Пісіру туралы жалпы мәліметтер Пісіру процесінің физикалық мәні


Тұрақты және айнымалы тоқ доғаларының пісіру қасиеттері



бет5/17
Дата18.05.2022
өлшемі341.5 Kb.
#456890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Пісіру ісінің нег. оқулық 1

2.3. Тұрақты және айнымалы тоқ доғаларының пісіру қасиеттері.
Тұрақты тоқ пісіру доғасындағы жылу бірқалыпты бөлінбейтін жағдайын, негізгі және электрод металының балқу жылдамдығын реттеу үшін пайдаланады (тура және кері полярлы пісіруді қолданып).
Массасы мен көлемі электродтан көп пісіру жасайтын бұйым көбірек жылу алуы үшін тура полярлы тоқты қолданады. Тура полярлыда негізгі және электрод металдары балқуының жылу жағдайлары жуық шамамен теңеседі: массалы бұйымға (анод) қарағанда, жіңішке электродта (катод) жылу аз бөлінеді.
Кері полярлы тұрақты тоқпен пісіру келесі жағдайларда пайдаланылады:
1. Егер электродтың қаптамасы қиынбалқитын болса. Пісіру процесінің дұрыс өтуі үшін (яғни доғаның орнықты жануы үшін), электрод сырығын мен қамтамасының бір мезгілде балқуын қамтамасыз ететін, электродқа жоғарырақ шоғырланған жылу қажет. Осы мақсатта электродұстауышқа нәрлендеру көзінің оң үйек сымы жалғанады.
2. Негізгі металда жылу шоғырлануын азайту қажет болғанда. Бұл мына жағдайда пісіргенде қажет: а) жұқа жаймалы металды; ә)түсті металдарды; б) артық қыздырғанда сезімтал легірленген арнайы болаттарды. Бұл мақсатта нәрлендіру көзінің теріс үйек сымын бұйымға жалғайды.
Пісіру доғасын айнымалы тоқпен нәрлендіргенде электрод пен негізгі металл полярлығы және доғаның бәсеңдеу жағдайы, тоқ жиілігіне сай, оқтын-оқтын өзгеріп тұрады. Бұл жағдайда катод және анод аумақтарында (электрод пен бұйым арасында) жылу бөлінуі және оның температурасы теңеседі.
Негізгі металдың балқу тереңдігі доға бағанасының газды үрлеуінің қысу күшіне елеулі байланысты. Балқу тереңдігінің ең көп мәні кері полярлы тұрақты тоқпен пісіргенде болады. Тура полярлы тоқпен пісіргенде негізгі металдың балқу тереңдігі 40-50%-ға аз. Айнымалы тоқпен пісіргенде негізгі металдың балқу тереңдігі кері полярлы тұрақты тоқпен пісіргеннен 15-20 % аз.
Доғаның жылу қуатты. Пісіру доғасының толық жылу қуаты электрлік қуатының жылу баламасына тең деп саналады:
Q = 0,24 · I · V ·K кал/с,
мұнда: I – пісіру тоғы (А);
V - доға кернеуі (V);
К- айнымалы тоқпен пісіргендегі доға қуатының төмендеуін ескеретін коэффициент (К=0,8-0,9);
Q – пісіру доғасының электрлік қуатының жылулық баламасы.
Доғаның толық жылу қуаты Q негізгі және электрод металын қыздырып балқытуға, электрод қаптамасын қыздырып балқытуға, жылудың қоршаған ортаға шашырауына шығындалады.
Электрод пен негізгі металды және электрод қамтамасын қыздыру мен балқытуға шығындалатын, бұйымға бөлігін пісіру доғасының тиімді жылу қуаты (g) деп атайды.
g = 0,24 · I · V ·K · h, кал/с,
мұнда: h – пісіру доғасымен металды қыздыру процесінің тиімді пайдалы әсер коэффициенті (h = 0,7 – 0,8);
g – пісіру доғасының тиімді жылу қуаты (кал/с).
Пісіру процесінің погондық энергиясы. Бұйымның бір өтпелі жігінің ұзындық бірлігіне енгізілетін жылу көлемін доғаның (пісіру процесінің) погондық энергиясы деп атайды.
Доғаның пісіру жиегі бойымен берілген жылдамдықпен V см/с жылжығанында бір өтпелі жіктің 1 см ұзындығына енгізілетін жылу көлемі келесі қатынаспен анықталады:
, кал/см
Бұл қатынас доғаның погондық энергиясы деп аталады. Доғаның погондық энергиясы пісіру процесінің негізгі сипаттарының бірі болып саналады және тиімді пісіру ережесін анықтағанда маңызы зор. Бір өтпелі жіктің көлденең қимасы погондық энергия шамасымен тура қатынаста.
Балқытып қаптастыру коэффициенті.Пісіру процесінде электрод металының бір бөлігі шашырауға, булануға тотығуға шығындалады, сондықтан ол балқыған металға (пісіру жігіне) аздау өтеді. Түйір электродтармен қолмен доғалы пісіргенде электрод металының шығыны 10%-ға дейін құрайды.
Балқытып қаптастыру коэффициенті ( ) доғаның бір сағат жанғанда балқытылған электрод металы массасының, граммен, пісіру тоғының 1 амперіне қатынасы.
г/А· г.
мұнда Qн – балқытылған металл массасы ескерілуімен (г);
I – пісіру тоғы (А);
t – доғаның жану уақыты (с);
– балқытып қаптастыру коэффициенті.
Балқытып қаптастыру коэффициенті электрод сырығы мен қаптамасының құрамына, пісіру тоғының түрі мен полярлығы байланысты. Балқытып қаптастыру коэффициенті пісіру процесінің меншікті өнімділігі болып табылады, ол электродтардың маңызды сипаттамасы ретінде қолданылады. Болат электродтары үшін балқытып қаптастыру коэффициенті = 8 – 18 г/А·сағ. аралығында болады, орташа 9 – 10 г/А·сағ. құрайды.
Балқытып қаптастыру коэффициенті пісіру жұмыстарын нормалағанда ескеріледі, оның мәнімен электрод шығыны, пісіру жылдамдығы мен уақыты анықталады.
Пісіру процесінің өнімділігі. Пісіру өнімділігі, сондай-ақ пісіру жұмыстарының көлемі балқытылған металл массасымен анықталады:
(г),
мұнда – балқытып қаптастыру коэффициенті (г/А·с);
– пісіру тоғы (А);
– доғаның жану уақыты (сағ.);
– балқытып қаптастырылған металдың массасы (г).
Пісіру тоғы көп болған сайын, пісіру өнімділігі жоғары. Пісіру сапасының жоғарылығында ток күші ең жоғарғы шекті мәнінде болуы қажет. Тоқтың шамадан тыс жоғарғы мәнінде электрод, жік металы және негізгі металдың балқу аумағы (жік жаны аумағы) қатты қызады, металдың шашырауы көбейеді. Бұл пісіру сапасын күрт төмендетеді.

Бақылау сұрақтары



  1. Пісіру доғасы дегеніміз не?

  2. Пісіру доғасының құрылымын айтыңыз?

  3. Электр пісіру доғасы қалай пайда болады?

  4. Балқытып қаптастыру коэффициенті дегеніміз не?

  5. Балқытып қаптастыру коэффициентін қалай анықтайды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет