Пікір жазғандар


Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету



бет30/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету

жəне электрден жарақаттанудың негізгі себептері


Электр қондырғылары, аспаптар мен агрегаттар өнеркə- сіптің барлық саласы мен тұрмыста кеңінен қолданылады. Қол электр құралдары ауқымды түрде пайдаланылады. Электр энергиясымен барлық жұмыс істеушілер қандай да бір дəрежеде байланысты болады. Пайдалануды білмеу немесе белгіленген талаптарды сақтамау кезінде электр тогы елеулі қауіп төндіреді. Статистикалық мəліметтерге сəйкес өлімге əкелген токтан за- қымданулардың 75-80 %-ы 220 В-тан 380 В аралығындағы кернеумен электр қондырғыларда болады. Электр қондырғы- ларын пайдалану кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамта- масыз ету үшін электр тогының адам ағзасына қалай əсер ете- тіндігін, қандай да бір жағдайларда токтан зақымданудан қор- ғаудың қандай шаралары қолданылуы тиіс екендігі, электр тогының əсерінен зардап шеккен адамға қалай дұрыс көмек көрсету керектігі туралы білу қажет.


Электр тогы деп зарядтарды тасымалдағыштардың барлық реттелген қозғалысын атайды. Металдарда зарядтарды тасымал- дайтын электрондар қарапайым зарядпен теріс зарядталған бөлшектер болып табылады. Ток күші деп уақыттың шексіз аз аралығында dt өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр мөлшерін dq атайды:



i dq
dt .

Электр тогының күші немесе бағыты (немесе екеуі де) уа- қыт бойынша өзгеретін болса, айнымалы ток, егер оның сипат- тамалары өзгермейтін болса, тұрақты ток деп аталады. Ток күшінің бірлігі ретінде СИ жүйесіне ампер (А) қабылданған.
Электр тогының адам ағзасына əсері өзіндік ерекше болады жəне жан-жақты сипатқа ие. Адам ағзасы арқылы өте отырып, ағзаның əр түрлі жүйелеріне электр тогы термиялық, электро- литтік жəне биологиялық əсер береді. Бұл жағдайда адамның өмір үшін маңызды органдарының – мидың, жүректің, өкпенің қызметі бұзылуы мүмкін. Электр жарақатын жалпы (электрдің соғуы) жəне жергілікті деп бөлу қабылданған. Жергілікті электр жарақаттары – бұл дененің көрінетін жергілікті зақымданулары: электрмен күюлер, электр белгілері, терінің металдануы жəне механикалық зақымданулар. Электрлік күюлер тоқтың адам денесі арқылы өтуінен немесе оған электр доғасының əсерінен болады. Электр доғасынан күюлер неғұрлым қауіпті болады жəне ауыр салдарға əкеледі (терінің зақымданған жерінің жан- сыздануы жəне тіндердің күюі), себебі электр доғасының тем- пературасы бірнеше мың градустарға дейін жетеді. Шамамен барлық электр жарақаттарының 2/3-сі күюмен қатар жүреді. Электр тогы өткен жерде теріде 1-5 мм диаметрмен сұр немесе ақшыл-сары түсті анық көрінетін дақтар түріндегі электр бел- гілері пайда болады. Бұл дақтар емделеді жəне уақыт өте за- қымданған тері қалыпты күйге түседі. Электр белгілері электр жарақатын алған əрбір бесінші адамда кездеседі.
Терінің металдануы электр доғасының əсерінен буланған немесе балқыған өте майда металл бөлшектерінің оның жоғарғы қабаттарына өтуі салдарынан пайда болады. Зақымданудың мұндай түрі токтың электролиттік əсерінің нəтижесінде де мүмкін болады. Əдетте, уақыт өте зақымданған тері түседі, за- қымданған жер қалыпты күйіне келеді, ауыру сезімдері жоға- лады. Терінің металдануы шамамен əрбір оныншы зардап шегушілерде кездеседі.
Механикалық зақымданулар (терінің жəне əр түрлі тіндер- дің жырылуы, буынның шығып кетуі жəне т.б.) адам арқылы өткен токтың əсерінен бұлшық еттердің еріксіз құрысып қалу- ларының салдары болып табылады.
Электр тогынан болатын жазатайым жағдайлардың себеп- тері əр түрлі жəне көп, олар:

  • кернеудегі ток өткізетін бөлшектерге кездейсоқ тиіп кету;

  • оқшаулауының зақымдануының немесе басқа ақаулар- дың салдарынан кездейсоқ кернеуде болған электр қондырғыларының ток өткізбейтін бөлшектерін ұстау;

  • өшірілген электр жабдығында жөндеу жұмыстарын жүр- гізу кезінде оны қателесіп қосу салдарынан кернеуге түсу;

  • сымның жерге тұйықталуы жəне адам жүрген жердің немесе негіздің үстіңгі бетінде қадамдық кернеудің пайда болуы.

Электр қондырғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қолданыстағы нормативтік құжаттармен регламенттелген əр түрлі техникалық жəне ұйымдық шараларды қолданумен қамта- масыз етіледі. Токтан зақымданудан қорғаудың техникалық құралдары кернеуде тұрған желінің элементтеріне адамдардың тиіп кетулерінің алдын алатын жəне тиіп кету орын алған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдар болып бөлінеді [13].
Электрден қорғаудың негізгі тəсілдері мен құралдары – бұл ток өткізетін бөлшектерді оқшаулау жəне оны үздіксіз бақылау; қоршау құрылғыларын орнату; ескерту белгісі жəне блоктау; қауіпсіздік белгілері мен ескерту плакаттарын пайдалану; шағын кернеулерді пайдалану; желілерді электрлік бөлу; қорғаныстық жерге тұйықтау; потенциалдарды теңестіру; нөлдеу; қорғаныс- тық өшіру; жеке электр қорғанысы.
Ток өткізетін бөлшектерді оқшаулау – электр қауіпсіздігі- нің негізгі шараларының бірі. Нормативтік құжаттарға сəйкес электр қондырғыларының ток өткізетін бөлшектерін оқшаулау- дың кедергісі 0,5-10 МОм-нан кем болмауы тиіс. Жұмыс, қосарлы жəне күшейтілген жұмыс оқшаулауы ажыратылады. Жұмыс оқшаулауы деп электр қондырғысының қалыпты жұмысын жəне электр тогының зақымдауынан қызметкерлерді қорғауды қамтамасыз ететін оқшаулау аталады. Қосарлы оқшау- лау жұмыс жəне қосымша оқшаулаудан тұрады, бұл жоғары электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (қол электр құралдары,
тұрмыстық электр аспаптары жəне т.б.). Қосарлы оқшаулаудың кедергісі 5 МОм-нан кем болмауы тиіс, бұл қалыпты жұмыс оқшаулауының кедергісінен 10 есе көп. Күшейтілген жұмыс оқшаулауы – бұл жұмыс оқшаулауы, бірақ оның кедергісі
5 МОм-нан емес болатын, соншалықты сенімді орындалған оқшаулау [14].
Негізгі жəне қосымша оқшаулау құралдары бар. Негізгі құралдар жұмыс кернеуіне төзімді болады (1000 В-қа дейінгі оқшаулау штангалары мен токты өлшеу тістеуіктері, диэлектр- лік қолғаптар, оқшауланған саптар мен құралдар, кернеу көрсет- кіштері). Қосымша электр қорғау құралдары адам оқшаулауын күшейтеді, бұл – диэлектрлік галоштар, диэлектрлік резеңке кілемшелер.
Электр жабдығының корпусына токтың тұйықталуы кезінде онда адамдарды зақымдау немесе өрттің шығуы үшін жеткілікті кернеу пайда болады. Бұл жағдайда адамдарды қорғау қамтама- сыз етіледі: қорғаныстық жерге тұйықтаумен, нөлдеумен жəне қорғаныстық өшірумен. Қорғаныстық жерге тұйықтау – бұл жермен немесе оның кернеуде болуы мүмкін электр техникалық жəне технологиялық жабдықтың ток өткізбейтін металл бөл- шектерінің баламасымен əдейі қосу. Жерге тұйықтағыштар та- биғи немесе жасанды болуы мүмкін. 1000 В-қа дейін кернеу кезінде жерге тұйықтағыштардың кедергісі 4 Ом-нан көп болмауы тиіс. Нөлдеу – электр жабдығы корпустарының нөлдік сымымен бірнеше дүркін жерге тұйықтаумен əдейі қосу. Нөлдеуге қойылатын негізгі қауіпсіздік талабы – ол қорғаудың сенімді жəне жылдам іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс. Тағы да бір қорғау – қорғаныстық өшіру. Оны жерге тұйықтауға қосымша немесе орнына қолдану ұсынылады [14].
Электр қауіпсіздігінің маңызды мəселесі найзағайдан қорғау болып табылады. Найзағай кезінде 150000000 В-қа дейін кернеуде жəне 200000 А-ге дейін ток күшіне ие атмосфералық электр разрядтары адамдар мен жануарларды зақымдап қана қоймай, жарылыстарға, жер бетіндегі объектілердің жануына жəне бұзылуына əкелуі мүмкін. Найзағай – бұл шығу көзі най- зағай бұлтымен жинақталған атмосфералық заряд болып табы- латын ауқымды ауа аралықтары арқылы электр тогы өтуінің
ерекше түрі. Найзағай разрядтарымен байланысты əр түрлі əсерлерден адамдардың қауіпсіздігін, ғимараттар мен құры- лыстардың сақталуын қамтамасыз ету жайқорғанмен орында- лады.
Нормалармен жарылыс жəне өрт қауіпсіздігіне, сыйымды- лығына, отқа төзімділігіне жəне қорғалатын объектілердің мақ- сатына байланысты, сондай-ақ объекті орналасқан география- лық аудандағы бір жылдағы орташа найзағайдың əрекетін ес- кере отырып, жайқорған құрылғыларының үш санаты анық- талған. Найзағай тогы əсерінің үш түрі ажыратылады, олар – тікелей түсу, найзағай зарядының екінші қайтара əсері жəне ғимараттарға жоғары потенциалдардың (кернеулердің) енуі.
Объектінің механикалық немесе термиялық бұзылуы орын алуы мүмкін найзағайдың тікелей түсуі аса қауіпті. Найзағай за- рядының екінші қайтара əсері ғимараттың ішіндегі тұйық- талмаған металл контурларға потенциалдарды енгізуден тұрады, бұл ұшқындануды, металл конструкциялардың қызып кетуін болдырады, кейде өрт немесе жарылыс болуы мүмін. Сонымен қатар жоғары электр потенциалдарының қорғалатын ғимаратқа сыртқы металл құрылымдары жəне коммуникациялар бойынша енуі де ықтимал.
Найзағайдың түсуінен қорғау үшін жайтартқыштарды (най- зағай тартқыш) орнатады, олар найзағайды қабылдайды жəне оның тогын жерге өткізеді. Жайтартқыштардың екі типі бар: өзектік жəне торостық. Олар жеке тұрған, қорғалатын ғимарат- тан немесе құрылыстан оқшауланған жəне оқшауланбаған болулары мүмкін. Бұл жағдайда найзағайдың неғұрлым жоғары жəне жақсы жерге тұйықталған металл конструкцияларды за- қымдайтынын есепке алу қажет. Жайтартқыштың қорғау ай- мағы – құрылысты найзағайдың тікелей түсуінен (99 %) сенім- ділік дəрежесімен қорғауды қамтамасыз ететін жайтартқышқа жанасып жататын кеңістік.
Электр тогының зақымдау қаупі қоршаған орта мен жағ- дайға елеулі дəрежеде байланысты болады. Ылғалдылық, ыстық, күйдіргіш булар мен газдар, ток өткізетін шаң электр қон- дырғыларының оқшаулауын бұзады, осылайша, оның кедергісін төмендетеді. Электр жабдығының ток өткізбейтін бөлшектеріне
кернеудің өту қаупі төнеді. Сонымен қатар мұндай жағдайларда адам денесінің электрлік кедергісі төмендейді, бұл электр то- гымен зақымдану қаупін арттырады. Қауіп ток өткізетін еден- дердің болуымен күшейе түседі. Сол себепті электр қондыр- ғыларын орнату ережелерінде барлық жайлар үш класқа бөлі- неді:

  1. жоғары қауіпсіз жайлар – құрғақ, қалыпты ауа темпе- ратурасымен, ток өткізбейтін едендермен;

  2. жоғары қауіпті жайлар – ылғалды, 75 % жоғары ауаның қатысты ылғалдылығымен, 30ºС-ден асатын ұзақ уақыттық температурасымен, ток өткізетін материалдардан жасалған едендермен, ток өткізетін технологиялық шаңмен;

  3. аса қауіпті жайлар – ылғалдылық 100 %-ға жуық, химия- лық белсенді орта, жоғары қауіптілікпен жайларға тəн екі жəне одан көп шарттардың бір мезгілде болуы. 2 жəне 3 кластары- ның жайларындағы электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төмендетілген кернеумен токты қолдану керек. Мысалдар: 1-класс – кеңсе офистері мен жоғары дəлдікті зертханалар; 2-класс – жылытылмайтын қойма жайлары; 3-класс – машина жасау зауыттарының барлық цехтары: гальваникалық жəне аккумулятор батареялары жəне т.б.

Электр тогымен зақымдану қаупінің көптеген басқа қауіп- терден айырмашылығы адамның оны арнайы аспаптарсыз қашықтан анықтай алмайтындығында жəне оны болдырмау үшін шаралар қабылдай алмайтындығында. Электр жарақаты- ның статистикасы өлімге əкелетін электр тогымен зақым- данудың өлім жағдайларының жалпы санынан 2,7 % құрайтын- дығын көрсетеді, бұл жарақат алуға қатысты пропорционал емес. Бұл электр жарақатының басымдылығы бойынша өлімге əкелетін сипатқа ие екендігін білдіреді.
ЭОЕ-ге сəйкес барлық электр қондырғыны электр қауіпсіз- дігінің шарты бойынша 2 топқа бөлу қабылданған:

  • 1000 В-қа (1 кВ) дейін кернеумен электр қондырғылар;

  • 1000В (1 кВ) жоғары кернеумен электр қондырғылар. 1000 В-қа дейінгі кернеумен электр қондырғыларындағы

жазатайым жағдайлар 1000 В-тан жоғары кернеумен электр
қондырғыларына қарағанда үш есе көп болатындығын атап өткен жөн.
Бұл 1000 В-қа дейін кернеумен қондырғылардың неғұрлым кеңінен қолданылатындығымен, сондай-ақ электр жабдығымен электр техникалық мамандығы жоқ адамдардың көп саны байланысқа түсетіндігімен түсіндіріледі. 1000 В жоғары электр жабдығы аз таралған жəне онымен жұмыс істеуге тек жоғары білікті электр техникалық қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі [15].
Электр жарақатының неғұрлым кең тараған себептері:

  • кернеудің қалыпты жағдайларда болмауы тиіс жерде пайда болуы (жабдықтың корпустарында, ғимараттың металл конструкцияларында жəне т.б.); бұл жиі оқшау- лаудың зақымдану салдарынан болады;

  • тиісті қоршаулардың болмауы кезінде оқшауланбаған ток өткізетін бөлшектерге тию ықтималдылығы;

  • 1000 В жоғары кернеумен желілерде ток өткізетін бөл- шек пен адамның арасында туындайтын электр доғасы- ның əсері, егер адам ток өткізетін бөлшектерге жақын тұратын болса;

  • қызметкерлер құрамының келісілмеген жəне қате əре- кеттері, кернеуді адамдар жұмыс істеп жатқан қондырғыға беру, кернеудегі қондырғыны қадағалаусыз қалдыру, өшірілген электр жабдығына кернеудің жоқтығын тексермей жұмыс істеуге рұқсат беру жəне т.б.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет