Церебральды салының классификациясы:
Гемиплегиялық формасы балалар церебральды салының көп тараған түрі. Бір жақ жарты шарлар миының бұзылуынан болады. Баланың алғашқы күннен-ақ бір жақ аяқ-қолының қимылдық-қозғалыстарға түспейтінін байқауға болады. Мұндай балалар қиындықпен отырып, жүруді, тұруды да қиындықтармен бастайды. Қимыл-қозғалыстардың жүзеге асуы зорлану, қиналу түршде көрін эпилептикалық жағдайлар да білінеді. Гемипарез формасы балаларда ұмтьи-у қағып алу функцияларын орындау кезінде бала саусақтарын біріктіруде, колдарын кеудесіне қою кезіндегі қиындықтармен байқалады. Сол жақ жарты бұзылуы шарлар жұмысының бұзылуы кезінде балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы құрысу-парездік дизартрия немесе моторлы алалия, дислексия, дисграфия түріндеде байқалады. сол жақ жарты шарлар бөлігіндегі самай бөлігінің закымдануы фонематикалық қабылдаудың бүзылуымен анықталады.
Диплегиялық формасы балалар церебральды салдануының екі аяқтың спазмалык қү-рысу түрлершен анықталатын. Литгл ауруыньщ атауымен танымал түріБала дене дамуы жағынан артта қалады. Мұндаи балалардың жүріс-тұрысында алға қарай және төмен қарай ұмтылушылық баиқалады, яғни жүрісі спазмалық-парездік күйді бейнелейді. Жүріс-тұрысында тізелері бір-біріне жанасып, бала жүрген кезде табандарына емес аяқтың саусақтарына күш түсіреді. Мүндай балалардың интеллектуалдық дамуы толығымен сақталуы
мүмкін.
Гиперкинездік формасы атетоз типіндегі зорлану, қиналу, буындық тонус
пен психиканың бүзылуы арқылы қимыл-қозғалысқа түсуде байқалады.
Гиперкинез формасындағы балалар церебральды салы мидың қабықтық бөліктерінің зақымдануынан болады. Қимылдық қозғалыстардың бұзылуы еріксіз зорлану түріндегі қимылдық қозғалыстар арқылы байқалады.
Гиперкинез еріксіз түрде уайымдау, толқу кезінде еріксіз қимылдық қозғалыстар кезінде күшейе түседі. Еріксіз қимылдық қозғалыстар бет бұлшық еттерінің, тіл, бас, мойын, дененің қозғалыстарында жиі байқалады.
Гиперкинездік формасында ерікті моторика қиындықпен қалыптасады, қозғалыс дағдысының автоматизациясы қиындап, эсіресе жазу дағдысының қалыптасуы қиынға соғады.
Балалар церебральды салы кезіндегі жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық процес барысында есепке алынатын қағидалар:
- коррекциялық-педагогикалық процесті жүйелі түрде ұйымдастыруда қимылдық, сөздік, психикалық бүзылуларды бақылауға алу;
- сакталған функциялардың көмегіне сүйене отырып көмек көрсету жұмыстары ерте басталу;
- онтогенез дамуның жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, коррекциялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру;
- психиканың және сөйлеудің даму динамикасын бақылау;
- коррекциялык-педагогикалық көмек көрсету жұмыстарының бір-бірімен байланысын қадағалау.
- баланың отбасымен тығыз қарым-қатынас орнату керек О.Г.Приходько зерттеулері көрсеткендей, коррекциялық-педагогикалык
қызмет көрсету жұмысының тиімді кезеңі өмірдің алғашқы жылы болып табылады. Көмектің мұндай түрі стационар жағдайында ұйымдастырылады. Ата-аналарды ұйымдастыру жұмысымен таныстыруда есепке алынатын негізгі жағдаилар:
- ересек адамдармен эмоциялық қарым-қатынасты дамыту
- бұлшық ет пен артикуляциялық аппарат жұмысын реттеу-
- дыбыстық, буындық, сөздік реакцияларын реггеу, уілдеу, былдырлау, оылдыр сөздерді айтуын бақылауға алу;
- сору, жұтыну, шайнау қызметтерін түзету;
- сенсорлық қабілеттерді дамыту;
- сөйлеу кезіндегі тыныс алуды дамыту;
- заттармен эрекетке түсу кезіндегі қолдың қимылдарын дамыту
- сөзді түсшудеп дайындық кезеңнің жүмысын қалыптастыру
Ерте кезеңдегі жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың негізгі бағыттары:
- заттық эрекетті қалыптастыру;
- функционалдық қызмет түрлеріне қарай ойыншықтарды пайдалану, әрекетке түсуге үйрету);
- көрнекі-образды ойлауды, ерікті, түрақты зейінді қалыптастыру;
- сөйлеу және заттық-практикалық әрекетке түсуді қалыптастыру;
- қоршаған орта туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру;
- сенсорлық белсенділікті ретке келтіру (көру, есту);
- саусақтардың функционалдық мүмкіндіктерін арттыру, координацияны дамыту.
Балалар церебральды салы кезінде өз еркімен қозғалысқа түсе алатын 3 жасар бала арнайы балабақшаға бара алады. Топтағы баланың толымы 8 баладан түрады. Арнайы балабақшадағы коррекциялық-педагогикалық жүмыстар әдістемелік-бағдарлама материалдары бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасында 2011 жылы Ғ.А. Абаева мен И.Т.Жангельдинаның «Церебральді параличпен қосалқы бұзылыстардың үйлесуі бар балаларды оқыту мен тэрбиелеудің арнайы бағдарламасы» жарық көрді.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жүмыстың негізгі бағыттары:
- ойын эрекетін дамыту,
- қоршаған ортамен тіл арқылы қарым-қатынасты орнату,
- қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейту,
- сенсорлық функцияларды дамыту. Кеңістік және уақыт туралы түсініктерді қалыптастыру. Кинестетикалық қабылдау мен стереогнозды дамыту.
- зейінді, ойлауды, есте сақтауды (көрнекі-образды және абстрактші- логикалық ойлау) дамыту,
- математикалық түсініктерді қалыптастыру,
- қол еңбегінеүйрету мен жазуға дайындау,
- өзіне қызмет етудегі гигиеналық талаптарды игерту.
Балалар церебральды салы кезіндегі жұмыстардың непзпсш логопедиялық түзету жұмыстары құрайды. Оның мақсаты - вербалды құралдар арқылы қарым-қатынасқа түсуді дамыту, сөйлеудің мағыналық жағын үирету.
Логопедиялық жұмыстардың негізгі міндеттері:
- бұлшық ет тонусы мен артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің жұмысын реттеу;
- сөйлеудегі тыныс алу мен дауысты реттеу;
- сөйлеудің темпті-ритмикалык жағын ретке келтіру;
- дыбыстарды кою, машықтандыруда артикуляция органдардың жұмысын реттеу;
- қол мен саусақ қимылдарын дамыту;
сөйлеудің лексикалық-грамматикалық мағынасын дамыту, Өз ойы мазмүндаутаүйрету.
Қимылдық кемшіліктердің аиқын түрдеп көршісі кезшде балалар тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектептерде білім алады.
Коррекциялық-педагогикалық жұмыстың мақсаты баланың мүмкіндігіне сай жан-жақты дамыту. Арнайы мектептерде балалар церебральды салына ұшырағандардың 60-70%-ы білім алады. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектептерде білім беру процесі жалпы білім беретін мектептің үш деңгейімен (бірінші деңгейі - бастауыш саты 4-5 жыл, негізгі жалпы білім беру 6 жыл, орта білім беру 2 жыл) оқытылады.
Мектепке 7 жастан бастап қабылданады. Балабақшада болмаған бала дайындық сыныбынан бастап оқиды. Дайындық сыныбындағы оқытудың міндеттері: интеллект дамуының деңгейін анықтау, баланың оқуға қабілеті мен потенциалдық мүмкіндіктерін анықтау, (жалпы немесе арнаулы мектепте) алдағы уақыттағы білім алу мен бейімделу мүмкіндіктеріне болжам жасау болып табылады.
Балалар церебральды салы кезіндегі арнаулы білім беру процесінің міндеттері: оқыту мен тәрбиенің сәйкестігін орындау, емдік-сауықтыру жұмыстарын жүргізу, еңбекке баулу мен кэсіби бағдар беру. Коррекциялыц-дамыту жұмыстарының мазмүны:
- танымдық эрекеттерді реттілікпен дамыту;
- жоғары психикалық функцияларды дамыту;
- тәртіп нормаларын игерту, әлеуметтік-түрмысқа бейімдеу. Тірек-қимыл аппаратының күрделі бұзылуы кезіндегі оқытуды
үйымдастырудың формасы үй жағдайында білім беру болып табылады. Үй жағдайында білім берудің тиімділігі балаларды білім беру кеңістігіне жетелесе, екінші жағынан білім беру бағдарламасының қысқартылуына, үй тапсырмаларын орындаудағы реттіліктің сақталмауына, баланы қоғамнан, құрдастарынан оқшаулау, кэсіби еңбекке үйренудің шектелуіне апарады.
Арнайы мектеп-интернаттарда баланың мүмкіндіктеріне сай кәсіби білім беру еңбекке баулу жүмыстары күнделікті ұйымдастырылып, баланың тігін ісі, ағаш шебері, машина басу, бағбан ісі т.б. мамандықтарға үйренісуіне жағдай жасалады. Баланың еңбекке жарамдылығын дэрігерлік-медициналық еңбек экспертизасымен анықтау арқылы, кэсіби білім беруде баланың техникумдарға, училищелерге оқуға түсуіне жеңілдіктер жасалады.
Соңғы жылдары қимыл-қозғалыстарында кемшіліктер бар балалар жалпы білім беретін мектептерге орналасуда.
Жалпы білім беру және арнайы мектептерде де тірек-кимыл аппаратьі зақымдалған балалар оқу материалын меңгеруіне және үлгеруіне қарай екі бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін:
- жалпы білім беру багдарлама бойынша (стандартқа сәйкес, жалпы орта білім) ягни интеллектуалды мүмкіндіктері сацталган жагдайда,
- арнайы (көмекші) багдарлама бойынша. Бүл білім цензалы болып
есептелмейді.
Церебральді параличке ұшыраған балалар қатарында көбінесе, сколиоз, туа пайда болған жамбас сүйектерінің шығуы, майтабандық, балалар церебральды салы кездеседі. Қимылдық бұзылулардың негізгі белгілері жүріс-тұрыстың түрақсыздығы, жүру темпінің баяулауы, баспалдақтан өз бетінше түсе алмау болып табылады. Мұндай балалар өзгелердің көмегінсіз киімдерін шешуде, киюде киімінің түймелерін салуда қиындықтарға ұшырайды. Аталған кемшіліктің белгілері балалар церебральды салы кезінде анық көрінеді. Олар оң жақ немесе сол жақ қолдың салдануынан түрлі эрекеттерді орындай алмайды, қозғалыс координациясы бүзылады, аяқтардың арасы кең ашылған күйде жүруге бейімділік танытады, қорқыныш пен уайымдау кезінде құлау, өз қозғалысын реттей алмаушылық қасиеттер көрсетеді. Өздеріне қызмет ету дағдысының қалыптасуы жеткіліксіз күйге ауысып, заттық-практикалық әрекеттері де шектелгендіктен сурет салу, жазу дағдысын игеруге дайындықсыз болып келеді.
Балалар церебральды салы кезінде аталған қозғалыстардың шектелуі емес, кейбір дыбыстарды айту да бұзылады. Ол балалардың мүмкіндігі өз бетінше қозғалысқа түсу кезінде, заттарды манипуляциялауда, өзгелермен қарым-қатынасқа түсу кезінде шектеліп, мектепке дейінгі шақта құрбылары игерген білім мен қоршаған орта туралы түсініктерді толық игере алмайды. Қоршаған орта туралы мәліметтері фрагментті түрде болғандықтан заттар мен құбылыстар туралы үғымдардың мазмүнын салыстыру, негізгіні табу, себеп-салдарды табу, сөздік қордың болмауы түріндегі кемшіліктер анық көрініп отырады. Сондықтан ол балаларда жалпы мәдени орындарды (дүкенде, театр, музей т.б.) тану мүмкіндігі де шектеліп, аталған мәдени орындар туралы түсініктері болмайды.
Бұл балаларда аталған кемшіліктердің әсерінен қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптаспауы ғана емес, қозғалыс туралы ұғымдар да болмайды.
Ол үшін қозғалыс мүшелерінің жұмысын ғана емес, қозғалысқа түсудегі сезім органдарының жүмысын қалыптастыру қажет.
Балалар церебральды салы кезіндегі оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін мұғалім бала дамуының ерекшеліктерін, оқу материалын игеруде және денсаулығына байланысты кездесетін қиындықтардың типтерін білуі керек.
Оқыту кезіндегі қиындықтардың себептерін, ол кемшілік бала дамуының кай кезеңде болғандығын білу, анықтау, оның әсері оқу материалын игеру кезінде қалайша байқалып отырғандығын білу маңызды.
Оқу - тәрбие жұмысының басталу уақытына дейін ата-аналармен кездесу жасап, баланың сүйіп айналысатын ісімен, қызығушылығымен, бейімділігімен, мүмкіндігімен, сүйіп оқитын пәндерімен, ойындарымен танысып, дамыған
Қимыл-қозғалыс актілерін білу, ол қозғалыстың қай кезде жақсы байқалатынын, баланың еркін қозғалысқа түсу мүмкіндігігнің қалайша орындалатынын анықтау қажет. Одан басқа бала бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді анықтау мұғалім жұмысы үшін маңызды. Мұғалімнің ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуы балалар церебральды салы бар балалардың әлеумегтік ортаға бейімделуі, жалпы білш берепн мектептерде өзінің орнын табауна септігін тигізеді. Балалар церебрльды параличі бар оқушы білшді игеріп қана қоймай, денсаулығын сақтап, нығайтуға байланысты емдік-сауықтыру шараларын емханаларда қабылдап, арнаулы ауруханаларда ем қабылдап отырады.
Арнаулы мекемеге қабыланатын баламен ұжым оқушыларын толық таныстырып, оның дамуындағы өзгешеліктерді, оны шеттетпеу керектігі туралы таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар церебральды салымен келген оқушының қызығушылығы, мінез-құлқы, бойындағы жақсы қасиеттері туралы айтып, оған сынып оқушылары тарапынан қолдаудың, көмектің қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Балалар церебральды салы кезінде оқу мен еңбек әрекетіне түсудегі
қимылдық дағдылар мен іскерліктің қалыптаспауынан оқушыларда жазу, өзіне қызмет ету, еңбекке араласу дағдысында айтарлықтай қиындықтар туатыны белгілі. Олар қандай қиындықтар? Балалар церебралаьды салы кезінде жазу дағдысын игерудің қиындығы сермеу функцияларының қалыптаспауынан немесе аталған функцияның дамуындағы кемшілікпен түсіндіріледі. Қол буындардың еркін қозғалысын қажет ететін жазу актісінің өзі буындардың әлсіздігінен, кей кезде барлық қолдың қозғалысының әлсіздігінен нашарлайды.
Мұндай кезде балалар жазу барысында қолдарын дұрыс үстай алмай, жазу үлгісі колдың қозғалысына байланысты анықталады. Жазу кезіндегі әріп элементтерінің арасы жанаспай, сөздер түсініксіз күйге ауысып, каллиграфияға койылатын талаптар толық орындалмайды. Жазу кезінде гиперкинездің әсерінен бала қолдарының, саусақтарының қимылын зорлау, күштеу арқылы қозғалысқа түсіреді, мұның әсерінен әріптердің кейбірі үлкен немесе кіші болып, саусақтардың артық қозғалысы жазуға кедергі келтіреді.
Балалар церебральды салы кезіндегі жазу дағдысы баяу дамитындықтан, оларға шекте тыс жазу жүмыстарын орындату, жазу жылдамдығын күшейту кезінде кол және саусақ моторикасының жүмысындағы кемшіліктердің пайда болуына себепші болады. Нәтижесінде еңбек сабақтарында ермексазбен жұмыс жасау, ермексазды бөлу, илек, заттардың белгілі формаларын жасау, бөліктерге бөлуде қиындықтарға кездеседі.
Денешынықтыру сабақтарында балалар церебрльды салы кезіндегі бала дамуының ерекшелігін білу маңызды. Сабақ барысында балалар дене тепе-теңдігін сақтай алмағандықтан қолдары мен аяқтарын қажетті қалыпта игере алмайды. Дене жаттығуларынан белгілі бір заттарды пайдаланып орындалатын арнаулы жаттығулар: допты, брусокты дәл тигізу, жіпті, арқанды қысу түріндегі жаттығуларды орындауда дэлдікті сақтамау, жоғары немесе төменге самғау, қарғу түріндегі қозғалыстарды орындай алмайды. Жүгіру, ұзындыққа секіру, өрмелеу сияқты тапсырмаларды орындау кезінде де қимылдың бұзылу кедергі келтіреді. Сонымен қатар, балалар церебральды салы кезінде баланың тыныс алуының нашарлауы берілген тапсырмаларды орындауға кедергі болады.
Балалардың көпшілігінде көру қызметі мен моториканың,тепе-теңдіктің бұзылуынан қолдың қозғалысы мен көз арқылы қозғалысты реттей алмаудың әсері де орын алады. Көру және моторлы координация оқу дағдысын игеру кезінде, яғни бала кітаптағы жазуларды көз арқылы саусағымен буындарды, сөзді, сөйлемді бақылауға алып, жүргізіп оқи алмай қиналады. Ол балалар қолдың қимылы баланың еркінен тыс орындалатындықтан дәптердегі жазу жолын сақтай алмайды. Қорытындысында, баланың жазуы бөлшектенген күйге ауысады да, бала не жазылғанын түсіне алмайды. Көру арқылы бақылау жасау және моторлы координация қызметінің қалыптаспауы өзіне-өзі қызмет ету кезінде, еңбекке баулу сабақтарындағы материалдарды қажетті орынға орналастыру, қайшымен жұмыс жасауда, жапсырма жұмыстарын орындауда байқалады.
Балалар церебральды салы кезінде кейбір балаларда кеңістікті бағдарлау,
талдау мен жинақтауқабілеттері жеткізіліксіз болады. Мұндай белгілерді
конструкциялау, өзіне-өзі қызмет ету кезінде, оқу мен жазу кезінде, дене
шынықтыру сабақтарында байқаймыз. Балалар сызғышпен жұмыс кезінде дәптерге кесінділерді, түзулерді, бұрыштарды дұрыс орналастырмай, дәптердің оң жағы мен сол жағын айыра алмай қиналады. Кеңістікті бағдарлау қызметінің бұзылуы, заттардың кеңістіктегі орналасуын бағдарлай алмау, талдау мен жинақтау қабілетінің бұзылуы кезінде көру және моторлы координацияның бұзылуы күшейіп отырады.
Заттардың кеңістіктегі орналасуын айыра алмау, кеңістікті бағдарлай алмау математика сабақтарының бастапқы кезеңінде анық байқалады. Мысалы, санның құрамымен танысуда оларды заттың санымен сәйкестендіре алмай, берілген санды дәптер жолына орналастыра алмайды. Ерекше қиындық тудыратын процесс геометрия мен тригонометрия матераилдарын игеру барысында көрініс табады.
Кеңістікті бағдарлау мен заттардың орналасу қалпын бағдарлай алмау география сабақтарындағы бағдарлама материалдарын игеру барысында (өзендердің ағысы, олардың бағыты, масштаб, планмен жұмыс, дүниежүзінің белгілі бөлшектерінің орналасқан жері) контурлы картамен жүмыс жасау барысында көрінеді. Қимылдық қозғалыстың қалыптаспауы оқушылардың оқу әрекетінің мазмұнын, оның қалыптасуын айқындап отырады.қимылдық дағды мен іскерліктің уақытында қалыптаспауы моториканың жетіспеушілігі ғана емес, барлық күрделі функциялардың (көру және моторлы координация, кеңістікті бағдарлау, талдау мен жинақтау) бұзылуына апарады.
Балалар церебральды салы кезіндегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының ерекшелігі сөйлеу тілінің дамуымен де анықталады. Бұл балалардың сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктердің сипаттамасы дыбыстардың дұрыс айтылмауы, сөз мағынасының бұзылуы, байланыстырып сөйлеудің болмауы, қоршаған адамдарға сөздің түсініксіз болуымен түсіндіріледі. Сөйлеу кезіндегі кемшіліктердің күрделенуі сөздің дыбыстык және буындық құрамының өзгерістерге ұшырауы тыныс алудың бұзылуымен байланысып отырады. Кей жағдайларда дауыстың бұзылуы байқалып, балада маңқалық, монотонды сөйлеудің белгілері көрінеді.
Игерілген білімді тексеру, бағдарлама материалының көлемін анықтауда мұғалім жұмысына кедергі болатын жағдайлар орын алып отырады. Олар сөйлеу аппаратында зорлану, қиналу қозғалыстары ауызша жауап беру кезіндегі бет бұлшық еттерінің еріксіз жиырылуы, дірілмен байқалып отырады Мұндай балалар мұғалімнің қойған сұрағына ғана жауап беріп, өздерінің ойларын өте қысқа түрде жеткізуге тырысады. Кейбір жағдайларда балалар қойылған сүраққа жауап беруде сөйлеу аппаратындағы кемшіліктерді, тыныс алуды реттеу үшін ұзақ уақыт бойы дайындалады, тіпті жауап беруден бас тартулары да мүмкін.
Дыбыстарды айтудағы кемшіліктер есту арқылы дыбыстарды ажырату мүмкіндігін де тежейді. Айтылуы жағынан ұқсас дыбыстарды (ысқырық дыбыстарды ызың дыбыстарға, жуан және жіңішке дыбыстарды) бір-бірімен алмастырудан жазу кезінде қателіктер орын алады.
Балалар церебральды салы кезінде сөйлеудің лексикалық-грамматикалық қүрылымы да ерекше қалыптасады. Олардың сөздік қоры шектеулі болғандықтан, бағдарлама мазмүны бойынша сөздің мағынасын ажыратып, оны түсінбейді. Бүл балалардың жазбаша сөйлеуі эріптерді тастап кету, әріптерді ауыстырып айту арқылы бүзылады. Жазбаша сөйлеу мен ауызша сөйлеудің сәйкес келуі аталған кемшіліктерді анықтауымызға себеп бола алады. Сөздердің айтылуы мен мағынасы жағынан ұқсастығын ажырата алмау салдарынан диффернсацияланған жұмыстарды түрлендіруге тура келеді (М.В.Ипполитова, Е.Д.Чернобровкина, Е.А.Забара).
Сөздің лексикалық-грамматикалық қалыптасуындағы ерекшеліктер жазу кезіндегі сөздің морфологиялық қүрылымын ажырата алмаумен байланысты. Мұндай балаларға жүрнақ, жалғаулармен жүмыс жасау кезіндегі кемшіліктер, сөздерді тастап кету, сөздерді қайталап жазу тэн. Бұл кезде мұғалім оқушыларды логопедке көрсетіп, оқушының сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтап, кемшіліктерді түзету мен жоюға арналған мұғалімнің жұмысына қажетті арнаулы нұсқауларды беруін талап етеді.
Бала психикасындағы ерешеліктерді қарастырсақ, олардың жұмысқа
араласуы, қосылуы баяу екендігін айта аламыз. Мұндай кезде мұғалім берілген тапсырманы қайталау, орындауға қиын соғатын жерлеріне қосымша назар аудару, баланың тапсырманы орындауға деген қызығушылығын, мүмкіндігін арттыру жүмыстарын жүргізуі керек. Бұл балаларға жұмыс жасауға деген қабілетгің төмендігі, зейіннің тұрақсыздығы тән болғандықтан, бір тапсырманы орындаудан екінші тапсырмаға көшу кезінде қиындықтар туындайды. Мұндай жағдайда мұғалім баланы берілетін тапсырмамен белгілі бір уақыт бұрын таныстырып, оны орындаудың жолдары мен ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Оқушылардың көпшілігі өздерінің жіберген қателерін бақылау жұмыстың қорытындысын бағалай алмаушылық орын алады. Мұғалім оқушының партадан тақтаға еркін шығып, тұруын қамтамасыз ету мақсатында ыңғайлы орынға отырғызуы керек. Партаның үстінде оқулықтарды, дәптерлер мен қажетті заттарды орналастыру үшін жеткілікті орын болуы тиіс. Оқушының жұмыс кезіндегі қимыл-қозғалысына бақылау жасау арқылы, ыңғайлы қозғалыстың бағытын анықтап, бала үшін отырып немесе түрып жауап берудің ерекшелігін анықтайды.
Мұғалім баланың жұмыс жасаудың мүмкіндігіне қарай тапсырманың көлемін, деңгейлеріне таңдау жасап, жазба жұмыстары мен бақылау жұмысының талаптарын нақты білгені дұрыс. Балалар церебральды салы кезіндегі баланың қимылдық ерекшеліктерін есепке ала отырып, жазба жұмыстарын орындауға қажетті құрал-жабдықтарды (тақта, бор, жеке карточкалар, альбом, магнитті тақталар, компьютер) тандап алуы керек. Оқушының тапсырманы орындау кезіндегі баяулығы жазбаша жүмыстардың бір бөлігін ауызша түрде орындауына мүмкіндік береді. Сондықтан, бағдарлама материалындағы берілген білім көлемін анықтау мақсатында ұсынылатын тапсырмалардың көлемін, оны орындау тәсілдерін ажыратып алу қажет.
Кеңістікті бағдарлау қызметінің бүзылуы мен көру және моторлық координацияның қалыптаспауы мұғалімге қосымша жұмыстарды жүктейді. Мысалы, әріпті немесе цифрды, сөздерді жазатын орынды қаламмен немесе қарындашпен көрсету, белгілеу керек. Цифрларды баған түрінде жазу кезінде арифметикалық амалдардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеміз. Ол үшін дэптердегі торларды түрлі-түсті қарындаштармен бояу ұсынылады, яғни жүздіктерге арналған торды жасыл түспен, бірліктерге арналған торды көк түспен бояу керек.
Оқуға үйрету кезінде әріптердің, буындардың, сөздердің, сөз тіркестерінің көзден тайып кетпеуіне арнаулы ойықтармен берілген кітаптың арасына салаты жолақтарды пайдалану тиімді.
Бейнелеу өнері сабақтарында салынатын заттың орналасу қалпын мұғалім алдын ала түсіндіріп, көрсетіп, оның негізгі бөлімдерін, жұмыстың орындалу тәртібін түсіндіреді.
Ауызша сұрақтарға жауап беру кезіндегі қиындықтарды жою үшін оқушыға сұрақтарға жауап беретінін алдын ала ескертіп, оған дайындыққа уақыт беру керек. Ауызша сөйлеуге үйрету барысындағы баланың білімін бағалауда сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді ескеріп, интонацияның, дауыс ырғағының, сөйлеу мэнерлілігінің сақталмауына байланысты бағаны төмендетпеу керек.
Жазбаша жұмыстарды бағалауда жазудың бұзылуы, әріптердің дұрыс орналаспауы, сөз арасындағы, жол арасындағы үзіктерді сақтамау, әсіктердің ені мен ұзындығына байланысты пішіндердің сақталмауы, зорлану қимылының әсерінен сөздердің қайталануына байланысты баланың жұмысын төмендетпеу керек.
Оқушылардың білімін бағалаудағы қиындықтар фонетикалық-фонемалық естудің бұзылуы мен жалпы сөйлеу тілінің бұзылуына байланысты туындап отырады. Мұғалімге жіберілген қателіктердің қайсысы балалар церебральды салы анықталған оқушыларға тән екендігін және орфографиялық ережелерге тән қателік екенін ажыратып алу міндетті. Мұндай жағдайларда мұғалім орындалған жазба жұмыстарын логопедпен келісіп, талдау жасағаннан кейін жіберілген қателіктерді түзету мен жоюға арналған әдістермен, әдістемелермен танысады. Мазмұндама, шығарма жазу кезінде оқушылардың өз ойын толық жүйелі баяндау қабілетіне, сөйлемдерді дұрыс қүру, ұсынылған сөйлемдерді сауатты жазу, грамматикалық құрылымын анықтау қабілеттеріне назар аударады. Мазмұндама жаздыру үшін мэтіндердің мазмұны, көлемі, тірек сөздері мен синтаксистік қүрылымы балалар церебральды салы анықталған оқушының мүмкіндігіне сай болуы керек.
Пән бойынша оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысын анықтауда, бағалауда мынадай критериилер сақталуы тиіс:
- білімнің көлемі;
- білімнің орындалу уақыты мен үйлесімділігі;
- білімнің қорытындысы мен жүйелілігі.
Сонымен қатар, оқушылар оқу еңбегін іскерлік, дағдымен ұштастырып, берілген тақырыптың негізгі мазмұнын жаңа материалмен байланыстыра білуге қалыптасуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |