Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет23/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Арнайы педагогиканың әдіснамалық принціпін анықтаңыз.


2. Арнайы педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасуындағы маңызды орын алатын Л.С.Выготскийдің ғылыми тұжырымдамаларын анықтаңыз.
3. Кемшіліктің жүйелі түрдегі құрылуындағы ғылыми жағдайларды қалай түсіндіресіз?


§12. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы педагогика және арнайы қағидалар
2. Арнайы қағидалар
3. Арнаулы білім беруді ұйымдастырудағы интеграция және дифференциация
4. Интеграциялы оқытудың моделі


Арнайы педагогиканың қағидалары - жалпы педагогикалық және арнайы қағидаларға бөлінеді. Арнайы білім беру жүйесіндегі жалпы педагогикалық қағидаларды жүзеге асыру сапалық сипатты белгілейді. Арнайы қағидалар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің концептуалды жағдайларын қарастырады.
Жалпы дидактикалық қағидалар:

  • Ғылымилық қағидасы игерілетін білімнің ғылымилық сипатын анықтыуды, мүмкіндігі шектелі тұлғалардың білімді игерудегі әлеуметтік бейімделу, танымдық мүмкіндіктеріне болжам жасайды.

  • Теория мен практиканың өзара байланысы қоршаған орта туралы ақпараттарды бала бірінші заттық практикалық әрекет негізінде игереді. Осының қортындысына сүйене отырып, арнайы педагог заттар мен шындық құбылыстар туралы жаңа ақпараттарментаныстырады.

  • Оқытудағы белседілік пен саналылық қағидасы оқыту мен тәрбие екі жақты прцесс. Оқыту мен тәрбие процесі кезінде оқушы объект ретінде оқыту мен тәрбиенің ықпалын қабылдаса, субъект ретінде өзінің белсенділігін танытады. Субъективті белсенділіктің төмендеуі, танымдық қызығушылықтың әлсіздігі, оқуға деген мотивтің төмендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың бағдарлама материалын толықтай игеруіне кедергі жасайды. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог-мамандар аталған ерекшеліктерді есепке ала отырып, оқыту мен тәрбие процесінде оқушының субъективті белсенділігін арттыратын әдістер мен тәсілдерді орынды қолдануы тиіс.

  • Жектіліктілік қағидасы баланың жас және психофизикалық ерекшеліктерін есепке алу арқылы баланың потенциалдық даму мүмкіндіктерін анықтауды қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытудағы проблемалық оқыту жақын даму зонасы түсінігі негізінде құрылуы керек.

  • Реттілік және жүйелілік қағидасы арнайы білім берудегі баланың білім, іскерлік, дағдысын анықтаушы біртұтас жүйені құруды қамтамасыз етеді.

  • Игерілген білімнің біріктілік қағидасы баланың игерген білімін жаңа біліммен байланыстыруға баулуды көздейді. Жаңа материалды игерудегі біліктілікті жүзеге асыру үшін өткен матириалдыеске түсіру, оның мазмұнына сүйену керек.

  • Көрнекілік қағидасы білім беру процесіндегі сезім органдарының іске қосылуын қамтамасыз етуде көрнекі құралдарды пайдалану қажет. Аталған қағида дамудағы кемшілікті компенсациялау арқылы қалыпқа келтіруге болжам жасайды. Оқыту процесі кезінде заттық көрнекіліктер (муляждар, макет, ойыншықтар) бейнелі құралдар (иллюстрациялар, слайдтар, картиналар, фильмдер), шартты-символдық белгілер (сызбалар, символдар, формулалар, графиктер) түріндегі түрлі көрнекі құралдар қолданылады. Көрнекі құралдарға таңдау жасау баланың жас ерекшелігіне, дамудағы кемшіліктің түріне, оқу бағдарламасының мазмұнына байланысты жүргізіледі.

Оқыту мен тәрбиелеудегі саралау принципі баланың жеке даму ерекшеліктеріне қарай балалар категориясын типологиялық ерекшеліктеріне бөлуді ұсынады.
Оқытудың ұжымдық сипаты оқушының әлеуметтік ортаға бейімлелуі, жолдастық қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктерін арттырады.
Арнайы қағидалар:

  • Этиопатогенетикалық қағидасы арнайы мамандардың коррекциялық жұмыстарды ұйымдастыру барысында арнайы педагогиканың клиникалық негіздеріне сай бала дамуындағы кемшіліктердің механизмдерін анықтауды маңызды. Мысалы, есту қабілетінің бұзылуы, аутизим, ақыл-ойдың кешеуілдеуі, психикалық дамудың кешеуілдеуі кезінде сөйлеу тілі 3-4 жасқа дейін қалыптаспайды. Мұның себептері мен механизмдері әр түрлі болғандықтан, коррекциялық жұмыстардың мазмұны, әдістер мен тәсілдерде әр түрлі.

Дамудағы кемшіліктерді диагностикалау мен коррекциялаудағы жүйеліліктің сақталуы коррекциялық жұмыс түрлерін құруда кемшіліктің құрылымын біліуді қажет етеді. Дамудағы кемшіліктің кез – келген түрінің жүйелі түрдегі сипаттамасы болады. Мысалы, алалия кезінде сөйлеу тілінің барлық жүйесі бұзылады (фонемалары қабылдау процесі, сөйлеудің лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеу). Осының әсерінен алалик баланың жоғары психикалық функцияларының дамуы әлсірейді.
Арнайы білім берудің коррекциялық-компенсациялық бағыты білім берудегі білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік, түзетушілік міндеттерді шешуге болжам жасап, арнайы білім беру жүйесіндегі интеграция мәселесін қарастырады. Сақталған анализаторлардың жұмысына сүйене отырып (соқырлардың саусақ ұштарының көмегімен оқуы, саңыраулардың ерін қимылынан оқуы) компенсациялау жұмыстарын ұйымдастыруға негіз болады.
Онтогенез дамуының заңдылықтарын басшылыққа алу коррекциялық-дамыту жұмыстарын жүйелі құруға негізделеді. Мысалы, логопедиялық көмек көрсету жұмыстары дыбыстардың онтогенездегі ерте даму кезіңінен бастап, саусақ моторикасының дамуымен қатар жүргізіледі.
Бір сыныпта немесе топта білім алатын балалар сөйлеудің, сенсорлық қабілеттің, ойлау операциялардың дамуындағы түрлі кезеңдерімен ерекшеленеді. Осы кездегі әр оқушымен жүргізілетін жеке жұмыстар дамудың ерекшелітерін, олардың көрсеткіштерін анықтайды.
Оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші әрекетке бағыну баланың жас ерекшелік кезеңдеріндегі дамудағы жетекші әрекеттерді басшылыққа алу арқылы дамуды көздейді. Мысалы, өмірдің алғашқы жылында жетекші әрекет баланың жақындарымен тікелей эмоциялық қарым – қатынасқа түсуі болғандықтан жетекші әрекеттің түрі бала мен анасының қарым – қатынасы. Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі аралықта жетекші әрекет заттық әрекет, үш жастан жеті жасқа дейін ойын әрекеті жетекші болғандықтан, жеті жастан кейін оқу әрекеті, жасөспірімдік шақта эмоциялық-тұлғалық қатынастарды анықтаушы қарым-қатынас құралына айналады. Оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші әрекетке бағыну арқылы оқытуды ұйымдастыруды әрбір жетекші әрекетті коррекциялық түзету жұмыстары арқылы дамыту көзделеді.
Педагогикалық оптимизм қағидасы “баланың барлығы оқи алады” деген ұстанымға бағынады. Бұл қағида негізінде баланың оқуға деген қабілетін арттыру, қиындықты жеңуге үйрету, баланың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, өмір сүрудегі құзіреттілігін қалыптастыру жұмыстары орындалады.
Арнайы педагогиканың қағидалары өзектілігі жағынан маңызды болып табылатын күрделі кемшілігі бар балаларды, сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар балаларды, сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар балаларды, аутизм синдромы кезіндегі балаларды оқытудағы реалибитациялау жұмыстарын кеңейтуді көздейді.
Білім берудегі әлеуметтік-бейімдеу арнайы білім беру жүйесіндегі коррекциялау мен компенсациялау процестерінің өзіндік мақсат емес, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік өмір сүруге дайындау, тәуелсіздік жағдайын қамтамасыз етудің құралына айналуын қадағалайды.
Педагогикалық көмек көрсету қағидасы арнайы білім беру жүйесінің ерте балалық шақта мектепке дейінгі кезеңде жүзеге асырылуына негіз болады. Себебі, сензитивті кезеңдердің көпшілігі мектепке дейінгі шақта маңызды роль алады. Коррекциялық – педагогикалық көмек көрсету жұмыстарын ерте кезден ұйымдастыру, бала дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау, медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыстарын өмірдің алғашы жылынан бастап жүргізудің тиімділігі зор.
Ойлау, сөйлеу және қарым-қатынас арнайы білім беру жүйесінің құралы ретінде қалыпты даму кезінде бала қоршаған ортадағы тілдік ортаның әсерінен ойлау, сөйлеу, қарым-қатынасты игеріп, заттармен әлеуметтік ортамен байланысқа түседі. Қалыпты даму кезінде бала мектепке тұрмыстағы қарапайым түсініктерді игеріп келеді. Мектепке қабылданған күннен бастап баланың ғылыми түсініктері қалыптасып, сөздік-логикалық ойлау қабілеті де дами бастайды. Сөйлеудің негізінде қарым-қатынас дамып, баланың тәртібінде мағыналы түрдегі өзгерістер байқалады.
Арнайы педагогикалық жетекшіліктің қажеттілігі қандай кемшілік болмасын оқу-танымдық әрекет қалыпты баланың оқу-танымдық әрекетінен епекшеленіп отырады. Себебі, мүмкіндігі шектеулі баланың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру үшін ерекше мазмұндағы жұмыс түрлері жүргізілуі тиіс. Арнайы педагогтар мүмкіндігі шектеулі баланың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырса, екінші жағынан коррекциялық-компенсациялау жұмыстарының мазмұнын анықтайды. Күрделі кемшіліктер кезінде оқу-танымдық белсенділікті арттыру жұмыстарының нәтижесін шығару кей кездерде мүмкін болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет