Пікір жазғандар


Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік процестер



бет57/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік процестер

Коммуникативтік процестер басқару іс-әрекетін ұйымдасты- руда үлкен рөл атқарады, өйткені оның «субъект-субъектілік сипаты» жетекші мен қол астындағылар арасындағы тұрақты байланыстардың болуын білдіреді. «Коммуникация» ұғымында бірқатар аспектілерді ажыратады:



  1. Коммуникативтік функция басқаруды тұтастай алғандағы негізгі және өзіндік ерекше функцияларының бірі ретінде.

  2. Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы осы функцияны іске асыруға бағытталған; вербальды мінез-құлық айрықша рөл атқарады.

  3. Тұлғааралық жанасулар барысында пайда болатын коммуни- кативтік құбылыстар мен заңдылықтар, психологиялық әсерлер.

  4. Тілдесуді қамтамасыз етуші психологиялық механизмдер болып табылатын коммуникативтік процестердің өзі.

Вербальдық мінез-құлық психологиясы басқару психология- ның ауқымды және дербес саласы, көлемі жағынан тұтастай алған- да іс-әрекетті басқару психологиясымен салыстырмалы болады. Тілдесу мен іс-әрекетті басқару процесін және жетекшінің сондағы мінез-құлқын сипаттайтын екі негізгі және «теңқуатты» ұғым. Коммуникация – бұл басқарудың сыртқы жағы, оның тікелей практикасы, сондықтан олар оқып-үйренуге әлдеқайда жеңіл.

Басқаруда іс-әрекетті психологиялық сипаттау үшін комму- никациялардың сыртқы жағы емес, солардың негізіне жататын және жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқын қамтамасыз ететін психологиялық процестер, құбылыстар мен заңдылықтар негізгі мәнге ие.


Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы
Жетекшінің тиімді коммуникативтік мінез-құлқының негізі болып табылатын ережелер мен талаптарды сақтау практикалық және теориялық көзқарас тұрғысынан алғанда ең үлкен мәнге ие. Тиімсіз коммуникациялар нашар жетекшіліктің басты себеп- терінің бірі.

Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы төмендегідей бір- неше негізгі топқа бөлінеді: басқа функциялар мен мәселелер- дің атқарылуын қоштайтын параллель коммуникациялар; әң- гімелесулер мен келісімдер; іскерлік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу; жетекшінің көпшілік алдында сөйлеуі; қол астын- дағыларға олардың іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында әсер ету формасы түріндегі сөздік атқарымдық іс-әрекет. Сондай-ақ коммуникацияның вербальды емес формалары – мимика, пан- томимика және жазба түрлері бар. Бұл түрлердің әрқайсы- сы жетекшінің сөздік мінезіне өзіндік ерекше талаптар қояды.

Тілдің жалпы мәдениетіне негізгі талаптар қойылады. Олар- дың арасындағы ең маңыздысы – лингвистикалық нормаларды сақтау.

Тіл мәдениетінің ажырамас компоненті – алдымен идеалды, сонан кейін вербальды тұрғыда тұжырымдалуға тиіс хабардың ақпараттық қашықтығы.

Коммуникация тиімділігі фразалардың тұрғызылуындағы тү- сініктілік пен құрылымның қарапайым болуынан көрінеді.

Тілдегі қателік көңіл-күйлік бояманың болмауы және оның гипертрофтануы; айтылу мазмұнының үйлесімділігі және оның көңіл-күйлік қанығу шамасы қажет.

Дәл осындай талап коммуникацияның вербальдық және вербальдық емес құралдарының сабақтастығына да қойылады.

Коммуникацияларды олардың мақсаттық бағытталуын еске- ре отырып тұрғызу қажет; мазмұны бойынша олар өзі сол үшін жүзеге асатын мәселеге сай болуға тиіс.

Тіл мәдениетіне қойылатын маңызды талап – оның адресат ерекшеліктеріне баламалығы.

Бұл талаптардың барлығының сабақтастығы – жетекшінің коммуникативтік біліктілік шарттарының бірі, ол әңгімелесулер мен келіссөздер жүргізу кезінде әлдеқайда толығырақ байқала- ды. Бұл кезде өзіне тән ережені де сақтаған жөн: әңгіменің бі- рінші кезеңдерінен байланыс орнату; әңгімеге мұқият дайын- далу (өз мақсаттарының нақтылығы, өз мінез-құлқының такти- касы); тыңдай білу шеберлігі; әріптеске деген құрмет пен зейіні; асығыс тұжырым жасамау; қорғансыз болмау; қажетсіз таласқа араласпау; әңгіме алып келуі мүмкін нәтиже туралы ұмытпау.



Бұл талаптар іскерлік кеңестер барысында да оң болады. Бес негізгі кезең атап көрсетіледі: кеңестің басталуы; негізгі ақ- паратты беру; дәлелдеу; қарсы дәлелдерін бейтараптандыру немесе жоққа шығару; шешім қабылдау. Оларға іскерлік кеңестер өткізудің бес негізгі принципі әрбір негізгі кезең үшін сай келеді:

  1. қатысушылардың зейінін проблемаға аудару, олардың талқылауға қатысу қажеттігін түсіндіру;

  2. талқыланатын проблеманың әлдеқайда тиімді шешілуіне қатысушылардың жеке қызығушылығын ояту;

  3. барлық айтылған пікірлерді барынша дәлелдеу;

  4. бөтен дәлелдерді жоққа шығарудан бұрын, олардың нақ- ты себептерін ашуға тырысу;

  5. түбегейлі шешім шығаратын кезде кеңеске қатысушы- лардың қызығулары мен мүдделерін ескеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет