Пікірталас түрлері Қайшыланған пікірталас / немесе Торлы талқылау



Дата17.07.2016
өлшемі63.95 Kb.
Пікірталас түрлері
Қайшыланған пікірталас / немесе Торлы талқылау
1) Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргеннен кейін, оқытушы студенттердің осы мәселе төңірегіндегі өз ойларын қағазға түсіріп алып, өз көзқарасын айқындауын сұрауы керек. Бұл жерде студенттер «Т-кестесін» қолданып, оқытушы ұсынған проблема (немесе сұрақты) жазып алғаннан кейін дәптерін екіге бөліп, сол жақ бағанға бірінші көзқарасты жақтайтын, ал оң жақтағы бағанға екінші көзқарасты негіздейтін дәлелдерді келтіреді. Осыдан кейін олар өздерінің қай позицияны жақтайтындығын кестенің астына жазып қояды.
Мысалы: Әлемдік дағдарыстың салдары Қазақстан экономикасының дамуын бәсеңдетпей ме?




______ Бәсеңдетеді ______________________ Бәсеңдетпейді ________________


  • Қазақстан экономикасы шикізат - Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтың

шығаруға бағытталған толыққанды мүшесі емес

  • Қазақстан экономикасы 80%-ке - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы қалыптаспаған

Ресеймен байланысты - Қазақстанда алтын қоры жеткілікті мөлшерде

өзін-өзі регуляциялау механизмі қалыптаспаған шығады

Ұстанған позициям: Әлемдік дағдарыстың салдары Қазақстан экономикасының дамуын бәсеңдетпейді.
2) Осыдан кейін студенттер үш үлкен топқа бөлінеді: бірінші пікірді (мәселен «Иә»), екінші пікірді жақтағандар («Жоқ» деген көзқарасты ұстанғандар) және «Мүмкін» деген көзқарасты ұстанғандар.

3) Студенттер топтарда өз көзқарастарын дәлелдейтін тұжырымдарды талқылап, олардың тізімін жасайды.

4) Әрбір топ бүкіл топ атынан сөйлейтін спикерді таңдайды.

5) Осыдан соң топ спикерлері кезекпен өз дәлелдерін аудиторияға белгіленген уақыт ішінде (1-2 минут) жеткізеді.

6) Спикер сөйлеп болған соң, қарсы жақтардың сұрақ қоюына болады, оларға жауапты тек спикер ғана бермей, топтың басқа да мүшелері де қайыруына болады.

7) Осылайша үш топ та өз дәлелдері мен уәждерін келтіргеннен кейін қарсыластар бір-біріне қол соғып, орындарына отырып, пікірталастан кейін бағанағы проблема жөнінде өз ойларын эссе түрінде жазбаша келтіреді.


Қайшыланған пікірталастың ережелері:

  • спикер сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу керек;

  • қарсы жақтың көзқарасына жағымсыз тұрғыдан сын және пікір айтпай, тек олардың көзқарасын айқындайтын сұрақ қана қоюға болады.


Диспут формасындағы пікірталас

1. Кіріспе

- Жүргізуші пікірталасты ашып, оның тақырыбы мен мақсаттарын хабарлап, оларға түсініктеме береді, қатысушылар мен көремендердің қызығушылығын тудырады.

- Пікірталаста сарапшылар (немесе төрешілер) алқасын да сайлауға болады. Олардың қатарына оқытушылар, мамандар немесе басқа да студенттер кіре алады. Сарапшылар пікірталастың жеңімпазын анықтаумен айналыспаса керек, олар пікірталаста туындауы мүмкін мәселелерді шешіп, оның ережелерін қадағалауды бақылайды.

- Жүргізуші пікірталасқа қатынасатын әртүрлі позиция ұстанған екі жақты көрермендерге таныстырып, пікірталас ережелері мен регламентін жариялап, сөз ретін анықтайды.



2. Бірінші позицияны жақтаушылардың сөзі

- Алдымен бірінші позицияны жақтаушы (шешен, спикер) сөйлеп, өз пікірін белгіленген уақыт аумағында (мәселен, 3 минут) келтіреді, оны түсіндіреді, дәлелдейді.

- Оның сөзінен кейін екінші пікірді жақтаушылар спикерге сұрақтар қояды да, спикер берілген сұрақтарға жауап береді.

- Келесі кезек қарсы көзқарас ұстанған жаққа беріліп, оның өкілі бірінші жақтың позициясына тоқталып (бұған уақыт азырақ беріледі, мәселен, 2 минут), солардың көтерген проблемсы бойынша басқа шешім ұсынып, қарсыластарына тағы да сұрақтар қояды.

- Бірінші көзқарасты ұстанушылар өз позициясын нақтылай түсіп, сұрақтарға жауап береді.

3. Екінші позицияны жақтаушылардың сөзі

- Енді тура сол ретпен екінші позицияны жақтаушы (шешен, спикер) сөйлеп, өз пікірін белгіленген уақыт аумағында (мәселен, 3 минут) түсіндіреді және дәлелдейді.

- Оның сөзінен кейін бірінші пікірді жақтаушылар спикерге сұрақтар қояды да, спикер берілген сұрақтарға жауап береді.

- Кезек бірінші көзқарас ұстанған жаққа беріліп, оның өкілі қарсы жақтың позициясына тоқталып (бұған уақыт азырақ беріледі, мәселен, 2 минут), солардың көтерген проблемсы бойынша басқа шешім ұсынып, қарсыластарына тағы да сұрақтар қояды.

- Екінші көзқарасты ұстанушылар өз позициясын нақтылай түсіп, сұрақтарға жауап береді.

4. Екі позицияны айқындайтын сұрақтар

- Пікірталасқа қатысушы екі жақ бір-біріне ұстанымдарын нақтылайтын сұрақтар қойып, оларға жауап береді.

- Бұл әрекетке 3-5 минут берген орынды. Әр команда сұрақтарға дайындалуға мұрсат алғандығы да дұрыс болады. Олар бірлесе отырып, өз жауаптарын талқылап, өз араларынан кімнің сөйлейтіндігін белгілейді.

5. Позицияларды қорытындылау

- Қарсы жақтарға соңғы сөз беріледі. Ұсынылған уақыт ішінде (мәселен, 3 минут) әрбір жақ кезекпен өз позициясы бойынша соңғы дәлелдер мен уәждерін келтіреді. Пікірталас барысында олардың ұстанымдары қарсы жақтың ықпалымен өзгерістерге ұшырауы ықтимал (мүмкін мұндай өзгерістердің болуы міндетті түрдегі шарт та болар, өйткені бұл жәйт пікірталастың басты мақсаты болып табылады).

- Олардың сөзі «Сонымен...» немесе «Қорытындылай келе...» деп басталғаны орынды.

6. Пікірталасты қорытындылау

- Жүргізуші сарапшылар алқасына сөз беріп, олардан пікірталас ережелерінің қандай деңгейде қадағаландығын сұрайды. Сарапшылар алқасының мүшелері даудың қалай өткендігі жайлы өз пікірлерін келтіріп, әр жақтың позициясына жеке тоқтап, оларға баға беруі де ықтимал. Алайда олардың бір көзқарасты жақтап сөйлеген сөздері сарапшылардың барлығының пікірі емей, жеке субъективтік пікір ретінде берілуі тиіс.

- Сарапшылар пікірінен кейін жүргізуші пікірталастың қалай өткендігін қорытындылайды. Ол жеңімпазды анықтау ісімен айналыспай, пікірталастың өз мақсатына жеткен-жетпегендігі туралы сөз қозғауы керек.
«Бұрыштар» пікірталасы
1. Оқытушы тақырып бойынша екі немесе одан да көп баламалы шешімдері бар проблеманы анықтап, оларды жариялағаннан кейін студенттерді шағын топ құрамында осы мәселені «Ой қозғау» тәсілін қолдана отырып талқылауды ұсынады.

2. Оқытушы студенттерге көзқарастардың бірін таңдап, үш минут ішінде ұстанған позицияларды дәлелдейтін аргументтерді жазуды тапсырады.

3. Бірінші көзқарасты ұстанған студенттер аудиторияның бір бұрышына, басқа пікірді жақтағандар екінші бұрышына, ал енді үшінші немесе төртінші позицияны таңдағандар бөлменің басқа бұрыштарына барып тұрады.

4. Оқытушы талқыланып жатқан проблема бойынша алдын-ала дайындаған мәтінді (мақала, лекция, ғылыми монография, т.б.) студенттерге таратып береді. Студенттер әр шағын топта мәтінді өзара бөліп, олардың позициясын қуаттайтын дәлелдер іздейді. Әр топтан 1-2 студент осыдан кейінгі пікірталаста топ пікірін білдіретін спикер (шешен, сөйлеуші) болып таңдалады.

5. Топтарға кезекпен сөз беріледі. Спикерлер өз топтарының атынан 1-2 минут аралығында позицияларын айқындайды.

6. Енді сөз топтардың басқа да мүшелеріне беріліп, олар пікірталасқа араласа алады. Топтарды пікірталасқа ынталандыру үшін оқытушы тарапынан студенттерге келесідей сұрақтар қойған орынды: «Неліктен бірінші топтың мүшелері үшінші топтың көзқарасын қабылдамады?», «Сіздер екінші топтың қандай пікірімен келіспейсіздер?», «Неліктен бірінші топтың студенттері сіздерді өз көзқарасына иландыра алмады?», «Неліктен сіздер өз позицияларыңызға өзгеріс енгізбедіңіздер (енгіздіңіздер)?».

7. Пікірталас кезінде студенттер өз көзқарастарын өзгертіп, басқа топтарға ауыса алатындығын ескерту керек. Оқытушы тіпті студенттерді пікірлерін ауыстыруға ынталандыруы керек. Бұл жәйт олардың ойлану жұмысына қызу түрде қатысқандығын және ойлау икемділігін көрсетіп, топтың басқа мүшелерінің жауапкершілігін көтереді: олар жақтастарынан айрылып қалмау үшін пікірталаста дәлелді болуға тырысады.

8. Пікірталас соңында әрбір топқа өз позициясын қысқа түрде (1 минут) басқалардың алдында ауызша тұжырымдау мүмкіндігі беріледі (спикерлер сөйлеп болғаннан соң оларға сұрақтар қойылмайды).

9. Пікірталас аяқталғаннан кейін оқытушы әрбір студентті өз ұстанымын эссе түрінде жазуды тапсырады.
«Академиялық даудамай» пікірталасы
1. Оқытушы сабақта қарастырылып жатқан тақырып бойынша кемінде екі шешімі (немесе екі позиция, пікір, көзқарас ұстануға мүмкін) бар проблеманы студенттерге жария қылады.

2. Студенттер төрт адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.

3. Топ ішінде студенттер қарама-қарсы көзқарастар бойынша екі-екіден бөлініп, жұптаса отырып, өз позициясын қорғауға дайындалады (бұл жерде студенттер жұптарға өз қалауы бойынша немесе тіпті оқытушы нұсқауымен бөлінуіне болады).

4. Жұптар уақытша бұзылып, студенттер аудитория ішінде өз жақтастарын тауып, басқа жұптар құрып, өз дәлелдерімен бөліседі, оларды толықтырады.

5. Студенттер алғашқы жұптарына қайта оралып, басқа студенттерден естіген дәлелдерін ортаға салып талқылайды, алдағы пікірталасқа дайындалады.

6. Жұптар топ ішінде кезекпен екінші жұпқа өз позициясын жеткізеді. Қарсы жақ мұқият тыңдап, туындаған ойларын қағазға түртіп отырады.



7. Екі жұп бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беріп, өз ұстанымдарын жақтап, пікірталасқа кіріседі.

8. Пікірталас тоқтатылып, екі жақ келісім мен мәмілеге келетіндей ортақ шешімді іздестіреді. Мұнда әр жақтан ұтымды дәлелдер ескеріледі.
Каталог: download -> version
version -> Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты
version -> Сабақтың тақырыбы: Етістік
version -> В17. Умение использовать информационно-коммуникационные технологии
version -> Аллен Р. Г. Множественные источники дохода
version -> Арифметические действия в позиционных системах счисления
version -> Геодезия көне заманда жер бетiнiң өлшемі және зерттеуi шаруашылық мақсатта қажеттілігінен пайда болды. Ежелгi Мысырда б з
version -> Бастауыш сыныпқа арналған біркелкі орфографиялық тәртіп Мазмұны
version -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
version -> Казахстан тарихы 6-11 сынып алфавит. 6 сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет