын сөздер мен
сөз тіркестерінің ұлт тілінде сақталуы оның (ұлттың)
мәдени өмірінен
тұтастай хабардар етеді. Аталмыш құбылыс, әсіресе, фразеологиялық
бірліктерден өте анық байқалады. Бұлар әр ұлттың өзіне ғана тән ұғымын
ғана бейнелейтін коннотациялар. Фразеологизмдер қатарын құруға мұндай
мәде-ни-ұлттық коннотациялы тіркестер жиі қатысатыны түсінікті. Себебі
фразеологизмдердің жасалуы мен пайда болуын да күнделікті өмірдің, ай-
нала қоршаған заттар мен құбылыстардың кез келген ұлттың тіршілігіне
сай бейнелі қабылданудың ықпалы бар.
Осы келтірілген мысалдардың бәрі түсінікті, өйткені олар жай ғана бей-
неге, ашық ішкі формаға ие, сонымен қатар нақты ойға қарсы емес, себебі
адамның бақылауы мен бірнеше фактілермен түсіндіріледі.