ПОӘК 042-18 09/01-2014 №1 баспа 11. 09. 2014ж


Тақырып 12. Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері



бет3/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#141949
1   2   3   4   5

Тақырып 12. Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері.

Банктік несиелеу жүйесі туралы түсінік және оның негізгі элементтері. Банктің несие ресурстарын тиімді, табысты пайдалануымен байланысты банк тарапынан қолданылатын несиелеу әдістері мен несиелеу объектілері. Несиелеу принциптері, несиені беру және қайта өтеу механизмі. Несиелеу принциптері нарықты экономика жағдайында банктік несиелеу жүйесінің негізгі элементі. Несиенің қайтарымдылығы, ақылығы, мерзімділілігі, материалдық қамтамасыз етілуі. Банк қарызын классификациялау тәртібі:



  1. Қарыз алушылар бойынша: Үкіметке берілетін, басқа банктерге және банк типтес емес қаржылық мекемелерге берілетін несие, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, сауда-саттық, дайындау мекемелері мен жабдықтау, өткізу ұйымдарына берілетін несие, кооперативтер мен ен жеке кәсіпкерлерге берілетін несие, тұтыну несиелері;

  2. Пайдалану мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді несие, орта мерзімді несие, ұзақ мерзімді несие, мерзімсіз;

  3. Несиені пайдалану мақсатына байланысты; негізгі және айналым капиталын, жай және ұлғармалы ұдайы өндіруге жұмсалатын несие, шағын және орта бизнес саласында инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын несие;

  4. Қамтамасыз ету түрлеріне байланысты: қамтамасыз етілген, сақтандырылған, қамтамасыз етілмеген несие.

  5. Сапасына байланысты: стандартты, стандартты емес, қанағаттандырарлықсыз несие, күмәнді және шығынды несие;

  6. Несие беру валютасы бойынша: шет ел ақша бірлігімен берілетін несие, теңгемен берілетін несиелер;

  7. Несиені беру шарты бойынша: авальдік несие, акцептік несие, акцепті – рамбурстық несие, аукциондық несие, валюталық несие, ипотекалық несие, консорциумдық несие, маусымдық несие, ломбардтық несие, синдикаттық несие.

Қазіргі кезде несиелеу әдісінің несиелеу субьектілерінің (заңды тұлғалардың) қандай шаруашыдық саласына жататындығымен және банк пен клиенттердің арасындағы серіктестік қатынастырдың қалыптасып, даму деңгейімен тығыз байланыстылығы. Несиелеу әдістерін анықтайтын және олардың жетіліп отыруына ықпал ететін факторлардың мәні. Олардың банктік несиелеу жүйесінің іргелі элементтерін онда әрі дамытуы Қарыз алушы клиенттердің (заңды тұлғалар) айналым капиталының құрамы, құрылымы және айналым кезеңдері мен айналым капиталының айналымдылық заңдылықтары және осы заңдылықтарды терең зерттеу мәселелері.

Нарықтық қатынасқа өтуге байланысты бұл заңдылықтардың «ақша ағыны», «активтердің сапасы», «дисконттау концепциялары» т.б. жаңа ұғымдармен толықтырылуы. Банктік несиенің айналым жән негізгі капиталдарды қалыптастыруда (ұдайы өндіруде) қаржыландыру көзі ретіндегі мәнінің жаңа қырынан танылуы. Бұған қатысты шет елдік тәжірибелерді зерттеу. Несиелеудің үш түрлі әдісі: қалдықтар (сальдо) бойынша несиелеу және аралас әдіспен несиелеу (айналым-сальдо); тауарлы-материалдық құндылықтардың айналымы бойынша несиелеу. Несиелеу әдістерінің негізгі айырмашылықтары. Нарықты экономикаға өтуге байланысты объектілерді несиелеуден субъектілерді несиелеулерге, несиелік кепіл сапасына көшуге нақты жағдайлардың тууы. Ссудалық шоттардың формалары: арнайы ссудалық шоттар, контокорренттік ссудалық шоттар.

Банктің несиелік саясаты және оның құрамдас бөліктері. Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар және олардың депозиттік саясатпен байланысы.


2

Тақырып 13. Заңды тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру.

Клиенттерге несие беруді тиімді ұйымдастыру – сапасы жоғары несиелік портфельді қалыптастырудың және банк өтімділігін қажетті деңгейде демеп отырудың бірден-бір алғы шарты. Сондықтан банктік тәуекелдердің салдарынан гөрі себептеріне терең талдаулар жасаудың, зерттеулер жүргізудің нәтижелілігі. Несиелік процесс және несиелеу кезеңдері: клиенттің несие сұрап жазған арызына және несиелік құжаттамалардың мазмұныны талдау, несиелік құжаттардың дұрыс дайындалғандығын тексеру, клиенттің несиелік қабілетін талдау, несиелік шарт жасау, клиентке несиені беру т.б. Несиелік құжаттамалар және олардың түрлері, несиені пайдалану мақсаты, кепілге қоятын мүліктің тізімі, клиенттің құрылтайшылар құжаттары, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формалары, бизнес жоспары т.б. Несие үшін проценттік ставкаларды белгілеу, олардың деңгейін анықтайтын шығындар: сырттан қаражат тартумен байланысты шығындар, операциялық шығындар, банктік тәуекелдерден сақтауға байланысты шығындар (тәуекел үшін қаржы), банктің пайдасы. Несиені беру жән қайтару тәртібі. Несиелік шарт және оның мазмұны. Несиені беруді ұйымдастыру үшін банктердің арнайы департаменттері, басқармалары, бөлімдері және бөлімшелері, олардың құзыры, функциялары. Корпоративтік клиенттер нарығын сегменттеу.

Банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау – несиелік тәуекелді сақтандырудың алғы шарты. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік, несиелік қабілетке анықтама беру. Несиелік қабілет – несиелік қатынастардың пайда болуының негізі. Клиенттердің несиелік қабілеті мен төлем қабілеті және олардың айырмашылығы. Несиелік қабілетті анықтаудың алғы шарты. Қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жасау тәртібі. Клиенттің несиелік қабілетін анықтау үшін оның балансының өтімділігіне талдау, барлық айналым активтерін өтімділік дәрежесіне қарай топтау, классқа бөлу.

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері: өтімділік коэффициенті, қаражат көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті, активтердің айналымдылық коэффициенті. Олардың ішінде: дебиторлық қарыздардың айналымдылығы, тауардың және басқа да материалдық құндылықтардың басы артық қорларының айналымдық коэффициенті, дайын өнімнің айналымдылығы коэффициенті т.б. Несиелік қабілетке баға беретін экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістері, олардың мазмұны. Жоғарыда айтылған көрсеткіштерді есептеу үшін қажет мәліметтерді табу көздері: клиенттердің бухгалтерлік және статистикалық ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын есеп беру формалары (үлгілері).

Клиенттердің несиелік қабілетін анықтау әдістері: жоғарыда айтылған коэффициенттерді есептеу, талдау жасау. Ірі және орташа клиенттердің, шағын бизнес саласында кәсіпкерлікпен айналысатын клиенттердң несиелік қабілетін анықтаудың ерекшеліктері мен әдістері. Клиенттердің несиелік қабілетін олардың іскерлік тәуекелін талдау арқылы бағалау. Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін анықтаудың жолдары. Олардың несиелік қабілетін сипаттайтын факторлар: әлеуметтік жағдайы, жасы, кәсіби мамандығы, табысы, қолда бар өтімді игіліктері (депозиттерін қоса), тұрақты жұмыс орны, мекен-жайы, денсаулығы. Клиенттердің несиелік қабілетін олардың ақша ағыны мен активтерінің сапасын бағалау арқылы анықтау. Ақша ағыны туралы түсінік және оның мазмұны. Клиенттердің несиелік қабілетін бағалаудың шет елдік тәжірибелері: тұтыну несиесін алатын жеке азаматтардың несиелік қабілетін балл беру арқылы бағалау, клиенттің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын «Зета моделі» (2), Альман формуласы, клиенттердің репутациясын бағалаудың «6С» ережесі, ағылшынның «РАЯТ8», «САМРАКІ» жүйелері, батыс елдеріндегі банктерде жиі қолданылатын несиелік скоринг, американдық Д.Дюраның ұсынған жеке азаматтардың несиелік қабілетін анықтау әдісі, Чесседің коммерциялық несиені бағалау моделі.


2

Тақырып 14. Кепіл – несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың формасы. Кепіл болушылық кепілдік.

Берілген несиені клиенттер тарапынан уақытында қайтарылуын қамтамасыз етудің қаржы көздері: қарызды өтудің бірінші реттегі көздері, қарызды өтудің екінші реттегі көздері. Банктен алған несие бойынша қарызды мерзімінде қайтарып, проценттік өсім ақыны төлеудің бірінші реттегі қаржы көздері: несие алған клиенттің (кәсіпорын немесе фирма) пайдасы; өтімді активтерін сатудан түскен түсімдер; сапасы жоғары активтер; ақша ағыны. Несиені мерзімінде қайтарудың мұндай қаржы көздерін талдау, сараптау және бағалау коммерциялық банктер тарапынан онша көп уақыт жұмсауды және шығындануды қажет етпейтіндігі. Несие бойынша қарызды өтеудің бірінші реттегі қаржы көздерінің банктер үшін өте қолайлылығы.



1

Тақырып 15. Шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері

Нарықты экономика жағдайында банк тарапынан шаруашылық субъектілердің өндірістік бизнесті несиелеу әдісінің және тәртібінің несиелік операциялардың контрагентерінің өз ара келісімі бойынша қалыптасуы. Коммерциялық банктер үшін қарыз алушы клиенттердің өндірістік және сауда-саттық қызметтерінің ерекшеліктерін, экономиканың қай саласына жататынын, шығаратын өнімдерінің еңбек және материалдық сыйымдылығын, оларға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын және өндірістік процесстің сипатын (маусымды немесе маусымды емес) үнемі талдап, зерттеп отырудың маңыздылығы. Коммерциялық банктер мен клиенттердің арасында қалыптасатын несиелік қатынастардың және оларды құқықтық реттеу нормаларының жоғарыда көрсетілген факторлармен тығыз байланыстылығы. Коммерциялық банктердің әр түрлі несиелеу әдістерінің тәжірибеде орын алуы. Орта және шағын кәсіпкерлерді несиелеуді объектілері мен субъектілері, несие беруді өтіну арызы және несиелік шарттың мазмұны. Кәсіпкердің бизнесжоспары сауда-саттық кәсіпорындарын несиелеудің ерекшеліктерін, несиелеу объектілері, несие мөлшерін есептеу тәртібі. Несиелік жобаларға талдау. Шаруа қожалықтарын несиелеу тәртібі және несиелеу объектілері: мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы шығындарын несиелеу, яғни жем-шөп дайындау, тыңайтқыштар сатып алу, жанар-жағар майлар сатып алу, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер сатып алу, негізгі табынды жасақтауға жұмсалынатын шығындарды несиелеу. Несиелік бюро және оның Қазақстанда құрылып қызмет етуі. Ауыл шаруашылық фермелерін несиелеудің шет елдік тәжірибелері және несиені қамтамасыз ету формалары, тікелей және жанама несиелеу, вексельдерді есептеу.

Қазақстан Респбуликасының ауылшаруашылық саласында коммерциялық несиені қолдану тәжірибесі, дән векселі – Мемлекеттік астық корпорациясының қарыздық міндеттемесі, олармен сауда-саттық жасау және оларды есептеу тәртібі, ауылшаруашылық құрылымдары жанама несиелеу. Агронесиелік корпорация және несиелік серіктестіктер. Қазақстанда вексель бағдарламасын қалыптастыру, коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын жанама несиелеуі, вексель айналысы, банктердің коммерциялық вексельдерді кепілге ала отырып клиенттерге несие – беру тәртібі. Қазақстанда бірінші класты эминенттер: «Қазақтелеком» АҚ, «ҰАҚ Казатомпром» АҚ, «Қазақстан темір жолы» РМК, т.б. Бұл эминенттердің вексельдеріне қатысты Ұлттық банктің қайта есептеу саясаты. Коммерциялық банктер тарапынан есепке алынатын векселдердің түрлері, олардың өтімділігін анықтау үшін қойылатын талаптар, коммерциялық несие, ақша массасы, инфляция, вексельдік маржа, вексельдерді тіркеу, банктің вексельдер портфелін басқару.


1

Тақырып 16. Тұтыну несиесі және ипотекалық несие

Жеке тұлғларға берілетін несиенің әлеуметтік маңызы және азаматтардың мәдени-тұрмыс қажетін өтеудегі алатын орны, несиелеу объектілері. Тұтыну несиесі және оның объектілеріне байланысты классификациясы, тұтынушыларды жанама және тікелей несиелеу. Тұтынушыларға чекпен және несиелік карточкамен берілетін несиелер. Қазақстан Республикасында электрондық карточкаларды қолдануды жолға қою тәжірибелері, тұтынушылардың карточкамен несиені кеңінен пайдалануы үшін бөлшек сауда жүйесінің және банктер жүйесінің техникалық, технологиялық және халыққа қызмет көрсету деңгейінің өркениетті әрі жоғары болуының қажеттілігі, жеке азаматтардың табыс көзінің тұрақты болуы шарты. Тұыну несиесін кепілдікке беру тәртібі мен кепілдің сапасын, бағасын және өтімділігін бағалауға қойылатын талаптар.

Тұтыну несиесінің формалары мен түрлері: қамтамасыз етілуіне байланысты (қозғалмайтын мүлікпен, яғни ипотекамен, бағалы қағаздармен, кепілдемемен) және несиелеу субъектілеріне байланысты. Қазастандағы ипотекалық несиелеу жүйесі және оның үлгілері. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Қазақстандық ипотекалық компания және оның әріптес банктері. Олардың жеке азаматтарға тұрғын үй сатып алуға несие беруі, несиенің мөлшерін анықтау тәртібі, несиені қайтару аннуитеті. Қазақстан Республикасында жеке азаматтарға несие беру тәртібі. Банктердің жеке тұлғаларға несие беру тәртібі мен несиелеу объектілері: азаматтардың кезек күттірмес мұқтаждарын өтеу, тұрғын үй салу немесе күрделі жөндеулер жүргізу, ұзақ тұтынатын жекеменшік мүліктер сатып алу т.б. Банк мекемелері мен жеке азаматтар арасында несиелік шарт жасасу тәртібі және оның мазмұны. Коммерциялық банктердің несие алатын жеке тұлғаларды әлеуметтік және экономикалық жағдайына байланысты топтауы, жеке азаматтарға кешенді қызмет көрсететін коммерциялық банктердің орталығы. VIP клиенттер, клиентуралық нарықты сегментеу.


1

Тақырып 17. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында несиелеуді ұйымдастыру

Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды несиелеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиенің түрлері: акцептік несие, акцептік-рамбурстық несие, экспортердің импортерді несиелеуі және импортердың экспортерді несиелеуі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиені қамтамасыз ету формалары: коносамент, варрант, тратта, банк депозиттері, тауарларды сақтау жөніндегі қоймалардың қолхаты. Сыртқы экономикалық қатынастарда пайдаланылатын несиелерді қамсыздандыратын және кепілдендіретін Халықаралық экспорттық-импорттық қаржы агенттері. Импотерді және экспотерді несиелеу. Сыртқы экономикалық қызметтерді несиелеу тәртібі. Несие валютасы, валюталық құндылықтарды кепілдікке ала отырып, ұлттық ақша бірлігімен несие беру, валюталық депозиттермен қамтамасыз етілген несиені беру және өтеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қызметтерді несиелеумен байланысты проценттік ставканың қалыптасуы. Соңғы кездерде коммерциялық банктердің экспотерлар мен импотерлерді несиелеу процесінің күрделі халықаралық деңгейде есеп айырысу формаларымен, банкаралық инмтрументтеріне деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасымен тығыз байланыстылығы.



1

Тақырып 18. Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару

Банктің активтік операцияларының нәтижесінде «активтер портфелінің» және оның құрамдас бөлігі «несиелік портфелдің» қалыптасуы. Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару проблемаларының біртұтастығы. Жоғары сапалы несиелік портфельді қалыптастырудың алғы шарттары. Несиелік портфель және несиелік портфельді басқарудың түпкі мақсаты, бағыты, әдістері. Коммерциялық банктерде несиелік портфельді сапасына қарай жіктеп, үнемі талдау жүргізіп отыру қажеттілігі. Несиелік портфельді басқаруды ұйымдастыратын банктердің департаменттері, несиелік комитет және оның құзыры, атқаратын міндеті, басқармалар және бөлімдер, бөлімшелер. Несиелік портфельді басқарудың негізгі кезеңдері: 1. Жекелеген клиенттерге берілген несиенің сапасын бағалаудың критерийлері – мақсаты, несиенің түрі, мөлшері, мерзімі, клиенттің несиелік қабілеті, меншіктің қай формасына және экономиканың қай саласына жататындығы, несиенің уақытында қайтарылуын қамсыздандыру дәрежесі; 2. Берілген несиені проценттік тәуекелдеріне қарай топтау; 3. Несиелік портфельдің сапасына қарай құрылымын анықтау; 4. Несиелік портфельдің құрылымының және құрамының өзгеруіне ықпал ететін факторларға талдау жасау; 5. Несиелік тәуекелдер нәтижесінде орын алатын шығындарды өтеу үшін резервтер құрау. Несиелік портфельді басқарудың құрамдас бөлігі – несиелік тәуекелдерді басқару. Коммерциялық банктердің несиелік портфельдің құрамындағы клиентке берілген қарыздың жалпы сомасын тәуекелділік дәрежесіне қарай топтауы: стандарттық несие, күдікті несие, үмітсіз және проблемалы несие. Бұлар бойынша резервтер (провизия) құрау тәртібі, несиелік портфельдің сапасын сипаттайтын коэффициенттер. Несиелік тәуекел туралы түсінік және оны басқарудың тәсілдері. Несиелік тәуекелдердің түрлері: негізгі қарызды қайтара алмау тәуекелі; проценттік соманы төлей алмау тәуекелі; кепілдеме тәуекелі, несиені ұтымды және табысты пайдалана алмау тәуекелі. Несиелік портфельдің диверсификациясы және несиелік портфельдің сапасының көрсеткіштері: орташа несиелік тәуекел дәрежесі, несиелік портфельдің табыс деңгейінің көрсеткіші, резервтің (провизия) шығындарды – жабуға жеткіліктілігінің көрсеткіштері. Несиелік тәуекелді мейлінше азайтудың әдістері:



  • Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

  • Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;

  • Несиені материалдық қамтамасыз ету сапасы;

  • Дисконттық ставкамен несие беру;

  • Өзгермелі проценттік ставкамен несие беру;

  • Форвардтық келісімдер;

  • Резервтер құрау.

Коммерциялық банктердің проблемалы несиелермен жұмыс жүргізуі, проблемалы несиелерді болдырмаудың алдын алу шаралары: клиентердің ағымдағы қаржылық жағдайына бақылау жүргізіп отыру, несиенің мақсатты және шартта көрсетілген бизнеске пайдаланылуын тексеріп отыру, клиентпен ағымдағы есеп беру мәліметтерін талап ету, кепілдің сапасын қайта бағалау, оны өзгерту, клиенттің іскерлік репутациясына талдау жүргізіп отыру, кепіл шартында және несиелік шартта өзара міндеттемелерді қайта қарап, оларды қайта жасасу. Коммерциялық банктердің несиелік портфелінде проблемалы несиелердің пайда болуының факторлары: несиелік процесті ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер және қарыз алған клиенттің іскерлік репутациясының төмендеуі, сыбайластық кездейсоқ экономикалық және өндірістік оқиғалар, клиенттің банкротқа ұшырауы. Активтердің өтімділігі, өтімді активтерді сату несиелік мониторинг.

1

Тақырып 19. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары.

Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелі туралы түсінік. Олардың инвестициялық портфельді қалыптастырудағы мақсаты: проценттік табыс табу, капиталдың мөлшерін сақтау, меншікті капиталды және сырттан тартылған қаражаттарды табыс әкелетін бағалы қағаздар бойынша орналастыра отырып, активтер портфелінің өтімділігін қамтамасыз ету. Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару, банктердің инвестициялық портфелінің диверсификациясы, банктер инвестиция жұмсайтын бағалы қағаздардың түрлер, олар бойынша табыс мөлшерін есептеу тәсілдері, инвестициялық портфельдің типтері, инвестициялық портфельді басқарудың Г.Марковиц ұсынған әдісі, қор индексі Доу Джонс.

Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық компаниялардың, институциональдық инвесторлардың капиталын қалыптастыруға қатысу және олардың бағалы қағаздарына инвестиция жұмсау тәртібі. Коммерциялық банктердің эминент реттіндегі және делдал ретіндегі операциялары.


1

Тақырып 20. Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары

Лизинг туралы түсінік және оның экономикалық мазмұны, несиелік сипаты. Лизинг операцияларының субъектілері мен объектілері, лизинганың функциялары. Лизинг операцияларының субъектілері, лизинг шарты, лизинг операцияларының тікелей және жанама қатысушылары: коммерциялық банктер, инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар, коммерциялық банк лизинг компанияларының кредиторы немесе лизинг беруші, лизинг компаниясына берілген несиенің лизинг алушылар үшін коммерциялық несие ретіндегі маңызы. Лизинг түрлері: көпжақты лизинг, үш жақты лизинг, толық лизинг, экспорттық және импорттық лизинг, қаржылық лизинг, қайталанатын және қайталанбайтын лизинг.

Коммерциялық банктерде лизинг операцияларын жүргізу тәртібі және кезеңдері. Лизинг төлемін анықтау әдісі. Лизинг операцияларының банктер үшін қолайлылығы, ұзақ мерзімге несие беру.

Траст туралы түсінік. Банктік тәжірибеде траст операцияларының ақылы негізде көрсетілетін қызметтер формасында пайда болуы және оның экономикалық себептері. Траст операцияларының дамуының экономикалық алғы шарттары. Траст операцияларының түрлері және субъектілері. Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің траст операцияларын дамыту мүмкіндіктері. Зейнет ақы қорына қызмет көрсету, клиенттер атынан, инвестициялық портфельді басқару. Жеке тұлғалардың мұраға қалдырылған құндылықтарын басқару барысындағы коммерциялық банктердің траст операциялары. Траст операцияларының коммерциялық банктер үшін қолайлылығы.

Коммерциялық банктер қызметтері саласында факторинг операцияларының пайда болуы. Факторинг туралы түсінік, факторинг операцияларының түрлері: ашық және жабық, регресстік құқықпен және регресстік құқықсыз факторинг операциялары. Факторинг операцияларының банктік несиелік операцияларына ұқсастығы. Форфейтинг және оның пайда болуы. Форфейтинг операцияларының түрлері және оларға байланысты несиелік тәуекелдер, несиелеу тәртібі. Форфейтингалық дисконттық ставка. Факторинг және форфейтинг операцияларының бір-бірінен айырмашылығы.


2

Тақырып 21. Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері

Есеп айырысу формалары және есеп айырысу инструменттері. Есеп айырысу операцияларын классификациялау критерийі. Есеп айырысудың әдістері мен тәсілдері. Банк пен клиент арасында есеп айырысу операцияларын есеп шоттар бойынша жүргізудің шарты. Коммериялық банктердің қолма-қол ақшалармен клиенттерге қызметі. Банкаралық есеп айырысу (клиринг).

Қазақстан Республикасында есеп айырысуды ұйымдастырудың құқықтық және нормативтік негіздері. «Төлемдер және ақша аудару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Төлем құжаттарын есепке алу және «картотека 2». Төлем құжаттарының үйлестірілген үлгісі. Банкаралық корреспонденттік қатынастардың төлем айналымын ұйымдастырудағы рөлі, төлем жүйесі, оның ұйымдастырылу формалары, халықаралық стандарт. Вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары: инкассаға қабылдау, домициляцияланған вексельдер бойынша аваль және акцепт беру. Орталық клирингалық электрондық жүйеге көшіру, электрондық төлемдер және электрондық карточкалар, банкоматтар.


1

Тақырып 22. Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару

Валюта, валюталық позиция, валюталық курс туралы түсінік. Валюталық курсты анықтаудың тәсілдері: спот-курс, тікелей және жанама котировка, котировка туралы түсінік, кросс-курс, форвард-курс. Валюталық құндылықтар, олардың түрлері, валюталық нарық және олардың түрлері, субъектері. Қазақстан Ресубликасында валюталық нарықты ұйымдастыру мен валюталық операцияларды жүргізудің құқықтық негіздері. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Коммерциялық банктердің валюталық операцияларының түрлері: ағымдағы валюталық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялар. Шет ел валюталарымен операциялар жүргізу үшін Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерге лицензия беру тәртібі. Шет ел валюталарымен айырбас операциялары, резиденттер мен резидент еместер үшін валюталық сауда-саттықты жүргізудің Ұлттық банк белгілеген тәртібі. Валюталық бақылау. Валюталық саясат және оның түрлері мен формалары. Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың институттары.

Валюталық тәуекелдер туралы түсінік және олардың пайда болу себептері. Валюталық тәуекелді сақтандыру жолдары:



  • Активтер мен пассивтердің құрылымын өзгерту;

  • Валюталық позициялармен манипуляция жасау;

  • Баға валютасымен төлем валютасының курсының өзгеруі;

  • Болжамы негізінде төлемді кешіктіру немесе уақытынан

  • бұрын жүзеге асыру;

  • «своп», «опцион»;

  • Валюталық корзина.

1

Тақырып 23. Банктердің баланстан тыс операциялары

Банктердің баланстан тыс операциялары: шартты және мүмкін талаптары, банктердің репутациясына байланысты кепілдік беруі, агенттік қызметтері, олардан келетін комиссиялық табыстың деңгейі, Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің шет елдік несиелік желіге қызметі, баланстан тыс операциялардың түрлері: шарт жасасу арқылы жүргізілетін, шартты түрде жүргізілетін және комиссиялық операциялар. Үкіметке кепілдік беру, кепіл болушылық, қаражатпен қамтамасыз етілмеген аккредитивтер, кепілдік және кепіл болушылық.



1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет