Почта туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №386-ii қазақстан Республикасының Заңы



Дата12.07.2016
өлшемі244.66 Kb.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 22.05.2012 13:56:49
Почта туралы

2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2012.15.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

Осы Заң почта қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, почта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, почта байланысы саласындағы мемлекеттік органдардың құзыретiн белгілейдi.

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:

1) абонементтік жәшiк - почта жөнелтiмдерiнiң жекелеген түрлерiн алу үшiн, почта операторының өндiрiстiк объектiлерiнде орнатылатын, адресаттар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын құлыпталмалы арнайы жәшiк;

2) абоненттiк почта жәшiгi - адресаттардың почта жөнелтiмдерiн алуы үшiн тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегi жеткізу учаскесінде орнатылатын, жәшiктерi бар құлыпталмалы арнайы шкаф;

3) адресат - өзiне почта жөнелтiмi немесе почталық ақша аударымы арналған, почта операторының қызмет көрсетуiн пайдаланушы;

4) почта жөнелтiмiн табыс ету - почта жөнелтiмiн адресаттың жеке өзiне немесе оның заңды өкiлiне, немесе сенімхат негiзiнде iс-қимыл жасаушы сенім көрсетiлген адамына беру;

5) почта төлемiнiң мемлекеттік белгілерi - айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, почта операторының қызмет көрсетуiне ақы төленгенiн растайтын почта маркалары, блоктар, маркалы конверттер, почта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерi және өзге де белгiлер;

6) почта жөнелтiмiн жеткізу - почта жөнелтiмiн баратын жеріндегі өндiрiс объектiлерiнен абонементтiк жәшiкке немесе абоненттiк почта жәшiгіне, немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару;

7) атаулы зат - құжаттар мен почта жөнелтiмдерiне почта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауларын, сондай-ақ почта операторы белгiлеген өзге де ақпаратты көрсете отырып, бедер түсiруге арналған аспап;

8) халықаралық почта жөнелтiмi - Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге жiберу үшiн қабылданатын не Қазақстан Республикасына келiп түсетiн, не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бiр шет мемлекеттен екiншiсiне транзитпен өтетiн жай немесе тiркелетiн почта жөнелтiмi;

9) халықаралық қайтарым купоны - Дүниежүзілiк почта одағы айналымға енгiзетiн, Дүниежүзілік почта одағына мүше кез келген елде почта маркаларына айырбастауға жататын, әуе көлiгiмен жеткiзiлетiн, салмағы 20 грамға дейiнгi жай халықаралық хаттың ең төменгi ақысын білдiретiн құжат;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



9-1) халықаралық почта алмасу орны - почта операторының өндірістік объектісі, онда кіріс және шығыс халықаралық почта жөнелтімдерін өңдеу жүзеге асырылады, сондай-ақ кеден органдары көрсетілген жөнелтімдерді кедендік бақылауды жүргізеді;

10) ұлттық почта желісі - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жұмыс iстейтiн және жұртшылықпен жасалатын шарт негiзiнде сол арқылы қызметтер көрсетiлетiн жалпы пайдаланыстағы почта желісі;

2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

11) Ұлттық почта операторы - Үкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционері болып табылатын, баршаға қолжетімді почта байланысы қызметін, арнайы байланыс қызметін көрсету және қаржы қызметі мен қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асыру жөнінде міндеттемелер жүктелген акционерлік қоғам;

12) халықтың салымдарын сақтауды қамтамасыз ету - салымды номинал түрiнде, пайдаланушы мен Ұлттық почта операторы арасында жасалған шарттың талаптарымен белгiленген сыйақыны ескере отырып қайтару кепiлдiгi;

13) почта жөнелтiмiн сұрыптау - почта жөнелтiмдерiн жiберуге әзiрлеудi қамтамасыз етiп, олармен жасалатын өндiрiстiк операциялар;

14) почта операторы - почта қызметi саласында қызмет көрсетуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

15) операциялық терезе - почта операторының өндiрiстiк объектiсіндегі пайдаланушыға почта қызметiн көрсетулерiнің бiр және одан көп түрлерi көрсетiлетiн жұмыс орны;

16) операциялық күн - почта операторының почта қызметiн көрсететiн жұмыс уақыты;

17) жөнелтушi - почта операторына почта жөнелтiмiн немесе почталық ақша аударымын жiберу үшiн тапсыратын почта операторының қызмет көрсетуiн пайдаланушы;

18) почта жөнелтiмiн тасымалдау - почта жөнелтiмiн адресатқа жеткізу және (немесе) табыс ету үшiн жөнелтiм пунктiнен баратын жеріндегі почта операторының өндiрiстiк объектiлерiне дейiн апару;

19) почта жөнелтiмiн жiберу - почта жөнелтiмiн қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және (немесе) беру, жеткізу және (немесе) табыс ету операцияларының жиынтығы;

20) жазбаша хат-хабар - хаттар, почта карточкалары, бандерольдер және ұсақ пакеттер;

21) хат - iшiнде жазбаша салынымы бар конверт түрiнде жiберiлетiн почта жөнелтiлімі;

22) почта операторының қызметiн пайдаланушы (бұдан әрi пайдаланушы) - почта операторы көрсететiн, оның iшiнде өзi почта операторымен жасасатын шарттардың негiзiнде көрсететiн қызметтердi тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

23) почта - инфрақұрылымның Қазақстан Республикасының аумағында почта, қаржы және өзге қызметтер кешенiн көрсетудi және қаржылық қызметтi жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн бөлiгi;

24) почта қызметi - почта желiлерi арқылы почта қызметiн көрсету;

25) почта карточкасы - арнаулы стандартты бланкiге жазбаша хабарлама жазылған жай немесе тiркелетiн почта жөнелтiмi;

26) почта желісі - почта операторының қызмет көрсетуi кезiнде пайдаланылатын өндiрiстiк объектiлер мен почта маршруттарының жиынтығы;

27) почта жүйесi - почта байланысын қамтамасыз ететiн почта желiлерi мен почта операторларының жиынтығы;

28) почта-жинақтау жүйесi - базасында Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржылық қызметтi жүзеге асыратын және почта, қаржы және өзге де қызметтер көрсететiн почта жүйесi;

29) почта жөнелтiмдерi - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлерi, сондай-ақ тиiсiнше буып-түйiлген баспа басылымдары;

30) почталық мекенжай (бұдан әрi - мекенжай) - почта операторының қызметiн пайдаланушы, почта жөнелтiмдерiн және почталық ақша аударымдарын жеткізу және (немесе) табыс ету үшiн белгiлеген орын;

31) почта индексi - почта жөнелтiмiн немесе почталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында почта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне берiлетiн, оларды әкiмшілік-аумақтық бiрдейлендiруге және жүйелеуге мүмкiндiк беретiн мекенжайдың шартты цифрлық белгiсi;

32) почталық ақша аударымы - уәкiлеттi орган бекiткен белгiленген үлгiдегi бланк нысанын толтырып, почта желісін және өзге де байланысты пайдалану арқылы ақша жiберу жөніндегі қызмет көрсету;

33) почта штемпелi - құжаттар мен почта жөнелтiмдерiне почта жөнелтiмiн жөнелтiм орнында қабылдауды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, почта жөнелтiмiнiң қабылданған күнi мен уақытын; почта жөнелтiмiн жөнелтiм орнында алуды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, алынған күнi мен уақытын, сондай-ақ почта жөнелтiмiн адресатқа жеткiзген және (немесе) тапсырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, жеткiзiлген және (немесе) тапсырылған күнi мен уақытын көрсете отырып бедер басуға арналған аспап;

34) почта жәшiгi - жай хаттар мен жай почта карточкаларын жинауға арналған, белгiленген түстегi, нысандағы және көлемдегi жәшiк;

35) почта жөнелтiмiн қабылдау - почта операторының жөнелтушiден қабылдаған, оның iшiнде почта жәшiктерiнiң iшiнен алу арқылы қабылданған почта жөнелтiмiн одан әрi жiберу үшiн ресiмдеуi;

36) өндiрiстiк объект - почта операторының қызмет көрсетуге арналған және сол үшiн жабдықталған почта желiсінің өндiрiстiк бiрлiгi;

37) мерзiмдi баспа басылымдарын жазылу бойынша тарату - почта операторы, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иесi немесе оның уәкілеттi тұлғасы және пайдаланушы арасындағы мерзiмдi баспа басылымдарын пайдаланушыға жеткізуге және (немесе) табыс етуге бағытталған, оларға жазылуды қабылдау, тапсырыстарды жинау, әзiрлеу және сұрыптау жөніндегі өзара iс-қимыл;

38) тiркелетiн почта жөнелтiмi - жөнелтушiге түбiртек беріліп қабылданатын және адресатқа қолхат бойынша табыс етiлетiн почта жөнелтiмi;

39) почта байланысының құралдары - почта байланысының қызметiн көрсетуi үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар мен технологиялар;

40) почта қызметiнiң субъектiлерi - почта операторлары және пайдаланушылар;

41) тариф - почта операторы көрсететiн қызметке ақы төлеудiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 42) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

42) почта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi уәкiлеттi орган) - өз құзыретi шегiнде почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, почта операторларының қызметiне мемлекеттік бақылауды, оны үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

43) курьерлiк почта қызмет көрсетуi - почта байланысының курьердi пайдалана отырып почта жөнелтiмдерiн тасымалдау және табыс ету жөніндегі қызмет көрсетуi;

44) почта байланысының қызмет көрсетуi - почта жөнелтiмдерiн және почталық ақша аударымдарын жiберу жөніндегі қызмет;

45) жедел почта қызметтерi - почта байланысының почта жөнелтiмдерiн жедел сұрыптау, тасымалдау, жеткізу және (немесе) табыс ету режиміндегі қызмет көрсетуi;

46) факстiк байланыс қызметтерi - байланыстың қағазға басылған мәтiндер мен иллюстрацияларды арнаулы аппараттың көмегiмен телефон арналары бойынша берудi бiлдiретiн қызмет көрсетуi;

47) электрондық почтаның қызметтерi - байланыстың пайдаланушыларға қағаз қолданбай хабар немесе құжат алмасуға мүмкiндiк беретiн қызмет көрсетуi;

48) қаржы қызметi және қаржылық қызмет көрсету - Ұлттық почта операторының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржы рыногында жүзеге асыратын қызметi және қызмет көрсетуi;

49) франкирлеу машинасы - жазбаша хат-хабарға почта байланысының қызмет көрсетуiне ақы төленгенiн, жазбаша хат-хабардың және басқа ақпараттың қабылданған датасын растайтын бедер түсiруге арналған машина.

2-бап. Қазақстан Республикасының почта туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының почта туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Почта қызметiнiң негiзгi принциптерi

Почта қызметi:

1) заңдылықтың сақталуы;

2) почта байланысының қызмет көрсетулерiне қолжетiмдi болуы;

3) пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң сақталуы;

4) почта жөнелтiмдерi қозғалысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы еркiндiгi, оның iшiнде транзит еркіндiгi;

5) жеке және заңды тұлғалардың почта байланысы мен осы қызметтiң нәтижелерiн пайдалану саласындағы құқықтарының теңдiгi;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып, пайдаланушылардың жазысқан хаттарының, почта және өзге де хабарларының құпия болу құқығын қамтамасыз ету;

7) почта желісінiң сенімдiлiгi мен тұрақтылығын және оның басқарылуын қамтамасыз ету;

8) почта байланысы саласындағы ережелер мен талаптардың бiрлiгi;

9) ұлттық почта желісінiң және почта-жинақтау жүйесiнiң дамуына мемлекеттік қолдау;

10) Ұлттық почта операторы почта-жинақтау жүйесiнiң салымдарына тартатын ақшаны орналастыру тәртібін мемлекеттік реттеу негiзiнде жүзеге асырылады.

ҚР 2009.13.02. № 135-IV Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



4-бап. Почта операторының қызметi мен қызмет көрсетуінің түрлері

1. Почта операторлары мынадай қызмет пен қызмет көрсету түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:

1) почта байланысы қызметiн көрсету;

2) қаржылық қызмет және қаржылық қызмет көрсету;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызмет көрсету.

2. Почта байланысының қызмет көрсетуiне:

1) почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi;

2) тiркелетiн почта жөнелтiмдерiн жiберу жөніндегі қызмет көрсету;

3) жедел және курьерлiк почта қызмет көрсетуi;

4) почталық ақша аударымдары;

5) жаздырып алатын баспа басылымдарын тарату және оларды сату;

6) филателия өнiмдерiн сату;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес почта байланысының өзге де қызмет көрсетуi жатады.

3. Қаржы қызметiне және қаржылық қызмет көрсетуге:

1) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiптегi брокерлiк, дилерлiк және трансфер-агенттiк қызмет;

2) мемлекеттік бюджеттен және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi мен әлеуметтiк жәрдемақыларды жеткізу жөніндегі қызмет көрсету;

3) лизинг қызметiн жүзеге асыру;

4) факторингтiк операциялар;

5) форфейтингтiк операциялар;

6) жеке және заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу;

7) кассалық операциялар;

8) аударым операциялары;

2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

9) банкноттарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау;

10) шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

11) заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң чектерiмен мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған есеп айырысуларды жүзеге асыру;

12) бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң чектерi бойынша ақшаны қолма-қол алу бөлiгiнде ақылылық, жеделдiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;

13) корреспонденттiк шоттарды ашу және жүргiзу;

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14) тармақша өзгерді

14) лотереяларды өткізу;

15) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

16) төлем карточкаларын шығару;

ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды

17) өзінің бағалы қағаздарының (акцияларды қоспағанда) эмиссиясы;

ҚР 2009.13.02. № 135-IV Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды

18) қарыз операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттарда ақшалай нысанда кредиттер беру жатады.

 

5-бап. Почта операторлары



1. Почта операторларында қажеттi материалдық-техникалық база мен бiліктi кадрлар, механикаландыру, автоматтандыру және ақпараттандыру құралдары болуға, пайдаланушылар үшiн почта жөнелтiмдерiн Қазақстан Республикасының iшiнде және одан тыс жерлерге жiберудiң тарифтерi, мерзiмдерi туралы ақпарат, сондай-ақ өзге де ақпарат беруге тиiс.

2. Почта операторларының почта байланысы қызметiн көрсету жөніндегі қызметi почта байланысы қызметiн көрсету ережелерiне сәйкес бiрыңғай нормативтер мен талаптар бойынша жүзеге асырылады.

3. Почта операторлары пайдаланушылардан қабылданған почта жөнелтiмдерi мен почталық ақша аударымдарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

4. Почта операторлары почта жөнелтiмдерi, почталық ақша аударымдары, жөнелтушiлер және адресаттар туралы мәлiметтердi тек жөнелтушiлер мен адресаттарға не олардың заңды өкілдерiне немесе сенімхат негiзiнде сенім көрсетiлген адамдарына бередi. Аталған мәлiметтердi өзге жеке және заңды тұлғаларға беру Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

5. Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметiн көрсететiн почта операторы көлiгiнiң почта жөнелтiмдерiмен алмасу үшiн автомобиль, темiржол, су көлiгi станцияларының және вокзалдардың, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне өтуi бiрiншi кезектi тәртiппен және ақы төленбей жүзеге асырылады.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 6-бап өзгертілді



6-бап. Ұлттық почта операторы

1. 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2. Ұлттық почта операторы:

1) уәкiлеттi органның бекiтуiне почта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне почта индекстерiн беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

2) уәкілеттi орган бекiтетiн түрлер мен көлемге сәйкес почта төлемiнің мемлекеттік белгiлерiн шығаруды ұйымдастырады, сондай-ақ оларды сатуды жүзеге асырады;

3) халықаралық қайтарым купонын төлемге қабылдауға мiндеттi;

4) жергiлiктi атқарушы органдармен келiсе отырып, әкімшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы почта жәшiктерiнiң санын және орналасатын жерлерiн белгiлейдi;

5) өз қызметкерлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен нысанды киiммен қамтамасыз етуге құқылы;

ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, олардың банк шоттарын ашуды және жүргізуді қоспағанда, осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензиясыз жүзеге асырады.



Ұлттық почта операторының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банк шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі қызметін қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган реттейді, соның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді белгілеу және лицензиялар беру арқылы реттейді.

3. Мемлекет Ұлттық почта операторы жедел депозиттерге тартатын халықтың салымдарының сақталуын оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етедi.

4. Ұлттық почта операторы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

7-бап. Почта байланысы қызметiн көрсету ережесi



Почта байланысы қызметiн көрсету ережесінде:

1) пайдаланушыларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөніндегі талаптар;

2) почта операторларының атаулы заттарын пайдалану тәртібі;

3) почта жөнелтiмдерiн ресiмдеу стандарттары;

4) почта жөнелтiмдерiнiң түрлерi және олардың техникалық сипаттамалары;

5) почта жөнелтiмдерiн және (немесе) почталық ақша аударымдарын қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және (немесе) беру, жеткізу және (немесе) табыс ету тәртібі;

6) халықаралық почта жөнелтiмдерiн қабылдау, сұрыптау және табыс ету тәртібі;

7) почта жөнелтiмдерiн алу, сұрыптау және тексеру тәртібі;

8) почта жөнелтiмдерiн сақтау мерзiмдерi;

9) почта жөнелтiмдерiнiң қосымша жiберiлу және қайтарылу шарттары;

10) операциялық күндi өткізу тәртібі;

11) почта жөнелтiмдерiн кiдiрту, қарау және алу тәртібі;

12) пайдаланушылардың өтiнiштерi мен шағымдарын қарау тәртібі;

13) почта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынатын және шектеу қойылатын бұйымдар мен заттардың тiзбесi;

14) почта қызметiн көрсетуге байланысты осы Заңда көзделмеген өзге де ережелер болуға тиiс.

8-бап. Почта байланысы саласындағы мемлекеттік органдардың құзыретi

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының почта байланысын дамытудың және почта-жинақтау жүйесiн қалыптастырудың бағдарламасын бекiтедi;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен почта қызметiн жүзеге асыруға байланысты үкiметаралық келісімдердi жасасады;

3) почта желiлерi арқылы жiберiлуге тыйым салынған бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;

4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

5) почта байланысы қызметiн көрсету қағидаларын бекiтедi;

6) почта желiлерi арқылы жiберу шектелген бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;

7) почта жөнелтілімдерiнде почта штемпелін қолдану тәртібін бекітеді;

8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

2. Уәкiлеттi орган:

1) Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысы саласындағы қызметтi мемлекеттік реттеудi жүзеге асырады;

2) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

3) Қазақстан Республикасының почта байланысын дамытудың және почта-жинақтау жүйесiн қалыптастырудың бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне ұсынады;

4) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді  (бұр. ред. қара)

6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша почта төлемiнiң мемлекеттік белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiтедi;

9) почта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттік коллекциясын қалыптастырады;

10) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы почта байланысының өндiрiстiк объектiлерiне почта индекстерiн бередi;

11) почта байланысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

12) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

13) почта байланысы көрсететiн қызметтi ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

14) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

15) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

16) Ұлттық почта операторы қызметкерлерiнiң нысанды киiмiнің (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормасын бекiтедi;

17) Қазақстан Республикасының почта әкiмшiлiгi ретiнде әрекет етедi және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өкiлеттiк шегiнде басқа мемлекеттердiң почта әкiмшiлiктерi мен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Қазақстанның почта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды;

18) франкирлеу машиналарын қолдануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін белгiлейдi;

19) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

20) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық почта операторының немесе почта операторларының өтініштері бойынша халықаралық почта алмасу орындарын бекітеді;



2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)  

21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) почта операторларына өздерiнiң аумағында өндiрiстiк объектiлердi орналастыруға жәрдемдеседi, сондай-ақ почта операторларының өндiрiстiк объектiлерi үшiн тұрғын үйлерге жатпайтын үй-жайлар бөлу мәселелерiн қарайды;

2) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында почта байланысының тиiмдi жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;

3) Ұлттық почта операторымен бiрлесiп, әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағындағы почта жәшiктерiнiң санын және орналасатын жерлерiн белгiлейдi, тұрғын үйлердi пайдаланатын тұрғындар мен ұйымдардың абоненттiк почта жәшiктерiн тиiсiнше пайдалануын қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;



2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

9-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

10-бап. Почта байланысының қызмет көрсетуiнiң тарифтерi

1. Почта байланысы көрсететiн қызмет тарифтерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. Почта байланысының баршаға қол жетiмдi қызмет көрсетуiнiң тарифтерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледi.

2. Пайдаланушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жеңiлдiктердің берiлуiне байланысты почта операторының шығыстарын өтеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

11-бап. Почта байланысы қызметiн көрсету кезіндегі шектеулер

1. Почта жөнелтiмдерiнен табылған жiберуге тыйым салынған бұйымдар мен заттарды почта операторлары сол жерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қояды.

2. Почта жөнелтiмдерiн кiдiртуге, қарауға және оларды алып тастауға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол берiледi.

12-бап. Тапсырысты почта жөнелтiмдерi

1. Жазбаша хат-хабар мен пайдаланушының қалауы бойынша қағазға басылып шығарылған электрондық почта хабарлары тапсырысты почта жөнелтiмi түрiнде жiберiлуi мүмкiн.

2. Тапсырысты почта жөнелтiмiн почта операторы көрсетiлетiн қызмет үшiн алдын ала ақы алып қабылдайды және оған түбiртек бередi.

13-бап. Құндылығы жарияланған почта жөнелтiмдерi

1. Бағалы қағаздар, құжаттар немесе бағалы заттар бар почта жөнелтiмдерi құндылығы жарияланған тiркелетiн почта жөнелтiмдерiне жатады.

2. Пайдаланушылар құндылығы жарияланған почта жөнелтiміндегі салым құндылығының сомасын почта байланысының қызмет көрсетуiнiң ережелерiне сәйкес өздерi дербес айқындайды және буып-түю түрiн таңдап алады.

3. Жөнелтушi құндылығы жарияланған почта жөнелтiмiне ақыны почта операторының түбiртегiн ала отырып, алдын ала төлейдi.

14-бап. Почта жөнелтiмiн алғаны туралы хабарлама

1. Тапсырысты почта жөнелтiмiн немесе құндылығы жарияланған почта жөнелтiмiн жiберу кезiнде жөнелтушi адресаттың почта жөнелтiмiн алғаны туралы өзiне хабарлама жiберудi талап етуге құқылы.

2. Адресаттың почта жөнелтiмiн алғаны туралы хабарламаның тарифiн жөнелтушi почта операторының түбiртегiн ала отырып, алдын ала төлейдi.

15-бап. Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi

1. Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi почта операторының пайдаланушылардың почта жәшiктерiнен жиналған және (немесе) операциялық терезелерден қабылданған жай хаттарын, почта карточкаларын және бандерольдерiн жiберу жөніндегі қызмет көрсетуін бiлдiредi.

2. Почта жөнелтiмiнде почта төлемақысының немесе белгiленген тарифтiң iшiнара төленгенiнiң мемлекеттік белгiлерi болмаған жағдайда, почта операторы мұндай почта жөнелтiмiн жөнелтушiге қайтаруға құқылы. Жекелеген жағдайларда почта жөнелтiмi адресатқа жөнелтушiнiң жеткізу және (немесе) табыс ету кезiнде белгiленген тарифке дейiн жеткiзiп төлеудi жүзеге асыру ұсынысымен жеткiзiлуi мүмкiн.

16-бап. Почта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету

1. Жөнелтушi почта жөнелтiмi:

1) адресатқа берiлмеген;

2) тыйым салынған салымдар үшiн тәркiленбеген немесе жойылмаған;

3) жеткiзiлетiн елдiң заңдары негiзiнде алып қойылмаған жағдайларда почта операторына почта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету туралы талаппен жүгiнуге құқылы.

2. Почта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту және түзету жөнелтушi қосымша ақы төлеген кезде жүзеге асырылады.

17-бап. Почта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерi

Почта операторлары Қазақстан Республикасының күзет қызметi саласындағы заңдарына сәйкес почта операторына оның почта қызметiн жүзеге асыруына байланысты сенiп тапсырылатын почта жөнелтiмдерiнiң және почталық ақша аударымдарының сақталуын, жазысқан хаттардың, почта және өзге де хабарламалардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн, пайдаланушылар мен қызметкерлердiң, сондай-ақ почта операторы мүлкiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жағдай (режим) жасайтын почта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерiн құруға құқылы.

18-бап. Почта қызметiн көрсету кезiнде мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Почта операторы почта жөнелтiмiн қабылдап алған кезден бастап алушыға берген кезге дейiн оның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Почта операторы:

1) салым жоғалған, жетiспеген немесе тiркелетiн почта жөнелтiмi зақымданған (бүлiнген);

2) почта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерi бұзылған жағдайларда жауапты болады.

2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды почта арқылы жіберуге кінәлі почта байланысы қызметін пайдаланушылар, егер осылай жіберудің салдары қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылықта болады.

3. Салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе почта жөнелтiмінің зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн почта операторы мынадай мөлшерде:

1) құндылығы жарияланған почта жөнелтiмiнiң жоғалғаны немесе түгелдей зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жарияланған құндылығы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде;

2) салым тiзiмдемесiмен бiрге жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған почта жөнелтiмдерi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жөнелтушi тiзiмдемеде көрсеткен салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;

3) салым тiзiмдемесiз жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған почта жөнелтiмi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгi массасының, жiберiлген салым массасына (почта жөнелтiмi орамының массасынсыз) қатынасына барабар түрде оның нақты құнына қарамастан анықталатын почта жөнелтiмi бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;

4) өзге де тiркелетiн почта жөнелтiмiн жоғалтқаны үшiн - төленген тарифтiң екi еселенген сомасы мөлшерiнде;

5) почталық ақша аударымын жоғалтқаны үшiн - почталық ақша аударымының сомасы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде жауапты болады.

4. Пайдаланушылардың почта жөнелтiмдерi мен почталық ақша аударымдарын жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн почта операторы кiдiртiлген әрбiр күн үшiн төленген тарифтiң үш процентi мөлшерiнде, бiрақ көрсетiлген қызмет үшiн төленген тариф сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

Почта жөнелтiмiн әуе көлiгiмен жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн почта операторы пайдаланушыға әуе және жер үстi көлiгiмен жiберу үшiн төленетiн ақы тарифтерiнiң арасындағы айырмашылықты төлейдi.

5. Егер мiндеттерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау ырық бермейтiн күштiң немесе почта жөнелтiміндегі салымның ерекше қасиеттерiнің салдарынан болғаны дәлелденсе, почта операторы салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе тiркелетiн почта жөнелтiмiнiң зақымданғаны (бүлiнгенi), почта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтан босатылады.

6. Почта операторы почта қызметiн көрсету жөніндегі мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде , осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

7. Пайдаланушылар:

1) ерекше қасиеттерiне орай почта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды почта жөнелтiмiне салудың салдарынан;

2) почта желiлерi арқылы жiберуге қабылданған салымның тиiсiнше буып-түйiлмеуi салдарынан туындап, почта операторына келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады.

19-бап. Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.



Қазақстан Республикасының

Президентi

H. Назарбаев

 


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет