Плавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



жүктеу 448.33 Kb.
бет1/6
Дата28.06.2016
өлшемі448.33 Kb.
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «25» шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген


Плавикалық қышқылды өндіру кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



1-тарау. Жалпы талаптар

1. Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы концентрациясы 70 % аспайтын фторлы алюминий және жасанды криолитті (әрі қарай-плавикалық қышқылды өндіру бойынша) плавикалық (фторлы - сутектік) қышқылды жобалауға, құрылысына және өндірісте пайдалануға таратылады.

2. Плавикалық қышқылды өндіру кезінде мыналар дайындалады:

өндірістік бақылау туралы ереже;

технологиялық регламенттер;

аварияны жою жоспары.

3. Барлық өндірістердің сұйық қоймаларға, технологиялық жабдыққа, құбыр жолдарға, арматураға, сақтау құрылғыларына, бақылау жүйесі, басқару аспаптарына, желдету және шаң мен газдан тазалау жабдықтарына, ғимараттар мен құрылғыларға төлқұжаттары, формулярлары және басқа пайдалану құжаттары болады.

4. Плавикалық қышқылды өндіру барысындағы шекті жол берілген концентрация ШРК мен қауіпті факторлар деңгейлері 1 - қосымшада берілген.

5. Технологиялық сұлбаларға, аппаратуралық ресімдеуге, бақылау, байланыс, хабарлау және апатқа қарсы автоматты қорғау жүйелеріне өзгеріс енгізу жобалық және технологиялық құжатқа жобалық ұйым мен жабдықты даярлаушы зауытпен келісім бойынша сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін іске асырыла алады.

6. Қауіптілігі жоғары жұмыстарды екі адамнан кем емес бригада, ал аппараттарда, газ жолдарында және сол сияқты орындарда-үш адамнан кем емес бригада орындайды.

7. Ұйымның әкімшілігі жұмысшылар мен қызметкерлерді қамтамасыз етеді:

1) арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдармен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрігінің 2003 жылы 28 сәуірде № 84-П бұйрығымен бекітілген Арнайы киімдер мен арнайы аяқкиімдерді және басқа да жеке қорғаныс құралдарының жұмыс берушінің есебінен беру туралы салалық нормаларына сәйкес;

2) емдік-сақтандыру мақсатында тамақтандыру, сүт, жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен қамтамасыз етуі Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірінің 2005 жылдың 29 маусымында № 170-П бұйрығы Жұмыс берушінің қаражаты арқылы жұмысшыларға емдеу-профилактикалық азық рационын беру нормасына сәйкес.

8. Плавикалық қышқылды өңдіретін ұйымдар газ қауіпсіздігі қызметін қамтамасыз етеді.




2-тарау. Өндірістік алаңшалар




9. Құрылыстардың және тапталған темір жол жылжымалы құрамының жақындау габариттері бір мың бес жүз жиырма (бір мың бес жүз жиырма төрт) мм коммуникация және көлік Министрлігінің 2000 жылы 17 ақпанында № 109-1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жолдардың техникалық пайдалану Ережелеріне сәйкес пайдаланады.

10. Кәсіпорын аумағында жұмыс істеушілер қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуы үшін тротуарлар мен өту галереялары жасалады.

11. Автомашиналардың, автокарлардың, электрокарлардың және басқа рельссіз көліктің кәсіпорын аумағында қозғалу жылдамдығын әкімшілік белгілейді, бірақ ол өндірістік ғимаратқа, ғимарат ішінде және олардан шығу барысында 5 км/сағ-тан аспайды.


Аталған көліктің кәсіпорын аумағында және өндірістік ғимараттарда қозғалысы жол белгілері арқылы реттеледі және жол жүру қозғалысын реттейтін техникалық құралдарды қолданады.

12. Электрокарларда, автокарларда, көліктің кез келген түрінің жүк арбашықтарында және осы мақсатқа сай жабдықталмаған автомобильдерде адам тасуға тыйым салынады.

13. Ұйым аумағындағы материалдар, бұйымдар және басқа жүктер арнайы жасақталған орындарда (учаскілерде) сақталады. Жүкті түсіру және салу ұйымның техникалық басшысы бекіткен технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Темір жол бойында сақталатын жүктің биіктігі (штабель) ең жақын рельстің басынан жүктің бір метр жиырма сантиметр биіктігінде-екі метр жақын орналаспайды, ал одан көп биіктікте екі жарым метрден жақын орналаспайды.

14. Кәсіпорын аумағы тазалықта ұсталады. Жаз кезінде жолдар мен тротуарларға су құйылады, ал қыста қардан тазаланады. Көк тайғақ болған кезде жолдар мен тротуарлар құммен, ұсақ шлакпен немесе басқа сол сияқты материалдармен себіледі.

15. Кәсіпорын аумағында ашық және қоршалмаған шұңқырлардың, арықтардың, ұралардың, құдықтардың болуына жол берілмейді. Технологиялық мақсатта немесе құрылыс және жөндеу жұмыстарына байланысты жасалған шұңқырлардың, арықтардың, ұралардың, қақпақтардың, құдықтардың, егер олар жұмыс шарттары бойынша ашық болуы керек болса, бір метрден кем емес қоршауы болады, ал тәуліктің қараңғы кезінде оларға жарық түсіріледі.

Арықтар, ұралар мен шұңқырлардан өту орындарында жан-жағында ұстанғыштары бар өту көпірлер орнатылады.

16. Кәсіпорын аумағындағы жер жұмыстары тек қана техникалық басшының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі. Рұқсатқа жұмыс өндірісінің орны көрсетілген орындау сызбасының көшірмесі тіркеледі.

Жұмыс аяқталған соң барлық өзгерістер мен толықтырулар кәсіпорын бас жоспарының коммуникациялар орындау үлгісіне енгізіледі.

17. Жолдармен өту жолдарының кейбір учаскелерін жабуға тек өрт күзетінің келісімінен кейін рұқсат беріледі. Өрт жабдығына, өрт гидранттарында жолдармен өту жерлері әрқашан бос болады. Өрт гидранттарының жанында жазу мен меңзегіштер ілінеді, түңгі уақытта оларға жарық түсіріледі.

18. Жобаға сәйкес, барлық өндірістік қоймалық және көмекші ғимараттар қолданыстағы өрт қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етіледі.


3-тарау. Өндірістік ғимараттар



1-параграф. Жалпы талаптар

19. Ғимараттар мен құрылыс ғимараттары түзу жағдайда ұсталады. Өндірістік бөлмелер мен ғимараттарды жоспарлы-алдын алу жөндеулер, сондай-ақ металл және темірбетонды құрылымдарды арнайы тексеру қолданыстағы ҚР ҚБҚ 1.04-15-2004 «Құрылыс пен ғимараттар жағдайына техникалық бақылау жасау Ережелеріне» сәйкес жүргізіледі, құрылыс істер жөніндегі Комитеті Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігі, Астана, 2004 жыл.

20. Ғимараттардың құрылыс құрылымдарына жүктемені өзгертуге тек есептеуді тексеру және өзгерістерді жобалау ұйымы мен өндірістік қауіпсіздік облысында жобалау ұйымының рұқсатымен істелінеді.

21. Едендер жасалады:

1) технологиялық процестерде сұйықтық қолданатын бөлмелерде-ылғал өткізбейтін сырғанамайтын бірнеше жабыннан;

2) агрессивті заттар қолданылатын бөлмелерде-олардың әсеріне төтеп беретін.

22. Агрессивті орта әсерінде болатын ғимараттар мен бөлмелердің барлық құрылыс құрылымдары ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004, құрылыс істер жөніндегі Комитетінің Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігінің 2004 жылғы 5 ақпанда № 12 бұйрығымен бекітілген Құрылыс құрылымдарын тот басудан қорғау талаптарына сәйкес орындалады.

23. Қоймалардың темір жол құрамалары және үлкен жүк автомобильдері кіретін қақпалары көлік құралдарына кіруге және шығуға рұқсат беретін немесе тыйым салатын жарық дабылымен, сондай-ақ ғимараттарда жұмыс істейтін адамдарды бұл туралы хабардар ететін дыбыс дабылымен жабдықталады.

24. Көпірлік крандар жұмыс істейтін цех және қойма ғимараттарында адамдар көтергіш астына кіретін есіктер мен кіру қақпалары көтергіштердің есік пен кіру қақпаларына орналасу жеріне қарамастан, көтергіштердің жұмысы туралы ескертетін жарық дабылы болады.

25. Өндірістік ғимараттар тазалықта ұсталады. Әрбір цехта едендерді және басқа құрылыс құрылымдарын, жабдықты, жұмыс алаңшаларын, баспалдақтарды, өту, жүру жерлерін тазалау тәртібі белгіленеді.

Жұмыс орындарын, өту жерлерін, ғимараттан шығуды, өртке қарсы жабдыққа, өрт сөндіру және байланыс құралдарына қатынау жолдарын бөгеуге тыйым салынады.

Өндіріске қажетті жабдық тетіктері мен материалдар оларға арналған орындарда және тек белгіленген мөлшерде, оларды сақтау ережелеріне сәйкес орналасады.

26. Ғимарат шатырлары шаңнан, мұз бен қардан тазаланады.

27. Ғимараттарды, бөлмелерді, сыртқы қондырғыларды найзағайдың тура түсуі және оның қайталанып түсуінен қорғалады.

Найзағайдан қорғау қондырғысы түзу жағдайда болады. Оларды тексеру найзағай кезеңі басталар алдында және бұзылым табылған жағдайда жүргізіледі. Тексеруді ұйымның техникалық басшысымен тағайындалған комиссия жүргізеді. Тексеру нәтижелері актімен ресімделеді. Табылған бұзылымдар дереу жойылады.

28. Кәсіпорын аумағы, көмекші бөлмелер мен жеке жұмыс орындарын жарықтандыру бекітілген нормаларға сәйкес болады.

Өндірістік бөлмелерде ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-05-2002, құрылыс істер жөніндегі Комитеті Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігінің 2003 жылы 17 қаңтарда № 11 бұйрығымен бекітілген Табиғи және жасанды жарықтандыру талаптарына сәйкес жұмыс және апаттық жарықтандыру қарастырылады.

29. Жұмыс және апаттық жарықтандыру шамдардың бекітуі сенімді, қауіпсіз және қызмет көрсетуге ыңғайлылығын қамтамасыз ететіндей болып орналастырады.

30. Жұмыс орындарын көпірлік көтергіштердің көлеңкелеуін болдырмау үшін көтергіштердің фермаларына ілінетін қосымша көтергіш асты жарықтандыру шамдары қарастырылады.

31. Жарық түсетін жерлерді тазалау кәсіпорын басшысы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.

32. Ғимараттардың жарық түсетін жерлерін материалдармен, бұйымдармен, құралдармен және басқа заттармен бекітуге тыйым салынады.

33. Плавикалық қышқылды өндіру кәсіпорындарының бөлмелері мен ғимараттарын жылыту, желдету және ауасын суыту Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы ҚР ҚНжәнеЕ-нің 4.02-05-2001, құрылыс істер жөніндегі Комитеті Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігінің 2002 жылы 1 наурыздағы Жылыту, желдету және ауаны суыту бұйрығына сәкес жобаланады.

Желдету жүйесінің бұзылу кезінде технологиялық жабдықты пайдалануға тыйым салынады.

34. Жұмыс барысында зиянды заттарды шығаратын өндірістік жабдық шаңнан, газдан тазарту жабдығына қосылады. Шаңнан, газдан тазарту жабдығы жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар концентрациясы, сондай-ақ оларды табиғи ортаға шығару бекітілген нормадан аспайтындай етіп жасалады (1-қосымша).

35. Ерітінділерді скрубберлік қондырғыға беруді желдету қондырғысының жұмысымен және аппараттағы суару тоқтаған жағдайда сәйкес сигналдың (жарық немесе дыбыс) берілуімен блокталады.

Тасталымдарда зиянды заттар концентрациясы мен әсерлі бақылау жұмысын анықтау мақсатында желдеткішті жүйелер пробалар таңдау және бақылау үшін стационарлық аспаптармен жабдықталады.

36. Ауа жолдарының құрылымы мен оларды тарту шаңнан тазалау ыңғайлылығын (тазалау үшін тығыздалған қақпақтардың болуы, ауа жолдарын оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы жерлерде тарту) қамтамасыз етеді.

37. Кәсіпорында желдеткішті жүйелер мен газдан тазарту құрылымдары бойынша келесідей құжаттамалар болады:

1) желдеткішті жүйелерді және шаңнан, газдан тазартқыш қондырғыларды пайдалану және жөндеу журналы;

2) қызмет көрсететін тұлғалар үшін пайдалану және жөндеу бойынша бекітілген нұсқаулар;

3) ауа арналар, сүзгілеуші элементтер регенерацияларын тазалау, аппаратардағы сулы газ тазалау ерітінділерін ауыстыру графиктері;

4) әрекет етуші жөндеулер жүйелеріне сәйкес жоспарлы-ескертілетін жөндеулер графиктері;

5) барлық желдеткішті жүйелердің ауа арналарды тарату сұлбаларымен және тұрақтарын көрсететін құжаттары.

38. Фторлы сутек немесе басқа зиянды заттар бөлінуі мүмкін өндірістік ғимараттарда олардың жұмыс аймағы ауасында болуы техникалық басшысымен бекіткен жеке кесте бойынша бақылау жүргізіледі.

39. Бірінші және екінші класты қауіптілігі өткір бағытталған әрекеті зиянды заттар айырылып шығу мүмкіндігінде газоанализатор көмегімен жұмыс аймағы ауасында олардың құрамындағы үздіксіз бақылау, апаттық сору жүйелері мен жарықтық және дыбыстық сигналдар беріледі (1 - қосымша).

Жұмыс аймағындағы улы заттар құрамының бақылауын ұйымның техникалық басшымен бекітілген жерлерде график бойынша әуе кеңістігінде зертханалық талдау өткізумен іске асады.

40. Желдеткішті жүйелер жобалы қондырғылар жұмысының нақты параметрлеріне сәйкесетіндігі жылына бір реттен кем емес сонымен қатар келесідей жағдайларда тексеріледі:

1) технологиялық жабдық жұмысының өзгертілген режімде 3 айдан артық немесе оның жаңа тұрақты жұмыс режіміне ауысқанда;

2) толық жөндеу құрылысынан немесе қондырғыны қайта құрылымдаудан соң.

Тексеру шешімдері актпен ресімделіп және қондыру құжатына жазылады.

41. Технологиялық процестің немесе өндірістік қайта құрылымдық учаскесінің өзгерісі кезінде, осы учаскеде әрекет етуші желдеткіш жүйелері нормаға сәйкестендіріледі. Желдеткішті жүйелер сұлбаларының және параметрлері өзгерістері олардың жұмыстары жобалық ұйымның келісімі бойынша жасалады.

42. Желдеткішті қондырғыларды реттеуші құрылғылар қызмет көрсетуге жеңіл жолды және арақашықтықты басқаруы болады.

43. Кәсіпорындағы пайдаланудың дұрыстығын, желдеткіштік және газдан тазарту құрылымдарының уақтылы және сапалы жөндеуін бақылау үшін, желдеткішті қызмет көрсету ұйымдастырылады.

44. Желдеткішті жүйелерге қызмет етуге олармен қатынаста жоқ тұлғаларға желдеткішті ғимараттарға кіруге, желдеткіштерді қосу мен айыруға, сонымен қатар желдеткішті жүйелер арматурасын ашуға және жабуға рұқсат етілмейді.

45. Плавикалық қышқылды өндіру бойынша кәсіпорын ғимараттарының су құбырлары мен канализациясы ҚНжәнеЕ-нің 2.04.01-85 «Ғимараттардың ішкі су құбырлары мен канализациясы» бойынша жобалайды.

46. Шаруашылық-ішу су құбырлары мен техникалық суды беретін су құбырларын жалғастыруға жол берілмейді.

47. Химиялық күюлер мүмкін өндірістік ғимараттарда фонтандар мен апаттық себезгілер орнатылады. Бұл құрылғылар жеңіл қатынайтын орындарда орналасуы және шаруашылық-ішу су құбырларына қосылады.

48. Технологиялық апараттардың құйылыстық сулар құбыр жолдарының гидравликалық бекітпелері мен апаратты жөндеуге тоқтату кезінде бұқтырма қою үшін ернемекті қосылулары болады. Гидравликалық бекітпелер сонымен бірге канализацияның кірленген құйылыстарының шығуларында тіреушіктер алдында орналастырылады. Бекітпелердің орналасу жерлері және олардың конструкциясы ыңғайлы және қауіпсіз жөндеуді және тазалауды қамтамасыз етеді.

49. Құйылыстық желілер мен құдықтарды қарау және тазалау техникалық басшысымен бекітілген график бойынша газ қауіпті жұмыстарын жүргізу тәртібіне сәйкес өткізіледі.

50. Пайдаланған суларды жалпы шаруашылық-тұрмыстық құйылыстыққа және қоғамдық пайдалану су қоймаларына төгуге тыйым салынады.

Тазартылған пайдаланған суды жобамен қарастырылған булану су қоймаларына төгуге болады.

51. Тазартқыш өндірістік ғимараттар, айдап қотару станциялары және басқа да құйылыстық суларға арналған қондырғылар тазалықта және ұқыптылықта болады.

52. Ғимараттардың, жабдықтардың құрылыстық конструкцияларының элементтерінің дабылдық-ескерту бояулары сондай-ақ қауіпсіздік белгілері 12.4.026-2002 МСТ «Дабылды бояулар, қауіпсіздік белгілері, дабылды белгілер» сәйкес орындалады.

53. Қышқылдардың мүмкін бу және шаң шығару жерлері әрі қарай белгіленген нормаларға дейін тазартумен жергілікті сору жүйелерімен жабдықталады.




  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет