2.Сөйлеудің құрылымдық-семаптикалық (ішкі) жағының бұзылуы.
Алалия - баланың құрсақішілік және алғашкы жылдарындағы даму кезеңінде бас миы қабығының сөйлеу аймақтарының органикалық зақымдалуы нәтижесінде сөйлеу қабілетінің жоқтығы немесе толық дамымауы. Айтылған сөзді қабылдау және қайта жаңғыртудың барлық кезеңдерінде іріктеп алу және бағдарламалау операциялары бұзылған. Алалия моторлык (сезді қайта жаңғырту қабілеті бұзылған) және сенсорлық болып бөлінеді.
Афазия - бас миының жергілікті зақымдалуымен байланысты бұрын құрастырылған сөзді толық немесе жартылай айта алмау. Афазияға үш жастан кейін пайда болған бұзылысты жатқызады. Моторлық афазия - сөйлеу кабілетінің экспрессивті формасы бұзылады. Сенсорлық афазия - сөйлеу кабілетінің сенсорлык жағы бұзылған.
II. Оқу және жазу қабілетінін бұзылуларын екі топшаға бөлеміз:
1. Оқу қабілетінің зақымдалуы:
Дислексия - бас миы қабығының кейбір бөліктерінің зақымдалуымен немесе толық жетілмегендігімен байланысты оқу қабілетінің бұзылуы.
Алексия - бас миы қабығынын кейбір бөліктерінің зақымдалуымен немесе толық жетілмегендігімен байланысты оқу қабілетінің қалыптаспауы.
2.Жазба тілдің бұзылуы:
Дисграфия - жазу процестерінің жартылай спецификалық бұзылуы. Аграфия - бас миы қабығының кейбір бөліктерінің зақымдалуынан жазуға қабілетінің жоқтығы.
Логопедия - тіл кемістіктерді анықтау, оларды алдын алу және сөйлеу тілі бұзылған балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қамтитын ғылым.
Логопедия сөйлеу қызметінің бұзылу себептерін, механизмдерін, симптоматикасын, ағымын және құрылымын зерттейді. «Логопедия» ұғымы грек тілінің түбірлерінен: логос - сөз, пайдео - тәрбиелеймін, оқытамын құралған. Аудармасы «дұрыс сөйлеуді үйретуді» білдіреді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға логопедиялық көмек көрсету мекемелерінің тізбегі:
- сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған ясли-балабақша, сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған балабақша;
- жалпы типтегі сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған топтар;
- мемлекеттік білім беру мекемелері.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тіл кемшіліктерін түзету жұмыстары аралас түрдегі оқыту негізінде жүргізіледі де, есту мен интеллектінің ерекшеліктеріне қарай сараланады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету; баланы жалпы мектепте білім алуға дайындау; күрделі тіл кемшіліктері бар балаларды арнайы мектептерге оқуға дайындау.
Типтік жағдайларға байланысты анықталған логопедиялық топтардағы арнайы кәсіби жұмыстардың мазмұны Б.С.Халыкова, З.А.Мовкебаева, М.С.Грушевская бағдарламасы бойынша жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалар логопедиялық топтарға 3-4 жастан бастап қабылданады. Топтағы бала саны 10-15 баланы құрайды.
Тұтығу кезінде арнаулы топтарға бала 2-3 жастан бастап 8-10 баладан тұратын топтарға қабылданады. Қазақстан Республикасында тіл кемістігі бар балаларға арналған Типтік оқу бағдарламасы 2010 жылы жарық көрген, авторлары Б.С.Халыкова, З.А.Мовкебаева, М.С.Грушевская т.б.
Аталған әдістеменің мақсаты заттық-практикалық әрекеттерге баулудағы логопедиялық жұмыстардың көмегімен мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, конструкциялауға баулумен жүргізіледі.
Мектепке дейінгі сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек көрсету жұмыстары дәстүрлі түрде ойын, еңбекке баулу, дене тәрбиесі мен музыка, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу өнері, конструкциялау бөлімдеріне бөлінеді.
Негізгі бөлімдер туралы айтсақ, тіл дамыту бөлімі сөйлеудің құрылымдық компоненттерінің барлығын қамтып, танымдық қабілеттерді дамыту жұмыстарын, коррекциялық-педагогикалық жүмыстарды ұйымдастырады.
Логопедиялық жүмыстарды ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі бағдарламалар тіл дамыту жұмыстарының мынадай міндеттерін ұсынады:
- құрылымдық - тілдің барлық құрылымдық компоненттерін фонетика, лексика, грамматиканы қалыптастыру;
- функщюналдық - қарым-қатынасқа түсу формаларын игерту;
- когнитивтік - тіл мен сөйлеудің бірлігін түсіндіру, сөйлеудегі себеп-салдарды анықтау.
Жалпы сөйлеу тілінің бұзылуы, фонемаларды қабылдаудың жетіспеушілігі кезіндегі логопедиялық жұмыстардың әдістемесі былайша Құрылады:
-оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрлерімен байланысы;
- тілдік материалдарды ситуациялы-тақырыптық деңгейде қабылдау;
- сөйлеуге үйретудегі қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектептерде сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруда педагогикалық жұмыстар жалпы сөйлеу тілінің 2-3 деңгейдегі бұзылуы анықталған (дизартрия, ринолалия, алалия, афазия, дислексия, дисграфия, тұтығу) балалармен жүргізіледі. Сыныптардың толымы 12 бала. Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімге жалпы сөйлеудің күрделі кемшілігі (дизартрия, ринолалия, алалия, афазия, тұгығу) бар балалар қабылданады. Оқушылар арнаулы бағдарлама бойынша білім алады. 10 жыл ішінде жалпы білім беретін мектептің 9 жылдық білімін игереді.
Екінші бөлімге күрделі түрдегі тұтығу белгіленген балалар қабылданады. Мұнда оқушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын нормативтік уақытқа сай (жалпы білім беретін мектептің уақытына) игереді.
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктері түзелген балалар ПМПК мамандарының қорытындысымен кез-келген уақытта жалпы білім беру мекемелеріне ауыстырылады.
Бастауыш білім беру кезінде мұғалім-логопедтердің қызметі ұйымдастырылады. Арнайы мектепте жұмыс жасайтын, яғни жалпы білім беру пәндерін игертудегі мұғалімдер арнайы курстардан өтуі керек. Коррекциялық логопедиялық жұмыстарды тіл мамандығын игерген «мұғалім-логопед» біліктілігі бар мамандар жүзеге асырады. Сонымен қатар емдік-сауықтыру жұмыстары, психологтың қызметі, басқа арнаулы мамандардың қызмет түрлері көрсетіледі.
Жалпы білім беру мекемесіндегі логопедиялық пункт жүмысының ұйымдастырылуы арқылы 1 қыркүйектен 15 қыркүйек аралығында, 15 мамыр мен 30 мамыр аралығында жалпы сөйлеу тілі бұзылғандар, фонемаларды қабылдаудың жетіспеушілігі анықталған балалар қабылданады. Логопедиялық пункттердегі баланың саны қалалық жерлерде 25 адамнан, ауылдық жерлерде 20 адамнан тұрады. Әр топтағы сабақтар жеке түрде 4-5 адамнан жүргізіледі. Топтық сабақтардың ұзақтығы - 40 минут, жеке сабақтардың ұзақтығы - 20-25 минутты құрайды. Логопедиялық пункттегі логопедтің дайындайтын құжаттары: ПМПК мамандарының қорытындысы бойынша толтырылған хаттама, сөйлеу картасы мен жеке жұмыс жоспары, тіркеу журналы, перспективті және күнтізбелік жоспар, ата-аналармен, мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары. Сөйлеу тілі бұзылған балалар логопедиялық қызмет түрлерін денсаулық сақтау жүйесіндегі кабинеттерде, емханаларда, стационарларда, балалар ауруханаларында қабылдай алады.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдастырылатын логопедиялық жұмыстардың мазмұнын жүзеге асырудағы логопедтердің кәсіби әрекеті:
- жүйелі түрдегі кеңес беру бағытында ұйымдастырылатын логопедиялық сабақтар арқылы сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, жоюға бағытталған педагогикалық (логопедиялық) жұмыстарды жүргізу;
- сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтау, балалардың ПМПК мамандарының тексеруіне жіберілуін қамтамасыз ету;
- мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың профилактикалык тексеруден өтуін бакылауға алу;
- ата-аналармен, педиатр дәрігерлермен, балабақша тәрбиешілерімен санитарлық-кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |