Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова


Түркі тілдеріндегі қоңыр (құба) сөзінің лексикографиялық деректер



Pdf көрінісі
бет91/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   119
Авакова фразеосемантика

 Түркі тілдеріндегі қоңыр (құба) сөзінің лексикографиялық деректер 
бойынша мағыналары

р/с
Қоңыр, құба сөзінің 
мағынасы
Мағынаның түркі тілдерінде қолданылуы/
қолданылмауы
1
Түс
Барлық түркі тілдерінде
2
жердің түсі
3
қара-қоңыр
қараханид-ұйғыр
4
қара, баран ат
орхон, қараханид-ұйғыр, түрік
5
қараторы
Түрік
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қоңыр сөзінің негізгі үш мағынасы 
берілген [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 328 б.].
1. Қара мен қызылдың аралығындағы қою-күрең түс;
2. Онша мәз емес, жұтаң (тұрмыс-тіршілік);
3. Ықылассыз-көңілсіз салқын (пейіл, мінез).
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісі-мен (♦) 
берілген.
Қоңыр лексемасы қоңыр күй, қоңыр дауыс, қоңыр күз, қоңыр кеш, қоңыр 
жел, қоңыр қабақ, қоңыр әңгіме, қойдай қоңыр, майда қоңыр тіркестерімен 
келіп, жайбарақат, сыпайы, жанға жайлы құбылыстарды сипаттайды. Қазақ 
тіліндегі қоңыр дауыс, қоңыр үн – ышқынған қатты дауыс емес, жағымды, 
бір қалыпты, сүйкімді дауыс деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Сол 
белгіні күткен Дәрмен:
– Ендеше, Еңлік-Кебек құраны мынау болсын, – дей салып, тамағын 
кенеп алып, шырқап тұрып, әсем, қоңыр даусымен ән бастады (М. Әуезов). 
Үйдегілердің көңілді дауыстары жарқын-жарқын шығады: Міне мынау 
майда, қоңыр үн иесі – Тамыз қарт (М. Сүндетов).
Бірақ тіл тарихын зерттеуші Ә. Нұрмағамбетов «бір қалыпты ырғақпен 
айтылған жайлы үн» мағынасын беретін қоңыр дауыс фраземасына мүлде 
керісінше түсінік береді. Ол былай дейді: «Түсіндірме сөздікте берілген 
анықтамаға дау айта алмаймыз. Өйткені осы күнде әнші болмаса да, ептеп 
өлең айтуға ебі бар адамның даусын бағалауда «әжептәуір қоңыр даусы 
бар» сияқты мақтау лебізін әрқайсымыз естіп жүрміз. Демек, қоңыр дауыс
– естір құлаққа онша жағымсыз емес деген сөз. М. Қашғари заманында 
қоңыр – «бұлыққан, қарлыққан, қырылдаған» мағынасында қолданылған 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
180
[Древнетюрский словарь, 1961; 456 б.]. Бұл жерде уақыт өткен сайын сөздің 
тұлғасы өзгермесе де, мағынасы жаңарып, отыратындығынан мәлімет алып 
отырмыз» [Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 180-181 бб.].
Ала түсімен келетін фраземалардың символдық мағынасы. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігінде ала сын есімінің алты мағынасы берілген [Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 178-179 бб.].
1. Ақ және басқа түстердің араласып келген түрі;
2. Малдың хайуанаттың түсі;
3. Көз алмасының ақ түсті қабағы;
4. Бірдей емес, бір жері олай, бір жері бұлай;
5. Ауыз бірлігі жоқ, ынтымақсыз, ала ауыз;
6. Арам пиғыл, ниеті бөлек.
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісімен (♦) 
берілген.
Көне ұйғыр ескерткіштерінде Қараханид, орта ғасырлық қыпшақ, 
хорезм, шағатай, көне осман ескерткіштерінде, түркі тілдерінің басым 
көпшілігінде – ala тұлғасында, гагауыз тілінде alaza, чуваш тілінде – ula 
вариантында кездеседі.
Ала түсі қазақ тілінде көбінесе номинативтік мағынасында емес, ауыспа-
лы мағынасында қолданылады. Бұның себебі ғалымдар былай түсіндіреді. 
Ала түс жалпы ақ түс тобындағы (ақ, боз, сары, сұр, құла, құба, қылың, 
бозғылт, сарғылт т.б.) реңктермен қара-қоңыр түс тобындағы (қара, қоңыр, 
торы, кер, баран, күрең т.б.) реңктердің араласуы арқылы пайда болуына 
байланысты неше алуан түр-түс гаммасы жасауында. Түстің ала-құла әр 
тектес болып келуі олардың мағыналық жағынан да, шеңберінің кеңеюіне, 
неше түрлі ауыс мағынада қолданылуына негіз болмақшы [Ә. Қайдар,
З. Ахтамбердиева, Б. Өмірбеков, 1992; 72 б.].
Ала атауымен келетін тіркестер метафоралық, метонимиялық және 
символдық мағыналардың дамуына орай, өздерінің түр-түстік мағынасынан 
айырылып, қашықтап, байлаулы фраза-лық мағыналар қалыптасқан:
– табиғат құбылысы, жыл, ай, апта, тәулік мерзімі – ала кеуін, ала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет