Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары.
1. Оқытудың жеке формасын қандай жағдайда қолданамы ? Жеке сабақтың ұйымдастырылу ерекшелітері.
2. Оқытудың жеке-топтық ұйымдастыру формасын сипаттаңыз.
3. Арнайы мектептегі сабақтың ұйымдастырылу ережелері.
4. Сабақтың типтері .
5. Сабақтың негізгі құрылымы.
6. Тақырыптық күнтізбелік жоспар құрылуы неге негізделген.
7. Күнделікті сабақ жоспары құру талаптарын атаңыз.
§ 15 АРНАЙЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН КӘСІПТІК ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ МЕН МАЗМҰНЫ
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытудағы кәсіптік енбекке оқытудың poлi.
2. Зияты закымдалған балаларға арналған мектепте кәсіптік еңбекке даярлау.
3. Есту қабілеті зақымдалған оқушыларды кәсіптік енбекке даярлау мазмұнының сипаттамасы.
4. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептен кәсіптік еңбекті оқытуды ұйымдастыру.
5. Tiлкемістігi бар балаларға арналған мектеп оқушыларын кәсіби еңбекке оқыту ерекшелігі.
6. Ерекше қажеттілігі бар балаларды кәсіби еңбекке даярлауды жетілдірудің болашақ мүмкіншіліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесін жетілдруге және дамытуға байланысты барлық міндеттер кешеніішінен оларды кәсіптік еңбекке даярлау ең маңызды міндеті болып табылады. Арнайы мектеп енбектің қалыптастырушы мен дамытушы ролін және еңбек бастамасын мумкіндігі шектеулі баланың психикалық өмірі әртүрлі жағын коррекциялау мен компенсаторлық дамыту мақсатымен пайдалануды әлдеқашан мойындаған.
Түрлі категориядағы кемтар балаларға қатысты арнайы міндеттерді шешуде еңбекке оқыту мен кәсіптік даярлаудың мәні келесіде: мүмкіншілігі шектеулі, мысалы саңырау балаға қатысты «...барлық тігіріктен жол табады. Ең бастысы: еңбек тәрбиесі өмipгe деген ең жақсы жол; ол алғашкы жылдардан бастап өмipre белсене қатысудың кепілі болмақ, сондықтан ол саңырау бала үшін барлығын қатамасыз етеді - қарым-қатынасын, сөйлеу тілін, ой-санасын» Л.С.Выготскийдің бұл сөздері еңбектің адамға әсер ететін көпқырлы ықпалын анық ашады. Әр ауытқу, мысалы мүлдем естімеу немесе әлсіз есту кәсәпті таңдау мүмкіншілігін шектейді. Саңырау балаларда сөйлеу тілінің дамуында жетіспеушілік байқалады, ол бipiншi дәрежелі кемістіктің жиынтығымен таным ic-әрекетінің ерекшелгін анықтайды, есту кемістігі қимыл-қозғалыс аясының дамуына әсер етеді. Еңбек сабағы мен кәсіптік даярлауда балалар вербальді жүйе арқылы өздерінің жұмыс әрекеттерін ұйымдастыруға үйрене отыра, қалыптасқан сөйлеу тілі негізінде курделі әртурлі деңгейден ойлау операцияларын меңгереді. Еңбек үрдісіне енетін нақты заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін аньқтау үшін жағымды жағдайлар жасалады, практикалық әрекеттерді орындау себеп-салдар тәуелдігін түciнyiмeн байланысты, жалпы моторлы өрісінің дамуына жағымды ықпал ететін қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбекке оқыту көрсетілген міндеттерді cәттi шешуге көмектеседі, ал бұл саңырау адамдарды өнеркәсіп еңбекке қатыстыруда маңызды болып табылады.
Көру кемістігі бар балаларды да дамыту үшін еңбектің маңызы аз емес.
Бұл категориядағы балаларда сенсорлық сипаттағы қиындактары бар, кееңістікте бағдарлауы шектеулі, еңбек сабағында сау анализаторларға сүйене отырып түрлі нысаналармен үнeмi әрекет жасау зағиптің танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оның кеңістік бұзылыстарын түзете отырып, конструктивті-техникалық ойлауын дамыту амалы ретінде, балаларға жаңа ұғымдарды меңгертеді загиптің орын толтыру фактісіне айнала отыра, олардың сөйлеу тілі нақтылай түседі. Яғни, еңбекке оқыту зағип балаларды тәжірибелік біліктілік пен дағдылармен қаруландыра отырып, сонымен қатар дене және интеллектуалды еңбектің түрлі жақтарын жан-жақты дамыту мен жетілдіру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін механизмдерді қалыптастыратын құрал болып табылады.
Зияты бұзылған балаларды дамытуда еңбек жетекші орын алады. Заттық-тәжірибелік әрекет орындау барысында оқушьшардың сенсорлық өpici жетіліп, сөйлеу тілі мен моторикасы түзетіледі. Еңбек үрдістерi зияты бұзылған балалардың қоршаған орта туралы нақты емес, таяз және қате түсініктерін түзетеді де ойлау операцияларына деген қабілетін дамытады. Сөйтіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды еңбекке оқыту мен кәсіпке даярлау бip қатар мідеттерді шешуге бағытталған. Ең алдымен окушылар мектепті бітіргеннен кейін өндіріс еңбек ic-әрекетіне араласуға тәжірибелік дайындық алады. МШ балалардың дамуындағы ауытқуларды түзету және орын толтыру құралы ретінде еңбекке оқытудың мәні зор. Сонымен қатар, еңбек сабақтары оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді менгеруде кызығушылығы мен белсенділігін жоғарлатып, тұлғаның жан-жакты даму шарты болып табылады. Кәсіптік еңбекке оқыту ақыл ойы және дене ауытқулары бар адамдарды әлеуметтік оңалтуын, олардың азаматтық калыптасуын анықтайды.
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектептен кәсәптік еңбекке оқыту оқушылардың ақыл ойы мен дене мүмкіндіктеріне сай болу керек. Кәсіптік еңбекке оқытудың соңғы мақсаты түлектерді өнеркәсіптік және шаруашылық өндіріс жағдайында күрделі емес еңбек түрлерін өздігінен және квалификациялық деңгейде орындауға даярлау болып табылады. Бұл мақсатты icкe асыру ушін бірнеше арнайы міндеттерді шешу қажет. Соның ішінде - зияты бұзылған оқушылардың еңбек ic-әрекетінің кемшшктерін түзету және соның негізінде олардың жалпы даму деңгейін көтеру. Осы міндет еңбекке оқытуды ұйымдастырудың және мазмұнының ерекшелігін анықтайды: оқытудың арнайы коррекциялық бағытталған әдістер мен тәсілдерді ipiктey; көмекші мектеп ерекшелгігіне сәйкес оқу шеберханаларында жағдай жасау; окушылар үшін еңбек әрекеттері мен операцияларын орындау барысында оларға әрекеттенуге, сонымен 6ipre ұйымдастыру талаптарын сақтауға көмектесетін жалпы ережелерді белгілеп қою.
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепте еңбек бойынша оқу бағдарламалары ең кажетті білім қалыптастыруды қарастырады, оқушыларда сәйкес дағдылар болса да, онсыз кәсіптік дайындық аяқталды деп есептеуге болмайды. Оқу-өндірістік шеберханаларында теориялық оқыту мен практикалық жұмыс еңбекке дайындаудың екі бip-бipiмeн байланысты бөліктерi болып табылады.
Арнайы мектеп өзінің тәрбиенушілерін мынандай мамандықтар бойынша біліммен, біліктілікпен және дағдылармен қаруландыруды көздейді: темір ұстасы, ағаш ұстасы, тігінші, қатырмақағазды түптеу, аяк киім желімдеуші, сонымен бipre курделі емес ауыл шаруашылық бағытындағы мамандықтар (бақ шаруашылығының жұмысшысы, мал шаруашылық), құрылысшы мамандықтар (сылаушы, бояушы, түсқағаз жапсырушы).
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектептеп еңбектің оқытудың арнайы коррекциялық-дамытушылық міндеті балалармен жасөспірімдердің таным ic-әрекетінің жетіспеушілігін түзету үшін және жағымды тұлғаның қасиеттерін тәрбиелеуде еңбекке дайындау үрдісін белсенді пайдалану, оларды мектепті бітіргеннен кейін адамдармен еңбектік қарым-қатынаска түсуді қамтамасыз ету болып табылады.
Ақыл-ойында жетіспеушілігі бар балаларды еңбекке оқытудың мазмұны келесі талаптарға сәйкес болу керек:
а) кәсіптік еңбекке даярлаудың әлеуметтік мәні қамтамасыз ету, оқушыларда жағымды тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу;
б) теориялық пен практикалық білімді, оған енетін біліктілік пен дағдыны және практикалық әркетті қамтамасыз ететін ойлау операцияларының жетілуін ескере отырып іріктеуді қарастыратын еңбекті оқытудың коррекциялық бағыттылығы;
в) кең бағыттағы және тікелей мамандандыру бойынша дайындықтың негізін калайтын бағдарлама талаптарының дифференциалді болуы, бұл балалардың психофизиологиялық дамуының шынайы дeңгeйiнe сәйкесінше өздеріне лайықты жұмыс операцияларын меңгеруін білдіреді.
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектеп оқушыларын кәсіптік еңбекке оқыту жалпы еңбекке дайындауды (1-8 сынып) қамтиды, 8 сыныпта кәсіптік оқытуға ауысу жүзеге асады, 9 сынып еңбекке келісім шартты түpi бойынша мамандандыруды жүзеге асыруды көздейді.
Кәсіптік еңбекке даярлау нысаны өзінің күрделі бойынша біркелкі емес. Фрезерлеуші, ток жөндеуші, темір ұстасы мамандьқтарына оқыту ерекше қиындық туғызады. Тігінші-мотористка мен темір ұстасын даярлау күрделі деңгейі біршама төмен. Зиятының дамуы 6ipaз төмен оқушылар үшін катырмақағазды түптеу ici, кейбір ауыл шаруашылық мамандықтары сиякты еңбек түрлеpi қолайлы.
Зияты бұзылған балаларға арналған мектеп окушыларын окыту бағдарламасы «темір ұстасы» мамандығы бойынша өндірістік тапсырмаларды өздігінен орындауға даярлауды қарастырады. 5-8 сынып окушылары жалпы слесарлық курсын меңгереді. 9 сынып үшін окыту мазмұны базалық кәсіпкерлік бағытына және кадр кажеттілігіне сәйкес жасөсшрімдердің мамандандыруын көздейді.
Ұста шеберхана базасында төртінші сынып окушыларын еңбекке окыту әртүрлі материалдарды өндеудің қарапайым операцияларымен таныстыруды және құрастырғыш бөлшектермен бұйым жинауды қарастырады.
5-ші сыныпта окушылар карапайым ұсталық операцияларымен, тісілдермен танысады.
6-шы сыныптан бастап, бағдарлама окушыларға металлдардың касиеті мен колдануын, токпен жұмыс icтey мазмұнын т.б. сипаттайтын бұдан да курделі техникалық және технологиялық мәліметтерді хабарлауды карастырады. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін тәжірибелік түрде меңгеруші үлкен көңіл бөлінуге тиіс.
Сонымен қатар, окушыларды металлды өндеудің басқа да түрлері бойынша жеке такырыптарымен таныстырады (электротұрмыстық заттар мен
шаруа құралдарын жөндеу)
Тоғызыншы сыныпта механика-ұсталық жұмысшысы және ұста-жөндеуші мамандьқтары бойынша даярлау жүзеге асырылады.
Бесінші және келесі сыныптарда окушылар жону, аралау операцияларын меңгереді. Нақты жұмыс әрекетін орындау ушін материал ретінде ағаштың қатты түрлері алынады. Мектепке және ұста шеберханасына кажетті бұйымдар мен кұралдарды өздігінен жасау еңбекке даярлауда маңызды кезең болып табылады.
Сонымен катар, 5-шi сынып бағдарламасы тұрмыстық тігін бұйымдарында әртүрлі кескіндерді өндеу бойынша такырыптарды, тігін машинасында жұмыс icтey тәсілдерін әріқарай меңгертуді қамтиды.
5-6-ші сынып окушылары іш киім бұйымдарын. Tiгy технологиясын оқып, тәсілдерін меңгереді 7-8 сыныпта оқыту нақты берілген өнімді жасау урдісшде жүзеге асады.
8-9-шi сыныптарда алынған білімдері толықтырылады, кеңейе түседі, тәжipибeлiк дағдылар жетіледі.
Tiгiн ici бойынша оқу бағдарламасы оқушыларды жeңiл киім. Tiгy сияқты өндірістік тапсырмаларды өздігінен орындауға және әйелдер мен балалар жеңіл киімін тiгiншi-отористкa мамандығы бойынша даярлау мақсатын қояды. Төртінші сыныпта оқушыларды дайын пішілген қарапайым бұйымды жасау арқылы кейбір тiгiн операцияларымен таныстыру қарастырылған.
Тоғызыншы сыныпта оқушылар әйелдер мен балалар жеңіл киімін тiгy технологиясын және өндірістік тiгiн машиналарында жылдам жұмыс icтey тәсілдерін меңгереді.
Ауыл шаруашылық еңбек бойынша бағдарлама оқушыларды жeмicшi мен бақшы бриғадаларының, мал өcipy фермаларының жұмысшылары ретінде ауыл шаруашылық жұмыстарына даярлауға бағытталған.
Ауыл шаруашылық бағыты бойынша оқытудың негіз кезеңі 5-8 сыныптарға сәйкес келеді. Оқушылар жеміс өcipy және малды күту бойынша әртүрлі қол жұмыстарын орындайды.
Тоғызыншы сыныпта өлке сұранысын ескере отырып нақты мамандық бойынша мамандандыру болады.
Зияты бұзылған оқушыларды еңбекке оқыту бойынша оқу бағдарламаларының негізгі жетістігі - еңбекке даярлаудың коррекциялық ролін күшейтуі, бұл оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлі деңгейде болуынан көрініс табады: слесарлық ici бағдарламасы зияты жеңіл деңгейде бұзылған және дене бітімі жоғары балалар үшін ұсынылады; столярлық, тігін ici бағдарламалары ақыл ойы кем балалардың орта деңгейдегі мүмкінділіктеріне сәйкес келеді. Талаптар деңгейі бойынша бірдей емес бағдарламалар ақыл ойы кем оқушылардың психикалық, дене және жеке ерекшеліктерін ескере отырып кәсіптік еңбекке даярлаудың бағытын тандауға мүмкіншілік береді. Арнайы білім беру жүйесінде кәсіптік бағдарлау мәселесіне үлкен көңіл бөлуі керек. Дамуында ауытқуы бар балалар үшін мамандықты дер кезінде және дұрыс таңдау өте маңызды, өйткені бұл өндірісте сәтті бейімделудің шешуіне шарты болып табылады.
Еңбекке баулу оқу пәні ретінде саңырау және нашар еститін балаларға арналған мектептерде барлық сыныптарды қамтиды, дайындық сыныбынан бастап он екіншіге дейін.
Есту қабілеті закымдалған балаларға арналған мектептің оқу жоспары жалпы оқыту мен кәсіптік еңбекке даярлауды өзара байланыстыруды қарастырады. қоғамға пайдалы өндірістік еңбек жеке бөлім ретінде белгіленген. Жалпы білім беретін мектеппен салыстырғанда, есту кабілеті бұзылған балаларды еңбекке даярлауға төрт есе көп уақыт жұмсайды.
Еңбекке оқытуды 3 кезеңге бөлуге болады. 1 кезеңді бастауыш сынып оқушыларын заттық-тәжірибелік оқыту құрайды. Бұл кезең саңыраулар мектебінің барлық баска типтегі арнайы оқу мекемелерінен және жалпы білім беретін мектептен айырмашылығы.
Заттық-тәжірибелік оқыту орта буын естімейтін оқушыларын еңбекке оқытудың нeriзi болып табылады. Заттық-тәжірибелік оқыту барысында балалар еңбек кұралдарымен, материалдарымен танысады, нақты еңбек операцияларын, тәжірибелік іс-әрекетті жоспарлау тәсілдерін меңгереді, қауіпсіздік техникасының карапайым ережелерімен танысады. Сөйлеу тілінің дамуымен қатар балаларда арнайы және техникалық терминдер сөздігі жинақталады.
Келесі, еңбекке оқытудың 2-шi кезеңі 5-8 сыныптарды қамтиды. Еңбекке оқытудың оқу бағдарламасы дифференциалді оқытуды карастырады: ұлдар үшін - техникалық еңбек, қыздар үшін - қызмет көрсету еңбек. Бағдарлама теориялық материалды, технологияны оқытуды, сызу-графикалық сауаттылығын дамытуды, техникалық және технологиялық құжаттарды оқып үйренуді жоспарлап отыр. Бұл кезеңде жалпы міндеттермен 6ipгe арнайы міндеттер де шешемін табады: материалды өндеу тәсілдерін уйрету, техника мен технология элементтерін меңгерту, еңбекті ұйымдастыру және өндіріс негіздерімен таныстыру.
Техникалық және қызмет көрсету еңбек сабактары мектеп оқу шеберханасында өтеді. Техникалық еңбек сабақтарының мазмұны машинатану элементтер меңгерту, электротехника жұмыстарын игертуді қарастырған, әр такырыпты меңгерту тәжірибелік тапсырмаларды орындауды қажет етеді.
Қызмет көрсету еңбек барысында тағам дайындау, матаны өндеу технологиясы меңгеріледі. Heгiзri бөлім - маталарды өндеу технологиясы, сонымен бipгe материал тану элементтерін, моделдеу, графикалық сауаттылықты, Tiгiн машиналарын меңгеруді, оларда жұмыс icтey тәсілдерін үйренуді қамтиды. Әр тақырыптың теориясын меңгеру тәжірибелік жұмыспен қатар жүреді.
Еңбекке даярлау бағытына сәйкес қазipгi өндіріспен таныстыру үшін өндірістік экскурссиялар ұйымдастырған жөн.
Қарастырылып отырған кезеңнің өзгешелігін – тіл дамыту жұмыстарының кажеттілігі болып табылады. Бағдарламада әр тақырып бойынша еңбек ic-әрекеті барысында оқушьшар меңгеруге арнайы терминдер сөздер анықталған. Еңбекке оқытудың 3-ші кезеңі 9-12 сыныптарға сәйкес келеді, онда жалпы еңбекке даярлау жүзеге асады. Жалпы еңбекке даярлық мынаны қарастырады:
а) барлық мамандықтар үшін бірдей өз еңбегін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау бойынша білім, біліктілік, дағдылар жүйесін меңгеру;
б) таңдалған кәсіп ерекшелігін ескере отырып, жалпы техникалық дайындығын жетілдіру;
в) жасөспірімде таңдаған мамандық бойынша еңбектің бастапқы біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру. サ
Бұл кезеңде оқыту накты 6ip мекеме базасында ұйымдастырылады.
Жоғары сынып оқушыларын еңбекке оқытуды ұйымдастыру формалары
әртүрлі бұл әртурлі типтегі сабақтар, тәжірибелік дәрістер, оқу-өндірістік жұмыстар, экскурссиялар, өндірістік практика.
Есту кeмicтiгi бар балаларға арналған мектептің оқушылары үшін кәсіби оқыту бағытын қамту жағынан көбіне дәстүрлі болған столярлық (ағаш ұстасы), слесарлық, (темір ұстасы), аяк, киім жөндеу, Tiгiн ici нeriзri болып табылады.
Қaзipгi кезде бұл кәсіптерді өндірісте жетекші деуге болмайды, сондықтан еңбектің жаңа түрлері бойынша жұмысшыларды даярлау кажет. Саңыраулар мектебінде кәсіптік даярлық, бағытын өзгерту қажеттілігі, түлектердің 50-60% мектепте меңгерген еңбек түрімен айналыспайтындығынан да туындайды. Естімейтін жастардың мектеп кабырғасында үйрететін мамандықтардың тар шеңберінен шығуға ұмтылатыны байқалады. Саңыраулар мектебінде оқушыларды радиомонтажшы, ток, жөндеуші, сызушы кәсіптеріне оқыту тәжірибесі жинақталған.
Саңыраулар мен нашар еститіндер мектебінде кәсіби бағдар беру ерекшелігі оқушылардың сөйлеу тілін даму өзгешелігімен, олардың таным процестерінің ерекшелігімен анықталады. Осы ерекшелік кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыруына, мазмұнына, формаларына өзінің талаптарын қояды.
Мектептен кәсібі еңбекке даярлау кезеңі және кәсіби бағдар беру жұмысын мазмұны саңырау мен нашар еститін түлектердін бейімделу мүмкіндігіне үлкен (тіпті шешуші) ықпал етеді. әлеуметтік-еңбектің бейімделудің сәттілігі және бұл урдістін оптимизациялауы көбінесе мектептен кәсіби еңбекті оқыту бағытына, түлектер өз еңбек ic-әрекетін бастайтын мамандықтарға сәйкестендіруге және олардың жақын қоршаған ортасының қарым-қатынасына тәуелді. Қоғамдағы көпшілік ерекше қажеттілігі бар адамдармен қарым-қатынас жасауға дайын еместігін айта кету керек, ол болса оладың интеграциясын (кipiгyiн) қиындатады.
Саңырау мен нашар еститіндерге кәсіби бағдар беруге, оларды кәсіби еңбекке даярлауға, жұмысқа орналасуға, квалификациялық өсуге және кәсіби жоғарлауына байланысты мәселелерді шешу үшін арнайы мектеп, өндіріс мекемелері, Қазақстан саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік мекемелер жүйелі
арасындағы байланысты нығайту керек.
Естімейтін адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру және отбасылық тәрбие деңгейін көтеру мақсатында, оларға жұмысқа орналасу мүмкіндктері бар өндірісте еститндер арасында ағартушылық сипаттағы шараларды ұйымдастыру қажеттілігі де бар.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру есту ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдерге арнайы білім беру жуйесінің тиімділігін арттыруға және қоғамға сәйкес бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі кезде зағип және нашар көретін оқушыларды еңбекке даярлаудың жолдары еңбекке оқыту мазмұнын жалпы техникалық біліммен, құзыреттілікпен байытуды, еңбекке оқытуды жалпы және политехникалық білім берумен байланысын тереңдетуді, компенсаторлы дамудың резерва мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік еңбекке даярлаудың алдынғы қатарлы ғылыми негізделген әдістерді құруды қарастырады.
Еңбек көруі зақымдалған балалар үшін бұзылған функңияларды түзетудің және калпына келтірудің маңызды құралы ретінде қызмет атқарады, өмірге дайындаудың, қоғамда еңбектенудің нeriзi болып табылады. Сондықтан, зағип және нашар көретін балаларға арналған мектептей кәсіпке даярлау, басқа да арнайы мекеме түрлері секілді, оқу-тәрбие урдсіінің жалпы жүйесінде маңызды орын алады.
Көру кемістігі бар балаларды еңбекке оқыту окушылардың спеңификалық даму ерекшелштерін көрсететін және жас ерекшелік сипатына сәйкес келетін үш кезең арқылы жүзеге асады.
Бастауыш буында (1-4 сынып) еңбекке оқыту жалпы мiндeттepдi (еңбек мәдениетінің бастапқы дагдыларын қалыптастыру, әртүрлі материалдармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін меңгерту, техника элементтерімен және бастауыш сынып оқушыларына түсінікті болатын кәсіптер ерекшеліктерімен таныстыру т.б.) жүзеге асыруға бағытталады, сонымен бipгe даму ауытқуларын түзетуді және орын толтыруды қамтамасыз ететін арнайы міндеттерді шешеді (еңбек түрлері, нысаналары, құралдары туралы түсініктерін нақтылау; түйсігін, естуін, бұлшық ет сезімін, көру мүмкіндігін, көрнекі практикалық ойлауын дамыту, кеңістікте бағдарлау біліктігін калыптастыру).
Еңбекке оқыту бағдарламасы техникалық, ауылшаруашылық, қызмет көрсету еңбегінің шығармашылық-конструктиви ic-әрекетінің элементтерін қарастырады. Техникалық еңбекке оқыту үрдісінде балалар құралдармен, материалдармен және оның қасиеттерімен, еңбек урдістерімен, әртүрлі материалдарды өндеу тәсілдерімен танысады. Оқушылар жоспарлау, есептеу, өлшеу, графикалық жұмыс әдістерін меңгереді.
Оқушыларды ауылшаруашылық еңбек барысында оқу-тәжірибе участігіндегі, тipi табиғат бурышындағы жемктер мен гүлді-декоративті өсімдіктерді өсіретін жұмыс жасауды қарастырады, үй жануарларын күту бойынша еңбек мазмұнымен таныстырады. Оқыту мақсаты – ауылшаруашылық еңбегінің қарапайым тәжірибелік біліктіліктерін меңгерту болып табылады.
Қызмет көрсету еңбекше тоқталсак - бағдарламаның осы бөлімі оқушыларды азық-түлікмен, маталардың түрлерімен таныстыруды, киім күту, үй жинау дағдаларын қалыптастыруды көздейді. Оқушыларда әртүрлі еңбек ic-әрекетінде мәні бар жалпы еңбек біктілігін қалыптастыруға көңіл бөлінеді еңбек үрдісін жоспарлау, еңбекті ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау, жұмыс нәтижесін бағалау.
5-8-шi сынып оқушыларын еңбекке оқыту өндірістік қоғамға пайдалы еңбекке қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін енбек біліктілігі мен дағдыларын арықарай калыптастыруға, техникалық, технологиялық және бастапқы экономикалық білімін дамытуға бағытталған. Еңбекке дайындау сол бағыттар бойынша жүзеге асады: техникалық, ауылшаруашылық және қызмет көрсету еңбек.
Оқушылар техникалық еңбекке оқыту барысында машинатану, электротехника, арнайы графика, металл өңдеу саласындағы өндіріс негіздері бойынша бастапқы білім алады. Сабақ мектеп оқу шеберхана базасында етеді, өндірістік мекемелерге экскурссия ұйымдастырылады.
Осы кезең ерекшелігі – Қазақстанның зағиптар қоғамының (КЗК) оқу-өндірістік мекемелерінің өндірістік жоспарына сәйкес оқушылардық әртүрлі бұйымдарды даярлауды қарастыратын өндірістік еңбекпен бірлесуі.
Ауылшаруашылық еңбек: оқушылар сол өлкеде өсетін жеміс-жидектерді, гугінд-декоративті өсімдіктерді өcipy бойынша білім мен білікктілігіне үйренеді.
Қызмет көрсету еңбек сабағында (кулинария, тұрмыс техникасын жөндеу, маталарды еңдеу, кшмдерді кугу) тек оқу-тәрбие емес, сонымен кәсіптік бағдар беру міндеттері де жүзеге асады, өйткені оқытудың бұл кезеңі оқушыларды кәсіпке даярлаудың кезең кезеңімен тығыз байланысты.
9-11-ші сыныптағы еңбекке оқыту оқуыларды кәсіби даярлауды мақсат етеді. Кәсіптің еңбекке даярлау бағыты алдымен ауытқу құралымымен және оқушының шынайы мүмкіндігімен анықталады. Көру мугедектерінің еңбек Қaзipri жағдайда қол және кешенді-механикаландырылған өндірістерде кең әpi толық пайдаланылады.
Бірінші бағыт (қол өндірісі) электротехника, радиотехника, техникалық механика, арнайы технология бойынша білімді талап ететін механика жинаушы, электро және радиомонтажды жұмыстарды орындауды қарастырады.
Екінші бағыт (жартылай және кешенді механикаландырылған өндіріс) еңбек механизімінің негізгі құралы ретінде электр тоғының, қысылған ауаның энергиясын қолданатын, электр, пневматикалық құралдарды пайдалануды қарастырады. Бұл еңбек түрлеріне қатысу қазіргі кездегі өндіріс талабына сәйкес келетін кең жалпы техникалық, арнайы даярлықты талап етеді.
Мектептен кәсіптік еңбекті оқыту сондай деңгейдегі білімді меңгертуге бағытталу керек.
Кәсіптің еңбекке оқыту өндірістік практика етілген мекемедегі квалификациялық емтиханмен аяқталады.
Көру кeмicтiri бар балаларды еңбекке баулу дифференциалді болу керек.
Топтау барысында медициналық ұсыныстарды ескеру кажет, ол бойынша нашар көретін оқушылар үш топтың бipiнe кіреді 1 топ көру және дене ауыртпалығы жалпы күн тәртібіне бейім балаларды қамтиды; 2 топ көру және дене ауыртпалығы шектелген күн тәртібіне бейім балалар үшін ұйымдастырылады;
3 топ еңбектен босатуды қажет ететін балаларды қамтиды.
Көру кемістігін дәреже еңбекті оқыту бағытының таңдауын анықтайды. Сонымен қатар, нақты экономикалық салада соқырлар қоғамының өндірістік мекемеде болашақ даму мүмкіндіктерін түлектердің жұмысқа орналасу құқығын басшылық еткен маңызды. Оқушылардың қалауы мен икемін, кәсіби даярлыққа сәйкес оқу өндірістік шеберханаларды материалды қамтамасыз ету мүмкіндігін ескеру қажет.
Бұрын көру жағынан мүгедек түлектер, әдетінше, соқырлар қоғамының мекемлерінде мынадай мамандық бойынша жумысқа орналасқан: массажист, ұста-жинақтаушы т.б. Мектепте кәсіби еңбекке даярлау бағыты түлектердің жұмысқа орналасуында анықтаушы болып табылады. Қазіргі кезде жоғарыда аталған мекемелердің көбі жабылған. Көру кемістігі бар балаларға арналған мектеп түлектерінің жұмысқа орналасу мәселесі өршіп тұр. Көру кемістігі бар оқушылар бұрын аталған бағыттардан өзге тоқу iciнe, массажист кәсібіне, картонажшы кәсіптеріне үйренеді.
Көру кемістігі кәсіпті игеру диапазонын кұрт тарылтады, сол себептен оқушыларды накты көру аркылы айыруды, үнемі көру аркылы бакылауды талап етпейтін кәсіптерді тандауға бағыттау өзекті мәселе.
Зағип және нашар көретіндерге арналған мектеп түлектерінің кейбіреулері оқуларын жоғары оқу орындарында жалғастырады (1-2 % ).
Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп ecтyi калыпты, интеллекте сакталған бipaқ жалпы білім беретін мектепте оқуга кедергі жасайтын ауыр жуйелі тіл кемістігі бар балаларга арнайы педагогикальщ,
логопедияльщ және медициналык квмек керсетуін мақсат етеді Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектептен оқу-тәрбие жұмысы коррекциялық бағытында жүргізіледі. Еңбекке оқыту оқу-тәрбие үрдісіне құрамды және ажырамас бөлігі болып табылады.
Кәсіби оқыту оқушылардың өндірістік тапсырмаларды бастапкы квалификациялық разряд деңгейінде өздігінен орындау жағдайында өндірістік мекеме базасында немесе мектеп оқу шеберханасында жүзеге асады. Алынған квалификация мамандық бойынша жұмымқа қабылдау үшін негіз болып табылады.
Тереңдетілген кәсіби даярлық мекемеден станокты құрылғы базасында немесе кәсіпке сәйкес бағытталған оқу шеберханасында оқытуды өарастырады, оның ішінде ағаш өндеу, металл өндеу, тігін ici т.б. қамтылған.
Еңбекке баулуға келетін болсақ, ол үш нeriзri бағыт бойынша жүргізіледі шаруашылық-тұрмыстық еңбек, ауылшаруашылық еңбекке оқыту, техникалық еңбекке оқыту. Мектеп шеберханаларының өзінде кәсіби оқыту мынадай мамандандыру бойынша өтеді темір ұстасы, ағаш жонушылар, ағаш ұстасы, тігін ici, тоқымашы, кестелеп тігу.
Мектепті бітіргеннен кейін түлектердің көбі оқуын жалғастырады: бұл жұмыс ітейтін жастар үшін кешкілік орта мектептегі оқу, кәсіби-техникалық оқу орындары болуы мумкін.
Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектептің түлектері әртүрлі мамандық бойынша дайындықтан өтеді: электромеханик монтажшы, слесаршы, тұрмыстық құралдарды жөндеуші, киномеханик, түптеуші, аспазшы декоративті бақ өсіруші т.б.
Түлектердің техникумдар мен училищелерде де кең диапазондағы мамандықтарды игеруге мүмкіндіктері бар: автожолшы, электромашина құрылысшысы, құрылысшы, машина құрастырушы, байланыс Қызметкерлері теміржолшы, қаржы-экономикалық мамандықтар т.с.с.
Түлектердің аз ғана пайызы (1-2%) оқуын жоғарғы оқу орындарында жалғастырады. Материалды өндіріс саласында түлектердің еңбек етуі көп байқалады.
Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп түлектерінің жұмысқа ораналасу мәселесін зерттеу, мектеп бітірушілердің аз ғана пайызы (20%) болашақта меңгерген мамандық бойынша жұмыс істейтінін көрсетеді.
Мектепте еңбекке оқыту барысында темір ұстасы ісін игерген түлектердің арасында тек 56% ғана темір ұстасы мамандығын алды. Қалғандары материалдық өндіріс саласындағы басқа мамандықты меңгеруде. Қыздардың 15% ғана мектепте меңгерген тігінші мамандығын таңдайды. Түлектердің 29% ғана оқуды бітіргеннен кейінгі қызметі мектептегі мамандығымен біршама байланысты. Мысалы, мектепте слесарлық ісі немесе техникалық моделдеу бойынша бағытталған түлектер болашақта техника саласында жұмыс істейді.
Зерттеу мәліметтері бойынша тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп түлектерінің еңбектік бейімделуі, жалпы алғанда, жақсы екендігін куәлік етеді (Колповская И.К.). Мамандықты дұрыс таңдаған кезде түлектер еңбек іс-әрекетіне толық бейімделе алады, яғни кәсіпке даярлау бағытын анықтау кезінде кемістік көрінісін, жасөспірімдердің психофизиологиялық мүмкіндіктерін және қабілетін ескерген маңызды.
Мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде интеллектісі сақталған тіл кемістігінің типі білім алуды жалғастыруға, әдетте, кедергі болмайтындығын ескеру керек.
Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп оқушылары туралы айта келе, әдетте, тіл жетіспеушілігі баланың жалпы психикалық дамуына із қалдырады және оларда әртүрлі жағымсыз сезімдер қалыптастырады: сөйлеу қорқынышы, тым ұялшақтық, айналасындағылармен, құрбыларымен сөйлеу қарым-қатынас жасаудан қашу. Осымен тіл мектебінің оқушылары, жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен салыстырғанда, мәнсапты мамандықтарды таңдамау фактісін сіндіруге болады, соған байланысты қарастырып отырған балалар үшін мектепте психологиялық қызмет ұйымдастыру мәселесі маңызды болып тұр.
Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп оқушыларын кәсіби еңбекке тиімділігі мен сапасын көтеруге бағыггалған ұсыныстар ретінде сөйлеу ауытқулары бар оқушылар үшін лайықты кәсіптерді анықтау, тіл және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндетгі түрде дифференциалді оқыту, белгілі бір жағдайда жеке даярлауды өткізу қажеттілігін айту керек.
Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін арнайы мектептегі кәсіби еңбекті оқыту коррекциялық бағытта жүргізіледі. Келесі міндеггерді жүзеге асыру кәсіби еңбекке даярлауды арықарай жетілдіруге септігін тагізеді.
- арнайы мектептен еңбекке оқытудың материалды-техникалық базасын нығайту. Мектеп оқу шеберханаларын жабдықтау тәрбиеленушілердің ауытқу құрылымы мен тереңдігін ескере отырып жүргізілуі тиіс;
- ҚР спецификалық ерекшелігін ескере отырып еңбекке оқыту
бағдарламасының мазмұнын жетілдіру;
- еңбек сабағының мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жұмыстарын
жоспарлы, жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыру;
- дамуында ауытқуы бар балаларды кәсіби еңбекке даярлау бағытын
таңдауын ғылыми негіздеу, арнайы мектеп түлектерін жұмысқа орналасу
мүмкіндіктерін арнайы зерттеу;
- оқушылардың өндірістік практикасын олардың болашақ жұмыс
орындарында ұйымдастыру, ол үшін мектептің базалық мекемелерімен
байланысын нығайту маңызды, өндірістік құрылымдарымен араласудың жаңа
дәстүрден тыс формаларын іздестіру;
- оқуын жалғастырған мүмкіндігі шектеулі түлектерін дифференциалды
оқу-тәрбиелік ықпал етудің әдістемелік жабдығын жасау;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды өзіндік еңбек іс-әрекетіне даярлау ісінде
жетекшілер тәжірибесін кең пайдалану, сол саладағы жұмыстың үздік дамыған
формаларын іздестіру және тәжірибеге ендіру;
- арнайы білім беруде психологиялық қызметін дамыту және жетілдіру.
Көрсетілген міндеттерді шешу мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы
мектеп жағдайында кәсіби еңбекке оқытуды жетілдіруге бағытталған.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытудағы кәсіптік енбекке
оқытудың мәні мен міндеттері.
2. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепте кәсіптік еңбекке
даярлауына сипаттама беріңіз.
3. Есту қабілеті зақымдалған оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау
мазмұнының ашыңыз.
4. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептегі кәсіптік еңбекті
оқытуды ерекшелігі.
5. Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп оқушыларын кәсіби
еңбекке оқытуына сипаттама беріңіз.
6. Ерекше қажеттілігі бар балаларды кәсіби еңбекке даярлауды
жетілдірудің болашақ мүмкіндіктерін тұжырымдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |