СОНЫМЕН, ПІКІР МЕН СӨЙЛЕМ ТЫҒЫЗ БІРЛІКТЕ БОЛҒАНЫМЕН, БІРАҚ ОЛАРДЫҢ
АРАСЫНДА БЕЛГІЛІ БІР АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР ДА БАР. ОЙЛАУДЫҢ ФОРМАСЫ БОЛЫП
ТАБЫЛАТЫН ПІКІР МЕН ОНЫҢ ТІЛДІК КЕРІНІСІ БОЛЫП САНАЛАТЫН СӨЙЛЕМДІ БІР
НӘРСЕ ДЕП ҚАРАСТЫРУ ПІКІР, ОЙЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚАТЕЛІКТЕРГЕ СОҚТЫРУЫ
МҮМКІН.
ПІКІРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ. ПІКІРДІН БІР-БІРІНЕН БІР ҚАТАР ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ
БОЛУЫ МҮМКІН ЖӘНЕ БОЛАДЫ ДА. МҰНЫҢ МӘНІСІ: ПІКІРДЕ ӘР ТҮРЛІ НӘРСЕЛЕР,
ОЛАРДЫҢ ӘР ТҮРЛІ ҚАСИЕТТЕРІ, СОНДАЙ-АҚ НӘРСЕЛЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ТҮРЛІ
БАЙЛАНЫСТАР БЕЙНЕЛЕНЕДІ. ПІКІР ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ БОЛЫП, ҮЛКЕН ЕКІ
ТОПҚА БӨЛІНЕДІ. ҚАРАПАЙЫМ ПІКІР БІР СУБЪЕКТІДЕН ЖӘНЕ БІР ПРЕДИКАТТАН
ТҰРАДЫ, АЛ КҮРДЕЛІ ПІКІР БІРНЕШЕ СУБЪЕКТІДЕН НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ ПРЕДИКАТТАН
ТҰРАДЫ.
МЫСАЛЫ: "АРМАН ҚҰС КӨКТІ ТЕРЕҢ БОЙЛАП БАҚҚАН"— ЖАЙ ПІКІР.
АЛ: ҒАШЫҚПЫН, ӨМІР САҒАН КӨКТЕМ ҮШІН, ҚОРҚЫНЫШ — ҮРЕЙ ҮШІН, ОТ ДЕМ
ҮШІН. ҒАШЫҚПЫН ӨМІР САҒАН АЗДЫ-КӨПТІ ДӘМІҢНЕН БҰЙЫРҒАНЫ ЖЕТКЕНІ ҮШІН,
— БҰЛ КҮРДЕЛІ ПІКІР.
ПІКІРДІ ТҮРЛЕНДІРУ. СӨЗБЕН ПІКІР ӘР ТҮРЛІ МАҒЫНАДА, ТҮРЛІШЕ БОЛАДЫ. БІР
ПІКІРДІҢ ӨЗІН ӘР ТҮРЛІ СӨЙЛЕМДЕРМЕН БЕРУГЕ БОЛАДЫ. МЫСАЛЫ: "ЫНТЫМАҚ
ТҮБІ — БІРЛІК", "ЫНТЫМАҚ ТҮБІНДЕ БІРЛІК ЖАТЫР", "БІРЛІКТІҢ НӘТИЖЕСІ
ЫНТЫМАҚ БОЛАДЫ". ОСЫ ҮШ СӨЙЛЕМНІҢ ҮШЕУІНДЕ ДЕ БІР ҒАНА ПІКІР БАР; ОЛАР
ТҮРЛІ СӨЗДЕРМЕН АЙТЫЛҒАНЫМЕН, ПІКІР БІРЕУ.
БІР ПІКІРДІҢ ӨЗІН КӨБІНЕСЕ ЖАҚТЫ СӨЙЛЕММЕН ДЕ ЖӘНЕ ЖАКСЫЗ
СӨЙЛЕМДЕРМЕН ДЕ АЙТУҒА БОЛАДЫ. МЫСАЛЫ: "НАЙЗАҒАЙ АҒАШТЫ ӨРТЕП
ЖІБЕРДІ" ЖӘНЕ "НАЙЗАҒАЙДАН АҒАШ ӨРТЕНІП КЕТТІ".
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ ЖОБАСЫНАН
АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |