Соқырлық - көрудің болмауы, жарық сезгіштіктің жоғалуы 0-0,04 өткірлігімен сипатталады.
Нашар көрушілік 0,05-0,2 өткірлігімен сипатталады.
Яғни осыған қарай көруі зақымдалған балаларды екі топқа бөлеміз:
Көзі мүлдем көрмейтін немесе практикалық соқырлыққа ұшыраған балалар - көру сезімі толығымен жоқ немесе сәл ғана жарықты сезінетін балалар. Осы балалардың көру өткірлігі 0-0,04 дейін. Оқытуда тактильдық-есту Қабыл дауына сүйенеді. Оқу материалын рельефті-нүктелік Брайль жүйесінде меңгереді.
Нашар көретін балалар - көру өткірлігі 0,05-0,2 дейінгі балалар. Көрү өткірлігінің төмендеуімен қатар көру аймағының тарлығы, кеңістікті қабылдауының бұзылысы және тағы басқа зақымдары байқалуы мүмкін. Оқу мен жазуды дәстүрлі түрде меңгергенімен арнайы оптикалық құралдар қолдануды және санитарлы-гигиеналық шараларын ұйымдастыруды талап етеді.
Көрудің сақталу деңгейіне қарай көру қабілеті былайша анықталады:
- абсолютті соқырлық - екі көздегі көру сезімталдығының жоғалуы;
- практикалыц соқырлық - көру қалдығының сақталуы, жарық сезгіштік, заттардың формаларын (контур, силуэт, қолдың саусақтары) көру.
Көрудің бұзылуы туа пайда болуы немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа пайда болған соқырлықтың себебі катаракта, глаукома, көз торшасының патологиясы, көру нервтерінің атрофиясының тұқымқуалаушылық жолмен таралуы болып табылады. Тағы бір себебі - ананың жүктілік кезіндегі түрлі инфекциялық аурулармен ауруы. Соңғы кезде кең таралған көруінің зақымдалуы баланың шала тууымен байланысты. Шала туған балаларда жиі ретинопатия кездеседі.
Жүре пайда болған көрудің бұзылу себептері, көру органдарының ауруы, орталық нерв жүйесінің аурулары (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит), бас миының немесе көздің соққы алуы болып табылады. Балалар арасындағы көрудің бұзылуындағы негізгі клиникалық формалары нерв жолдарының, көру анализаторының қабықтық зоналарының зақымдануы, көз хрусталінің (катаракта) бұзылуымен түсіндіріледі. Балалар арасында кездесетін көру қабілетінің бүзылуларына қылилық, амблиопия, астигматизм т.б. жатады. Аталған кемшіліктердің әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар:
- кеңістікте бағдарлай алмауы;
- қимылдық сфераның шектелуі;
- дүниетанымының тарлығы;
- әлеуметтік тәжірибесінің шектелуі;
- эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер;
- ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар;
- өз-өзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы;
- шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия.
Қазіргі уақытта көру қабілетінің төмендеуі тек бір себеппен немесе бір аурумен ғана анықталмайды. Көбінесе бір балада бірнеше көз ақаулары кездеседі. Мысалы: көз өткірлігінің төмендігі қилылық немесе көру аймағының тарлығымен қатар көз өткірлігінің төмендігі.
Қылилық - көру сызықтарындағы кемшілік, көздің қимылдатқыш функцияларының бұзылуы, фиксацияның жалпы нүктелеріне көз сызықтарының сәйкес келмеуі (паралитикалық және сәйкессіздік) Паралитикалық түрі буындардың салдануынан немесе (парез) құрысу салдарынан пайда болады. Негізгі себептері соққы алу, ісіктер, инфекциялык аурулар, интоксикация, қан кету. Қылилық кезіндегі түрі тұракты және қайталанбалы күйде жалпы фиксация нүктесіне бір көз сызығының сәйкес келмеуінен болады. Негізгі себептері: орталық нерв жүйесінің аурулары, рефракцияның бұзылуы, көз қимылдатқыш аппараттың аномалиясы. Қылилық жұмысқа деген қабілеттілікті жоғалтады, монопулярлық көру пайда болады (қабылдау бірде бір көзбен бірде екінші көзбен жүзеге асады) Балаларда қылилық 2-3 жасқа таман пайда болады немесе күрделі аурулардан кейін, қорқыныштан пайда болады. Қылилықтың әсерінен көру төмендейді. Дисбинокулярлық амблиопияның екі түрі болуы мүмкін:
- дұрыс фиксациялы амблиопия (орталық) фиксациялық аймақ - орталық тор шүңқыршасы.
- теріс фиксациялы амблиопия (орталық емес) фиксациялық орталық -көз торшасы.
Нистагм - көздің қимылдатқыш функциясының бұзылуы, көз алмаларының еріксіз қозғалысқа түсуі, дірілдеу, бүл физиологиялық және паталогиялық нистагм болып бөлінеді. Физиологиялық нистагмның бір формасы тез қимылдаған обьектілерге қараудың әсерінен болған оптокинетикалық нистагм. Оптокинетикалық нистагм балаларда бас миындағы мандай бөлігінің дамуына сәйкес 4-5 айда байқалады. Көрудің бұзылумен анықталатын паталогиялық нистагм үрықтық кезеңдегі, туылу кезіндегі, туғаннан кейінгі кезеңдегі паталогиялық жағдайлардың әсерінен болады. Бұл кезде емдік-сауықтыру, коррекциялық жұмыстарын жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |