Платформалар



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата13.03.2024
өлшемі0.92 Mb.
#495361
1   2   3   4   5   6   7   8   9
176-Текст статьи-925-1-10-20220329

Тірек сөздер: Білім беру платформалары, Math fight, Desmos, Edpuzzle, Toondo, 
Jibjab, Tricider, Argin, Padlet, Easel.ly. 
 
Негізгі ережелер 
Бүгінгі күні білім беруді дамытуда мемлекеттік бағдарламасында оқыту 
сапасын түпкілікті өзгертулерге нақты қадамдар жасалуы, күн сайын өзгеріп, 
дамып отыратын қоғам талаптары арқылы туындап отыратындықтан, 
мемлекетіміздегі білім беру саласындағы түрлі өзгерістер, жаңалықтар, 
реформалар, жаңа идеялар мен тың жүйелермен жұмыс істеуіне негіз болып 
отыр. Сондықтан қазіргі ақпараттық қоғам мен технологиясының ғасырында 
– білім алушылардың дамуының жаңа технологиялық кезеңінде білім беру мен 
оқытудың заманауи үлгілері сәйкес келуі керек. Бұл жоғарыда аталғандар
болашақ мамандарымыздың білімділігі мен тәжірибелілігінен көрініс береді. 
Осы орайда қазіргі білім беру саласындағы пандемиялық ақуал өзекті 


мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді шешуде платформалық 
оқытудың ең жақсы бағдарламалық жасақтамасы қарапайым, бірақ сонымен 
бірге күшті болуы керек. Ол нәтижелердің сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, 
өзгеріп отыратын оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті икемді 
болуы керек. Сонымен қатар, ең жақсы оқу бағдарламасы қосымша құралдарға 
жүгінбестен 
онлайн 
режимінде 
оқытудың 
барлық 
аспектілерін 
қанағаттандыруға көмектесетін толық шешімдерді ұсынуы керек. 
 
Кіріспе 
Платформалық оқыту бағдарламалық жасақтамасының өсіп келе 
жатқандығының арқасында біз бүгінде білім беру үшін онлайн оқыту мен 
дамуға тез көшеміз. Сандық аборигендердің өсіп келе жатқан саны 
интернеттегі білім беру платформалық құралдарына сұраныстың артуына 
әкеліп қана қоймай, оқытушының рөлін жаңа қырынан өзгертті [1]. 
Ендеше, қашықтан білім беру жағдайында сабақ өткізу, ресурстармен 
бөлісу кері байланыс, онлайн бағдарламалармен жұмыс жасауға тиімді 
бірқатар платформалармен танысатын боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет