Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова


§ 2. Лексикалық архаизмдермен келген фраземалар



Pdf көрінісі
бет59/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   119
Авакова фразеосемантика

§ 2. Лексикалық архаизмдермен келген фраземалар
Тіл – ұлт мәдениетінің көрінісі. Ол қоршаған ортадан, болмыстағы 
шындықтан, адам санасы мен ойынан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Халықтың, 
мәдениеттің өрнектері тілде көрініс береді. Сөздің образы эквивалентті бо-
лып табылатын фраземаларда халық менталитеті мен озық мәдениетінің, 
танымдық болмысының негізгі қайнар көзі жатыр. Қазақ тілінің лексикасы 
қат-қабат, сарқылмас мол қазына. Онда мағынасы күңгіртеніп, қолданыстан 
шығып қалған, өткен өмір мен ескірген әдет-ғұрыпты бейнелейтін, әр 
түрлі кәсіпке байланыс-ты ұмыт болған атаулар мен сөз тіркестері көптеп 
кездеседі. Атап айтқанда, мал бағуға, саятшылыққа, зергерлікке т.б. байла-
нысты атауларда, соларға қатысты туған сөз тіркестері мен фразеологизм-
дерде халқымыздың басып өткен бүкіл ұзақ өмірі өрлеп жатыр [Ж.А. Ман-
кеева, 1997; 53б.]. 
В.А. Маслова былай дейді: «Всякий фразеологизм – это текст, т.е. хра-
нитель культурной информации, если он содержит культурную коннота-
цию, вносит свой вклад в общую мозаичную картину национальной куль-
туры» [В.А. Маслова, 1997; 45 б.]. 
Сондықтан да фраземаларды өткен тарихтың, аңыздар мен мифтердің, 
салт-сананың т.б. көрінісі деп қарауға болады. Мәдениет тілдік форма 
арқылы оның сақталуымен, тілдің әлеуметтік қызметімен тікелей байланы-
сты. Кез келген мәдениет тіл арқылы көрініс табатынын бұдан бұрын ай-
тып кеткенбіз. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің табиғатына 
лингвистикалық талдау жасай келіп, профессор С.К. Сатенова мынандай 
пікір айтады: «Қазақ фразеологизмдерінің шығу тарихы, қалыптасу кезеңі 
көмескі тартқан іздері, қыры мен сыры тек халық өмірімен тығыз байла-
ныстыра қарағанда ғана айқын аңғарылады. Бұл – ұлттық сипатты бойына 
сіңірген бейнелі сөз өрнектерінің тарихы халық өмірімен, салт-дәстүрімен, 
діни наным-сенімдерімен астасып, үндесіп жатыр деген сөз» [С.К. Сатено-
ва, 1997; 158 б.].
Сөздердің көнеру немесе қолданыстан шығып қалу үрдісі бірден бола 
қалатын құбылыс емес. «Әуелі қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге 
ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреуіне жеткенмен кейінгілерге емін-
еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмытыла бастайды» [Ә. Болғанбаев,
Ғ. Қалиұлы, 1997; 180 б.].
Бұндай сөздер бара-бара қолданудан біртіндеп ығысып, тілде қол-
данудан шығып қалуы да мүмкін. Қазіргі қазақ тілінің фразеологиялық 
қорында тек фразема құрамында ғана қолданылып мағынаға ие болатын, 
жалпыхалықтық тілде жеке қолданылмайтын сөздер кездеседі. Фразема 
құрамындағы мұндай сөздерді лексикалық архаизмдер деп атаймыз. Тіркес 
құрамындағы сөздердің мағынасын (кеңірек этимологиясын) тек олардың 
шығу төркініне этимологиялық талдау жасағанда ғана ашуға мүмкіндік
туады.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
116
Қазіргі қазақ тіл білімінде 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің қыс-
қаша этимологиялық сөздігі», Ә.Т. Қайдардың 1985 жылы шыққан «Струк-
тура односложных корней и основ в казахском языке», Р. Сыздықованың 1994 
жылы 2-басылған «Сөздер сөйлейді» еңбегі мен осы жылы жарық көрген
Ә. Нұрмағамбетовтың «Бес жүз бес сөз» еңбектерінде негізінен сөздердің 
этимологияларына талдау жасалып, кейбір фраземалар құрамындағы 
қолданыстан шыққан сөздердің төркініне салыстырмалы-тарихи тұрғыдан 
анализ жасалып, тұрақты тір-кестердің кезінде еркін тіркестерде пайда 
болған конструк-циялар екеніне ғылыми дәйектемелер арқылы көз жеткізді.
Қазіргі тілдік (синхрондық) тұрғыдан түсіндіруге келмейтін, олардың 
түп негізі тарихи кезеңдермен тікелей байланысты екенін тілдік деректер 
дәлелдеп отыр. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір фраземалар құрамындағы 
түсініксіз сөздердің көзі кейде кірме элементтерде жатса, енді біреулерінің 
тарихы көне ескерткіштер мен туыстас тілдерге апаратыны сөзсіз.
Лұғаттардан жинақталған фраземалық материалдар қазақ тіліндегі 
фраземалардың тарихын 3 кезеңге бөліп қарастыру-ымызға мүмкіндік 
береді:

алтайлық (монғол, тунгус-маньчжур т.б.);

көне түркілік;

орта ғасырлық (араб, парсы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет