Плавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет2/6
Дата28.06.2016
өлшемі203 Kb.
#163728
1   2   3   4   5   6

2-параграф. Санитарлық талаптар

54. Өндірістік ғимараттардың жұмыс аймағы ауасындағы температура, ылғалдылық, ауаның жылжу жылдамдығы және зиянды заттардың деңгейі МЕМСТ 12.1.005-88 «Жұмыс аймағындағы ауаның жалпы санитарлық-гигиеналық талаптарына» сәйкес болады.

55. Жұмыс орындарына жақын жерлерде аптечкалармен, дәрі-дәрмектермен жабдықталған санитарлық күзет орындары болады.

Дәрі-дәрмектер жиынының құрамын бақылау цех басшыларына міндеттеледі.

56. Өндірістік мекемеден тыс жұмыс істейтіндер үшін жылытылатын ғимараттары қарастырылады.

57. Өндірістік цехтарда жұмыс істеушілердің ішу режімі жобамен қарастырылған санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.

58. Ас қабылдауға тек асханалар мен буфеттерде немесе соған арнайы бөлінген жерлерде рұқсат беріледі.

59. Емдеу-алдын ала қоректендіру ыстық тағамдары кәсіпорынның асханаларында беріледі.



4-тарау. Бастапқы материалдар, дайындамалар,

жартылай фабрикаттар, оларды сақтау және тасымалдау



1-параграф. Бастапқы материалдарға талаптар

60. Плавикалық қышқылды өндіруде келесі материалдар мен жартылай фабрикаттар қолданылады:

1) плавикті-шпатты концентрат (кальций фториді), 29219-91 МЕМСТ, қатты ұнтақ тектес сусымалы өнім. Адам организміне әсері бойынша үшінші класты қауіптіліктегі заттарға жатады. Кальций фторидінің аэрозольдерінің жоғары концентрацияларымен ұзақ уақыт қатынаста болғанда кәсіби флюороздың дамуы мүмкін;

2) күкірт қышқылы, 2184-77 МСТ, мөлдір, майлы, жанбайтын, тығыздығы 1,84 г/см3, өткір тітіркендіргіш иісті сұйықтық. Адам организміне әсері бойынша екінші класты қауіптіліктегі заттарға жатады. Буларын ішке дем алған кезде жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендіреді және сілекейлі қабықтарын күйгізеді. Теріге түскен жағдайда химиялық күю болады;

3) плавикалық (фторлы сутекті) қышқыл, өткір тітіркендіргіш иісті сұйықтық. Адам организміне әсері бойынша 1 класты қауіптіліктегі заттарға жатады. Бу мен аэрозольдер түріндегі плавикалық қышқыл жоғарғы тыныс жолдарына, көз бен мұрынның сілекейлі қабығына тітіркендіргіш әсер етеді. Организмге ұзақ әсер еткенде жүрек-тамыр ауруларын қоздыра отырып, тіс эмалін бұзып, жалпы токсикалық әрекет көрсетеді. Сұйық күйінде зақымдалмаған тері арқылы өту қабілеті бар. Теріге түскенде ауыр жазылатын жара түріндегі күшті химиялық күю болады;

4) барий карбонаты, 2149-75 МСТ), ақ кристалды ұнтақ. Адам организміне әсері бойынша 1 класты қауіптіліктегі заттарға жатады. Ағза ішіне түссе, жүрекке әсер ете отырып, бас миын қабындырады;

5) фторгипс плавикалық қышқыл өндірісінің қалдығы болып табылады, қатты, сусымалы, құрамында еркін күкірт қышқылы мен фторлы сутек болғандықтан, өткір тітіркендіргіш иісі бар зат. Пештен 200С-ға дейін температурамен шығарылады. Адам организміне әсері бойынша екінші класты қауіптіліктегі заттарға жатады. Известьпен құрғақ нейтралдаудан кейін нейтралды гипс-4 класты қауіптіліктегі зат шығады. Теріге түскенде фторгипс химиялық және жылу күюлері болады;

6) известь (кальций карбонаты), 23671-79 МСТ, ұсақ кесекті материал, ұсақтағаннан кейін тастанды фторгипсті құрғақ нейтралдау үшін қолданылады. Адам организміне әсері бойынша үшінші класты қауіптіліктегі заттарға жатады, тері мен сілекейлі қабықтарға тітіркендіргіш әсері бар;

7) кальцийленген техникалық сода, 5100-85 МСТ, ұсақ кристалды ақ ұнтақ. Адам организміне әсері бойынша үшінші класты қауіптіліктегі заттарға жатады. Ішке тыныс алғанда жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендіреді, асқазан-ішек аурулары болуы мүмкін. Қышқылдардың кішкене төгілулерін нейтралдау үшін қолданылады;

8) техникалық фторлы алюминий, 19181-78 МСТ, ашық қызыл реңі бар ақ түсті ұнтақ. Адам организміне әсері бойынша үшінші класты қауіптіліктегі заттарға жатады. Организмге ұзақ әсер еткенде жүрек-тамыр, тыныс алу органдарының, қан, бауырдың функционалдық ауруларына, орталық нерв жүйесі, тіс зақымдары ауруларына әкеліп соғатын жалпы токсикалық әрекет көрсетеді, Жоғарғы тыныс жолдарына, теріге, көз бен мұрынның сілекейлі қабығына тітіркендіргіш әсері бар;

9) техникалық жасанды криолит, 10561-80 МСТ, ашық қызылан сұрлау ақ түстіге дейін ұсақ кристалды ұнтақ, организмге әсері бойынша екінші класты қауіптіліктегі заттарға жатады. Ауада жол берілген шектелген нормадан жоғары концентрациясы болса орталық нерв жүйесі жұмысының бұзылуына, сүйек тіндерінің, көз бен тері қабаттарының ауруларына әкеліп соғады.

61. 62 пункте көрсетілген материалдармен жұмыс істеу 2001 жылы тамызда Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда Министрлігінің № 192 бұйрығымен бекітілген «Металлургия өндірісінің ұйымдар мен кәсіпорындар үшін жалпы қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

62. Плавикалық қышқыл өндірісінде қолданылатын материалдар мен реагенттер белгіленген талаптарға сәйкес болмағанда және олардың сапа сертификаты жоқ болғанда рұқсат етілмейді.


2-параграф. Материалдарды сақтау тәсілдері мен

тасымалдауға талаптар




63. Шикізат-плавикті-шпатты концентратты (әрі қарай-ПШК) шикізатты қабылдау және оны өндіріске беру үшін сәйкес пневмокөліктік қондырғылармен жабдықталған жабық ыдыстарда (силостарда, шанаптарда) сақтайды.

64. Силостарды оларға ылғал мен атмосфералық түсімдердің түсуінен сақтайды. Силостардың жоғарғы аражабындарының тесіктері жабық болады.

65. Шикізатты тасуға арналған барлық пневмокөліктік жүйелер шаңнан тазарту жүйесімен жабдықталады.

66. Түсіруге қойылған вагон тежегіш башмақтармен сенімді бекітіледі.

67. Шаңданатын ұнтақ материалдарды силосқа тиеу және оларды түсіру герметикалық көлік қондырғыларымен жүргізіледі.

Ғимараттарда шаң бөлінетін материалдарды тиеу (түсіру) грейферлі кранмен жүргізіледі және бұл орындар жалпы алмастыру желдеткішімен жабдықталады.

68. Улы заттарды сақтау даярлаушының талаптарына сәйкес жүргізіледі.


69. Қышқылы бар шаң мен сұйыққоймалар қақпақтарын ашу, проб алу

мен деңгейді өлшеу барысында жұмысшылар қақпақтан желсіз жағынан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет