Пісіру туралы жалпы мәліметтер Пісіру процесінің физикалық мәні


Пісіру доғасын нәрлендіру көздері



бет15/17
Дата18.05.2022
өлшемі341.5 Kb.
#456890
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Пісіру ісінің нег. оқулық 1

5. Пісіру доғасын нәрлендіру көздері
5.1 Нәрлендіру көздерінің жалпы сипаттамалары
Доғалы пісіруге арналған нәрлендіру көздері, доғаның жануын және сөнуін , оның тұрақты жануын, оның физикалық көрсеткіштері мен технологиялық қасиеттерін басқаруды қамтамасыз ететін, пісіру жабдығының негізгі элементі болып табылады.
Электр доғасы арнайы трансформатор, генератор және түзеткіштерден нәрлендіріледі. Доғаның жану ережесі ток күші JД, доға кернеуі Uq, доға ұзындығымен lq, сондай-ақ айтылған шамалардың өзара байланыстарымен сипатталады. Доға энергияны қабылдаушы ретінде энергия беруші аппараттармен өзара тәуелді біртұтас энергетикалық жүйе қалыптастырады.
Доғалы пісіруге арналған нәрлендіру көздерін таңдау бірқатар факторлерге байланысты, оның ішінде доғаның физикалық қасиеттеріне, нақты пісіру тәсілі мен пісіру материалдарының ерекшеліктеріне, пісіру жалғасының сапасына қойылатын талаптарға және пісіруді орындау жағдайларына байланысты.
Кез-келген нәрлендіру көзінің жұмыс атқаруының бірінші және анықтаушы жағдайы ол доғаның электрлік сипаттамасы.
Доғаның статикалық вольт-амперлік сипаттамасы (СВАХ) дегеніміз ол доға кернеуінің Uq доғадағы ток күшіне Jq байланысты (Өткен ІІ тарауды қара).
Статикалық жұмыс ережесінде кернеу мен тоқ өз мәндерін жеткілікті шамада ұзақ мерзім тұрақтылығын сақтайды. Доғаның вольт-амперлік сипаттамасы (СВАХ) мен нәрлендіргіштің сыртқы сипаттамасы (ВВАХ) бір-біріне орақ кернеу мен тоқ шамалары мәнінде жұмыс істейді.
Нәрлендіргіштің сыртқы сипаттамасы деп оның сыртқы клеммаларындағы кернеу мәнінің пісіру тоғына тәуелдігін айтады (Uн =f(Jн). Пісіру процесінде нәрлендіру көздерінің мынадай сыртқы сипатталары болады:
а) күрт құламалы;
ә) көлбеу құламалы;
б) қатаң (түзу сызықты);
в) өспелі.
Нәрлендіру көзін қабылданған пісіру тәсіліне сай келетін доғаның вольт-амперлік сипаттамасына байланысты таңдайды.
Сипаттамасы күрт құламалы пісіру тоғының нәрленгіштері жоғарылау бос жүріс кернеуі есебінен доға жануын жеңілдетуге және доға ұзындығының толқуында, оның тұрақты жануын қамтамасыз етуге қажет. Булар қолмен доғалы пісіру үшін қолданылады.
Флюс астында пісіргенде пісіру аумағына электродты тұрақты механикаландырған беру жылдамдығымен бергендіктен доға ұзындығының өзгеру шамасы аздау.
Осыған сай кернеу мен ток күші де осы шамаларда өзгереді. Бұл пісіру нәрлендіру көзінің көлбеу құламалы сипаттамасымен қамтамасыз етіледі.
Қолмен доғалы пісіруде және флюс астында пісіргенде электрод қаптамасы мен флюстегі жеңіл ионданушы элементтердің (Na, К, Са) болуы.
Сипаттамасы күрт құламалы нәрлендіру көздері сондай-ақ қорғаушы газда балқымайтын электродпен пісіргенде қолданылады.
Көмірқышқыл газы ортасында пісіргенде доға жануының тұрақтылығына негізінде жоғарырақ тоқ тығыздығымен жетеді, бұл тоқпен нәрлендіру көзінің қатаң сипаттамасымен қамтамасыз етіледі.
Пісіру тоғының қоп посталы нәрлендіру көздерін (түзеткіштер, түрлендіргіштер) пайдаланғанда, олардың қатаң вольт-амперлі сипаттамасы болуы шарт, ал балласты реостаттармен жабдықталған жеке постылар әрбір постының күрт құламалы сыртқы сипаттамасын қамтамасыз етеді және пісіру тоғының күші осы реостатпен реттеледі.
Доғалы пісіруге арналған әрбір нәрлендіру көзі сыртқы вольт-амперлік сипаттамасынан да (ВВАХ) басқа оның нақты жағдайда пайдалану мүмкіншілігін анықтайтын техникалық көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады.
Бұл көрсеткіштердің негізгілері төменде келтірілген.
Номиналды ток – нәрлендіргіштің есептелген пісіру тоғы оның номиналды тоғы болып саналады. Электр доғасын нәрлендіргіштердің номиналды тоғы электр тоғын беретін машиналарға тән көрсеткіштік қатарға сәйкес жасалады. Көпшілік жағдайда нәрлендіргіштердің номиналды тоғы 50-1000А аралығында болады.
Номиналды кернеу Uн – нәрлендіргіштің пісіру кезінде (жүктемелі жағдайда) көрсететін кернеуі, ол пісіру тоғына түзу сызықты тәуелділікте деп шарты анықталады. Номиналды пісіру тоғы 600А-ге дейінгі теңдеумен анықталады:

мұнда, - номиналды пісіру тоғы;

  • пісіру тоқ шамасын реттеу шегі пісіру тоғының ең төменгі және жоғары мәндерін көрсетеді;

  • бос жүріс кернеуі нәрлендіргіште пісіру тоғы (жүктемелік тоқ) болмаған жағдайда сыртқа шығатын қосылыстардағы кернеу шамасы. Айнымалы тоқпен қолмен доғалы пісіргенде ол 80В-тан, ал тұрақты тоқпен қолмен пісіргенде 100В-тан аспауы керек, флюс қабаты астында механикаландырылған пісіруде -140 В-тан аспайды;

  • салыстырмалы қосылу ұзақтығы (ҚҰ,%) – қайталанбалы қысқауақытты ережеде істейтін механикаландырылған пісіруге арналған нәрлендіру көзін сипаттайтын көрсеткіш әдетте бұл 60 % цикл ұзақтығы 10 мин;

  • жүктеменің салыстырмалы ұзақтығы (ЖҰ,%), аралық ережеде істейтін қолмен доғалы пісіруге арналған нәрлендіру көздерін сипаттайтын көрсеткіш (циклдың ұзақтығы 5 минут болғанда 60%-ға тең);

  • пайдалы әсер коэффициенті (ηн) нәрлендіргіштің өзіне тән энергия шығынын сипаттайды:


мұнда, - доға қуаты;
- электр желісінен алынатын қуат.
Әртүрлі нәрлендіргіштер үшін пайдалы әсер коэффициенті ауқымды шекте өзгереді, ол 45-98 % аралығында болады.
Доғалы пісіруге арналған нәрлендіру көздерін ең алдымен доға тоғының түрімен (тегімен) таңдайды.
Пісіру доғасын нәрлендіру үшін айнымалы тоқ, (пісіру трансформаторлары), тұрақты тоқ (пісіру түзеткіштері, инверторлар, түрлендіргіштер және генераторлар), сондай-ақ импульсті пісіруге арналған әмбебап нәрлендіру көздері пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет