ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014


Белгісіздікті және тәуекелді есебке алу



бет14/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Белгісіздікті және тәуекелді есебке алу.


Белгісіздік деп ақпараттың жетпеуін немесе толық еместігін айтады. Тәуекел кәсіпкердің өз қаржысын жоғалту ықтималдылығын көрсетеді.

Белгісіздік пен тәуекелдің келесі түрлерін ескеру қажет:



  1. Экономикалық заңдылық, ағымдағы экономикалық жағдай, инвестиция жасау жағдайлары.

  2. Сыртқыэкономикалық тәуекел.

  3. Саяси жағдай тұрақсыздығы, қолайсыз әлеуметтік-саяси өзгерістер.

  4. Бағалардың валюталық курстарының өзгеруі, нарық конъюнктурасының өзгеруі.

  5. Табиғи-климаттық факторлар.

  6. Өндірістік-технологиялық тәуекел.

Тәуекелді арнайы экономикалық-математикалық әдістер көмегімен компьютермен есептеуге болады.

Егер тәуекел ықтималдлығы белгілі болса, инвестициялардан болатын жалпы нәтиже математикалық күтім формуласы бойынша анықталады:



Эi – іске асырудың i-й шарты бойынша интегральды нәтиже.

pi – i-й шарттың іске асу ықтималдылығы.

Жобаны таңдау белгілері: мақсаты, сыртқы және экологиялық белгілер, жобаны іске асыратын инвестордың белгілері, ғылыми-техникалық белгілер, коммерциялық белгілер, өндірістік белгілер, нарық белгілері, аймақтық ерекшеліктерді есебке алатын белгілер.



3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.

Қаржы – кәсіпорынның ақша жиынтығы және оларды қалыптастыру, бөлу және қолдану жүйесі.

Қаржы көздері: жеке жинақтар, акционерлі капитал, пайлық салымдар, ұзақмерзімді несие, инвестициялар, бюджеттік ақша.

Қаржы жоспары кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қаржы жоспарының үш түрі бар: оперативті (1 жылға дейін), ағымдағы (1 жыл), перспективті

Қаржы жоспарына келесі құжаттар жатады:



  1. Табыстар мен шығындар жоспары (кәсіпорын пайдалылығын көрсетеді);

  2. Несиелік жоспар (қарызды қолдануды сипаттайды);

  3. Ақша ағындарының жоспары (ликвидтілікті қамтамасыз етеді);

  4. Кәсіпорын балансы (кәсіпорынның қаржы жағдайын сипаттайды).

Кәсіпорын балансы активтерден (кәсіпорын меншігіндегі мүлік) және пассивтерден (қаржы көздері) тұрады. Олар бір-біріне тең болу керек.

Кәсіпорын активтері ликвидті (айналым қаржы) және ликвидті емес (негізгі капитал) болып бөлінеді.

Баланс бойынша келесі көрсеткіштер анықталады:


  1. айналым қаржының ликвидтілігі – кәсіпорынның қажет уақытта қарыз қайтаруға қабілетін көрсетеді.

    1. Абсолютты ликвидтілік коэффициенті:

Кал = Ақша/қысқа мерзімді міндеттемелер >=0.5

    1. Ликвидтілік коэффициенті:

Кл = (Ликвидті активтер - өндірістік қорлар)/қысқа мерзімді міндеттемелер >=1,0

    1. Ағымдағы ликвидтілік коэффициенті:

Кағл = Ликвидті активте/қысқа мерзімді міндеттемелер >=2

  1. Автономия коэффициентікәсіпорынның қаржылы дербестігін сипаттайды.

Ка = Өзіндік капитал/Баланс сомасы >=0.5

  1. Қарызды және өзіндік капиталдың ара-қатыс коэффициенті

К =Ұзақ және қысқа мерзімді қарыз/Өзіндік капитал <=1

  1. Капитал рентабельділігі:

Қаржының жаңа түрі ретінде лизингты айтуға болады – жалдың ерекше түрі.

Лизинг – мүлік иесі мен жалға алушы арасында мүлікті белгілі бір мерзімге беру, ол үшін рентаны төлеу және, көбінесе, амортизация мерзімінің аяғында мүлікті толығымен өзіне алу жөнінде келісім шарт.

Лизинг пен жал арасындағы айырмашылықтар:



  1. Лизингте толық амортизация төленеді.

  2. Лизинг өнімді өткізудің бір түрі ретінде қолданады.

  3. Лизинг мерзімі келісімде тіркеледі және одан бас тартуға болмайды (жалдан бас тартуға болады).

Лизинг формалары:

  1. Оперативты лизинг: келісім мерзімі амортизация мерзімінен әлдеқайда кем (жалға ұқсас).

  2. Қаржы лизингы: Келісім мерзімі амортизация мерзіміне жақын немесе тең болады. Оның түрлері:

а) тура (қарапайым) лизинг:

Артықшылықтар:



  1. Лизинг 100% несие беруді көздейді және төлемдерді қолма-қол төлеуді талап етпейді.

  2. Жалға алушы жабдықты жаңартуға мүмкіндік алады.

  3. Есепте мүлік лизинг беруші балансында болады.

  4. Лизинг кепілдемені талап етпейді, өйткені кепілдеме ретінде жабдықтың өзі болады.

  5. Барлық дамыған елдердің мемлекеттік саясаты лизингтік операцияларды кеңейтуге және дамытуға бағытталған.

Кемшіліктер:

  1. Лизинг берушінің үлкен қаржы шығындары.

  2. ҒТП байланысты жабдық ескірсе және бұл жағдай келісімде көрсетілмесе, төлемдерді амортизация мерзімінің аяғына дейін жасай беру қажет.

  3. Лизингтің жалпы құны несие құнынан, көбінесе жоғары болады.

  4. Лизингтік операцияларды жүргізудің күрделілігі.

Салық жүйесісалықтардың жиынтығы және оларды есептеу және бақылау жүйесі.

Негізгі қағидалары: Мүмкіндіктер бойынша төлеу; Артықшылық үшін төлеу; Есептеудің қарапайымдылығы және қол жетерлігі.

Функциялар:

фискальды; қайта бөлу; ынталандырушы.

Салықтар түрлері:

тура; жанама; жалпы; арнайы. пропорционалды; прогрессивті.

Жаңа объектілер салу, ұлғайту, техникалық қайта құру және техникалық қайта қаруландыру, жөндеу және жабдықтарды жаңартуды материалдық өндірістің маңызды саласы - күрделі құрылыс орындайды. Күрделі құрылысты жүзеге асыру үшін күрделі салымдар қажет. Күрделі салым жаңадан өндірістік және өндірістік емес негізгі қор жасауға немесе бұрынғыларын қазіргі уақытқа сай қайта құруға жұмсалған шығындардың жиынтығы. Күрделі құрылыс процесі күрделі жұмыстар - құрылыс және монтаждан тұрады. Құрылыс жұмыстарына жаңа объектілер салу, ұлғайту, қайта құру жатады. Монтаждық жұмыстарға жабдықты орнату, жинау, жұмыс қалпына келтіру жатады.

Күрделі және ағымдағы салымдар болады. Күрделі салымдар өндірістік қор құнын ауыстырады, ал ағымдағы ауыстырмайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда бұл салымдар жаңа жабдықтар алуға және істеп тұрған жабдықты жаңартуға, жаңа технологиялық процестерді енгізуге, өндірістік емес негізгі қор жасауға қолданылады. Күрделі салымға негізгі қор құнынан басқа:

-құрылыс-монтаж жұмыстары

-құрылыспен байланысты,зерттеу және жобалық жұмыстар

-инфрақұрылым жасау және қоршаған ортаны қорғау

-негізгі қорлардың жойылуының жоғалтулары және айналым қаржыларын арттыру шығындары жатады. Қуаттың өсу формасы бойынша күрделі салымдар бөлінеді:

1)жаңа құрылыс-өндірістік қуат әлі енгізілмеген жаңа ауданда кәсіпорын және ғимарат құрылысы

2)кеңейту және қайта құру-қуатты енгізгеннен соң өзгерген жоба бойынша кәсіпорында құрылысты жалғастыру

3)техникалық қаруландыру-кәсіпорында машиналар мен жабдықтарды,көлік құралдарын,өлшеу приборларын және құрылғыларды жаңасына және қазіргісіне ауыстыру.

Күрделі салымдарды келесі түрлерге бөледі:

1)ескі күрделі салымдар - істеп тұрған негізгі қорлар құны

2)жаңа күрделі салымдар - тасымалдауды,монтажды есепке алғандағы жаңа жабдық құны, істеп тұрған негізгі қорларды жаңарту шығындары, жобалау шығындары,құрылысқа және айналым қаржыларын өзгертуге жұмсалған шығындар.

Күрделі салымды қаржыландыру көздері: кәсіпорынның өз қаржысы, инвестиция. Кәсіпорынның өз қаржысы - НӨҚ толығымен қалпына келтіруге арналған амортизациялық қор есебінен, кәсіпорын пайдасынан, артық өндірістік қорларды сатудан түскен ақшадан, бағалы қағазды сатудан құралады..

2. Таза келтірілген құн көрсеткіші. Дисконттау көрсеткішін анықтау жолдары.Инвестициялық жобаның қаржы жоспары

Күрделі салымды салыстырмалы және абсолютті тиімділік көрсеткіштерімен есептейді. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіші - шаруашылық және техникалық шешімдердің әр түрлі мүмкін варианттары ішінен ең тиімді вариантты таңдауға қолданылады. Салыстырмалы тиімділіктің көрсеткіштері келтірілген шығындар формуласы болып табылады:

С+Ен*К®min

К+Тн*С® min

С-Жылдық өнім шығарудың өзіндік құны

Ен-экономикалық тиімділіктің нормативті коэффициенті

К-шара бойынша күрделі шығындар

Тн-күрделі салымның нормативті ақтау мерзімі.

Салыстырмалы тиімділік негізінде анықталған ең тиімді вариант бірнеше мүмкін вариант ішінен-келтірілген шығындардың минимумы бойынша таңдалады. Варианттар барлық параметрлері бойынша салыстыруға келетін болуы қажет. Барлық варианттарда өнім шығарудың бірдей көлемі алынуы тиіс.

Күрделі салымдардың абсолютті тиімділігі шығындардың бір теңгесіне қанша пайда алатынымызды көрсетеді:

Е=П/К

П-күрделі қаржылардың әсерінен жылдық пайданың өсуі



К-күрделі қаржы.

Абсолютті экономикалық тиімділікті жоспар,жоба және есеп ақпараттарынан алынған көрсеткіштер көмегімен есептейді.

Күрделі қаржыны пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткішке күрделі қаржыны ақтау мерзімі жатады. Бұл күрделі қаржының абсолютті экономикалық тиімділігіне кері шама.

Тн=К/п
Бақылау сұрақтары



  1. Инвестициялар түсінігі, түрлері

  2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.

  3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.


Тақырып 12. Ауыл шаруашылығының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы


Практикалық және лабораториялық сабақтар

Модуль 1. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикада алатын мәні мен рөлі

Тақырып 1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар

МАҚСАТЫ:

Берілген тақырыпты зерттеу әдістерін, курс мәселелерін пайдалана отырып студенттерді негізгі ұғымдармен таныстыру.


Сабақтың құрылымы

  1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық шарттар

  2. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті әлеуметтік шарттар

  3. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті құқықтық шарттар

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Ауыл шаруашылығындағы бизнесті құру үшін қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар

  2. ҚР ауыл шаруашылығына байланысты заңдар мен заңнамалар

Әдебиеттер


  1. Аграрлық экономика (Лекциялар курсы): оқу құралы / С.Қ.Тойкин, С.Қ.Құрманбаев, Н.Ғ.Нұрекенов, ж.б.- Семей: [Тенгри], 2008.- 251б.

  2. Ертазин, Х. Агробизнес: оқу құралы / Х. Ертазин.- Астана: Фолиант, 2013.- 213 б.

  3. Тойкин С.Х. Ауыл шаруашылығының экономикасы және менеджмент:оқу құралы-Семей.2014

  4. Сұлтанов, Ө. Қазақтың экономика ғылымы және Алаш қайраткерлері: ғылыми басылым / Ө. Сұлтанов; Шәкәрім атын. Семей мемл.ун-ті.- Семей: Интеллект, 2013.- 256б.

  5. Экономика сельского хозяйства: учеб. пособие / Под ред. В.В.Кузнецова.- Ростов н/Д: Феникс, 2003.- 346 с.- (Учебники и учебные пособия).

  6. Сельская экономика: учебник / Под ред. С.В.Киселева.- М.: ИНФРА-М, 2008.- 572б.

  7. Сейдахметов, А.С. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса: учебник / А.С. Сейдахметов; И.Н. Куква, К.К. Нургалиева.- Алматы: Экономика, 2006.- 255б.


Тақырып 2. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы
МАҚСАТЫ:

Студенттерге ауыл шаруашылығы өндірісінің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі сферасы ретінде оның жайын, құрамын және келешекте даму болашақтары жөнінде түсінік беру.

Сабақтың құрылымы


    1. Салалардың ұғымы және оның ауыл шаруашылығындағы орны

    2. Қазіргі заман экономикасында ауыл шаруашылығының сала ретіндегі ерекшеліктері

    3. Ауыл шаруашылығы – агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

    4. Қазақстанның ауыл шаруашылығы экономикасының ерекшеліктері

Бақылау сұрақтары:

  1. Халық шаруашылығы саласы деген не?

  2. Халық шаруашылығын салалық дифференциялау неден туындады?

  3. Бір саланы екіншісінен қандай сандық көрсеткіштер бөледі?

  4. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі ерекшеліктері қандай?

  5. Елдің азық түлік қауіпсіздігіне қандай шараларды жүзеге асырумен жетісуге болады?

  6. Дифференциалды рента дегеніміз не?

Тест сұрақтары:

1. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы қате?

А) Көптеген шаруаларды мамандық алмаған жұмысшы атқара алмайды

Ә) Мамандану еңбек өнімділігінің өсуіне кедергі жасайды

Б) Мамандану ысырапшылыққа тосқауыл бола алады

В) Мамандандыру дегеніміз еңбекті қоғамдағы бөлу

Г) Мамандандырылған кәсіпорында өнімнің бір немесе сәйкес бірнеше түрін өндіруге қажетті барлық жағдай жасалады.


2. Мамандырудың негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

А) Жалпы шығарылған және өткізілген өнім құрамы

Ә) Жалпы шығарылған және тауарлық өнім құрамы

Б) Тауарлық және сатылған өнім құрамы

В) Мамандандыру еселігі (коэффициенті), жалпы шығарылған өнім құрамы

Г) Мамандандыру еселігі (коэффициенті), тауарлық өнім құрамы


3. Поповичтің өрнегі бойынша саналған мамандандыру еселігі нешеге тең болғанда кәсіпорынның мамандану деңгейі төмен деп саналады?

А) 0,48 не одан кем

Ә) 0,35 не одан кем

Б) 0,36-0,48

В) 0,48-0,61

Г) 0,62-ден артық болса


4. Поповичтің өрнегі бойынша саналған мамандандыру еселігі нешеге тең болғанда кәсіпорынның мамандану деңгейі орташа деп саналады?

А) 0,4 не одан кем

Ә) 0,35 не одан кем бола

Б) 0,36-0,48

В) 0,48-0,61

Г) 0,62-ден артық болса


5. Кәсіпорынның мамандануын сипаттайтын негізгі көрсеткішті атаңыз.

А) Тауарлық өнім құрамы

Ә) Жұмысшылар құрамы

Б) Негізгі қорлар құрамы

В) Қаржы құрамы

Г) Мамандандыру еселігі


6. Кәсіпорын қуатын толық пайдалануға арналған қосымша, қосалқы өнімдерді өндіру, негізгі жұмысқа (негізгі өнім өндіруге) бөгет болмай, түсіретін қосымша табыстармен экономиканы нығайтып, жалпы тиімділікті арттыру. Бұл қай экономикалық ұғымның мәнін ашатын анықтама?

А) Мамандандыру

Ә) Шоғырландыру

Б) Қарқындату

В) Орналастыру

Г) Сәйкестендіру


7. Сәйкестендірудің төмендегі қай қағидасы қате жазылған?

А) Қосымша, қосалқы өндірістер негізгі өнім өндіруге кедергі болмай, зиянын тигізбейді.

Ә) Қосымша, қосалқы өнімдер өндіру өндіріс қуатын толықтай игеруге арналған

Б) Қосымша, қосалқы өнімдерін өндіру негізгі өндірістің қалдығын іске асырып, табыс табуға мүмкіндік береді

В) Қосымша, қосалқы өнімдер кәсіпорынның қаржы жағдайын нашарлатады.

Г) Аталғанның бәрі дұрыс


8. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы қате?

А) Ірі өндірісте шағынға қарағанда қорларды тиімді қолданады

Ә) Ірі өндірісте шығарылған өнімнің өзіндік құны шағынға қарағанда төмен

Б) Ірі өндіріс шағынға қарағанда нарықтағы өзгерістерге бейім, жылдам бағытын өзгерте алады

В) Ірі өндірісте алдыңғы қатарлы технология қолданылады

Г) Аталған тұжырымдардың бәрі де дұрыс


9. Кәсіпорынды орналастыру үшін әрқилы экономикалық жағдайларды есепке алады. Төмендегі берілгеннің қайсысы осы жағдайларға жатпайды?

А) Кәсіпорынның мамандану деңгейі

Ә) Тауар сұранысы

Б) Жол жағдайы

В) Технологиялық байланысты қамтамасыз ету

Г) Арзан жұмысшы күші


10. Егер кәсіпорын өз өндіріс көлемін өсіру мақсатында қосымша жұмысшы күшін жалдаса, бұл іс-шара өндірісті дамытудың қай жолына жатады?

А) Шоғырландыру

Ә) Мамандандыру

Б) Интенсивті

В) Экстенсивті

Г) Сәйкестендіру


11. Қарқындатудың тиімділігін көрсететін көрсеткіштерге қайсысы жатпайды?

А) Қор қайырымы

Ә) Салымдар көлемі

Б) Еңбек өнімділігі

В) Пайда көлемі

Г) Өндіріс тиімділігі


12. Қарқындатудың деңгейін көрсететін көрсеткіштерге қайсысы жатпайды?

А) Өнім бірлігіне кеткен шығын

Ә) Қормен қамтамасыз ету көлемі

Б) Салымдар

В) Өзіндік құн

Г) Бәрі де жатады



Есептер:

2.1 Кәсіпорынның қарқындату көрсеткіштерін шығаруға арналған есептер

Қормен қамтамасыз ету ═




Қор құны

Өндіріс орны (аумағы, жұмысшы саны)



Негізгі қорлардың бағасы ═




Құны

Саны



Қормен қарулану ═




Қор құны

Жұмысшы саны



Өндіргіштік ═




Өнім құны

Өндіріс орны



Қор қайырымы ═




Өнім құны

Қор құны



Еңбек өнімділігі ═




Өнім құны

Жұмысшы саны



Жұмысшының өндірген ═

таза пайдасы


Таза пайда

Жұмысшы саны



Қордың өндіргіштігі ═




Өнім құны

Қор саны


1. Цехтың жұмыс орны 95 м2, жыл басындағы негізгі қорлар 15675 мың теңге, жыл аяғында – 17290 мың теңге болғандағы қарқындату деңгейін табыңыз.
2. Кәсіпорында жыл басында 27 станок болған, құны 7560 мың теңге. Жыл аяғында 34 станоктың құны 10080 мың теңге болғанда, қарқындату болды ма, деңгейлері қандай?
3. Кәсіпорында 68 жұмысшы бар. Жыл басындағы негізгі қорлар 3944 мың теңге, жыл аяғында 4420 мың теңге болғанда қарқындату болды ма, деңгейлері қандай?
4. Кәсіпорында былтыр жұмыс орны 120 м2 болғанда 21120 мың теңгенің өнімі өндірілген, биыл жұмыс орны 135 м2 жетіп 23760 мың теңгенің өнімі өндірілген. Өндіріс қарқындады (интенсивтендіру) ма, жай өсті (экстенсивті) ме?
5. Кәсіпорын қоры 5683 мың теңге, өндірілген өнім 3694 мың теңге. Жоспарлы жылы 6293 мың теңге қормен 4090 мың теңгенің өнімі өндірілмек. Дамудың жолы қандай, қарқынды ма, жай ма?

6. Өндірілген өнім 7386 мың теңге, жұмысшы саны 8 адам, жоспарлы жылы 12 адаммен 11079 мың теңгенің өнімі өндірілмек. Даму жолы қандай, қарқынды ма, жай ма?
7. Басқару орнында 13 қызметкер болғанда 145 млн. теңгенің өнімі өндірілген, мамандар саны 3-ке көбейгенде 240 млн. теңге түсім түспек. Даму жолы қандай, қарқынды ма, жай ма?
8. Басқарушылар саны 18, өндірілген өнім 162 млн. теңге. Жоспарда екі қызметкер қысқартылуы тиіс, өндірілетін өнім 156 млн. теңге. Даму бар ма, болса қандай жолмен дамымақ?
9. Былтырғы пайдаланылған қор 13892 млн. теңге, өндірілген өнім 11114 млн. теңге. Биылғы қор көлемі 14364 млн. теңге болып, 12928 млн. теңге өнім өндірілген. Даму бар ма, болса қандай жолмен жүргізілген?
10. Кәсіпорында 135 жұмысшы 675 млн. теңгенің өнімін өндірген. Жоспар бойынша 141 адам 775 млн. теңгенің өнімін өндірмекші. Даму бар ма, қандай?
11. 124 жұмысшы 285,2 млн. теңге таза пайда әкелген. Жоспарлы жылы 128 адам 291 млн. теңгенің пайдасын келтірмек. Қарқындаудың тиімділігі қандай?
12. Былтыр 18 станокпен 144 млн. теңгенің өнімі өндірілген, биыл 21 станокпен 180 млн. теңге өндірілген. Қарқындау бар ма, тиімділігі қандай?
Есептердің жауаптары:
1 -165; 182 м.т. 2 - Иә, 280; 296,5. 3 - Иә, 58; 65 м.т. 4 - Экстенсивті өсу. 176 м.т.; 176 м.т. 5 - Жай,экстенсивті. 0,65; 0,65 – қор өтемі. 6 - Жай. 923,25; 923,25 – еңбек өнімділігі өспеген өнім кісі санымен өскен.

7- Қарқынды. 1-басқар. 11,15; 13,33 млн.т.

8 - Бар, қарқынды. 1-басқар. 9; 9,75 млн.т. 9 - Бар, қарқынды. Қор қайырымы 0,8; 0,9. 10 - Бар, қарқынды. Еңбек өнімділігі 5; 5,5 млн.т.

11 - 2,3; 2,27 млн.т. төмендеген. 12 - Өндіргіштік 8 млн. т.; 8,57 млн. т. бар, тиімді.
Тақырып 3. Ауыл шаруашылығында өндірісті орналастыру, мамандандыру және шоғырландыру

МАҚСАТЫ:

Студенттерге халық шаруашылығы салаларын орналастырудың алғышарттары мен қажеттілігін түсіндіру, мамандандыру мен шоғырландырудың маңызын ұғындыру, салалардың осы бағыттағы даму болашағын айқындау.

Сабақтың құрылымы


  1. Территорияны орналастырудың ұғымы және қағидалары




  1. Ауыл шаруашылығын орналастыруды экономикалық бағалау




  1. Ауыл шаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру


Бақылау сұрақтары:

  1. Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру деген не, және ол қандай жағдайларда байланысты?

  2. Қазақстан Республикасының территориясында неше экономикалық аудандар құрылды?

  3. Екінші топқа қандай экономикалық аудандар кіреді және олар басқа топтардан несімен ерекшеленеді?

  4. Салаларды орналастыруды экономикалық жағынан бағалау үшін

  5. қандай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады?

  6. Ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандырудың мәні неде және оның қандай түрлерін білесіздер?

  7. Заттық мамандандыру деген не?

  8. Мамандандырудың экономикалық тиімділігіне қандай факторлар әсер етеді?

  9. Шоғырландыруға анықтама беріңіз?

  10. Шоғырландыру туралы шешім қабылдарда қандай көрсеткіш негізгі болып табылады?


Тест сұрақтары:
1. Экономика заңдарын сақтай отырып, келешекке өндірістегі қалыпты қарым-қатынасты тағайындау. Бұл:

А) Шоғырландыру

Ә) Жоспарлау

Б) Болжау

В) Есепке алу

Г) Экономика


2. Жоспарлау мақсаттарына төмендегіден не кірмейді?

А) Кәсіпорын тиімділігін арттыру

Ә) Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету

Б) Өндірісті дамыту

В) Бар мүмкіндіктерді толық игеру

Г) Болашақ жағдайды дәл болжау


3. Жоспарлаудың неше негізгі қағидалары бар?

А) 3


Ә) 8

Б) 6


В) 5

Г) 10
4. Кәсіпорынның жылдық жоспары қандай екі бөлімнен тұрады.

А) Өнім өңдіру және қаржы жағдайы

Ә) Бәсекені зерттеу мен басқару құрылымын анықтау

Б) Маркетинг жүргізу мен өндірісті ұйымдастыру

В) Қаржы бөлімі мен техникалық жағдай

Г) Бағдарлама мен болжам
5. Жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштердің өлшем бірлігіне қарай қандай түрлері бар?

А) Табиғи және сандық

Ә) Табиғи және құндық

Б) Құндық және сапалық

В) Сапалық пен сандық

Г) Табиғи мен сапалық


6. Жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштердің нәтижесіне қарай қандай түрлері бар?

А) Табиғи және сандық

Ә) Табиғи және құндық

Б) Құндық және сапалық

В) Сапалық пен сандық

Г) Табиғи мен сапалық


7. Жоспарлаудың бұл әдісі бойынша екі көрсеткіштің арасындағы сандық тұрғыдан тәуелділілік анықталады?

А) Тепе-теңдік

Ә) Болжау

Б) Үлгілеу

В) Байланыс мүдделілігі

Г) Бөлшектеу


8. Кәсіпорынды орналастыру үшін әрқилы экономикалық жағдайларды есепке алады. Төмендегі берілгеннің қайсысы осы жағдайларға жатпайды?

А) Кәсіпорынның мамандану деңгейі

Ә) Тауар сұранысы

Б) Жол жағдайы

В) Технологиялық байланысты қамтамасыз ету

Г) Арзан жұмысшы күші


9. Мамандырудың негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

А) Жалпы шығарылған және өткізілген өнім құрамы

Ә) Жалпы шығарылған және тауарлық өнім құрамы

Б) Тауарлық және сатылған өнім құрамы

В) Мамандандыру еселігі (коэффициенті), жалпы шығарылған өнім құрамы

Г) Мамандандыру еселігі (коэффициенті), тауарлық өнім құрамы

10. Берілген әдісте экстраполяция, тәжірибе жүргізу тәсілдері қолданылады.

А) Үлгілеу

Ә) Тепе-теңдік

Б) Болжау

В) Жіктеу сызығы

Г) Байланыс мүдделілігі


11. Кәсіпорынға қажетті қорлардың көлемі және сапасы жағынан бір-біріне сәйкестігі қандай әдіспен қамтамасыз етіледі?

А) Үлгілеу

Ә) Тепе-теңдік

Б) Болжау

В) Жіктеу сызығы

Г) Байланыс мүдделілігі


12. Егер кәсіпорын өз өндіріс көлемін өсіру мақсатында қосымша жұмысшы күшін жалдаса, бұл іс-шара өндірісті дамытудың қай жолына жатады?

А) Шоғырландыру

Ә) Мамандандыру

Б) Интенсивті

В) Экстенсивті

Г) Сәйкестендіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет