ПОӘК 042-18-18 41/02-2013 №1 басылым 18. 09. 2013


ДӘРІС ЖӘНЕ СОӨЖ САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ



бет2/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.19 Mb.
#19598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ДӘРІС ЖӘНЕ СОӨЖ САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: Пәнге кіріспе. Әлем тарихын кезеңдерге бөлу.

  1. «Жаңа тарих» ұғымы, оның пайда болуы мен түсіндірудің трансформациясы.

  2. «Қазіргі заман тарихы».

  3. Жаңа тарихты сыртқы және ішкі кезеңдендірудің мәселелері.

  4. Тарихи дамудың «қайтымдылық» («обратимость») ұғымы.

2. Дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: Әлем жаңа заман кезеңінде. Капиталистік қатынастардың тууы және дамуы.

  1. Жаңа заманның негізгі мазмұны (1640-1870 жж.).

  2. Капиталистік өндіріс тәсілдеріне тән ерекшеліктер. Капиталдың алғашқы қорлануы, оның формалары және мағынасы.

  3. Капиталистік дамудың кезеңдері.

  4. Қазіргі заман қоғамының пайда болуының марксистік емес теориялары. Модернизация теориялары.

3. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: XIX ғ. соңы – XX ғ. басындағы Батыс пен Шығыс елдерінің дамуының жалпы сипаты.

  1. «Екінші өндірістік революция» және оның салдары. Монополиялар және оның типологиясы. Дүниежүзілік тауар айналысы. Империализм теориясы.

  2. Әлеуметтік құрылымның эволюциясы: буржуазиялық элита, «жаңа орта класс», пролетариат. Әйелдердің эмансипациясы.

  3. Ғасырлар тоғысындағы саяси үрдістер. «Жалпыға бірдей сайлау құқығы». Парламентаризм және оның нұсқаларыы. Партиялар. Реформизм.

  4. Құқықтық және саяси жағдайлардың өзгеруі. II Интернационал.

4. Дәріс (1 сағат)



Тақырып: Бірінші дүниежүзілік соғыс: сипаты және салдары.

  1. Шығу себептері, мемлекеттердің мақсаты. Шілде дағдарысы. Соғыстың басталуы, барысы. II Интернационалдың күйреуі.

  2. Соғысқа Жапония мен Италияның қосылуы. Төртінші одақтың құрылуы. Антантаның құпия келісім-шарттары.

  3. Соғыстың қорытынды кезеңі. Ресейдегі революция. Соғысқа АҚШ-тың енуі. «Бейбітшілік туралы декрет» және Вильсонның «14 бабы». Германияның капитуляциясы.

5. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің XX ғ. 20-30 жылдардағы дамуы.

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзінің жетекші елдерінің дамуының жалпы сипаттамасы.

  2. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның халықаралық аренадағы күштердің ара салмағына тигізген ықпалы. Ұлы дағдарыстан шығудың негізгі модельдері.

  3. 20-30 жылдардағы халықаралық қатынастар және Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері.

6. Дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: Дүниежүзілік тарихтағы КСРО-ның орны.

  1. КСРО: тарихы, әлемдік дамудағы алған орны.

  2. КСРО-да жаңа қоғамды құру жолындағы атқарылған шаралар.

  3. КСРО-ның күйреуі: себептері және салдары.

7. Дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс.

  1. Екінші дүниежүзілік соғыс: басталуы, барысы, аяқталуы.

  2. Совет халқының Ұлы Отан соғысы.

  3. Бүгінгі тарихнамадағы екінші дүниежүзілік соғысқа және совет халқының Ұлы Отан соғысына көз-қарас.

8. Дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: Дүниежүзілік социализм жүйесі.

  1. Дүниежүзілік социализм жүйесінің орнауы: дамуы және ішкі қайшылықтары.

  2. Социализм дүниесі мен Батыс елдері арасындағы «қырғи қабақ соғыстың» күшейуі.

  3. Социалистік елдер жүйесінің күйреуі.

9. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер.

  1. Отарлық жүйенің күйреуі.

  2. Экологиялық проблемалар.

10. Дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: Әлемдегі шешілмеген даулы мәселелер.

  1. Халықаралық қатынастар жаңа кезеңде.

  2. Шешілмеген даулы мәселелер: Палестина, Ауғаныстан, Үнді-Пакистан жанжалы, Курил аралдары және т.б.

11. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: XX–XXI ғғ. тоғысындағы батыс және шығыс өркениеттері.

  1. Батыс өркениеті.

  2. Шығыс өркениеті.



Реферат тақырыптары:

  1. Ұлы француз революциясы.

  2. АҚШ-тың партиялық жүйесінің құрылуы.

  3. БҰҰ-ның құрылуы және даму жолы.

  4. Ядролық қарудың таралмауының үдерісі.

  5. XX ғасырдағы әлемдегі дағдарыстар.

  6. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН).

  7. Ұлыбританиядағы көппартиялық жүйе.

  8. Кариб дағдарысы.

  9. Орыс-жапон соғысы.

  10. Қытай Халық республикасының бүгінгі дамуға жету жолдары.

  11. Азиялық ойындар – халықтар ынтымақтастығының көрінісі.

  12. Коммунистік қозғалыстың тууы және Коминтерн.

  13. Вьетнам соғысы.

  14. Африка бірлестігінің ұйымы.

  15. Семей ядролық сынақ полигоны – «қырғи қабақ» соғыстың салдары.

  16. Отто Бисмарк – саясаткер, аса көрнекті мемлекет қайраткері.

  17. Ф.Д. Рузвельт: өмірі және қызметі.

  18. Гаага трибуналы: құқықтық мүмкіндіктері және қазіргі заманғы әлемдік қылмыстармен күрес.

  19. Социалистік мемлекеттің кубалық моделі.

  20. Мао Цзедун: өмірі және қызметі.

  21. Үндістанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері: Мохандос Карамчанд Ганди, Джавахарлал Неру, Индира Ганди.

  22. Екі Кореяның пайда болуы: біріктірудің проблемалары.

  23. Израиль мемлекеті.

  24. Араб елдері қазіргі кезеңде.


Арнайы СОӨЖ тақырыбына түсініктеме.

Арнайы СОӨЖ бағдарламасы студенттердің ХVI ғасырдан бастап әлем тарихы туралы курсын терең меңгеруге қосымша оқу құралы есебінде ұсынылады.

Арнаулы СОӨЖ тақырыбы әлем тарихының бұрмаланған, көмескі беттерінің нағыз ғылыми тұрғыдан жеткізілуіне байланысты алынған.

Бұл тақырып әлем тарихының жан-жақты қаралуына және оның дүниежүзілік тарихындағы бір бөлігі ретінде қарастырылып, тарихи маңызын көрсетуге бағытталған. Әсіресе ХVI ғасырдан бастап әлемдегі болған оқиғалардың маңызын, өркениеттің қозғалуына әсер еткен үдерістердің мағынасын көрсету, мемлекеттердің өзара саяси, әлеуметтік-экономикалық байланыстарын, соларды тұғызған себептерді түсіндіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, белгілі қайраткерлерінің, мемлекеттердің саяси тұрғыдағы өзіндік бет-бейнесін көрсету міндеті қарастырылған. Тақырыпқа сәйкес деректер мен ғылыми зерттеулерді пайдалана отырып, арнаулы СОӨЖ курсын толық меңгеруге мүмкіндік бар.

1500 жылдан бастап әлем тарихының құрамдас бөлігі ретінде әр мемлекеттің дербес саяси-экономикалық шараларды жүргізуінің түпнегізі – жеке тарихи кезеңде зиялылардың қалыптастырған қоғамдық-саяси қызметтеріндегі идеядан бастау алғанын осы курсты игеру кезінде көз жеткізуге болады.

Студенттер арнаулы СОӨЖ курсын игеру арқылы төл тарихымыздың аса маңызды мәселелерінің түйінін шешуге мүмкіндік алады.
СОӨЖ тақырыптары
1 СОӨЖ (1 сағат)

Тақырыбы: Европа жаңа заманда. Ұлы географиялық ашулардың салдары.


  1. Нидерланды.

  2. Англия.

  3. Франция.

  4. Германия.

2 СОӨЖ (1 сағат)



Тақырыбы: Европа 18 ғасырда.

  1. Европадағы ертебуржуазиялық мемлекеттер және білімдар абсолютизм.

  2. Ұлы француз революциясы.

  3. Европадағы елдердің XVIII ғасырдағы экономикалық дамуы.

  4. Европалық державаларының отарлық саясаты және Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының азаттық үшін күресі.

3 СОӨЖ (1 сағат)



Тақырыбы: 19 ғасырдағы алдыңғы қатарлы мемлекеттер.

  1. Европадағы XIX ғасырдағы халықаралық қатынастар және революциялық қозғалыс.

  2. АҚШ-тағы, Латын Америкасындағы, Жапониядағы буржуазиялық революциялар.

  3. Индустриалды өркениеттің қалыптасуы.

4 СОӨЖ (1 сағат)



Тақырыбы: 20 ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар. Себептері мен салдары. 

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс.

  2. Фашизмнің тууы. Әлем екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында. Екінші дүниежүзілік соғыс.

5 СОӨЖ (1 сағат)



Тақырыбы: XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер.

  1. XX ғасырдың бірінші және екінші жартысындағы ірі экономикалық дағдарыстар. Мемлекеттік-монополиялық экономиканың феномены.

  2. Отарлық жүйенің ыдырауы.

  3. Дамушы елдер және қалықаралық дамудағы олардың орны.

6 СОӨЖ (1 сағат)



Тақырыбы: Дүниежүзілік социализм жүйесінің даму кезеңдері.

1. Дүниежүзілік социализм жүйесінің пайда болуы.

2. Дүниежүзілік социализм жүйесінің дамуының кезеңдері.

3. Дүниежүзілік социализм жүйесінің күйреуі.


7 СОӨЖ (1 сағат)

Тақырыбы: Үшінші ғылыми-техникалық революция. Постиндустриалды өркениет.

1.Қазіргі ғылыми-техникалық революцияның кезеңдері.

2.Постиндустриалдық өркениетке өту.
8 СОӨЖ (1 сағат)

Тақырыбы: Дүниежүзілік дамудың қазіргі кезеңдегі тенденциялары.


  1. Экономиканың интернационализациялануы

  2. Капитализмнің дүниежүзілік үш орталығы

  3. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:

1. Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки. 1945–1986 – М.: Высшая школа, 1988.

2. Великая Отечественная война Советского Союза. 1941–1945 гг. Краткая история. – М., 1984.

3. Виппер Р.Ю. и др. История нового времени. – М.: Республика, 1995.

4. Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. – М.: Прогресс, 1992.

5. Война и послевоенное развитие мирового сообщества. 1939–1991: Учеб. пособие. – М.: МАИ, 1992.

6. Дьяконов И.М. Пути истории. От древнего человека до наших дней. – М.; Восточная литература, 1994.

7.  Из истории мировой цивилизации. / Под ред. Ш.М. Мунчаева. – М., 1993.

8.  История Древнего Востока. – М.: Наука, 1988.

9. Жаңа заман тарихы. Бірінші кезең. Оқу құралы. / Қ. Ізтілеуов Астана Фолиант 2008



10.Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы 1870- 1918 жж. Алматы, 2005.
Қосымша әдебиеттер:

  1. История средних веков. – М.: Просвещение, 1986.

  2. История СССР. 1861–1917: Учебник. / Под ред. В.Г. Тюкавкина. – М.: Просвещение, 1989.

  3. Капустин Б. Г. Глобальные проблемы мирового общественного развития. – М.: УДН, 1991.

  4. Краткая всемирная история. В 2-х кн. / Под ред. А.З. Манфреда. – М.: Наука.1966

  5. Лурье Ф.М. Российская и мировая история в таблицах. – СПб.: Каравелла, 1995.

  6. Новейшая история зарубежных стран: Европа и Америка. 1917–1945. – М.: Просвещение, 1989.

  7. Россия и мир: Учеб. книга по истории. В 2-х ч. – М.: Владос, 1995.

  8. Семенникова Л.М. Россия в мировом сообществе цивилизаций: Учеб. пособие для вузов. – М.: Интерпракс, 1994.

  9. Современные Соединенные Штаты Америки: Энциклопедический справочник. – М.: Политиздат, 1988.

  10. Хозяйственные реформы в России (IX–XX вв.): Учеб. пособие. / Под ред. А.Н. Романова, А.Н. Марковой. – М.; ВЗФЭИ, 1993.

  11. Широков Г.В. Развивающиеся страны в мировом капиталистическом хозяйстве. – М.: Наука, 1987

Арнаулы әдебиеттер:

  1. АҚШ. Қысқаша тарих. – Алматы: “Ғылым”, 1996.

  2. Берге И.В. Историческое недоразумение? «Холодная война» 1917-1990. М., 1996 ж.

  3. Бомье Ж. Гитлерден Труменге дейiн. - Алматы, 1952.

  4. Брант В. Воспоминания // Вопросы истории. 1991. Т 1.

  5. Бэшлосс М. Тэлботт С. На самом высшем уровне. Закулисная история окончания «Холодной войны». М., -1994 ж.

  6. Бэшлосс М. ХХ век: основные проблемы и тенденции международных отношении. М., -1992 ж.

  7. Борисов Ю.В. Новейшая история Франции. М., -1966 ж.

  8. Васютинский В.Н. Президент Французкой Республики Ф.Миттеран. М., 1992.

Оқу-анықтамалық материалдар:

  1. Гренвил Дж. История ХХ века. М., 1999 г.

  2. Дуглас С. Стивенсон. Америка: халық пен ел. – Алматы: “Ғылым”, 1995.

  3. Ибрашев Ж.У. Политическая концепция Шарль де Голля. А., -1971 г.

  4. Иванян Э.А. Белый дом. Президенты и политика. М., 1979 г.

  5. Иванян Э.А. От Дж. Вашингтона до Дж. Буша. М., 1991 г.

  6. Иванян Э.А. Рональд Рейган. Хроника жизни и времени. М., -1991 г.

  7. Мәшiмбаев С.М. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.).- Алматы, 2003.

  8. Молчанов Н.Н. Генерал де Голль. М., 1998 г.

  9. Нарочницкая Е.А. Франция в блоковой системе Европы 1960-1980-е годы. М., -1983 г.

  10. Фимлитов А.М. Германский вопрос от раскола к объединению. М., 1993 г.

  11. История международных отношении и внешней политики. Часть 3. Под ред. Ж.У.Ибрашева. А., 1998 г.

СОӨЖ жұмыстары (тақырыбы, талаптары, мерзімі)




Тақырыбы

Түрі

Тапсыру мерзімі

Балл

1

Европа жаңа заманда. Ұлы географиялық ашулардың салдары.

Конспект Ауызша баяндау

1-2 апта

3

2

Европа 18 ғасырда.

Конспект Ауызша баяндау

3-4 апта

3

3

19 ғасырдағы алдыңғы қатарлы мемлекеттер.

Конспект Ауызша баяндау

5-6 апта

3

4

20 ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар. Себептері мен салдары. 

Конспект Ауызша баяндау

7 апта

3

5

XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер.

Конспект Ауызша баяндау

8-9 апта

3

6

Дүниежүзілік социализм жүйесінің даму кезеңдері.

Конспект Ауызша баяндау

10 апта

3

7

Үшінші ғылыми-техникалық революция. Постиндустриалды өркениет.


Конспект Ауызша баяндау

11 апта

3

8

Дүниежүзілік дамудың тенденциялары қазіргі кезеңде.

Конспект Ауызша баяндау

12 апта

3


Жазбаша жұмыстарды дайындау және орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар (өздік жұмыстары, рефераттар және т.б.)

 Тақырып бойынша керекті әдебиеттерді іріктеп, конспект жазу, бақылау сұрақтарына жазбаша түрде жауап жазу. Шағын конференцияға қатысу үшін тақырып бойынша керекті әдебиеттерді іріктеп, жұмыс жоспарын құру, тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша жиналған материалдарды жүйелеу, баяндаманың негізгі бөлімінде жоспарды ашу, кіріспе мен қорытынды жазу, тақырып бойынша әдебиеттер тізімін құру. Сөз сөйлеу үшін тезис жазу. Тезисте тақырыптың өзектілігін, баяндаманың мақсаты мен міндетін, методологиясын, негізгі ережелерін көрсету, тезистің көлемі – бір бет. Дебатқа қатысу үшін тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеу, керекті ережелерді жазу, сөз сөйлеу мәтінін құрастыру, дискуссияға қатысу үшін тақырып бойынша сұрақтар құрастыру. Тесттік тапсырмаларды шешу үшін тақырып бойынша қажетті әдебиеттерді қолданып, тесттерді шешуге кірісу.


«Әлем тарихы (1500 жылдан бастап)» пәні бойынша студенттердің СОӨЖ жұмыстары

Әр өткен жаңа тақырыпқа байланысты негізгі мәселелерді талқылау, сипаттама беру, тұжырымдау. Өзекті мәселені бөліп қарастыру, сұрақ – жауап арқылы алған білімерін бекіту.


СОӨЖ жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.

         Берілген жұмыс түрі студенттің білімін аралық немесе қорытынды бағалау, үшін оқытушының жеке сұрағына немесе тапсырмасына жазбаша жауап.

         Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады.

         Аралық бақылау жұмысының көлемі 5 - 6 беттен, ал қорытынды жұмыс көлемі – 8 – 10 беттен аспайды. Әдетте бақылау жұмысы оқушы дәптерінде орындалады.



Реферат жазудың әдістемелік нұсқауы.
     Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

     Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

     Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты құжаттардың бары анықталады.

     Реферат жоспары ашылатын тақырыптың ішкі тұтастығын көрсетуге тиісті. Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнің 2-3 парақтарынан, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

     Кіріспеде (1-1,5 бет) тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

     Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

     Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.
Бақылау түрі.

Ағымды бақылау:


  • бағдарламадағы тақырып бойынша өз көз – қарасын білдіру;

  • ситуациялық жағдайларды шешу;

  • жазба жұмыстарын, тестер, бақылау жұмыстарын орындау;

  • пән бойынша сөз жұмбақ құрастыру;

  • іс ойыны;

  • аралық бақылау.

Қорытынды бақылау:

  • аттестация;

  • емтихан.


Пәннің саясаты:

  • Сабақтарға уақытында келу;

  • Сабақ үстінде басқа істермен шұғылданбау;

  • Себепсіз сабақтан қалмау, ауырған жағдайда справка әкеліп, көрсету;

  • Босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта келіп тапсыру;

  • Тапсырманы орындалмаған жағдайда, қорытынды баға төмендейді;

  • Оқу процессіне белсенді қатысу;

  • Күнделікті сабақтарға қатысу;

  • Шыдамды, жауапты болу керек.

Талаптар: сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысу үшін, студенттердің мамандыққа кіріспе пәніне қызығушылығы болу керек. Барлық тапсырмаларды уақытында орындау керек.

Сабақта материалды талдау үшін, сұрақтар қойып, сын көзқарас білдіру үшін, мәселені көтеру үшін алдын ала дайындалып келу керек.


Білімді бағалау саясаты:

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білімді өлшеу негізінде жүзеге асырылады. Оқушылардың білімін өлшеу пәннің оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек. Оқушылардың білімін өлшеуіштер түрлі түрлерде жасалады: бақылау сұрақтары, билеттер, тесттер (ашық, жабық, аралас, сәйкесінше, эссе және басқалары), есепті-кестелік, курстық және т.б. жұмыстар тапсырмалары.

Оқушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде баға шкаласы шығып отыр. Баға шкаласы баллды-рейтингтік әріптік жүйеге негізделген.

Оқушылардың білімдері, қабілеттері және өкілеттіліктері бақылаудың барлық түрлері бойынша туры пропорционалды қатыстығы бар баллды-рейтингтік әріптік жүйенің бағаларымен анықталады.



«Өте жақсы» бағасы (А, и А-). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты толық меңгергенін көрсетсе және қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау жұмыстарды дұрыс орындап, олар бойынша есепті өткізсе, дұрыс ойласа, уақтылы қатесіз аралық бақылауларды және үй тапсырмасын орындаса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, өзі қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, бағдарламалық жадығатты өзінше жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» бағасы (В+, В и В-). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты 75%-дан төмен емес меңгерсе және жауап беруде ауыр қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау жұмыстарды дұрыс орындаса және оларды қағидалық ескертулерсіз өткізсе, уақтылы қағидалық қатесіз аралық бақылауларды және үй тапсырмасын орындап өткізсе, оқытушының нұсқауымен қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, қағидалық емес қателерді жіберсе немесе студенттің өзімен кейін жөнделген қағидалық қателер жіберсе, бағдарламалық жадығатты оқытушының көмегімен жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттандырылған» бағасы (С+, С., С-, D+, и D). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты 50%-дан төмен емес меңгерсе, бақылау жұмыстарды орындау барысында оқытушының көмегіне жүгінсе, аралық бақылауларды өткізу барысында қағидалық емес қателер жіберсе, ғылыми жұмыста бәсеңдесе,қытушы көсеткен әдебиетпен шектелсе, бағдарламалық жадығатты жүйелендіруде қиналғанда қойылады.

«Қанағаттандырылмаған» бағасы (F). Бұл баға егер студент бағдарламамен қарастырылған негізгі жадығатты білуде жекелеген білімсіздікті танытса, пәннің бағдарламасының жартысынан көбісін меңгермесе, жауаптарында қағидалық қателер жіберсе, бастапқы, аралық, соңғы бақылау нысандарымен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаса, бағдарламамен қарастырылған барлық негізгі әдебиетті зерделенбеген жағдайда қойылады.

Пәннің оқу бағдарламасын оқушымен меңгеру деңгейінің соңғы бағасы бастапқы және соңғы бақылау бағаларын ескере отырып кумулятивті әдіспен анықталады.

Соңғы баға оқушы өту рейтингісінен де, соңғы бақылауданда жақсы бағаларға ие болса ғана есептеліп шығарылады.

Өту рейтингісін есептеу барысында міндетті түрде бастапқы, шектік бақылау, есептік-кестелік, курстық жұмыстардың (жобалардың) бағалары ескеріледі.

Бастапқы жетістіктерді бағалары бастапқы және аралық бақылау бағаларынан құрастырылады. Аралық бақылау оқу пәнінің ірі тарауларын (модульдерін) зерделгеннен кейін өткізіледі.

Жетістіктердің бастапқы бақылауы бастапқы бағалардан тұрады: семинарлық және тәжірибелік сабақтарда алынған бағалар, орындалған жұмыстар, үй тапсырмалары, өзіндік жұмыстары тапсырмаларынан алынған бағалар.



Дәріске қатысу – 100%

Практикалық сабақтағы белсенділігі - өте жақсы – 90-100 %

жақсы 75- 89 %

қанағаттанарлық –50-74 %
СОӨЖ – 50-100% СӨЖ - 55- 100%



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет