ПОӘК 042-18-18 4/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет5/8
Дата23.02.2016
өлшемі0.62 Mb.
#2639
1   2   3   4   5   6   7   8

Бекіту сұрақтары:

1.Алтын орда мемлекетінің саяси тарихы

2.Алтын Орданың екіге бөлінуінің себептері қандай?

3.Ақ Орда мемлекетінің дербес болуының себептерін түсіндіріңдер


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Атамұра, 2003ж


Тақырып -12. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы қазақ жеріндегі

мемлекеттер тарихы

XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке - шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай ұлысы қоныс еткен Мауеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. "Моғолстан" тарихи-жағрафиялық термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол" есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдері-ндегі тарихи туындыларда "моғол" деп аталып, жазылатын болған. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмір-лерінің бірі - Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымы-нан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандыктан Болат озінің айтқанына кенетін әлі жас 18 жастағы Піағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.

Моғолстан мемлекетшің құрамына Шығыс Түркістан, Онтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жер-лері кірді- Мемлекеттін шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қала-сына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ер-тістен онтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймактарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті қүрылды (орта-лығы - Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бүл мемлекеттің негізін қала-ған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу енірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі келемі зор, таулы-тасты, езенді-көлді, ашық дала-лы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тай-палардың басын қосты.

ХІ^-Х^ғасырларда Моғолстан қүрамына кірген тайпа-лар: дүғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер), керейт-тер (керейлер), арғьшдар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар-дың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судьң жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мүнда Да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойүрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтар-Да жер жалпы қауымның қарауында болған. Бірақ мал ірі ақсүйек байлардың колында шоғырлануьшен байланысты көшпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл түрғындарынан, егінші пен көшпелі халыктан күпшір, зекет, тағар, баж, қарадж Және тағы басқа да салықтар жиналды. Бүқара халық әртүрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. Мщдеттерді атқарды. Мемлекетті басқару ісінде ханға үлыстар көмектесті.

XIII ғасырдың ортасынан бастап Жошы ұлы Орда Ежен негізін қалаған Ақ Орданың батыс жағында Шыңғысхан-ның тағы бір немересінің атымен Шайбан ханының үлесті жері даралана бастайды. Ол Боз орда деп те аталған. Тари-хи деректердің көрсетуі бойынша, Шайбан бүл жерлерді Бату ханның батыстағы соғыстарына қатысқаны үшін алса керек. Шайбан ханның Батудан сыйлық ретінде алған үле-сіне алғашқы кезде қосшы, найман, бүйрақ, кдрлүқ тайпа-лары кірген. Шайбани хан Орал бөктеріндегі Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жа-зғы жайлау қылса, Арал жағалауында, Шу, Сарысу, Сыр-дария бойларының теменгі ағыстарында қыстаған.

Шайбани түқымдары Алтын Орда тағында ешуақытта билік етпеген және олар Батый хан үрпақтарына үнемі ба-ғынып отырған. Сөйтіп олар Ақ Орда хандары сияқты Ал-тын Орда тағы үшін жан аямай күреспеді, өздерінің материалдық және адам ресурстарын ысырап етпеді. Шайбанилер Әмір Темір мен оның мүрагерлерінің басқыншылық соғыстарына тойтарыс беруге де аз тартылды. Өйткені Әмір Темірді Шайбан үрпактары көшіп жүрген далалык аймақ-тардан гөрі бірінші кезекте Сырдария бойындағы бекініс-қалалар кебірек қызықтырды.

XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иеліг-індегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің қүра-мында болды. Мүнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Дегенмен, осыған қара-мастан Шайбани үрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20-жылдарының аяғына карай Шыңғыс үрапақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиянкескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мүрагерлерінен Шайбан үрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен қүлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бүл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі - Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыс-тарына Шайбани үрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жүмадық ханның үлысы, Шайбани әулетінің екінші бір түқымы Мүстафа хан Атбасарда, үшінші бір түқымы Махмүд-Қожа Тобылда, маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура оңірінде билік еткен. Жазба тарихи деректерде бүл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те ата-лған. Бүл үлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі үрыстар үнемі болып түрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан үрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалдардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.

Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының көптеген жерін камтыды. Ха-лқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктен-ген түрік-монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бүл тай-палар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және түрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар "өзбек" деген атпен саяси жағынан бірге аталған.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген "Көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста -Жайыққа, шығыста - Балқашқа дейінгі, оңтүстікте - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте - То-был мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж.) елдің саяси жағдайында түрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - оның ішінде Ибак-хан, Береке-сүлтан, ¥рыс ханның үрпақ-тары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытырыңқы болып қала берді. Бүған Әбілхайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғы-стары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді. Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқ-ты, елдегі үстемтап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жа-сау, жаңа елдерді басып алу, соғыс барысында қолға бай-лық түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты.Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасыр-дың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бой-ында Шайбани үрпағы Махмүд Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының бірі Тоқы-Темірдің түқымдары Махмүд ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін Екіретүпте болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Әбілхай-ыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Тура-дан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлар-дың бірі - Мүстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау бау-райындағы Созақ, Сығнақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығнақты өз хандығының астанасына ай-налдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайыр-дың бағындыруының үлкен саяси-экономикалық маңы-зы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілхайыр хан-дығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді. Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сүлтан-дарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сүлтанның, кейін оның баласы Әлеке сүлтанның иелігіне кешті, Үзгент - маңғыт Уақас би қол астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қара-мағында қалды.

Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас Шайбани үлысы мен Ақ Орда үлысы ру-тайпа-ларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бүл қалалар мен оның төңірегі-ндегі алқаптарды қарату Барақ ханның түқымдары Керей мен Жәнібек сүлтандардың және оларға тәуелді, Сырда-рия мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ рула-рының мүдделеріне қайшы келді. Бүл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сүлтандары мен оларға Қарасты рулар мен тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп кетуіне әкеліп соқтырды.XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренах-Рдағы Темір үрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бүхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Әбілхайырдың шапқыншылықтарының табысты болуына, оның жергілікті бай-феодалдармен келісімге келуі ықпалын тигізді. Көшпелі өзбектер мемлекеті ішкі қайшылықтардың салдарынан тарих сахнасынан кетті.
Бекіту сұрақтары.

1.Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы қандай болды?

2.Әбілқайыр хандығының саясаты не еді?

3.Ноғай Ордасының саяси тарихы мен қоғмадық құрылысы туралы баяндаңдар


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Атамұра, 2003ж


Тақырыпы 13. Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу тарихы

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдайы 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.

Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.


ХҰІ-ХУІІ ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі - Жәнібек ханның үлы Қасым. (Туған Жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бүрындық кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек үрпақтарының қолыня көшті. Қасым ханның түсында /1511-1523 жж. билік қүрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік қүрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен түрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүс-тік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақ-тардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шы-ғыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ қарады. Қасым ханның түсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ ханды-ғымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттер-дің бірі - үлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы түста қазақ-тар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - "Қасқа жолды" жа-рыққа шығарады. Бүл заң қазақ арасында бүрыннан қалып-тасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым хан-ның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер:



  1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері)

  2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, үрлык қылмыстарына жаза).

  3. Әскери заң (қосын қүру, аламан міндеті, қара қазан, ердің қүны, түлпар ат).

  4. Елшілік жоралары (майтадмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік)

5. Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, түтқауылдардын
міндеті.)

"Қасым ханның қасқа жолының" қазақ феодалдык қоғамын нығайтуда үлкен маңызы болды. Қазақ хандығының күшеюі және оның территориясы-нын кеңеюі Орта Азиядағы Мәуеренахрды билеген Шай-бани тұқымдарын қатты састырды. Олар қазақтардың Мәу-еренахрға басып кіруінен қорықты. Жергілікті халықтың Шайбани әулетінің билеушілеріне наразылығын пайдаланып, мүндағы өкімет билігін тартып алады деп қауіптенді. Сондықтан Мәуеренахр билеушісі Мұхаммед Шайбани казақтарды барынша әлсірету үшін ең әулі экономикалық қыспаққа алу саясатын жүргізді. Осы саясат бойынша Мүхаммед Шайбани өзінің қарауындағы жерде түратын ха-лықтың қазақ саудагерлерімен сауда жасауына тыйым салып, Мәуеренахрға келген қазақ саудагерлерін тонауға бүйрық берді. Мүхаммед Шайбани Қазақ хандығына эко-номикалық қыспақ жасау мен қатар, оның жеріне бірнеше рет тонаушылық жорықтарын да үйымдастырды.

Атап айтқанда, 1503-1504 жылдары Мүхаммед Шайбани қалың қолды бастап Түркістан аймағына жорық жаса-ды, оның солтүстік шекарасына дейін жетіп, жергілікті ха-лықты тонап, талан-таражға салды. 1505-1506 жылдары мындаған әскери жасақты бастап ол тағы да жорыққа аттанды. Түркістан аймағы арқылы Қазақ хандығының жері-не жетті. Сығнақ қаласын айналып өтіп, Сыр бойындағы қазақтардың қысқы қоныстарының орталығы Қара-Абдоллаға дейін жетті. Бұл жолы да Шайбани әскерлері қазақтар-ды қирата шауып, қыруар мал-мүліктерін тонады. Әсіресе, Жәнібек ханның баласы Жаныш сүлтанның үлысы ерекше талан-таражға түсті. Осыдан кейін Мүхаммед Шайбанидан кек алу үшін, Жаныш сүлтанның үлы Ахмет 1508 жылы 50 мың жасақ жинап, Мәуеренахрға қарсы жорық жасады. Шайбанилардың орталық қалалары Самарқан мен Бүхараға шабуылдап, бүл қалалардың төңірегіндегі қыстақтарды ой-рандады. Бүған жауап ретінде Мүхаммед Шайбани қазақ-тарға қарсы үшінші жорығына шықты. 1509 жылы қалың Қолмен аттанып, Аркек, Үзгент және Ясы (Түркістан) қала-ларын басып етіп, тағы да Сыр бойындағы қазақ қыстаула-Рьіның орталығы Қара-Абдалға жетті. Мүндағы Жаныш сҰлтанның жасақтары түтқиылдан жасалған шабуылдан кҮйрей жеңілді. Шайқастардың барысында Жаныш сүлтан-иың баласы Ахмет қаза тапты. Жеңіліске үшыраған қазақтар Бұрындық ханның Дешті-Қыпшақтағы ордасына қашты.
Бекіту сұрақтары:

1.Қазақ хандығының құрылуының басты шарттары неде?

2.Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығының саяси жағдайы қандай еді?

3.Қасым ханның жүргізген саясатының бағыттары туралы не айтар едіңдер?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Атамұра, 2003ж


Тақырып 14 . ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы
Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты.
Оларды Хақназар хан қарсы алып отырды. Ноғай ордасы н билеушілерінің бірі Ысмағыл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағыл мырзамен соғысты. Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. Ысмағыл мырзаның тобы Москва княздығына қосылуды жақтады, оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды пайдаланған қазақ ханы Хақназар Ноғай ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың кіші жүзі алшын одағына енген тайпалар) өзіне қосып алды. 1557 жылы Ноғай мырзасы Ысмағыл орыс патшасы Иван IV ке: «Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшасына қосылып кетті» деп арыз айтты. Хақназар хан Ноғай ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ хандығына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағыл мырза бастап, батысқа қарай ауған ноғайларға қуалай шабуыл жасап, оларды одан әрмен ығыстырып, ірге кеңейту әрекетін жасады. Орыс патшасы Иван IV-нің ноғай арасына жіберген елшісі Семен Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: «Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада ноғайға келіп, ұрыс болды» деп хабарлаған.
Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон сахараларына қарай кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиди: «1969-жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағылдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды» дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған.
XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569-жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да қазаақ хандығына өттіі. Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтаардың этникалық территориясыын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «Қырық батыр жыры» сынды алып эпос қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды.
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс,солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563-жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды.
Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазаақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.

XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.


Бұхара ханы Абдолла ІІ (1557-1598) тұсында Ташкент маңын Норозахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай өз алдына тұрды. Үнемі Абдолла ханмен соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет етті. Қазақ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлтанды қолдап екеуін де әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып бақты. 1579-жылы Абдолла хан екінші шеру тартып Баба сұлтанға қарсы жорық жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады. Қазақ хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан қазақ хандығына Түркістан, Сауран қалаларын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл Баба сұлтанды қолдады.
1579-жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бұл астыртын әрекетті сезген Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Іле-шала оның астыртын жіберген адамы 1580-жылы Хақназар ханды өлтірді.

Шығай ханның ұлы Тәуекел хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ күресте бекітті. 1586-жылы ол Баба сұлтан бастаған өз қарсыластарын талқандап шықты. Сол кезеңде қазақ хандағанаң халықаралық жағдайы әлсіреді. Өз билігінің басты мақсаты ретінде Тәуекел хан оңтүстік қалалаларды хандық құрымына қосуды, нығайтуды көздеді.

1598-жылы Бұхар хандығының ішіндегі қайшылықтардфы пайдаланып, Тәуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Соның нәтижесінде өзбек әскерін талқандап, Тәшкент, Самарқант қалаларын алды.Сонымен осы жылы Сырдария қалалары үшін болған ұзақ соғыс аяқталды деп есептеуге болады.Бұқар қаласына жорық жасағанда жараланған Тәуекел хан кешікпей қайтыс болды.

Қазақ хандығының құрамына Орта Азия қалаларын біріктіру Тәуекел ханның қолынан ғана келді. Түркістан аймағы ХІХғ.басына дейін қазақ хандығының құрамында болды.

Есім хан билігі кезінде қазақ сұлтандары оңтүстік қалалар үшін Аштарханидтер әулетімен соғысты.Есім хан мен Тұрсын хан арасында қақтығыстар көп болған.Сонымен, қалмақтардың күшеюі мен қазақтардың этникалық дамуына қауіп төнеді.Осыған қарамастан Есім хан тұсында қазақ хандығын мықты мемлекет деп тануға болады.Кейбір деректерде Тәуекел мен Есім хандарды қазақ қалмақ билеушілері деп атайды. Шығыс деректерінде Есім тұсында қазақтар Шығыс Түркістан үшін саяси күреске араласқан, орыс деректерінде Батыс Сібір үшін қазақтар мен қалмақтар ірі қақтығыстар өткізді. Көшпелі халықтардың күресіне Қытай мен Ресей империялары араласа бастады.
Бекіту сұрақтары:

1.Хақназар ханның саясаты туралы

2.Есімханның замандағы қазақ елінің тарихы туралы не білесіңдер?

3.Тәуекел ханның саысаты туралы


Ұсынылатын әдебиеттер:
1 XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандықтары. Хақназар хан туралы // Қазақ ССР тарихы.- Алматы,1957.- Т.1.- Б. 188-189

2 Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі. Хақназар хандық құрған дәуірде // Қазақтың көне тарихы.- Алматы, 1993.- Б.251-255

3. Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи алғы шарттары: Хақназар хан // Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс.- Алматы, 1981.- Б.13-18

4. Мағауин М. Қиғылық жылдар: (Хақназар хан туралы) // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1995.- Б. 27-30

5. Хақназар хан // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б.71-72

6.Әбусейітова М. Хақназар және XVI ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің нығаюы // Егемен Қазақстан.- 1998.- 11 қараша


Тақырып 15. ХҮІІІ ғасырдағы Тәуке хан заманындағы қазақ хандығы
XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді. Ірі ақсүйектер мен феодалдардың ара-сындағы кырқысуларды пайдаланып, жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп жүрген қазақ-тар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәңгір Бүхар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу Үшін әскери одақ жасасуға көндірді. Жәңгір хан шебер са-ясатшы ғана емес, сонымен бірге өте батыл ержүрек жауынгер қолбасшы еді. Оның түсында казақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас - біріншісі 1635 жылы, екіншісі 1643 жылы, үшіншісі 1652 жылы болған. 1635 жы-лрьі шайқаста Жәңгір жоңғарлардың қолына түсіп, көп үзамай тұтқыннан қашып шыққан. Ал 1643 жылғы екінші шай-қаста Жәңгір хан 600 жанкешті сарбаздарымен Жоңғар та-уының бір қуысына бекініп, ойраттардың 50 мың әскеріне ерлікпен қарсы тұрды. Шайқас қызып жатқан кезде Жәңгір ханның шақыруымен 20 мың әскерімен көмекке жеткен Кіші жүздің Жалаңтөс батыры екеуі соғыстар тарихында бұрын болмаған жеңіске жетті, қалмақтың 10 мың әскерін шығындады. Жәңгір хан өз өмірінің денін жоңғарлармен соғыста өткізді. Оларға қарсы жорықта жүріп 1652 жылы Жәңгір ойраттармен үшінші үлкен шайқас кезінде қаза тапты.

1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел силаған билердің қолда-уына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінің туын жо-ғары үстады. Әз Тәуке хан (1626-1718)

Әз-Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан деп те аталады, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі жүргенінен де көреміз. Оны Тәке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болғанынан да көріге болады. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде, қазіргі Астанадан 10 шақырым жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген алтын ғасыр ретінде қалды. Тәуке ханның билік құру кезеңі 1780-1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында отыз жылға жуық хандық билік құрған.
Тәуке ханның басты еңбегі – Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын оңалту жолындағы еңбегі. Ол өзіне дейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған әдет ғұрып нормаларына сүйене отырып, «Тәукенің Жеті Жарғысы» аталған заңдар жинағын қабылдаған. Ал хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйежі, яғни бұрынғыдай Төрелер мен Қожалардың шекіз билігінің орнына қазақтың өзінен шыққан данагөй ақсақалдарға арқа сүйеді. Соның ішінде «Әз-Тәукенің бес биі» атанған бес данышпанның атақ-даңқы бізге жетті: Ұлы жүзде – Үйсін Төле би, Орта Жүзде – Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүзде Алшын Әйтеке би және Қарақалпақта – Сасық би мен Қырғыздағы Қоқым билер ел басқару ісіне араласып, халықтың сөзін жеткізіп отырды. Тарих дерегі де сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады.
Сонымен қатар ол сыртқы жағдайды да тұрақты ұстай білді. 1678 жылы ол Бұхар хандығынан елшілерді қабылдаса, 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке Ресейге бес рет елшілік аттандырып, көршілік, достық қарым қатынасты сақтау туралы бітімдер жасасқан. Соның ішінде оның 1994 жылғы Қазан айында жаздырған хаты бізге дейін сақталған. Бұл кезде Қазақ хандығының көршілерімен терезесі тең мемлеет болғанын көре аламыз.

Тәуке ханның заманында оның саясатына сәкес тыныштық пен бейбітшілік орнады, дегенмен жаугершілік заманда, ел басына күн туған сәттерде ол өзінің қолбасшылық дарыны мен батырлығын да таныта білді. 1689 және 1702 жылдардағы ойрат-жоңғарларға жасалған жорықтар, сондан кейін 1711, 1712, 1714 жылдардағы жоңғарлардың қазақ даласына үш рет баса көктей басып кірулерін тоқтату арқылы ол кісі көшпенділер даласында Батырхан атағына ие болған.



Соның ішінде Тәуке хан халық жадында күні бүгінге дейін асқан кеңмеңгер, дана ақыл иесі ретінде де сипатталады. Соған орай ол кісінің есіміне Әз (данышпан) сөзін жалғап, Әз-Тәуке деп атайды. Халықтан «Әз» атағын иемденген Қазақта тек екі хан болған - Әз-Жәнібек және Әз-Тәуке хандар. Соның ішіенде Әз-Жәнібек Алтын Орданың ханы болса, Әз-Тәуке Қазақ Ордасының ханы.
Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.
Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.
Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды. «Ликург» деген бір кезде ежелгі Грекияда көне Спартаның ақылгөй Заңгері болған, сондықтан ақылды, көреген қайраткерлердің бәрін Еуропалық ғалымдардың «Ликург» деп атауы қалыптасып кеткен. Тәуке ханды бұлай сипаттаған кейінгі зерттеуші Еуропалық ғалымдар.

Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.

XVІІІ ғасырда Есіл өзеннің жібек шалғынды көкорай жағасындағы Күйгенжарда (Астана қаласынан 10 шақырым жерде) атақты Салқам Жәңгірдің баласы Әз Тәуке ханның ордасы қоныстанған. Себебі, жоңғарлардың тегеуірінді бір шабуылы Түркістанды уақытша амалсыз қалдыруға мәжбүрледі. Сарыарқаның айтулы сайыпқырандары мен сайраған әділетті билері қанжығалы қарт Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, бәсентиін Малайсары, қыпшақ Қошқарбай, қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жыраулармен ел тағдыры мен жер тағдырын ойлап кездесуге мейлінше қолайлы жер еді.

Қан кешуде болашағын болжағыш көреген, кемел ойлы Әз Тәуке хан дала даналары үйсін Төле би, алшын Әйтеке би, қаз дауысты Қазыбек билермен ақылдасып, қазақ елінің құқықтық-конституциялық құжаты “Жеті жарғыны” дүниеге әкелді. Кейін қазақтың Сәмеке ханы Қоқан мен Бұқараның үздік шебер құрылысшыларын жинап әкесі Тәуке хан зираты қасында Есілдің шұрайлы жерінде қала соққан дейтін аңыз бар. (Ақмола округінің ең соңғы аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы Сәмекенің немересі, Тәуке ханның тікелей ұрпағы). Туған елінің ой-тілегінен шыққан Тәуке ұрпақтарының бірі Абылай еді. Ол осы ата жолынмен қырық сегіз жыл Сарыарқа төрінде отырып қуатты мемлекет құрды.

Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, жасы ұлғайған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болған.

Тәуке хан 1687-1688 жж. Бүхара ханы Сүбхан-Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген, тіпті қаланы алуға әре-кетгенген. Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласы оның астанасы болған. XVII ғ. 90-шы жылдарында, яғни Тәуке ханның түсында жоңғар феодалдарьшың казақтардың жеріне қысьшы босаңсыды. Өйткені бүл кезде казақ, қырғыз, оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Дегенмен, жоңғарлардың тонаушылық шапқыншылығы тоқтамай, жалғасып түрды. Олардьщ 1680 жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылы кезі-нде тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылы-ғынан аман қалды. Өйткені мүнда әскерлерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігін күйзелтті, маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бүқара халықтың шаруашылығы-на үлкен зардаптарын тигізді.

Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тый-ып, үш жүздің үшеуінде де тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мын-дай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жау-лармен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолдан-ды. Оның түсында "Жеті жарғы" деген атаумен қазақ коғамындағы әдеттегі қүқық өлшемдерінің жинағы қүрас-тырылды. Мүнда феодалдық қүқық тәртібі мен мемлекеттік күрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы максатта ол қазақ мемлекетінің саяси-күкық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа ша-қырды. Тәуке хан өз төңірегіне ¥лы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқ-ының тарихына ірі қүқықтық өзгерістер енгізді. Бүл оның халыққа кең тараған "Жеті жарғысымен" байланысты еді. Ол тек сол заманға сай қүқықтық күжат емес, сонымен қатар кешпелі қазак халқының этиикалық, шаруашылыкты үйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса қүнды ескерткіш. Бүл заңдарда сондай-ақ фео-далдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау ша-раларды шешуге баса мән берілген.

"Жеті жарғы" көшпелі қазақтардың ел билеу заңы бо-лып табылады. Оның негізгі баптарының мазмүны:



  • қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің қүнын төлеу (ер адамға - 1000 қой, әйелге - 500);

  • үрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің қүнын телеу арқылы жеңілдетуге болады;

Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат еткізуді белгілеген. Халық жи-налысына бірде-бір казақтың қару-жарақсыз келуіне бол-майтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай-ак қару ұстап жүре алатын кез-келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал-мүлкінің 20-дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болғ-ан.

Тәуке ханның "Жеті жарғысының" әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық қүқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, қүн дауы туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.



7.2.Ақтабан шұбырынды.

XVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ дала-ны алып жатқан қазақ халқы жерінің жағрафиялық жағ-дайына қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Оның әрбір Жүзінің өзі Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен мемлекеттерді сыйдырарлық көлемдегі жерлерді жайладЫ-Қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кіші жүз, Ортальік Қазақстанға жататын аймақтарды мекендеген Орта Жүз елдің Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысын қоныс еткен ¥лы жүздің әрқайсысының өз хандары болды. Кіші жүзде Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке /Шахмүхамбет/, ¥лы жүзде - Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Бүл хандардың акылшысы болған үш жүздің басьш біріктіріп, даулы істеріне билік айтып, береке бастаушы болған Кіші жүздегі Әлім руынан шыккан Әйтеке биді, Орта жүздің биі арғын, Қаракесек оуынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек биді, Үлы жүздің биі үйсін, Жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле биді, Үлкен Орданың сарай ақыны Бүқар жырауды бүкіл қазак жұрты, алты алаштың адамдары жаксы білді.

Үш жүздің билеушілері әдетте бас косып, оқтын-оқтын мәслихат-мәжіліс өткізетін. Ондай мәжілістер Сайрам манындағы тауларда, Мәртебе жотасында өтетін. Оларда қыстау жағдайы, қауіп-қатерден сақтану мен қауіпсіздік мәселесі талқыланатын. Бірақ, қазақ жерінде біртүтас бір иелікке бағынған, басқару жүйесі орталықтанған ірі мемлекеттің жоқтығы ылғи да сезіліп түрды. Мүны қазақ жеріне ерте-ден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлері шектесіп жатқан елдердің билеушілері пайдала-нып қалуға тырысты. Оңтүстік-батыстан Жайық казак-оры-старының колдап-қолпаштауымен Еділ өзенінің бойындағы башқүрттар, қалмақтар Кіші жүздің халқына тынымсыз ша-буыл жасады. Қазақ жеріне солтүстіктен Сібір казақ-орыстары килікті. Орта Азиядағы Бүқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс беріп отырды. Осылардың бәрінен де асып түскен, қазақ халқына мәңгі жойылып, қүрып кету қаупін тендірген жау - жоңғарлар еді.

XVII ғасырдың біріғіші жартысында ойраттар мен қазақ-тардың арасындағы әскери қактығыстар жиілей түсті. Ой-рат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасыр-ДЬ'Ң аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық оірлестіктен қүралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа карай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын "оилай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жа-ғыңдағы шоростар еді.



Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдык ерлер үшін ірі қақтығыстар XV ғасырдың езінде басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағьің бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батур. дың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғ-ар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе Батур-қоңтайшы /1634-1654 жж./ билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670-1697 жж.) билеген кезде, оның мұрагері Це-ван-Рабтан (1697-1727 жж.) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті. 1698 жылдан ойраттар мен казақ хандары арасындағы қарулы қақтығыс-тардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер бас-шылары маңызды сауда жолдары ететін және ірі сауда ор-талықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алу-ды көздеді. Қазақтың Сығнақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стра-тегиялық тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойраттар-мен күрестегі кейбір сәтті шайқастары оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс барысындағы басымдық ойраттардың жа-ғында болды.

Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі жағдай жөнінде толық мағлүмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Көп олжа алып, кері оралған олар 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардын 30 мың жасағын талқандап жеңді. Келесі жылы жоңғар-лардың әскері тағы да қанды жорыққа аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақтарды қырғынға үшыратты.

1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен түста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бүл жорықтардың табысты болуына шведтін ар-тиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қольіня түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістій бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспеДй" циясы қүрамында Кереку қаласының маңында 1715 жьілы кьіста ол қалмақтарға түтқынға түседі. 1733 жылға дейін калмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір бал-кьітып зенбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті бас-пахана жасап, әріп қүюға үйретеді. Сонымен бірге қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей Калмактарға Сібір бойындағы бекіністерден зеңбірек бер-ген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарьін жасап, жүз мыңнан астам әскер қүрап, қалмақтар казактарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда казақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. Бүл тұста қазақтар мен қалмақтардың ше-карасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.

1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет каратпай ба-сып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толык қаруланды-рьш, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оныц тактикалық жоспары бой-ынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші ба-ғыт - қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бүл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топка болініп, оның бірі Жетісу Ала-тауының етегіндегі Балқаш көліне қүятын төрт езеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амур-сана басқарған 70 мың адамнан түратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Ксген озенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.



Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған каннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері Қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті адамдар-Дьі қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті. Бейғам отырған ел баскыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы ^лы жүздің, Жетісудың халқына түсті. Ешбір бөгетсіз, қарлықсыз, жолындағының бәрін жайпап келе жатқан зұлым жау араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп атады. Яғни қазақтардың табаны ағарғаншы шұбырып, Алқакөлге жетіп, азап пен аштықтан сұлаған жерлері еді дейді.

Қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727-жылы Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жүздің ошақты руындағы тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырық батыр, Ырғыздың Оңтүұстік Шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға есенгірете соққы берді. 1729-жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтар арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкебай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді.

Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай т.б. батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750-жылы Аякөз өзені бойындағы ірі шайқаста жеңіп шықты.

Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.


Бекіту сұрақтары:

1.Тәукенің хандығы мен заңы туралы баяндаңдар

2.қазақ-жоңғар қарым-қатынасының шиеленісуі туралы

3.Ақтабан шұбырынды оқиғасы туралы не білесіңдер?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы очерк А, 1996

2. Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи алғы шарттары: Хақназар хан // Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс.- Алматы, 1981.- Б.13-18

3. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1995.- Б. 27-30

4.Қазақстан тарихы 2 том, А, 1998




3 Практикалық сабақтың құрылымы
Тақырып 1 Кіріспе. Тас дәуіріндегі Қазақстан тарихы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Міндеттері, тарихы

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002
Тақырып 2 . Қола дәуіріндегі Қазақстан

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Дәуір ерекшеліктері

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002
Тақырып 3 Қазақстан териториясындағы тайпалық одақтар: сақ, үйсіндер мен қаңлылар

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1 Тайпалық мемлекеттер қоғамы

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994.

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995.

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.

Тақырып 4 Ғұн мемлекеті: оның саяси тарихы

1 Мәдениеті,

2 Шаруашылығы мен кәсібі

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994.

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995.

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Тақырып 5 Көне түркілер. Батыс Түрік қағанаты

Түркештер мемлекеті: саяси тарихы

1 Деректер

2 Қоғамының дамуы.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Қоғамы


2 Деректер

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994.

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995.

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.


Тақырып 6 Қарлық мемлекеті . Оғыз және Қимақ мемлекеті:

саяси тарихы

1 Қоғамдық құрлысы

2 Мемлекеттілігі

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Мемлекеттілігі

2 Қоғамдық құрлысы

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994.

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995.

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.


Тақырып 7 Қарахан мемлекеті мен Қарақытай мемлекеті және Қыпшақ хандығының саяси тарихы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1Мемлекеттік құрылысы

2Рухани мәдениеті

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994.

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995.

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Тақырып 8 ҮІ-ХІІІ ғғ. Қалалар қағанаттардың шаруашылығы

мен мәдениеті

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 РРРРРРР ухани мәдениеті

2 Саяси дамуы

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2.Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994.

3.Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995.

4.Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.


Тақырып 9. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы

1 Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. саяси ролі.

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2.Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994.

3.Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995.

4.Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Тақырып 10 Моңғол дәуіріндегі Қазақ даласы

1 Мемлекеттің саяси ролі.

2 Пайда болуы және дамуы.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Саяси ролі

2 Дамуы


Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Тақырып - 11 Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері:

қоғамдық құрылысы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары


  1. Мемлекеті

  2. Қоғамы

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002
Тақырып 12. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы қазақ жеріндегі мемлекеттер тарихы хы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Пайда болуы

2 Мемлекеттің саяси ролі

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994.

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995.

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Тақырып 13. Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу тарихы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Саяси тарихы

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002


Тақырып - 14 ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Қазақстан мен араб мәдениеті

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994

3 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995

4 Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002


Тақырып 15. ХҮІІІ ғасырдағы Тәуке хан заманындағы қазақ хандығы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Еңбектері

2 Деректер

Ұсынылатын әдебиет

1 Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996

2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994



4 Студенттердің өздік жұмысы

4.1 Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.



4.2Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

Кесте 3

Тақырыптар атауы

сағаты

Студенттердің өздік жұмыс түрлері

1.Қазақстан тас дәуірі кезінде

3

Конспекілеу

2.Қола дәуіріндегі Қазақстан

3

Деректермен жұмыс

3.Қазақстан териториясындағы тайпалық одақтар: сақ, үйсіндер мен қаңлылар

3

Хабарлама

4. Ғұн мемлекеті: оның саяси тарихы

3

Семинар жұмысы

5.Түрік және Батыс Түрік, Түркеш қағанаттары: саяси тарихы

3

әдебиеттермен жұмыс

6.Қарлық мемлекеті . Оғыз және Қимақ мемлекеті: саяси тарихы

3

Анализ жасау

7.Қарахан мемлекеті мен Қарақытай мемлекеті және Қыпшақ хандығының саяси тарихы

3

Баяндамалар жазу

8.ҮІ-ХІІІ ғғ. Қалалар қағанаттардың шаруашы лығы мен мәдениеті

3

Семинар жұмысы

9.Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы

3

Деректермен жұмыс

10.Моңғол дәуіріндегі Қазақ даласы

3

Сөздіктермен жұмыс

11.Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері: қоғамдық құрылысы

3

Тест тапсырмалары

12.ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы қазақ жеріндегі мемлекеттер тарихы

3

Конспектілеу

13.Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу тарихы

3

Хабарлама жазу

14.ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы

3

Баяндамалар жазу

15.ХҮІІІ ғасырдағы Тәуке хан заманыдағы қазақ хандығы

3

Реферат жазу

барлығы

45 сағат






    1. Аралық аттестацияға арналған дайындық сұрақтары

Қазақстанның ежелгі тарихы (көне заман)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет