Платформалар



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата13.03.2024
өлшемі0.92 Mb.
#495361
1   2   3   4   5   6   7   8   9
176-Текст статьи-925-1-10-20220329

Poplet платформасы 
Бұл өте қарапайым. Осы сілтемеге өтіңіз 
http://popplet.com/
 


 
 
Сурет 13 - Poplet платформасы 
Платформаға тіркелу үшін - сізге экранның жоғарғы оң жақ 
бұрышындағы «Кіру» сілтемесіне өту керек.
Ол үшін формада көрсетілген деректерді толтырамыз. Аты - жөні - 
электрондық поштаңызды енгізіңіз. Электрондық поштаңызды растаңыз - 
электрондық поштаңызды қайталаңыз. Құпия сөзіңізді (электронды 
поштаңыздан алған дұрыс) енгізіңіз. Құпия сөзіңізді растаңыз. Popplet-тің 
келесі қызмет түймесінің шарттарымен келісемін батырмасын басыңыз. 
Попплеттің пайдалану режимдерінің бірін таңдаңыз. Тіркеуді растағаннан 
кейін сіз тақта құруға кіре аласыз: Тіркелгеннен кейін әр пайдаланушы өзінің 
жеке кабинетіне кіре алады және сізге жұмысты бастауға болады (кіру қол 
жетімді) [5][6]. 
 
 
Сурет 14 -Тіркелу
Жоба құру. Жаңа тақта жасау үшін жаңа Popplet мәзіріндегі сол 
жақтағы батырманы басыңыз. 
Сурет 15 – Жоба құру
Жазба жазу үшін тақтаның кез келген жеріне екі рет шертіңіз. Жазбада 
мәтіндік материал, графикалық (графикалық, фотосуреттер, видео), әртүрлі 
ақпаратқа сілтемелер болуы мүмкін. Жазбалардың саны шектеулі емес. Сіз 
мультимедиа элементтерін компьютерден немесе белгілі Интернет 
қызметтерінен жүктей аласыз.Олб өлісу батырмасы арқылы тақтаны 
көпшілікке жария етіңіз. Содан кейін «Сақтау» батырмасын басуды 
ұмытпаңыз. 


 
 
Сурет 16 - Сақтау 
Редакторлық 
құқықтары 
бар 
авторларды 
қосыңыз. 
ADD 
COLLABORATOR командасын таңдаңыз. Тексеруден кейін электрондық 
пошта мекен-жайын енгізу үшін терезеде осы пайдаланушының аты пайда 
болады. Табылған автордың атын нұқыңыз, сонда ол көрсеткеннен кейін 
автоматты түрде оңға жылжиды. Осылайша сіз көбірек серіктес қоса аласыз. 
Авторларды шақыру үдерісінің соңында оларды қосу терезесінің төменгі 
жағындағы «Қосу» батырмасын басыңыз. Сіз қосқан пайдаланушыға Popplet 
тақтасына редакциялау құқығымен сілтеме жіберіледі. Сонымен қатар, сіз осы 
тақтаға сілтемені «Белгі» батырмасын басу арқылы ала аласыз, < > белгісін 
қолданып сайтқа тақта ендіру кодын алуға болады [7]. 
Байқап отырғанымыздай төртінші өнеркәсіптік революцияның 
өмірімізге етене енуі жоғары білім білім беруге үлкен өзгерістер әкелетіндігін 
Йель университетінің ғалымы Нэнси Глисон (Nancy Gleason) өзінің «Higher 
Education in the Era of the Fourth Industrial Revolution» атты еңбегінде тоқталып 
кеткен болатын [8]. 
Жалпы педагогика саласында қашықтықтан оқыту идеялары түбегейлі 
жаңа емес екенін атап өткен жөн. Осы уақытқа дейін көптеген Е.С. Полат, 
М.Ю. Бухаркина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров секілді зерттеушілер 
қашықтықтан оқыту үрдісі технологияларын өз еңбектерінде қарастырды [ 
Ғалымдар интернеттің дамуы және оның мүмкіндіктері электрондық 
пошта, чат, форумдары сияқты веб-пікірталасқа түсіп ақпарат алмасу және 
басқа да технологиялар оқытушылар мен студенттерге әр түрлі өзара 
әрекеттесу мүмкіндіктерін берді деген пікірде [10]. 
Мақаланы жазу барысында дүние жүзі бойынша білім беру 
платформалары мен ғылыми басылымдарға салыстырмалы талдау және синтез 
әдістері қолданылды. 2020 жылдан бастап әлем бойынша COVID-19 
пандемиясы кезінде әр түрлі вирустардың кеңінен тарауы себепті мәжбүрлі 
оқшаулау жағдайында қашықтықтан оқыту ЖОО алдында оқу үдерісін қайта 
қалыптастырып білім беру үдерісіне өзгерістер енгізу міндеттері қойылды. 
Осыған орай оқытушылар оқу үрдісінде қолданылатын дәстүрлі 
әдістерді бейімдеп жаңа әдістерді әзірлеуге жұмылдырылды және 
қашықтықтан оқыту әдістемесінің тиімділігін зерттеуге ерекше назар аудара 
бастады. Онлайн режимде студенттерге дәріс беру дәстүрлі аудиторияда дәріс 
беруден өзгеше екендігі белгілі. Дәстүрлі күндізгі оқыту қашықтықтан 
оқытудың негізіне айналды. Ал басты міндет заманауи техникалық 
жабдықтардың көмегімен қашықтықтан білім беруді күндізгі оқу жүйесіне 
барынша жақындату болды. Қашықтықтан білім беру аясында дәстүрлі оқыту 
әдістерінен тыс оқытушының өзіндік әдістерін құру қашықтықтан оқыту 


сапасын жақсарта алады. Covid-19 пандемиясы оқытушыларды ақпараттық 
технологияны кеңінен қолданып, онлайн-білім беру сапасын арттыру міндетін 
қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет