ПОӘҚ 042-33 27/03-2014 Баспа №1 11. 09. 2014


Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар



бет3/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#13130
1   2   3   4

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Суретші Ә.Қастеев шығармашылығы жөнінде әңгімеле?

2.Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тұнғыш суретші қазақ қызы А.Ғалымбаева шығармашылығының орны?

3.Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуына Г.Исмаилоавнын үлесі қандай?

4.Қай жанрдағы сурет үнайды не себептен?


6 тақырып:Бейнелеу өнерінің техникасы және негізгі ұғымдары.

Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнерінің техникасымен таныстыру,пайдалану ретің үйрету.

Қысқаша мазмұны:Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі- сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады.Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді. Пішіннің түрі түсетін жарыққа қарай өзгеретіндіктен, сызықтың түрі де өзгереді. Мұндай сызық немесе кеңістік сызық деп аталады. Штрихтардың басқа сызықтардан(сызба сызықтарынан)айырмашылығы- мұның кеңістік сипаттары көбірек.Мәселен,сызықтар мен өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ,ал штрих-қысқа сызық,әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие бола алады.Басқаша айтқанда, сызықтар пішіннің шекараларын белгілеп,олардыңсұлбасын(контур)жасаса,ал штрихтар тобы пішінге өң-рең береді.Сөйтіп, женіл,болар-болмас көрінетін сызықтардың көмегімен болашақ жалпы пішін, қимыл- қозғалыс, кеңістік беріледі.Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіңе қарай ) сызуға болады, ал қарындаштың ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды. Егер штрих сызығы дұрыс жүргізілмеген болса, оны өшірмей-ақ дәл сол жанынан екінші сызық жүргізген дұрыс. Сонда жіңішке жүргізілген алғашқы дәл емес штрих сызықтары суретке қараған көзге түспейді де, сурет салынып біткенде ол сызықтар көрінбей қалады.Штрихтар мен нәрсенің түрін, жарық пен көлеңкені, нәрселердің рең-бояуындағы үйлесімін, қандай материалдардан жасалғанын, суреттегі түрліше көлеңкелерді, түсер қатынасын қарандашпен бірқатар штрихтар жасау арқылы болады. Сонымен, штрих дегеніміз-суретке салынатын заттың объектісін, яғни, оның сурет салушыдан қанша қашықтықта тұрғандығын, қандай материалдан жасалғандығын сыртқы және түсін белгілейтін сызық. Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелінгегдігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.

Суретті қалай түзету керек

Негізінен, бұрынғы салынған пішінді кетірмей-ақ қарындашпен түзетеді. Егер де алғашқы белгіні кетіретін болса жіберілген қателік қайталануы мүмкін. Өшіргіштердің ақ және сұр жұмсақ түрлері қолданылады. Егер өшіргіш қатты болса екі-үш күн бензинде ұстап жұмсартуға болады. Сонымен қатар қолданғанда ыңғайлы болуы үшін шетін ұштап кеседі. Мұндай өшіргіштермен жіңішке штрихтарды, кішкентай бөлшектерді кетіру оңай.


Перомен сурет салу.

Перомен салынған суреттерді кітаптардан, газет-журналдардың беттерінен көруге болады. Бұл графиканың ең көп тараған түрі. Мұндай әдәсті атақты жанды бейне шеберлері, соның ішінде Рембранд тамаша меңгерген. Перомен сурет салу техникасы әр түрлі: түзу немесе үзік қара сызықтар, әр түрлі бағыттағы штрихтар, кейде тушпен бояу.Мұндай техникада кеңістік сызықтық перспектива арқылы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі реңде және бағытта салынған штрихпен де беріледі. Алыстағы көрініс /дальный план/ өте жеңіл кейде үзік сызықтармен, ал жақын көріністер /передний план/ қою штрихтармен көрсетіледі. Перомен сурет салу ерекше назарды, ұқыптылықты қажет етеді. Сурет салушыны нақты бейнеден ең маңыздысын таңдап алуға мәжбүрлеп көз мөлшерін дамытады. Сонымен қатар мұндай суреттердің қатандыққа, дәлдік пен сенімділікке тәрбиелеуде маңызы зор. Тушь штихтары өшіргішпен өшірілмейді, сондықтан да бұл әдісте қате жіберуге болмайды. Нобайлар мен суреттерді бірден перомен салса, шынайы көрінеді. Егер де ұзақ мерзімді сурет болса, тек қана қатты қарындашпен белгі салынады. Қарындашпен сурет салғандағы сияқты, перомен жұмыс негізгі пропорцияларды нүктелермен немесе қысқа штрихтармен белгілеуден бастайды. Содан соң жартылай көлеңкені көрсетіп, әрмен қарай жетілдіреді. Штрих бағыттарыф заттың пішініне сәйкес келген жөн. Перомен сурет салу тығыз және теріс қағазға орындалады. Өйткені перо қағаз бетінде еркін қозғалып, тушь жайылып кетпеу керек. Сондықтан да кедір-бұдырлы, әр түрлі дақтары бар қағаз жарамсыз.



Қылқаламмен бір түсті сурет салу/гризайль/

Жалпақ акварель қылқаламымен / 16-20/қоныр немесе қара түс арқылы нобай суреттерді салады.Жалпақ акварель қылқаламымен(16-20) қоныр немесе қара түс арқылы нобай суреттерді салады. Жалпақ акварель қылқаламымен салу себебі, жіңішке қылқаламмен салған суреттің сызықпен салынған суреттен айырмашылығы болмай қалады. Сондықтан да жалпақ қылқаламымның мүмкіндігі мол, көлемді бөлшектерді бояп, жіңішке сызықтарды да түсіре алады. Қылқаламмен жұмыс істеу сурет салушыдан жинақтылықты, шығармашылық икемділікті талап етеді.Бұл техникамен сурет салуды қылқаламды жеңіл тигізу арқылы бейненің көлемін, пішіннің негізгі бөлшектерін белгілеуден бастайды. Содан соң күңгірт рең арқылы көлеңке жерлерің көрсетеді, қылқаламның ұшы арқылы айқын көрінетін шеткі сызықтарын шығарады. Өте тез салынатын нобайлар үшін планшетке әр қағазды жеке-жеке бекітпей, бірнеше данасын шеге арқылы ұсатқан тиімді. Өйткені, дайын нобайды тез алып тастап, жаңасын бастау оңай. Гризайль техникасымен тек қана нобайларды емес, сонымен қатар, этюдтар мен ұзақ мерзімді суреттерді де орындайды. Бұл, әсіресе қандай да болмасын бояу түрімен сурет салып үйренердің алдында тиімді. Оқушылар бояудың қасиетін, ерекшелігін, мүмкіндігін түсініп біледі.



Көмірмен сурет салу

Көмірмен сурет салу графиканың бір түрі болып табылады. Көмір арқылы жіңішке, анық штрихтарды түсіріп, саусақпен де жағуға болады. Көмірмен тек ақ қағазға ғана емес, сонымен қатар түсқағазға, кенепке, картонға салуға болады. Көмір шүберекпен оңай сүртіледі, ал өшіргішпен кетіруге болмайды, қағаз бетін ластап тастайды. Көмірмен салынған суреттер ұзақ мерзімге шыдамайды, оны бекіткіштер арқылы бетін жабу қажет.



Гуашь

Гуашь- желім араласқан бояу. Оның құрамындағы желім байланыстырғыш қызмет атқарады. Сондықтан да акварель сияқты гуашьпен жұмысты негізінен қағазға немесе картонға орындайды. Ал, айырмашылығы гуашь түстері бірін-бірі жабады, мөлдір емес. Гуашь бояулары кепкен кезде ағарады. Бұл, әсіресе затқа қарап салынған кезде ағарады. Сол себептен, гуашь, пен жұмыс істердің алдында жаттығу жумыстарын жасап, түстердің қаншалықты ағаратынын анықтау қажет. Гуашь сәндік-көркемдеу жұмыстарында кеңінен қолданылады, Бірақ та шрифт жазу немесе өрнек салу үшін үлкен жазықтықтарды бояп, жаба білу керек. Ол үшін гуашьты бөлек ыдысқа салып, керекті қоюлықты сумен араластырады. Егер де бояуды бірден ыдысынан алып жақса бір жері қою, екінші жері сұйық болуы мүмкін. Бояуды жалпақ қылқаламмен, бір жаққан жерге екінші рет қайталмай тез жағады.



Темпера

Темпера деп құрамында байланыстырғыш ретінде әр түрлі эмульсия араластырған бояуларды атайды.Құрамы бойынша майлы бояу мен желім араласқан бояулар аралығында болып келеді.Темпераны сумен араластырып, қағазға,картонға және кенепке салуға болады.Темпераны майлы бояу пайда болғанға дейін кеңінен қолданады.Бірақ та майлы бояудың кейбір кемістіктері болғаннан кейін,19 ғасырдың соныңда темпераны қайта қолдана бастады..Темперамен жұмыс ерекше жүйені қажет етпейді,сондықтан да сурет салушы еркіндікте жұмыс жасайды.Темпера түстері,майлы бояуға қарағанда,біршама қосымша түстерді шығара алады.Бөлме ішінде қабырға сурет(роспись) салуда темпера қабырға жазықтығымен өте сәйкес келеді. Сондықтан да темперамен орындалған шығарма, майлы бояуға қарағанда, тамаша көрінеді.



Пастель

Пастель- қағазға оралған түрлі түсті қарандаштар. Оларды дайындауға акварельдің де,гуашьтың да құрамына кіретін құрғақ ұнтақтар-пигменттер пайдаланады. Пастельдің байланыстырғыш заттары- арабшайыр (гуммиарабик), декстрин, қант және сүт болып табылады. Ал түсаралық реңдер дайын күйінде болады. Сондықтан да,ереже бойынша түстер этюдта араластырылмайды, соңынан жағылған түс, астыңғы түсті жауып кетеді.Бірақ та кейбір аздаған жерлерін саусақпен уқалап араластыруға болады. Пастельмен сурет салуға негізінен сұр, кедір-бұдырлы қағазды қолданады. Мұндай қағаз болмаған жағдайда оны қолдан дайындауға болады. Ол үшін ватман немесе қарапайым қағазды, картонды алып бетін жауып, оғанұннан жасалған клейстерді немесе кезеинді, сұр бояуды араластырып, жалпақ қылқаламмен жағады. Пастель бояу ластанатын болғандықтан, этюдтарды әйнектің астында сақтау керек немесебояу қабатын бекіту қажет.



Майлы бояумен жұмыс

Майлы бояуды пигментті зығыр майымен араластыру арқылы алады. Майлы бояудың әдістері әр түрлі: майлы бояумен жұқалатып немесе керісінше, кедір-бұдыр етіп (мазок) жазуға болады. Майлы бояудың бір қасиеті акварельдей емес,ұнамаған бояу түсін қалақша(мастихин) арқылы алып тастап немесе үстінен өңдеп, қайта жазуға болады. Майлы бояудың кебу жылдамдығы ондағы майдың мөлшерімен, пигменттің химиялық құрамымен байланысты. Майлы бояу 15 ғасырдан бастап қолданыла басталды. Майлы бояу екі түрге бөлінеді: езілген ұсақ бояу және эскиздік.Бірінші түрі ең жақсы майлы бояу болып табылады. Сонғысы онша жауапты жұмыстарға арналмаған бояу.


Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Сурет салу кезінде қандай құрал-жабдықтар қолданылады?

2.Перомен,көмірмен,гуашьпен,темперамен,пастельмен,акварельмен,майлы бояумен сурет салудың айырмашылықтары?

3.Темперамен сурет салуға қандай материалдар жарамды?

4.Қазақстан майлы бояу шеберлерінен кімдерді білесін?

5.Майлы бояумен жұмыс



Тәжірибелек жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

1 тәжірибелік жұмыс:



Тақырып : Композиция және перспектива.Композициялық заңдылықтары, құралдары,әдістері. Сызықтық және кеңістік перспектива.

Сабақтын мақсаты:Студентерге композиция және перспектива туралы түсінік беру, оларды пайдалану зандылықтарымен таныстыру.

А)Қысқаша мазмұны:Композиция-(латын тілінде «құрастыру,тәртіпке келтіру» деген мағынаны білдіреді)- шығарманыңқұрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция-көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің міңез-құлкын, іс-әрекетін ашып, бейнелеп отырған өмір құбылыстардын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғурлым айқын,нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Қарапайым тілімен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілеген соң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырады. Композицияның негізгі талабы-шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет,кескіндеме,роман,пьеса, симфония,т.б болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөлікткерін соған байланысты құрады. Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орталықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да карнаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығыментоптастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де.Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриалық, композициялық , тақырыптық орталықтардың тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс. Мұндай қабысудың классикалық үлгісінен мысал келтірейік.16 ғасырда Италияда әлемнің ұлы суретші Леонардо да Винчи өмір сүріп, жұмыс істейді . Бірнеше жылдар бойы «Құпия кеш» атты үлкен картина –фреска жасаумен айналысты.

Перспектива

«Перспектива» сөзін латын тілінен аударғанда «анық көремін» деген мағынаны білдіреді.Перспектива сурет салушыға кез келген бейнені өмірде қалай көрсек, дәл солай бейнелеуге мүмкіндік туғызады.Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері Пьеро делла Франческо, Леонардо да Виньчи, А.Дюрер және оқытуға көп үлес қосты. Перспективаны түсіну үшін ең алдымен көкжиек сызығы жөніндегі білу керек, өйткені, барлық перспективалық құрылыс осыған байланысты. Көбінесе көкжиек жөніндегі айтқанда, аспан мен жердің шектескен сызығы жөнінде ой туындайды.Ал негізінен алып қарағанда, географиялық көкжиек перспективалық көкжиекпен байланысты. Перспективалық көкжиек барлығын жоғары жағынан және төменгі жағынан көрінетін заттарға бөледі. Перспективалық көкжиек сызығы әр уақытта көз деңгейінде орналасқан. Оны қалай анықтауға болады ? Ол үшін стаканға су құйып, оны көз денгейіне жақындату керек. Егер де оған жоғарыдан немесе төменнен қарайтын болсақ, су беті эллипс пішінді болады. Ал дәл көз денгейінде болғанда, түзу сызық болып көрінеді.Егер адам отырса перспективалық көкжиек төмендейді, егер жоғары қарай шықса жоғарылайды. Перспективалық көкжиектен төменде жатқан барлық көлденең сызықтар бақылаушыдан алыстаған сайын жоғарылайды, ал жоғарыда жатқан сызықтар төмендейді.Барлық параллель көлденең сызықтар бақылаушыдан алыстаған сайын көкжиек сызығына жақындап, сонда түйіседі.Мысалы, көкжиек сызығына қиғаш орналасқан үй суретін салса, оның әр екі қабырғасының өз түйісу нүктесі болады. Ал тік сызықтар әр уақытта параллель күйінде қала береді. Көлденең орналасқан шеңбер переспективада эллипс түрінде көрінеді Сурет салушыға көлеңке перспективасын да білу керек. Күн жерден өте алыста болңандықтан, оны сәулелерін параллель ретінде қабылдаймыз. Жасанды жарықтан түскен заттардың көлеңкелері жан-жаққа түседі. Оның өлшемін жарықтан шыққан түзулер арқылы анықтйды.Неғұрлым бейне жарыққа жақын болса, солғұрлым көлеңке үлкейеді.Сонымен қатар, заттардың сәулелерінде де перспектива заңдылықтары бар. Суда өсіп тұрған ағаштын сәулесі дәл сол күйінде қарама-қарсы бағытта көрінеді. Бөлме ішіндегі заттар да переспективаның жалпы заңдылықтарында бағынады. Бөлмедегі көкжиек сызығы да көз деңгейіне өтеді. Адам денесін, басын салғанда да перспектива өзгерістерді ұмытпаған жөн. Міне, бұл айтылғандар сызықтық перспектива туралы.Сонымен қатар, сызықтық перспективамен бірге ауа перспективасы да сурет салуда үлкен орын алады. Заттар бақылаушыдан алыстаған сайын өзінің айқындылығын жоғалтып бұлдырай түседі. Қою түсті заттар алыстағанда салқын реңге / көбінесе көгілдір, кейде қою көк /, ал ашық түстер жылы реңге айналады.Түстер мен көлеңкелер, заттардың материалы алыстаған сайын дұрыс көрінбей, тұтасып кетеді, силуэтке айналады. Егер заттарды ашық түстер мен бөлшектерін анық көрсетіп бейнелесе, жақын жерде тұрған сияқты көрінеді. Керісінше бұл қасиеттерді жоғалтса, олар бізден алыстайды.Сурет салу кезінде осы екі перспектива заңдылықтары толық жүзеге асса, жұмыс өз дәрежесінде орындалады. Сол себептен перспектива қандай да болмасын суретке маңызға ие.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Композиция деген не?

2.Композиция бейнелеу өнерінде қандай рөл атқарады?

3.Композицияның негігі зандылықтары қандай?

4.Перспектива дегеніміз не?

5.Перспектива қандай түрлерге бөлінеді?



Б)Студентерге тапсырма:Песпективаны пайдаланып табиғат көрінісің салу.
2 тәжірибелік жұмыс:

Тақырып: Негізгі түстер. Хроматикалық және ахроматикалық түстер. Жылы және суық түстер.

Сабақтын мақсаты:Түстерді ажыратуға,оларды бөліну ретіне үйрету.

А)Қысқаша мазмұны:Негізгі түстерге; қызыл, сары, көк түстер жатады. Бұл түстер бояу қосындыларынан алынбайды.

Қосынды түстер деп негізгі түстерді бір-біріне қосу арқылы алынатын түстерді айтамыз. Мысалы: сары + көк = жасыл; қызыл+ сары = қызғылт сары; көк+қызыл =сия көк.

Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ ,сұр, қара түстерінің реңдері жатады.

Хроматикалық түстерге; түрлі түстердің бәрі жатады.

Контраст түстер яғни қарама-қарсы түстер. Мысалы: қара-ақ; қара-сары; қара-қызыл; көк-ақ; көк- сары т.б.

Салқын түстер деп мұз, қар, су, аспан түстерін яғни көгілдір , көк, күлгін , көкшіл жасыл түстерін айтамыз.

Жылы түстер деп күннің, оттың, қызған темірдің түстерін яғни сары, қызғылт - сары, сарғыш жасыл, қоңыр түстерін жатқызамыз.

Қосымша немесе бір-бірін толықтыратын түстер деп спектр шеңберінде орналасқан, қарама-қарсы тұрған түстерді айтамыз.

Мысалы: қызыл- жасыл, көк-сары, қызғылт-сары-көгілдір т.б.

Түс үйлесімділік қасиетін меңгергеннен кейін «Жіп сурет» техникасын тігу барысында пайдаланылатын жіптерді контраст түспен аламыз.

Жұмыстың аясына салқын түстерді қолданамыз олар: көк, сия көк. Ахроматикалық түстен қара түсті қолданамыз. Өрнек, суреттердің түстерін жылы түспен анық шығу үшін сары, қызғылт-сары, қызыл, ашық жасыл түстерін пайдаланамыз. Себебі жылы

түстермен жасалған бейне бірінші планға шығып тұрған тәрізді анық әсер қалдырады. Композиция құру барысында міндетті түрде бұрыштың, шеңбердің, доғал, сопақшаның ішін толтыру бағытын жетік меңгеруіміз керек. Ол үшін мына сызу үлгілерін үйренеміз.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Хроматикалық және ахроматикалық түстерге кайсысы жатады?

2.Қосымша түстерге қайсы жатады?

3.Контрасты қалай түсінесің?

4.Киім үлгісінде неше түс болу қажет?

5.Қазіргі танда киім үлгісінде түстердің үйлесілімділігі қажет пе?



Б)Студентерге тапсырма:Түстану плакатын жасау.

3 тәжірибелік жұмыс:



Тақырып:Жарық, көлеңке заңдылықтары

Сабақтын мақсаты:Студентерге жарық және көлеңке заңдылықтарын тәжірибеде қолдануға,алған білімдерін сабақта пайдалануғаүйрету.

А)Қысқаша мазмұны:Жарық ,көлеңке - бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.Егер геомериялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады.Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады. Бейнелейтін оъектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды. Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселерге жарықтың тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады. Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады. Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл – заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай-ақ олардың қырларында көбірек байқалады. Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай-ақ жарық сәулелердің бағытын анықтап алудың маңызы зор. Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Өңнің қоюлығы не белсеңділігі заттын көлеңкелері мен оған түскен жарықтың арасындағы қатынастарға сәйкес болып шығуы тиіс. Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек, әлбетте рефлексті де ұмытып кетуге болмайды. Суреті салынатын нәрсенің жарық тусіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болу тиіс.Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар бақылаушыға неғурлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст солғурлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдынғы планда контрасстар мейлінше ашық боладыда, екінші , үшінші, одан арғы планда контраст азая береді.Сонымен, бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене бастайды,ал күнгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек. Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы зер салып қарауды қажет етеді.Жарық пен көлеңкені нәрсенің негізі пішіндерімен бір мезгілде белгілеген жөн.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Жарық, көлеңке терминын айт?

2.Меншікті көлеңкенің жарықтау жерге түскенің қалай атайды?

3.Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылықты қалай атайды?

4.Пропорция деген ұғымды қалай түсінесің?

5.Бейне құрылысында пропорцияның атқаратын қызметі?



Б)Студентерге тапсырма: Жарық пен көлеңке заңдылықтарын пайдаланып құмыраны салу.
4 тәжірибелік жұмыс:

Тақырып:Акварельдік кескіндеменің техникасы

Сабақтын мақсаты:Акварельмен жұмыс техникасына үйрету,орындау тәртібімен таныстыру.

А)Қысқаша мазмұны: Акварель- деген атау латынның «agua» су деген сөзінен шыққан. Бұл сөзді суға енгізілген бояуларды да, сол бояулармен салынатын шығармаларды да білдіреді. Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір жағылғандықтан, бояу астынан қағаздың өз түсті көрініп тұрады. Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуның артықшылығын-оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады. Акварель бояуның тағы бір өзіндік ерекшілігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын айырмашылық болмайды олар бір-бірімен жымдасып, бір-біріне жігі білінбей, жұмсақ реңкпен жалғасып жатады.Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері: акварель бояумен жұмыс жасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені оның орнына қағаздың өз түсі пайдаланады. Акварель бояуның материалы-пигмент, жабыстырушы зат. Акварель бояуларының плитка тәрізді қатысы да,фарфор ыдысқа салынған іркілдегі де, сықпа (тюбик) етіп қойған жұмсағы да болады. Акварель бояумен жұмыс жасағанда, пигментті еріту үшін су пайдаланылады. Акварель бояулары дүкендерде металдан және пластмассадан жасалған ыдыстарда сатылады. Акварель бояуы үшін әдетте, беті бұдырмақ/ватман / қағаздарын пайдаланады.Ерте заманда акварельмен салатын суретшілер суреттерін ерекше әдіспен иленген ешкі терісіне – пергаментке салған көрінедеді. Акварель бояуына арналған қағаздың қағаздың барлық түрі де таза зағырдан жасалған бояуы керек. Жылтыр қағаздарға қарағанда, беті бұдырмақ қағаздарға акварель бояулары жақсы жұғады. Әрине,суреттің сыртқы көрінісіне және сапалы шығуына материалдық сапасы әсер етеді. Сондықтан да акварельмен жұмыс жасағанда, қағаз көтеріліп тұрмас үшін оны тегіс тақтайға керіп, жиектері тақтайдан 2-3 сантиметрдей асып тұруы керек. Қағаз жиырылмай жақсы керілуі үшін оны алдымен суланған щеткамен немесе дымқыл губкамен сүртеді. Содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да, қағаздың артық шеттерін қайырып жабыстырады. Дайындалған қағазға суреті әбден кепкеннен кейін салу қажет. Акварельмен жұмыс жасаған қылқаламдар пайдаланады. Қылқаламдардың сыртында 1,2,3,4 және одан да көп сандар қойылады. Акварелль бояумен сурет салғанда, жарық пен көлеңкені айырып көрсетуден бұрын суретті қарындашпен түсіріп алған жөн. Акврель бояуларын пайдаланғанда бір түстің үстіне екінші түсті бояуды бірте-бірте жағып отыру керек, егер бұлай етпесе, жаңсақ алынған түс суретті бүлдіріп жіберуі мүмкін. Әдетте бір түсті екінші бір түске ауыстыру немесе түстерді табу үшін палитра /тақтайша/ немесе оның орнына кішкене жалпақ тәрелке, тіпті болмаса қалын ақ қағаз пайдаланады. Жұмыс аяқталған сон , қылқаламдарды жуып кептіріп қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет