Авакова Р.А. Фразеосемантика
106
Фраземалар шындық өмірде кездескен құбылыстарды қандай да бір
ситуацияға, көрініске, оқиғаға ұқсату, байланыстыру мақсатында ғана ту-
ындайды.
Ассоциативтену құбылысы тіл дамуының ішкі факторларының бірі бо-
лып табылады, яғни көп мағыналылық сөздердің, ұғымдар мен тіркестердің
қалыптасуына ұйытқы болады. Дәл осы құбылыс
негізінде тілдегі еркін
сөз тіркестері фразеологиялану үрдісіне ұшырап, фраземалардың жасалу-
ына ұйытқы болады.
Бас көтеру «қарсыласу, қарсы тұру» фраземасының мағына-сының
туындауына еркін тіркестегі ситуация себеп болып тұр. Әбден қажып,
шаршаған, өмірден көп қиыншылық көрген адамның басын салбыратып,
денесін көтере алмай жүретіні бел-гілі. Ал бас көтеру, керісінше, аталмыш
ситуацияға қарама-қарсы ұғым. Ситуацияның қарама-қарсы мағынасынан
«қарсы шығу, наразылық білдіру, шынжырдан,
бұғаудан босануға тал-
пыну» мағынасындағы фраземаның қалыптасуына негіз болған. Себебі
әбден қиналған, күйзелген адамды ғана қатты ашудың күшімен «төңкеріс»
жасай алады. Мысалы: Тәуелді жұртты қанау қауым мүшелері болған
шаруалардың феодалға қарсы
бас көтеруін туғызады (Қазақстан тари-
хы); Халық
бұқарасы патшалыққа қарсы бас көтеріп ереуіл жасауда еді
(С. Көбеев); Бірақ Елек уезінде қазақ әйелдерінің
бас көтере бастағаны
аздап сезілді (С. Сейфуллин).
Сонымен
қатар бас көтеру фраземасының «қарсы тұрды, қарсыласты»
мағынасынан басқа І. Кеңесбаев төмендегідей мағыналарын атап көрсетеді:
1. Орнынан тұрды, ұйқыдан оянды. Мысалы: Төсектен
бас көтерісімен Зей-
неп төбеге сәл-ақ жетпей тұрған шар айнаның алдына келді (Ө. Қанахин).
2. Жазылды, аурудан айықты. Мысалы: Байбосынованың аурудан қажыған
анасы бір айдан асқанда
барып бас көтерді (Ө.Қанахин).
Бұл мағыналардағы фраземалар пайда болу мотивінде ұқсату немесе
ассоциация емес, тура мағынаның бейвералды (дене мүшелері арқылы жа-
салатын қимыл-қозғалыстар) құралдар арқылы берілу негізі жатқан болу
керек.
Еркін тіркестердің фраземаларға айналу үрдісі кенеттен, шұғыл пай-
да болған құбылыс емес, қаншама ғасырлар
бойы халық санасында
қалыптасқан, жатталған, қайталану негізінде тұрақталған үрдістердің
нәтижесі. Еркін тіркестер мен фраземалар арасындағы тікелей мағыналық
байланыстардың үзіліп жоғалуы, қазіргі тілдік қатынастар тұрғысынан
түсіндіруге келмейтіндей болып ұмытылуы – уақыт кеңістігімен тікелей
байланысты ғасырлар жемісі.
Сондықтан да тілдегі көптеген идиомалардың пайда болуы мен шығу
төркінін дөп басып айта алмайтынымыз осының куәсі.
Қазақ тіліндегі (түркі тілдеріндегі) фраземалардың пайда болу көздері
халық тарихымен, олардың өмір-тіршілігімен, қоғаммен, материалдық және
рухани мәдениетімен, әдет-ғұрпы-мен тығыз байланысты. Қоғамның даму