1764 ж. «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер:
Дж. Харгривс
1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан: Джеймс Уатт
«Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет:
Англия
-
ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы: Чартизм
-
ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия: Консерваторлар
-
ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі:
Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы
-
1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император:
І Наполен
-
1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі:
Консулдық жүйе орнады
-
І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы: Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды
-
Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы: Құрлықты қоршауды жариялады
-
1813 ж. 16-19 қазанда Лейпциг түбінде жарты млн. астам жауынгер қатысқан шайқас: «Халықтар майданы»
1815 ж. Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі: Наполеон жеңіліс тауып, Әулие Елена аралына жер аударылды
-
Францияда екінші республика жарияланған жыл: 1848 ж. 25 ақпан
-
Наполеон Бонапарттың келуімен Францияда орныққан әкімшілік жүйе:
Монархиялық жүйе
-
Франция-Пруссия соғысы басталған жыл: 1870 ж.
-
Францияда 1814 ж. тақ басына келген династия: Бурбондар
-
1870 ж. 19 шілдеде........... Франция-Пруссия соғысы басталды
-
1871 ж. Франция республикасының «герцогтер республикасы» деп аталу себебі: Ұлттық жиналыс мүшелерінің көпшілігі монархияшылдар
-
1871 ж. 21-28 мамыр аралығындағы күндердің «қанды апта» оқиғасы деп аталу себебі: Париж Коммунарлары мен Версаль әскерлерінің арасындағы қырғын соғыстың болуы
-
1848-1849 жылғы Германия революциясының қорытындысы:
Революция жеңіліспен аяқталды
-
1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі: Революция жеңіліспен аяқталды
-
ХІХ ғ. ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынған граф: Камилло Бенсо Кавур
-
Біріккен Герман империясының бірінші канцлері: Отто фон Бисмарк
-
ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің экономикалық дамуының басты ерекшелігі:
Капиталистік қатынастың күшеюі
-
1861 ж. Ресейде қабылданған реформаның мәні: Басыбайлы құқықты жойды
-
1880 ж. Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі: Г.В.Плеханов
-
Ресейдегі бірінші орыс революциясы жүзеге асқан жылдар: 1905-1907 ж.
-
1860 ж. теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде бірінші орынға жеткен мемлекет: АҚШ
-
1861 ж. АҚШ аумағындағы штаттың саны: 40
-
АҚШ-та қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз бетімен басып алу тәсілі: Контрабанда
-
ХІХ ғ. І ж. АҚШ азаматтарының «жоғары» өрлеуіне мүмкіндік жасаған жағдай:
Еуропадан иммигранттардың үздіксіз ағылып келуі
-
ХІХ ғ. ІІ ж. АҚШ-тың теміржол және болат құю зауытының қожасы:
Э.Карнеги
-
ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықтың түрі: Плантациялық шаруашылық
-
1793 ж. АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан …….
Эли Уитни
-
ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ экономикасының «королі» ретінде, шетке шығарылған басты тауар: Мақта
-
Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері: Латифундия
-
ХІХ ғ. І жартысында АҚШ өнеркәсібінің дамуына кедергі болған жағдай:
Плантациялық құлдық шаруашылықтың үстемдігі
-
1803 ж. АҚШ-тың Франциядан сатып алған жері: Луизиана
-
ХІХ ғ. басында АҚШ-тың Испаниядан тартып алған жері: Флорида
-
АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алған жылы: 1867 ж.
-
Томас Джефферсон мен оны жақтаушыларының есептеуінше АҚШ-тың гүлденуіне негіз болатын экономикалық саясат: Ауыл шаруашылығын барынша қолдау
-
ХІХ ғ. ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіскен мәселе:
Құлдық жүйенің сақталуы
-
АҚШ Президенттерінің ұзақ жылдар бойы құлдықты жоя алмау себептері:
Оңтүстік штаттардың одақтан шығамыз деп талап қоюларынан
-
ХІХ ғ. басында «Америкалық отарлар қоғамының» ұсынған идеясы:
Қара түстілерді Африкаға қайтару
-
АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандар: Аболиционистер
-
Олигарх...........
Аз ғана топ ақсүйектердің, финанс алпауыттарының саяси және экономикалық үстемдігі
-
АҚШ-та азамат соғысы болған жылдар: 1861-1865 ж.
-
1860 ж. АҚШ-та президенттік сайлауда бір-біріне қарсы тұрған партиялар:
Демократтар мен республикашылдар
-
1860 ж. АҚШ президенті болып сайланған және құл иеленушілікті жоюды жақтаушы: Авраам Линкольн
-
АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс: Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы
-
1861-1865 ж. АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы:
Құлдық жойылды
-
Конкистадорлар.......... испан-португал басқыншылары
-
Латын Америкасы елдерінде құлдық жойылған ең алғашқы ел:
Гаити
-
ХVІІІ- ХІХ ғ. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістердің басты мақсаты: Тәуелсіздік алу
-
1810 ж. Мексика ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы: Мигель Идальго
-
1826 ж. бастап бұл ел Аргентина деп аталады: Біріккен Ла-Плата провинциялары
-
1791 ж. Гаити аралындағы құлдар көтерілісінің басшысы: Франсуа Доменик Туссен
-
1825 ж. құрылған бұл мемлекет өзінің азат етушісінің құрметімен аталады, ол – ........ Боливия
-
ХІХ ғ. жаңа тәуелсіз Латын Америкасы мемлекеттерінде күшті экономикалық және саяси ұстанымын орнатуға мүмкіндік алған мемлекет:
АҚШ
-
1823 ж. «Монро доктринасының» мәні: АҚШ-тың америка ісіне державалардың араспауын талап еткен мәлімдемесі
-
Императорын Көк тәңірінің ұлы деп есептеген мемлекет:
Қытай
-
ХVІІІ-ХІХ ғ. Қытайдың дүние жүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебі: Ешқандай елмен дипломатиялық не сауда байланысын жасамауынан
-
Бірінші апиын соғысы болған жылдар: 1840-1842 ж.
-
1840-1842 ж. Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі: Пекиннің ағылшындардың Қытайға апиын сатуына тыйым салуы
-
1842 ж. Нанкин келісімшартында қабылданған шешім: Қытай ағылшындар үшін бес порт ашуға және контрибуция төлеуге мәжбүр болды
-
1850-1864 ж. аралығында Қытайдың экономикалық күйзелісі мен апиын қозғалысының зардаптарынан туған шаруалар соғысы: Тайпиндер көтерілісі
-
Қытайда екінші апиын соғысы болған жылдар: 1856-1860 ж.
-
Англия мен Франция Пекинде өздерінің елшіліктерін ұстауға және өз азаматтарының Қытайда емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген келісім:
Тяньцзинь келісімі
-
1858 ж. Айгунь келісімі бойынша Ресей меншігі деп танылған аймақ:
Амур өзенінің сол жақ жағалауы
-
1850-1864 ж. тайпиндер құрған мемлекеттің идеологиясы: Ежелгі қытай дәстүрлерін сақтау, көне ережелерді құрметтеу
-
1894-1895 ж. жапон-қытай соғысында күйреген Қытай саясаты: «Өзін-өзі күшейту»
-
ХІХ ғ. Қытайды ауыр жағдайдан шығарудың жолын іздеген революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі: Сунь Ятсен
-
1894 ж. құрылған «Қытайды қайта өркендету қоғамының» басты мақсаты:
Қытай Республикасын құру
-
ХХ ғ. Қытайдағы «ашық есік» саясатының мәні: Қытай рыногы үшін күресте барлық державаларға тең құқық
-
ХХ ғ. басында Қытай капитализмінің дамуына кедергі болған басты жағдай:
Шетелдіктердің отарлау саясаты
-
Сунь Ятсен тұжырымдаған үш принциптің бірі: Монархиялық биліктен бас тарту
-
Қытайда Синьхай революциясы болған жылдар: 1911-1913 ж.
-
Қытай Республикасының тұңғыш президенті: Сунь Ятсен
-
Қытайда маньчжур үстемдігі құлаған жыл:
1912 ж.
-
ХІХ ғ. «жабық есік» саясатын ұстанған, жері ірілі-ұсақты аралдардан тұратын мемлекет: Жапония
-
ХVІ ғ. Жапонияға алғаш келген еуропалықтар: Португалдар
-
ХVІІ ғ. Жапонияда шетелдіктердің кіруіне, жапондықтардың шығуына тыйым салған саясаты: «Жабық есік»
-
1867-1868 ж. Мэйдзи төңкерісінің мәні: Императорлық билікті қайта қалпына келтіру
-
ХІХ ғ. Жапония императоры өз мемлекетінің дәстүрлеріне сәйкес келетін мемлекеттік құрылысты таңдау үшін қабылдаған шешімі: Батыс елдерінің тәжірибесін үйрену үшін шетелге арнаулы делегация жіберді
-
Мэйдзи үкіметінің Жапония капитализмін дамыту үшін жүзеге асыра бастаған саясаты: Жаңа шикізат көзін табу үшін басқыншылық саясатты жүзеге асырды
-
1876 ж. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны болған мемлекет:
Корея
-
Жапонияда ұлттық қозғалыстың болмау себебі: Бір ғана ұлттан тұрғандықтан
-
1889 ж. құрылған жас түріктер партиясы: «Бірлік және прогресс»
-
1857-1859 ж. Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға: Сипай әскерлерінің қару-жарақтарына қажетті оқ-дәріге байланысты болуы
-
1857-1859 ж. сипайлар көтерілісінен кейінгі Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері: Әкімшілік билік вице-корольге берілді
-
ХІХ ғ. І жартысында Үндістанды өзінің тауарларын өткізу рыногына және шикізат көзіне айналдырған мемлекет: Англия
-
Үндістанда алғашқы тоқыма фабрикасы пайда болды................ 1854 ж. Калькуттада
-
1885 ж. Үндістанда құрылған жалпы-үнділік саяси партия:
Үнді Ұлттық Конгресі
-
ХІХ ғ. Үндістан радикалдарының ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестіктен сақтап қалу үшін жасаған мәлімдемесі: Ағылшын тауарларына бойкот жариялау
-
1885 ж. құрылған Үнді Ұлттық Конгресінің радикалдық қанатының көсемі:
Б.Тилак
-
ХХ ғ. басында Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың аса белсенді ошағы болған аймақ: Бенгалия
-
1905 ж. Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты:
Үнділер мен мұсылмандар арасында діни алауыздықты тудыру
-
ХХ ғ. басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу: «Өз тауарларымыз»
-
1888 ж. билікке келген, өзін «мұсылмандардың қорғаушысымын» деп мәлімдеген германдық император: ІІ Вильгельм
-
ХІХ ғ. Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі:
Немістердің Берлин-Стамбул-Бағдат теміржолын салуы
-
1889 ж. Стамбулда құрылған «Бірлік және прогресс» партиясының алға қойған мақсаты: Конституциялық мемлекет құру
-
«Жас түріктер» революциясы басталған жыл: 1908 ж.
-
1826 ж. янычар әскерлерінің көтеріліске шығу себебі: Янычар әскерінің таратылуы
-
1828-1829 ж. орыс-түрік соғысынан кейін өзін-өзі басқару құқығына ие болған князьдіктер: Грекия, Сербия, Дунай
-
1839 ж. Түркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең: Танзимат
-
Ресей патшасы І Николайдың түрік сұлтанына жолдаған ультиматумындағы талабы: Осман империясы құрамындағы барлық православиелік халықтарға орыстардың ықпалын мойындауы
-
ХІХ ғ. Осман империясының сұлтаны ІІ Махмұдтың мемлекетті басқару ісіне енгізген өзгерістері: Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды
-
1856 ж. Осман империясының экономикасына шетелдік қаржының көптеп келуіне кең жол ашқан саясат: Шетелдіктерге жеке меншік және қозғалмайтын мүлік алуға рұқсат беру
-
ХVІІІ-ХІХ ғ. Осман империясының иеліктерін жаулап алуға ұмтылған батыс еуропалық мемлекеттердің саясаты: «Шығыс мәселесі»
-
1865 ж. Стамбулда құрылған құпия ұйым: «Жаңа османдар»
-
1908 ж. «Жас түріктер» революциясынан кейінгі Осман империясында жүзеге асқан саяси өзгерістер: Конституциялық монархия орнады
-
ХХ ғ. Осман империясы арқа сүйеген Батыс державасы: Германия
-
1796 ж. Тегеранға француз елшілерінің келу себебі: Иран шахын Ресей мен Англияға қарсы айдап салу үшін
-
1813ж. Гулистан келісіміне қол қойған мемлекеттер: Ресей мен Иран
-
1828 ж. Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім:
Каспий теңізінде әскери флот ұстау құқы түпкілікті бекітілді
-
1848-1852 ж. Иранда хандар мен шах өкіметінің билігіне наразылық білдірген халық көтерілісі: Бабшылдар көтерілісі
-
ХІХ ғ. Иранды экономикалық жағынан тәуелді елге айналдыру бәсекелестігіне түскен елдер: Англия мен Ресей
-
1872 ж. Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі: Ю. Рейтер
-
Дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым:
Исаак Ньютон
-
Еуропада есептеуіш машинаны ойлап тапқан ғалым:
Готфрид Вильгельм Лейбниц
-
Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор:
И.С.Бах
-
Барлық білім тәжірибеден жинақталады деген пікірді ұстанған ағылшын философы: Джон Локк
-
1875 ж. Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған мемлекет:
Англия
-
1897 ж. соңында герман империалистері өзінің ықпал ету аймағына айналдырған Қытай провинциясы: Шаньдун
-
Франция мен Пруссия соғысында Франция айырылып қалған аймақтар:
Эльзас пен Лотарингия
-
1895 ж. Масквеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан герман физигі: В.К.Рентген
-
«Париж ана құдайы ғибадатханасы» мен «Күлегеш адам» атты әйгілі романдардың авторы: В.Гюго
-
Ірі неміс ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің өлеңмен жазған трагедиясы: «Фауст»
-
Оның шығармасы би, славян ұлттық әуендері негізіне құрылған, оны «мазурка королі» деп атаған: Ф.Шопен
Достарыңызбен бөлісу: |