ПОӘК 042-14. 01. 20. 101/03-2011 2011 ж. 2 басылым


Тақырып. Көкірек клеткасынын құрылысы. Синдесмология



бет3/3
Дата29.06.2016
өлшемі292.5 Kb.
#164651
1   2   3
4.Тақырып. Көкірек клеткасынын құрылысы. Синдесмология.

1. Тапсырма. Қабырға иіліп келген жұқа 12 сүйектен түзілген. Қабырғаның орта жерін қабырғаның денесі, алдыңғы және артқы бөліктері қабырға ұшы деп аталады. Қабырға басынан кейінгі сәл жіңішкеріп келген жерін қабырға мойны, одан кейінгі дөңесті қабырға бұдыры деп атайды. Төс сүйегінің құрылысын сипаттап, зерттеп оқу, суретін салу.

2. Тапсырма. Бас қанқасы арқылы тігіс түрлерімен танысу және оларды ажырату білу. Бас қанқасында барлық тігіс түрлері кездеседі / тісті, қабыршақты, жапырақша т.б./

3. Тапсырма. Буындардын құрылысына және қызметіне байланысты түрлерін зерттеп оқу. Күрделі буындардың байламдарымен танысу. Барлық күрделі буындарды атап шығыныздар.

3. Тапсырма. Қай буында ен көп байлам кездеседі ?

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

5. Тақырып. Жамбас белдеу сүйектері. Артқы аяқтын автоподиі.



  1. Тапсырма. Жамбас белдеудің сүйектері, олардын құрылысы және қызметі. Жеке сүйектердің суретін салу.

  2. Тапсырма. Ортан жілік және білек сүйектірінің құрылысын зерттеп оқу. Малдың түр ерекшеліктеріне көніл аударыныздар.

2. тапсырма. Артқы аяқ бас сүйектерді алдынғы аяқ бас сүйектерімен салыстырып оқу керек. Малдын түріне байланысты олардын құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/



  1. Тақырып. Омыртқа бағанасы мен бас қанақасының салыстырмалы анатомиясы.

  1. Тапсырма. Омыртқа бағанасының барлық омыртқалардың малдың түріне байланысты құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

  2. Тапсырма. Бірінші, екінші және жетінші мойын омыртқалардың түр ерекшеліктері.

  3. Тапсырма. Бас қанқасының салыстырмалы анатомиясы. Берілген бас қанқаны, қай малдықы екен ажырату керек.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

5. Тақырып. Миология.

Семинар сұрақтары: 1. Құрылысына байланысты бүлшық еттердің түрлері, 2. Жасқа байланысты бүлшық еттердің ерекшеліктері, 3. Бүлшық еттердің қосымша құрылымдары, 4. Бүлшық еттердің дамуы.

Зертханалық сабақтардын жоспары /1 сағ/

7. Тақырып. Фасциялар. Синовиальды бурсалар, қуыстар. Жамбас терен бұлшық еттері.

1. Тапсырма. Бүлшық еттің қосымша құрылымдарымен танысу. Препарат және таблица арқылы беткей, терен фасциялардын топографиясын, қызметтерін зерттеп оқу.

2. Тапсырма. Оқутышы көмегімен препаровке кезінде бұлшық еттердің сінірлеріне, бурсаларына көніл аударыныздар.

3. Тапсырма. Білезік және жіліншек буындардын сақиналы байламдарын, бурсаларды, сінірлерді тауып алыныздар.

4. Тапсырма. Жамбастын терен бүлшық еттерін зерттеп оқу.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.



  1. Тақырып. Тері түындылары.

Семинар сұрақтары: 1.Терінің дамуы, 2. Шәштің құрылысы және түрлері, 3. Сүт безеінің құрылысы, 4. Терінің қатты түындылары, 5. Шәштің дамуы.

Зертханалың сабақтын жоспары /1 сағ/

8. Тақырып. Тері түындылары.

1. Тапсырма. Сүт безінің құрысымен танысу. Бул мүше паренхиматозды мүшеге жатады, қызметіне байланысты мерокринді безеге жатады. Суретін салып, белгілеу керек.



  1. Тапсырма. Шәштің құрылысын зерттеу. Шәштің тамырына көніл аударыныздар. Шәштің түрлері және қызметтерімен танысу.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.

  1. Тақырып. Ас қорыту мүшелері.

Семинар сұрақтары: 1. Ішкі мүшелер туралы түсінік, 2. Серозды қуыстар, 3. Баурдың құрылысы, 4. Үйқы безенің құрылысы, 5. Ас қорыту мүшелерінің дамуы, 6. Сілекей безедерінің құрылысы.

Зертханалық сабақтын жоспары /2 сағ/

9,10. Тақырыптар. Ішектер. Бауыр мен ұйңы безі.

1. Тапсырма. Жінішке және жуан ішек бөлімдерінің анатомиялық құрысымен танысу. Олардың қабырға құрылыс ерекшеліктерін зерттеп оқу. Құрылысымен танысқаннан кейін олардың атқаратын қызметерінің қалай өтетінін түсіну.

2. тапсырма. Бауыр құрылысы мен қызметін зерттеп оқу. Ас қорыту және зат алмасу процестеріне тиетін әсерін түсіну.

3. Тапсырма. Ұйқы безеінің құрылысымен танысу. Препарат, атластар арқылы көргеннен кейін сыртқы пішіні мен құрылысын зерттеп, суретін салу.

4. Тапсырма. Ас қорыту мүшелерінің топографиясын зерттеп оқу.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.



  1. Тақырып. Тыныс алу мүшелері.

Семинар сұрақтары: 1. Мұрын жолдарының манызы, 2. Мұрын синустарының манызы, 3. Кенірдектін манызы және топографиясы, 4. Өкпенің құрылысы, 5. Плавра дегенімз не ? 6. Тыныс алу мүшелерінің басты қызметтері.

Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағ/

11. Тақырып. Өкпе. Плевра.

1. Тапсырма. Көніл аударатын жағдай, бронхының бронхы бұтақтарына дихотомиялық тарамлалуы. Бұл тарамдалудың дем алумен дем шығарғандағы өтетін ауанын жылдамдығына әсер ететін манызы қандай екенін түсіну. Өкпенін құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге суретін салу. Өкпе- пішіні кесілген конус тәріздес тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Құрылысы жағынан түтікшелі-көпіршікті, қомақты паренхиматозды мүше. Өкпе тыныс алу жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс алу жолдарын бронхиальдік тарам деп атайды. Бөлімаралық сай арқылы өкпе краниальдік және каудальдік бөліктерге бөлінеді.

2. Тапсырма. Плевранын маңызын және құрылысын зерттеп оқу.

3. Тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің топографиясын талқылау.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/


  1. Тақырып. Жыныс мүшелері.

Семинар сұрақтары: 1. Жыныс жүйесінің филогенезі, 2. Аталық жыныс мүшелерінің топографиясы және түрге байланысты ерекшеліктері, 3. Аналық жыныс мүшелерінің топографиясы және түрге байланысты ерекшеліктері, 4. Жатырдың түрлері, Қосымша аталық жыныс бездері,5. Үманын құрылысы.

Зертханалың сабақтын жоспары /1 сағ/

12. Тақырып. Аталық және аналық жыныс мұшелерінің құрылысы мен қызметін зерттеп оқу.

1. Тапсырма. Аталық жыныс мүшелерінің құрылысын, манызын зерттеп оқу. Аталық жыныс мұшелеріне ен, ен қосымшасы, шәуеттік жол, ен қабы, несеп-жыныс өзегі, қосалқы жыныстық бездер, атлық жыныс мүшесі жатады. Ен құрылысын, топографиясан, манызын зерттеп оқу. Дәптерге ен, ен қосымшасын суретін салы керек.

2. Тапсырма. Шәует жолынын, несеп- жыныс өзегінің, ен баудың құрылысымен, топографиясын зерттеп оқу керек.

3. Тапсырма. Қосалқы жыныс бездерінің және аталық жыныс мүшесінің құрысын оқып зертте, қызметерін білу қажет.

4. Тапсырма. Аналық жыныс безі – жұп орган. Кіші жамбас ішінде жатырдың екі жағын ала орналасқан. Аналық бездің функциясы өте күрделі, яғни жұмыртқа клеталарының өсіп-дамуымен бірге, қанға жыныстық гормондарды бөліп отырады. Аналық жыныс безінің құрысын дәптерге салып, оны белгілеу керек. Сары денешек, овогенез және овуляция деген ұғымдарды түсіну.

5. Тапсырма. Жатыр түтігі – жатырдың екі жағынан басталып көлденең созылып жатады. Оның бір жағы жіңішкеріп келіп жатырға ашылса, екінші жағы құйғыш тәрізді кеңейіп келіп құрсақ қуысына ашылады. Жатыр түтігінің ұзындығы 10-12 см, ені 0,5 см, сырты сір қабықшамен толығынан оралған.

6. Тапсырма. Жатыр – алмұрт тәрізді бірыңғай салалы ет талышқтарынан түзілген қуысты мүше. Ол кіші жамбас қуысында, қуық пен тік ішектің аралығында орналасқан. Жатыр қабырғасы үш қабаттан түзілген: сыртқы периметриум –жатырдың сыртын айнала жауып жатқан сір қабаты. Ортаңғы қабат – миометриум – өте қалың жетілген ет қабаты, ішкі қабат – эндометриум – жатырдың іш жағын астарлап жатқан кілегейлі қабат.

Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/



  1. Тақырып. Жүрек- қан тамырлар жүйесі.

Семинар сұрақтары: 1. Жүрек- қан тамырлар жүйесінің организмдегі манызы, дамуы, 2. Жүректін өткізгіш жүйесі, 3. Артерио- веноздық анатомоздардың қызметі, құрылысы, 4. Жүректің қабаттары, 5. Қан тамырларының дамуы.

Зертханалық сабақтарынын жоспары /1 сағ/

13. Тақырып. Жүрек- қан тамырлар жүйесі.

1. Тапсырма. Артерия және вена қан тамырларының құрылысымен танысу. Олардын қабарға құрылысының ерекшеліктерін білу.

2. Тапсырма. Артериялардын жіктелуі, қызметі.

3.Тапсырма. Веналврдың жіктелуі. Организмнің негізгі вна тамырлары, манызы.

Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/

11. Тақырып. Ішкі секреция бездері.

Семинар сұрақтары: 1. Эпифиздің құрылысы, манызы, дамуы, 2. Қалқанша маны безі, 3. Кальцитониноциттердің ролі, 4. Бүйрек үсті безі, онын құрылысы, қызметі, 5. Гипоталамо- гипофизарлық жүйе туралы түсінік.

Зертханалық сабақтарынын жоспары /1 сағ/

14. Тақырып. Ішкі секреция бездері.

1. Тапсырма. Қалқанша маны безідің құрылысындағы ерешеліктерін зерттеу.

2. Тапсырма. Бүйрек үсті бездің морфологиясын зерттеп оқу. Гормондарының қызметі, басқа мүшелерінің қызметіне әсері. Бездің паренхимасын не түзеді және оның капсуласы мен стромасы қандай ұлпалардан тұрады.

3. Тапсырма. Гипоталамо- гипофизарлық жүйе туралы түсінік.

Дәріс сабағынын жоспары /2 сағ/

14,15.Тақырып. Вегетативті жүйке жүйесі. Анализаторлар.

Семинар сұрақтары: 1. Шеттік жүйке жүйесінің дамуы, 2. Анализатор дегеніміз не ? 3. Көру және есту анализаторының құрылысы, 4.Вегетативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы, 5. Симпатикалық және парасимпатикалақ бөлімдер.

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

15. Тақырып. Вегетативті жүйке жүйесі. Сезім мүшелері.

1.Тапсырма. Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімдерімен нерв жолдарын /түйінге дейінгі, түйіннен кейінге/ зерттеп, қай органдарды жүкелендіретің білу.

2. Тапсырма. Организімде қандай өрімдер /нерв тораптары/ бар соны анықтау. Парасимпатикалық нерв талшықтары қай ми нервтерінің құрамында бар және қандай органдарды жүкелендіретің сипаттау.

3.Тапсырма. Көру мүшесінің құрылысын таблицалар мен көздің бөлектенетін моделінен қарап оқып түсіну. Көз құрылысының және оның әрбір қабықшасына анықтама беріп, жалпы суретін салу.

4.Тапсырма. Атластар мен таблицалардан есту және тепеөтеңдік сақтау мүшелердің құрылысын оқып оларды алмалы-салмалы модельдерімен салыстыру. Ұлудын көлденең кесіндісін алып есту механизмінің түйісуін түсіну.

5.Тапсырма. Дәм сезу мүшесінің құрылысын оқып, суретін салу.

6.Тапсырма. Иіс сезу анализаторының құрылысын түсініп, схемасын салу.

5. Студенттің өздік жұмысы
Студенттің өз бетімен дайындығын ұйымдастыруы.

Ол үшін алдымен оқулықтан, дәрістерден деректерді қайталап, одан сон препараттармен жұмыс істеуге көшу қажет, басқаша айтқанда ілімнен іс тәжрибеге бағытталған жөн.

Өз бетімен емтиханға дайындалу үшін студент алдымен білім қалдығын талдап алып, жоспарлауы қажет. Өз білімін тексеруге студент әр сабаққа арналған бақылау сұрақтармен пән бағдарламасын пайдаланғаны дұрыс. Қандайда болмасын мәлімет, деректерді игеруде, оның көрнекті құралдарының маңызы зор. Ол үшін оқулықтағы, атластағы және осы практикумдегі препараттар бейнесін ықыласпен қарау орынды.Өз бетімен дайындалу жоспарында кафедрада белгіленген тақырыптық кенес уақытында ескеру қажет.

Жазбаша жұмыстың тақырыптары:

1. Қызметне байланысты жасушаның құрылымдық компонентерінің субмикроскопиялық құрылысы.

2.Амитоздың митоздан айырмашылығы

3. Гаструляцияның әдістері және манызы.

4. Қанның құрамы және қызметтері

5. Эпителий ұлпасыныі морфологиялық жіктелуі.

6. Клеткалық теориясының қазіргі анықтамасы.

7. Ішкі мүшелер, дене және серозды қуыстар туралы түсінік

8. Сүйектердің пішініне, құрылысына және орналысуына қарай жіктелуі

9. Буынның байламдары, қуыстары, шеміршектері және синовий суйығы

10. Бұлшықет жүйесінің жалпы сипаттамасы және оның денеде орналысуы

11. Тері жабының фило- және онтогенезі

12. Ас қорыту түтігінің дамуы және оның даму сатысында өзгеруі

13. Бауыр мен ұйқы безінің манызы

14. Бронхиальды және альвеолярлы бутағы

15. Зәрдің түзілу механизмі

16. Жыныс бездерінің эндокринді қызметі

17. Овуляция туралы түсінік. Сары денешіктің түзілуі

18. Жүрек және қан тамырлар жүйесінің дамуы

29. Қан жасау қызметінің қалыптасуы

20. Ішкі секреция бездерінің дамуы



21. Орталық жүйке жүйесіне сыртқы және ішкі орта факторлардың әсері

22. Күрделі рефлекторлық доғаның үзбелері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет