Пму ұС 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#132453
  1   2   3

Әдістемелік нұсқау





Нысан

ПМУ ҰС 7.18.2/05





Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы


050802-Зоотехния мамандығы студенттеріне арналған

Жануарлар физиологиясы пәні бойынша

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРдЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРы


Павлодар



Әдістемелік нұсқаудың бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС 7.18.1/05



«БЕКІТЕМІН»

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканы

_______________ Қ.Қ. Ахметов

“____”_____________200_ж.



Құрастырушы: аға оқытушы Нұрғожин Р.Ж. _________



Биология және экология кафедрасы




Зертханалық сабақтардың әдістемелік нұсқаулары




Жануарлар физиологиясы пәні бойынша

050802 Зоотехниямамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» _______200_ж. , № __ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі _____________ Ж.М. Исимбеков
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“___” ______ 200_ж., № ___ хаттамасы


ОӘК төрайымы ______________ Ұ.Д. Бүркітбаева



ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1

ҚАН ЖҮЙЕСІ
Малдан қап алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмса-май үстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен қүстан канды тікелей жүрек қарыншасынан алады.

Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаган қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтік-шемең сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшы-ны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды.

Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қи-мылдамайтындай етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса үстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анык. көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине ша-мамен 45° бұрышпен қадалу керек). Қан аға бастағанда инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап — автоматтар пайдаланылады.

Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан та-мырларынан (қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшін катетерлеу әдісі қолданылады.

Шошқадан қан алу. Шошқаның үлкен құлақ вена-сын скальпелмен тілу арқылы аздаған мөлшерде қан алады. Ол үшін тамырдың орталық бөлігін құлақ түбі-нен саусақпен қысып тұрады.

Қанды көп мөлшерде алу үшін қайшы немесе скаль­пелмен құйрықтың ұшынан 1 —1,5 см шамасында кесіп тастайды. Қан алып болған соң, жараны дезинфекция-лап, құйрықтың үшын 1—2 тәулік бойына бинтпен та-ңып тастайды.

Торайлардан 5—30 мл мөлшеріпде қан алу үшін оларды шалқасынан жатқыза байлап қойып, ине немесе микропипетканың көмегімен орбитальды вена синусын теседі.

Иттен қан алу. Иттен (мысыктан) қанды аз мөлшер-де құлағының ұшынан алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт жағын ала, тірсектен төмен орналас-қаң сирақ венасынан алады. Итті бір бүйіріне жатқы-зып, немесе станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса үстап, тірсектің төменгі жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен теріні, одан соң венаның қабырға-сын тесіп, қанды шприцпен сорып алады.

Қояннан қан алу. Қояннан қанды аз мөлшерде қүлақ-тың үшын тіліп, немесе қүлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды, немесе басы шығып тұ-ратын арпаулы тесігі бар жәшікке отырғызады. Құлақ-ты алдын ала жылы суға салған, немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн.

Қанды көп мелшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін операциялық алаңды (шынтақ темпешігінен үшін-ші қабырғаға дейін) дайындап болған соң, венаны сау-сақпен басып түрып, инені қан ағысына қарсы бағытта көлбеу енгізеді.

Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қоян-нан 15—20 мл-ге дейін қан алуға болады.

Теңіз доңызынан қан алу. Теңіз доңызынан қанды аз мөлшерде құлағынын, ұшын тіліп немесе табанын франк инесімен тесу арқылы алады. Қанды көп мөл-шерде ойыс венадан (теріні кесіп, қан тамырын оқшау-лағаннан кейін) немесе тікелей жүректен арнаулы ине-мен алады. Инені тес сүйегінің сол жағын ала, жүрек қағысы анық сезіліп түрған жерден қадайды. Инені 1,5— 2 см тереңдікке енгізу керек. Бір алғанда 5—10 мл қан алуға болады.

Егеуқүйрық пен тышқаннан қан алу. Егеуқүйрық пен тышқаннан қанды құлағының үшын тіліп, немесе қүй-рығының ұшын кесіп алады. Үлкен егеуқұйрықтан қанды кұйрық венасынан да алуға болады. Ол үшін күйрықты алдын ала жылы суға салады да, дәкемен құрғатып сүртеді. Содан соң құйрық түбін саусақпен кыса ұстап, венаға жіңішке ине кіргізеді де, қанды піприцпен сорады.

Құстан қан алу. Тауықтан қанды аз мөлшерде оның айдарын тіліп, ал қаз бен үйректен жұмсақ табанын тесіп алады. Құстан қанды көп мөлшерде, канаттары-ның астыңғы жағында орналасқан қанат асты венадан алады. Ол үшін қауырсындарды жұлып тастап, топшы түсынан венаны саусақпен қыса ұстап, инені тамырға көлбей енгізеді.

Қүстың қаны өте тез үйитын болғандықтан, қан ала-тын жерді алдын ала қан уйытпайтын сүйықтықпен (антикоагулянтпен) сүртеді. Шыққан қанды пипеткамен Ішінде антикоагулянты бар пробиркаға кұяды.

Тауықтан, қаздан, түйетауықтан бір ретте 10—15 мл, кегершіннен —1 —1,5 мл қан алуға болады.

Бақадан қан алу. Бақаның бірнеше тамшы қанын саусақтарының үшын қайшымен кесіп тастап, алуға бо­лады. Қанды кейде қурсағының ортасында орналасқан тері венасын тесіп алады (алдын ала теріні кеседі). Көп жағдайда қанды бақаның кеудесін ашып, тікелей жүрегінен алады.

ҚАН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

ЕРІТІНДІЛЕР ДАЙЫНДАУ

Қан дегеніміз организмнің сұйық ткані. Қан, лимфа және ұлпа сұйығы организмнің ішкі ортасын қүрайды. Бүл орта күрамының физикалық және биологиялық қасиеттері динамикалық тұрақтылығымен (гомеостаз) белгілі. Қан екі бөліктен құралады: біріншісі — қан сұйықтығы — плазма, екіншісі — қанның клеткалық элемент-тері: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Қан плазмасында 8—10% белок (альбуминдер, глобулиндер, фибриноген), қалдық азот (0,02—0,03%), глюкоза 40— 60 мг), майлар (0,15%), минералды элементтер (0,9% кездеседі, оның 0,6%-іп ас тұзы құрайды), гормондар, витаминдер, ферменттер және антиденелер болады.

Қан тасымалдау, қорғаныш, жылуды реттеу, корре-лятивтік және басқа қызмет атқарады.

Жұмыстың мақсаты. Ерітінділер дайьшдау әдісін мецгёру, олардың химиялық құрамып зерттеу және изотониялық, гипотониялық, гипертониялық ерітінділердің эритроциттерге тигізетін әсерін зерттеу.

Керекті заттар мен қуралдар. Микроскоп, пипеткалар, төсеніш және жапқыш шынылар, өлшегіш цилиндр, таразы, әр түрлі салмақты гирьлер, шыны стакандар, фибринсізденген қан, дистильденген су және NaCl, СаС12, КCl, NaHC03

Жұмыстың барысы:

1. Физиологиялық (изотониялық) ерітінді дайындау:

Дистильденген су (Н20) — 100 мл;
NaCl — 900 мг.

2. Жылы қанды малға арналған Рингер ерітіндісін дайындау:

Н20 — 100 мл;

NaCl — 900 мг;

СаС12 — 20 мг;

KC1 — 20 мг;

NaHC03 — 20 мг.

3. Гипотониялық ерітінді дайындау:

Н20 — 100 мл;

NaCl — 300 мг.

4. Гипертониялық ерітінді дайындау:

Н20 — 100 мл;

NaCl — 5 г.
Төсеніш шыныға бір тамшы қан тамызып, оны жап-қыш шынымен жабады да, микроскопией қарайды. Эритроциттердің мөлшеріне көңіл аудару керек. Жапкыш шынының -шетін көтеріп, бір тамшы гипотониялық ерітінді тамызған соң, микроскоптың үлкен ұлғайтқы-шымен тамшыны қайта қарайды. Эритроциттер ісінеді де, жарыла бастайды. Тәжірибені гипертониялық және изотониялық ерітінділермен қайталайды.

Тәжірибе нәтижелерін салыстырып қорытынды жасау керек.


ҚАННЫҢ ФИЗИҚАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Қанда сүйық ортаға тән көптеген физикалық және химиялық қасиеттер бар. Физикалық қасиеттерге тұтқырлық, тығыздық, беттік керіліс, химиялық касиеттерге — қанның әрекетшіл ортасы (рН), буферлік қасиет-тері, т. с. с. жатады.



Жүмыстың мақсаты. Қанның физикалық және хи-миялық қасиеттерімен танысу және оларды анықтау әдістерін меңгеру.

Бақылау сұрақтары

  1. Қан және оның құрамы.

  2. Қан плазмасының химиялық құрамы. Қан сарысуы деген не?

  3. Канның осмостық және онкостық қысымы дегеніміз не?

  4. Изо-, гипо- және гипертониялық ерітінділер дегеніміз не?

  5. Қаннын, осмостық қысымының деңгейі қалай реттеледі?


ҚАН ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ҚАННЫҢ ҰЮЫ

Бір малдың қанын екінші малға донор (қан беруші) қаны мен реципиент (қан қабылдаушы) қаны үйлесім-ді болған жағдайда ғана құюға болады. Мұның себебі — эритроциттерде екі түрлі желімденетін заттар: А және В агглютиногендері, ал плазмада екі түрлі желімдейтін зат — а және р агглютининдері болады. Эритроциттер-дің бір-бірімен желімденуі А агглютиногені мен а аг­глютинин!, В агглютиногені мен [J агглютинині кездес-кенде байқалады. Қан құрамындағы агглютиноген мен агглютининдердің сипатына қарай адам қаны 4 топқа бөлінеді.

Мал қанының эритроциттерінде көптеген агглютино-гендік факторлар болады, сондықтан оларды топқа бөлмей, генетикалық жүйелерге біріктіреді. Мысалы, ірі карада 80 агглютиногендік фактор болады да, ол 12 ге-нетикалық жүйеге бөлінеді. Жылқы қанында 19 агглю­тиноген болып, ол 10 генетикалық жүйеге бөлінеді.

Ауылшаруашылық малы қан топтарыныц бұл ерек-шелігін иммуногенетикада пайдаланады.



Жүмыс мақсаты. Адам қанының топтарын және үю жылдамдығын аиықтау әдістерін үйрену.

Керекті заттар мен құралдар. Қанның II және III топтарының стандартты сарысуы, пипеткалар, төсеніш шынылар, қан алуға арналған инелер, мақта, спирт, иод.

Жүмыс барысы:1. Қан топтарын анықтау.

Төсеніш шыныньщ астыңғы бетінің бір шетіне II, ал екінші шетіне—III деген белгі салады да, белгілерге сәйкес II және III топтың стандартты қан сарысуын та-мызып, оларға зерттелетін қанның бір-бір тамшысьш араластырады. Егер тексерілген қан I топқа жатса, екі тамшыда да агглютинация жүрмейді (тамшыда ірімтік-тер пайда болмайды), IV топтың қанында екі тамшыда да агглютинация байқалады. Агглютинация III топтың қан сарысуы қосылған тамшыда жүрсе, кан II топқа, ал керісінше II топтың қан сарысуы араласқан тамшыда жүрсе—III топқа жатады.

.2. Қаннық ұю жылдамдығын анықтау (Бюркер әдісі бойышиа). Сағат шынысының бетіне дистильденген судың бір тамшысын алып, оған бір тамшы қан аралас-тырады да, уақытты белгілейді. Қанды адамның сауса-ғынан, не қоянның құлақ тамырынан алады.

Әрбір жарты минут өткен сайын иілген жіңішке шьь ны таяқшамен тамшыны жайылып кетпейтіндей етіп араластырады. Таяқщанын, ұшына фибрин жіпшелері ілінген уақыт канның ұю мерзімін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары


  1. Канды топқа бөлу негіздері.

  2. Қан топтарьгнық үйлесімдігін анықтау принциптері.

  3. Қан топтарын анықтау әдістері.

4. Ауылшаруашылық малы қанының генетикалық жүйелері.

5. Қанның ұюы және онын. механизмі.

6. Қаннық ұю жылдамдығын анықтау.
ЖҮРЕК ЖҮМЫСЫНЫҢ СЫРТ БЕЛПЛЕРІ

Жүрек жүмысы .бірнеше сырт белгілермен беинеле-неді. Жүмыс үстінде көкірек қуысындағы жүректін, ор-наласу жағдайы өзгеріп, ол кеудені соғады, әртүрлі дыбыстар пайда болады, т.с.с. Осы сырт белгілерге ка­рай жүректің орналасу жағдайын, оның жүмыс ырға-ғын, соғу жиілігін, қақпақшаларынын күйін анықтауға болады.



Жүмыстың мақсаты. Жүрек жұмысын зерттеудің клиникалық әдістерімен танысу, ауекультация (тьщдау) әдісімен жүрек үиін зерттеу, жүрек қағысын анықтау, жүрек жүмысына қимылдың, дене жүмысының әсерлерін зерттеу.

Керекті жабдықтар мен қүралдар. Әр түлік мал, фонендоскоп немесе стетофонендоскоп, секунд өлшегіш, перкуссия балғашығы, плессиметр.



Жүмыстың барысы.

1. Жүрек үнің тыңдау. Малды матап-байлап, сол жақ алдыңғы аяғын ілгері қарай тартады. Кеуденің 4— 5 қабырғалар аралығына фонендоскопты немесе сте-тофонендоскопты жанастыра үстап, жүрек үнін зерт-тейді. Естілген үннің сипатына, үзақтығына, анықты-ғьша, айқындығына, күшіне т. б. көндл бөлу керек. Жү-рек үнін тыныштық жағдайда және малды қимылдатып жүргізіп, салыстырмалы түрде зерттейді. Дыбыс күші-нін, ырғағының, жиілігінің өзгерістеріне көңіл аудару

керек.

2. Перкуссия (соғу)—перкуссия балғашығы мен плессиметрдіа көмегімең жүргізіледі. Малдын. сол жақ аягын ілгері тартып үстайды да, кабырғалар арасына плессиметрді баса ұстап, оны жоғарыдан темен карай жылжыта қозғай отырып, балғашықпен соғады. Жү-мыс — шыққан дыбыс сипатына карай жүректін, орна­ласу жағдайын анықтауға арналған. Кеуденің өкпе ор-наласқан түсында кеуек органдарға тән жаңғырыққан, күнгірлеген (тимпаниялық) дыбыс шықса, жүректі екпе жауып түрған түсында ол дыбыс көмескелене бастайды да (салыстырмалы көмескелену аймағы), ал кеуденікі тек жүрек орналасқан тұсында дыбыс таза көмескіленеді (абсолюттік көмескілену аймағы). Дыбыстьщ кө-мескіленген жерін бормен белгілеп, жүректін, аумағын анықтайды.



3. Жүрек қағысын анықтау. Систола кезінде жүрек-тің пішіні меп көлемі өзгереді де, ол бүйір бетімен кеу-дені соғады. Осының салдарынан кеуденін, сол жағы-ның жүрек орналасқан тұсы мезгіл-мезгіл тербеліп, жү-рек қағысы байқалады. Жылқы, ірі қара, майда түяқ жүрегі кеудені бүйір бетімен, ал ит пен мысық жүрегі — үшымен соғады.

Зерттеуді малды байлап, оның алдыңғы сол аяғын ілгері тарта үстап түрып жүргізеді. Жүрек қағысьш алақанды кеуденін, 4—5 қабырға аралығына тигізіп анықтайды. Жүрек қағысынын. жиілігіне, ырғағына соғу күшіне және сезілген аумағына көңіл бөледі.



Бакылау сүрақтары

  1. Жүрек жұмысынын, сырт белгілерін зерттеуде қолданатын әдістер.

  2. Жүректіқ систолалық және диастолалық үндері қалай пайда болады?

  3. Жүрек қағысы дегеніміз не, ол калай паііда болады?

  4. Жүрек жүмысынық жиілігіне--қандай факторлар эсер етеді?


СИМПАТИКАЛЫҚ НЕРВТІҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА ӘСЕРІ

Қан тамырларына тамыртарылтқыш (вазоконстриктер) және тамыркеңейткіш (вазодилятатор) нервтер эсер етеді. Тамырдытарылтқыш нервтерге симпатика-лық нерв жүйесі жатады. Олар тері мен құрсақ қуысын-дағы мүшелер қан тамырларын тарылтады, ал жүрек пен ми қан тамырларын кеңейтеді. Қаңқа ет тамырла-ры симпатикалық нервтердін әсерінен тарылады және кеңейеді, себебі бұл нервтің құрамында тамыр тарылт-қыш және кеңейткіш талшықтар бар. Бұған қоян мой-нындағы симпатикалық нервті кесіп және электр тогымен тітіркендіріп көз жеткізуге болады.



Жұмыстьщ мақсаты. Қоян қүлағындағы қан тамыр­ларына симпатикалық нервтің әсерін зерттеу.

Керекті заттар мен қүралдар. Қоян, қүрал-саймандар жиынтығы (үлкен және кіші қайшылар, хирургиялық және анатомиялық пинцеттер, скальпель), жіп, индук-циялық аппарат немесе электрреттегіш, физиологиялық ерітінді, қоянға арналған наркоз (уретан, гексанал не­месе тиопентал ерітінділері, эфир), дәке, мақта, электр қағанағы, қоянды матап байлайтын стол.

Жұмыстың барысы. Қоянды орындыққа байлап, нар­коз береді. Қеңірдектен бір елі төмен жерден мойынның орта сызығын бойлай теріні 6—8 см тіледі. Скальпель-дің сабымен ұлпаларды ажырата отырып, еттердің ара-сындағы тамыр-нерв будасын табады (19-сурет). Оны жіпке іліп алып көтереді де, симпатикалық нервті бөле-ді. Бұл нерв көкшіл-қызыл түсті, кезеген нервтен жіңіш-ке және күре тамырдан алшағырақ орналасқан. Нерв-тің астынан жіп өткізіп оны байлайды да, байлаған жерден төмен қиып тастайды. Жш нервтің бас жағында-ғы бөлігінде қалуы керек.

Тәжірибені нервті кескеннен кейін 10—15 мин өт-кеннен соң жүргізген жөн. Қоянның құлағын кетере со-зып астынан электр қағанағынан қан тамырлары жақ-сы көрінетіндей етіп жарық түсіреді. Екі құлақтңң қан тамырларын салыстырып, температурасын анықтайды. Жіпке байланған нерв ұшын жайлап көтеріп, оларды электродтардың үстіне салады.да, электр тогымен 7—8 сек бойы тітіркендіреді. Қан тамырларының өзгерісін бақылап, құлақтың температурасын анықтайды. Тітір-кендіруді тоқтатып тағы да қан тамырларындағы өзге-рісті бақылайды. Тәжірибені қайталап қорытынды жа-сайды.

Тәжірибеден кейін жіпті кесіп алып тастайды, жарағa пенициллин сеуіп, тігеді де йод жағады. Қоянды кейіннен басқа тәжірибелерге пайдалануға болады.

Бақылау сұрақтары


  1. Тамыр тонусын реттейтін орталық, онын, құрылысы.

  2. Тамыр арнасың кеңейтетін және тарылтатын нервтер.

  3. Тамыр арнасынық гуморальды жолмен реттелуі.

  4. Қан айналым жүйесіндегі рефлексогендік аймақтар, олардың қызметі.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2

ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ
Қаниың тұтқырлығы оның құрамындағы бір-бірімен жалғасқан белоктар, тұздар, қан клеткалары және бас­ка заттарға байланысты. Қанның тұтқырлығы қан та-мырларындағы қанның ағу жылдамдығына эсер етеді. Қанның, плазманыц жоне қан сарысуының түтқырлы-ғын судың түтқырлығымен салыстыра отырып анық-тайды.

Қеректі заттар мен құралдар. Қан алатын мал, қан алуға арналғап инелер, тұтқырлық өлшегіш, оксалатты немесе цитратты қан, дистильденген су, плазма, кап са­рысуы, спирт, эфир, 5%-ті йод ерітіндісі, мақта.

Жүмыстың барысы. Тұтқырлық өлшеуіш аспаптын. біріпші капиллярына алдын ала шүмегін ашып, «О» де-ген белгіге дейіп дистильденгеп суды сорып алады да, шүмекті жабады. Екінші капиллярға (сол жақтағы) ре-зецке тутігі арқылы пөлге дейіп сағат шынысыпан цит­ратты кан сорып алынады. Содап кейін шүмекті ашып, капиллярлардағы ауаны сорады, оларда ваккум иайда болып, сүйыктар төмен қарай жылжиды. Қанның дең-гейі «І»-ге жеткен кезде, ауа соруды тоқтатады. Осы кезде су капиллярдың қанша бөлігін өткенін белгілеп, сол бойынша қанныц түтқырлыгын анықтайды. Соңынан капиллярларды жуып кептіреді де, жоғарыдағы тәртіп-пен плазма меп қанның сарысуыпың түтқырлығын аиықтайды.
ҚАН ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ

Қеректі заттар мен құралдар. Қан алатын мал, қан алуға арналған инелер, 5%-ті натрий цитратының ері-тіндісі немесе гепарин, бензол, хлороформ, тығыздығы 1,050—1,060 CuS04 ерітіндісі, 100 миллилитрлік цилиндр-лер, пипетка, спирт, эфир, мақта.

Жүмыстың барысы. Қанның, плазманың және қан сарысуыныд тығыздықтарын түрлі әдістермен анықтау-ға болады.

1. Косяков әдісі бойынша қан тығыздығын анықтау үшін негізгі CuS04 ерітіндісін даярлау керек. Бұл үшін, 340 г химиялық таза CuS04 5H20 1,6 л дистильденген суда ерітіп, оның жалпы көлемін өлшем колбасында 2 л-ге жеткізеді. Дайын болған ерітіндіге ареометр са-лып, оның тығыздығы 1,10-ға тең болғанша су қосады. Осы ерітіндіден тығыздықтары 1,050-ден 1,060-қа дейін жететін түрлі тығыздықты ерітінділер дайындалады. Тығыздығы 1,050-ге тең CuS04 ерітіндісін дайындау үшін 100 мл цилиидрге 49 мл негізгі ерітінді құйып, оған 51 мл дистильденген су қосады. Осы ретпен басқа ерітінділер дайындалады (негізгі ерітіндіні 1 мл көбей-тіп', оған дистильденген суды 1 мл аз қосады). Оларды дайындау үшін 100 мл-ге цилиндрлердің 11-і қажет.

Тығыздықтары әр түрлі CuS04 ерітінділеріне бір там-шыдан цитратты қанды қосады. Тамшы ерітінділердің бірініц ортасында біраз уақыт тоқтайтын болса, онда қанның тығыздығы осы ерітіндінің тығыздығымен бір-дей болғаны. Егер тамшы тоқтаусыз тез ыдыс тубіне батса, онда бұл қанның тығыздығы ерітіндіден жоғары, ал егер тамшы ерітіпді бетінде қалса онда — темен бол­таны.

2. Тығыздықты ареометрдің көмегімен анықтау ушін 2 бөлігі хлороформнан, 5,5 бөлігі бензолдан тұратын коспа дайындайды. Қоспаның тығыздығы шамамеи 1,05—1,055-ке тең болуы керек. 100 мл-лік шыны ци-линдрге 70—80 мл қоспа құйып, пипеткамен бір тамшы қан тамызады да, оның қозғалысын бақылайды. Егер тамшы батып кетсе, онда хлороформ, ал батпаеа — бен­зол қосады. Мұны тамшы қоспаның ортасында тұрғанға дейін жасайды. Содан кейін қоспаның тығыздығыи арео­метрией апықтайды.



ҚАН САРЫСУЫНЫҢ БУФЕРЛІК КАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

Ұлпа құрамындағы қышқылдық және сілтілік эле-менттердін, өзгергіштіктеріне қарамастан, мал организ-міндегі әрекетшіл орта (рН) тұрақты болады. Канға тон әлсіз сілтілік реакция көптеген механизм мен бу-ферлік жүйелер арқылы реттеліп отырады.



Керекті заттар мен щүралдар. Қан сарысуы, бюрет-калар, стакандар, кез және елшем пипеткалары, ионо-метр, 0,1 н. НСІ ерітіндісі, 0,1 н. NaOH ерітіндісі, инди-каторлар—0,1%-ті метилоранж, 1%-ті фенолфталеин, дистильденген су, мақта, дәке.

Жүмыстың барысы:

  1. Сілтілік буферді екі параллель улгіде анықтайды. Біріиші стақанға (бакылау үлгісі) 10 мл дистильденген су, екіншісіне—10 мл дистильденген су және 1 мл тек-серілетіп қан сарысуын құяды. Эр үлгіге 2 тамшыдан метилоранж индикаторын қосып, оларды 0,1 н. НСІ ері-тіндісімен ақшыл-қызыл туе пайда болғанға дейім титр-лейді. Титрлеуге кеткен ерітінді мөлшеріп анықтап (қан сарысуы мен суға), оларды салыстырады.

  2. Қышқылдық буферді анықтауда да бақылау (са-лыстыру) үлгісін пайдаланады. Бұл үшін бірінші ста-қаига 10 мл дистильденген су (салыстыру), екішніге — 10 мл дистильденген су және 1 мл қан сарысуын (тәжі-рибе) құяды. Әрбір стақанға 2 тамшыдан фенолфталеин индикаторын қосып, оларды 0,1 н. NaOH ерітіндісімеп кызыл түс пайда болғанға дейін титрлейді. Екі үлгіні титрлеуге кеткен ерітінді мөлшерлерін жеке-жеке апық-тап, салыстырады.

  3. Ионометрдің көмегімен қан сарысуының рН-ыи анықтау. Аспаптын, жұмыс істеу принципі электр тізбе-гіндегі электродтарда қозғағыш күштердін, өзгеруіне негізделген. Қан сарысуы рН-ының керсеткіші аспаптың магнит электрлік жүйесіне тіркеледі. Шыны стакандағы кан сарысуына ионометрдіц электродтарын батырады. Бұл кезде аспап тілі ауытқып, шкаладағы рН-тың мөл-шеріи көрсетеді.

Бақылау сұрақтары

  1. Қанның физикалық қайиеттері.

  2. Буферлік жуйе дегеніміз не, оныд мақызы қандай?

  3. Ацидоз және оның түрлері.

  4. Алкалоз және оның түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет