Басқару шешімдерін қабылдаудың деңгейлік құрылымы.
«Формальды құрылым» ұғымында таңдау процестерінің ішкі мазмұны тіркелетіндіктен, оны белгілеу үшін ұқсас «микро- құрылым» және «эндоқұрылым» ұғымдары атап көрсетіледі. Формальды құрылым басқару шешімдеріне де тән, өйткені ол тұлғалық таңдаудың барлық типтері үшін әмбебап. Ол жеке формада іске асатын шешім түрлері үшін әсіресе маңыз- ды. Коллегиялық басқару шешімдері ұйымдастыруды да білу қажет.
Бұл сұраққа бүгінгі күні бар басқару шешімдерін қабылдау теорияларының бірі – басқару шешімдерінің құрылымдық-дең- гейлік тұжырымдамасы жауап береді. Оның негізгі ережелері мынада. Басқару шешімдерін қабылдау процестері үшін кәсіби шешімдердің басқа түрлерінің арасында әлдеқайда айқын көрі- нетін полиморфизм тән екендігі белгілі. Күрделілігі бойынша түрлердің, кластардың және формалардың осы шоғырлануы, жетекші оны «басқара алатындай» реттелуі және бірлесе ұйым- дасуы қажет.
Мұндай реттелу басқару шешімдерінің негізгі ерекшелігіне – оның бір мезгілде жеке және топтық таңдау процестерін қосып алатын туынды, синтетикалық сипатына негізделген. Бұл про- цестер арасындағы пропорцияның өзгеруі жетекшінің топпен өзара іс-әрекеті сипатын өзгертеді, бұл коллегиялық шешімге қатысатын бүкіл топтың құрылымдық ұйымның өзгеруіне соқ- тырады. Басқару шешімдерінің өрісіне кіретін формалар маз- мұны бойынша да, мәнділігі бойынша да әртүрлі болғандықтан, олар тік орналасады, яғни бір-біріне өзара бағыныңқы. Олар ше- шім шығару процестерін ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлері ретінде қарастырылуға тиіс. Басқару шешімдерін ұйымдасты- рудың бес негізгі деңгейлері атап көрсетіледі:
Автократиялық деңгей. Бұл деңгейде басқару шешімде- рін қабылдау процестерінің екі айрықша ерекшелігі бар. Бі- ріншіден, олар жетекшінің жеке формасында көрсетілген, бас- қарылатын топ мүшелерімен байланыссыз жүзеге асады. Екін- шіден, шешім барысында жетекші, формальды түрде өз мәр- тебесі мен биліктік өкілеттілігін сақтай отырып өзін топқа қар- сы (саналы түрде немесе жағдайға байланысты) қояды. Бұл
жағдайда шығарылатын шешімдер диктаторлық, авторитар- лық, ал кейде волюнтарлық сипат алады. Бұл кезде топтың өзі жетекшіге қатысты референттік топ мәртебесіне ие болмайды.
Автономдық деңгей. Бұл деңгей шешімдері де жеке фор- мада іске асады, бірақ автократиялықтан өзінің психологиялық мазмұны бойынша ерекшеленеді. Жетекші жалпытоптық қызы- ғулар мен мүдделерді және оның мүшелерінің пікірлерін барын- ша ескеруге ұмтылады. Шешімдердің бұл типіне орташаланған түрде коллегиалдық аспект – жетекшінің өзін топқа тиесілі екендігін саналауы арқылы кіреді.
Бұл – өздерінің механизмдері бойынша жеке болатын бас- қару шешімдерінің бөлігі, өйткені автономды түрде іске асады. Өзінің негізгі факторлары бойынша олар тұлғааралық, өйткені оларды жасайтын субъект – топ мүшесі. Сонымен жетекші үшін топ автократиялық шешімдерде жоқ, референттік топ мәртебесіне ие болады.
Локальды-коллегиялық деңгей. Бұл деңгейдің шешімдері- не мынадай ерекшеліктер тән:
шешімдер оларды жасау процедурасына топтың жетекші тартқан басқа мүшелерінің қатысуымен іске асады. Сондықтан олар коллегиялық сипат алады;
шешімдер таңдауға қатысушылардың тұлғааралық байла- ныстары барысында жүзеге асады, бұл оларға айрықша психо- логиялық өзіндік түр береді;
шешімдерге бүкіл топ емес, оның шағын бөлігі ғана қа- тысады;
жетекші коллегиялық шешімдерде үстемдік мәртебесін сақтайды, олар сондықтан иерархиялық ұйымдасқан түрде іске асады.
Интегративтік-коллегиялық деңгей. Бұл деңгейдегі ше- шімдерді дайындау және қабылдау процесіне бүкіл топ қаты- сады. Оларда коллегиялық бастаудың айқындалу дәрежесі өз максимумына жетеді. Мұндай шешімдер нормативті көрсетіл- ген, сондықтан олар басқарудың ұйымдастыру жүйесінің қыз- мет етуінің қажетті жағын құрайды. Процедуралы түрде мұндай шешімдер референдумдар, конференциялар, жалпы жиналыстар, т.б. формасында болады.
Мұндай шешімдердің екі түрі бар: біріншісінде бүкіл топ шешімдер процедурасына нақты қосылады, екіншісінде топтың қалған мүшелерінің барлығының көзқарасын білдіретін кейбір мүшелері ғана қатысады. Бұл жағдай көбінесе ірі ұйымдарға тән.
Шешімдердің мұндай типі ұйым практикасында сирек кез- десетініне қарамастан, өз мәнділігі бойынша ол басты болып табылады. Бұл шешімдер бірлескен – стратегиялық ретінде бел- гіленеді.
Шешімдердің бұл типінде басқару мен коллегиялық үлесі өзгереді. Шешімдер қабылдау сәттеріндегі айқындаушы рөл топқа беріледі, дегенмен процедура түрінде шешімдерді дайын- дау процесінде жетекші өз мәртебесі мен биліктік өкілеттілік- терін сақтап қалады. Кейде шешімдер процедуралары «шешуші сөз» топқа қалатындай нормативті реттеледі. Бұл шешімдер басқару шешімдерін қабылдауда иерархиялық бастауға белгілі бір қарсы салмақ ретінде болады. Бірлескен-стратегиялық ше- шімдерде, демек шешім шығарудың иерархиялық және коорди- нациялық (үйлестірулік) аспектілерінің инверсиясы орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |