ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014


Қазіргі заман экономикасында ауыл шаруашылығының сала ретіндегі ерекшеліктері



бет2/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2.2 Қазіргі заман экономикасында ауыл шаруашылығының сала ретіндегі ерекшеліктері

Ауыл шаруашылығының экономикасы жалпы экономикалық теорияның маңызды бір бөлегі болып табылады, өйткені мұнда экономикалық дамудың жалпы заңдылықтары жалғасып жатыр. Дамыған елдерде ауыл шаруашылығы бір бірінен бөлек жұмыс істейтін, көптеген шағын фермерлік шаруашылықтардан тұрады, бұл секторда заңдар да классикалық тұрғыда қызмет етеді. Ауыл шаруашылық экономикада нарықтық шаруашылықтың көптеген заңдары басқа салаларға қарағанда неғұрлым айқын, неғұрлым таза күйінде көрінеді. Сондықтан да болар макроэкономикалық оқулықтардың көпшілігінің ауыл шаруашылығы өндірісінің тәжірибелерімен көркемделетіндігі. Оның үстіне көрнекті отандық және шетелдік ғалым – экономистер өздерінің зерттеулерін дәл осы аграрлық саладан бастаған, мысалы: Н. Кондратов, А. Чаянов, В. Немчинов, Дэн Телбрейт, У.Әбділманов, С.Абдилдин және басқалар.

Ауыл шаруашылығы экономикасы әдетте ерекше курс болып табылады. Оның себебі бұл сектордың жеке – жеке қарауды қажет ететін бірқатар өздеріне тән ерекшеліктері бар.

Біріншіден, ауыл шаруашылығы нарықтық экономикадағы елдерде артықшылықтары бар фермерлік шаруашылықтарды жүргізілетіндігіне, жеткілікті ірі кәсіпорын бола алатындықтарына қарамастан бұл секторды монополиялап алуға қабілетті емес. Басқаша сөзбен айтқанда, салыстырып қарағанда ұсақ ауылшаруашылықтық өндірушілер нарықтық бағаларға әсер ете алатын ірі фермерлерге қарағанда нарыққа әсер ететін нендей бір топты да ұйымдастыра алмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығында сатушылар қашанда көп, олардың бірде біреуі бағаға әсер ететіндей өнім мөлшерін жеткізе алмайды.

Алайда, мемелекеттің қанша араласқанына қарамастан дамыған елдерде ауыл шаруашылығы нарықтарына кіру мен одан шығу жеткілікті еркін. Бұл жерде жақсы реттелген жер нарығы, оның кең таралған жалға берілуі, ипотекалық несиесі бар. Осының бәрі ауыл шаруашылығын өндірісін бастамақ болған әркімнің негізгі ресурсы бар екенін көрсетеді. Және керісінше әр фермер өз шаруашылығының пайдасыздығына немесе жеткілікті пайда алмайтындығына көзін жеткізсе ешқандай заң жүзінде де, институционалдық немесе экономикалық шектеулерсіз ақ басқа сата алады.

Сөйтіп аграрлық секторда бәсекелестіктің негізгі екі шарты сақталады:


  • базарда сатушылардың көп мөлшерде болуы;

  • сатушылардың базарға кіру және оны тастау еркіндігі.

Осыдан мынандай қорытынды шығаруға болады, ауыл шаруашылығы – бұл бәсекелестік өрістейтін сала.

Дамушы елдерде ауыл шаруашылық нарығында дамыған елдерге қарағанда сатушылар саны көп: бұларда ауыл шаруашылығындағы халықтың үлес салмағы жоғары; шаруа қожалықтары ұсақ, алайда өнімдер мен ресурстардың дамымауы ең алдымен жер нарығының дамымауы осы нарықта істеуді қиындатады, тіпті оған кіріп шығуды мүмкін етпейді де.

Дамушы елдердің экономикасында нарықтан тыс байланыстар басым (шаруа жанұяларының өзара көмегі, бір жанұя екіншісіне үй салуға көмектеседі, бұл үшін азық түліктен алады, сондай – ақ ауылда бірге бірігіп тұруға, ауылдың барлық мүшелерінің жыл өткен сайын тұрмыстарын жеңілдетуге жетісуге мүмкіндік береді).

Екіншіден, аграрлық секторда жер ферманы орналастыру үшін қажет емес, ол қажетті бір қаражат, өндіріс құралы ретінде қолданылады.

Ауыл шаруашылығы емес салаларда жер кәсіпорындарын орналастыратын базис ретінде пайдаланылады. Жердің пайдалы қасиетіне ешқандай маңыз берілмейді.

Егіншілікте жердің жоғарғы қыртысы – құнарлы деп аталатын топырақ қабаты пайдаланылады.

Жер учаскелері өздерінің сапасына қарай біреуі неғұрлым құнарлы, басқасы құнары аздау болып бөлінеді. Жер ресурсы, мәселен Қазақстанда біртекті емес, тіпті егістіктің бір учаскесіндегі жер құнарлылығы жағынан тым әртүрлі.

Ауыл шаруашылығында жер жүздеген жылдар бойы аса маңызды өндіру құралы болып келеді. Осыдан барып ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынысының икемділігі (сандық пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгеруіне қатынасы) жоғары емес, өйткені өндірісті ұлғайту үшін өңделетін жер алқабын кеңейту керек, бұл елеулі қаражаттық, еңбек және материалдық шығындарды қажет етеді. Техникалық прогрестің дамуына қарай ауыл шаруашылығы өндірісінің жерге тәуелділігі біртіндеп азайып келеді, жоғары интенсивті технология дамуда, бұл жер факторына байланысты емес (мысалы, құс өсіру шаруашылығында).

Ауыл шаруашылығында жер негізгі зат және еңбек құралы ретінде қалып келеді. Алайда жер – бұл шектеулі ресурс, және оның осы жағы жер ренталарының феноменін (өнімді жеткізуге байланысты) туғызады.



Үшіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі табиғи жағдайларға өте тәуелді. Ауыл шаруашылығында тиімді технология қолданатын, аграрлық мәдениеті дамыған елдердің өзінде аграрлық өндірістің нәтижесі бұрынғысынша болжауға болмайтын күйінше қалып келеді. Құрғақшылық, топан су қаптауы, зиянкестер, мал мен өсімдіктің аурулары аграрлық сектор сферасына капитал салудың тәуекелділігін азайтады.

Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін диверсификациялау (модификациялар санын кеңейту) өте шектеулі. Осы саладағы техникалық прогресс мәденилендірілетін өсімдіктер мен мал тұқымдарының неғұрлым жетілдірілген сорттарын енгізумен қатар жүргізіледі. Алайда селекциялық қызмет негізінен дақылдар мен малдың өндірістік қасиеттерін жетілдіруге; ауыруларға, зиянкестерге шалдығуды төмендетуге және қолайсыз ауа райына төзімді болуға, өнімділіктері мен технологияларға, оның ішінде механикаландырылған немесе тіпті автоматтандырылған технологияға және тағы басқаларға бейімділігіштігін арттыруға бағытталуы тиіс. Алайда тіпті силикционерлер жетілдірген көпорам немесе сәбіз өздерінің тұтынушылық қасиеттері жағынан сол бұрынғы капуста және сәбіз болған күйінде қалады, және тұтынушылар үшін бұл өнімдердің артықшылықтарын түсіндіру қиын. Осы тұрғыдан алғанда экономиканың басқа секторларына қарағанда ауыл шаруашылығы өндірісшілерінің бағаны көтерулеріне мүмкіндіктері шектеулі, мәселен, автокөліктерді шығарушылар автокөліктің әр жаңа үлгісін шығарған сайын бағасын шарықтата береді.

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне және ауыл шаруашылығына арналған құрал жабдықтарға арналған баға паритеті (яғни ауыл шаруашылығындағы өндіруші өз өнімнің әр өлшеміне ауыл шаруашылығындық емес тауарлар мен көрсетер қызметті ала алатындықтарының арасындағы бағалардың қатынасы) аграрлық секторды пайдасына қарай өзгермейді.

Мысалға АҚШ – тың аграрлық секторын алсақ ХХ ғасырдың өн бойында фермерлік өнімдердің бағалары, солардың алған өндіріс құрал жабдықтарының бағаларынан кем болып келді. Американ фермерлері үшін баға паритеті қысқа кезеңдер тұсында, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар кезінде АҚШ әлемдік нарыққа азық түлікті негізгі жеткізуші болғанда қолайлы болды.

Бесіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісінің және азық түлік секторының ақырғы өнімдері – азық түлік болды. Алайда тағам өнімдеріне сұранымның бағалық икемділігі төмен екендігі белгілі. Тұтынушылар азық түліктің негізгі түрлерін олардың бағаларының өсуіне немесе азаюына қарамастан өзгермейтін мөлшерде ала береді. Индустриальды елдерде ауыл шаруашылық өнімдердің икемділіктің орташа коэффициенті 0,20 - 0,25 болды, яғни фермерлер өнімдерін өткізуді 10% арттыру үшін бағаларын 40 - 50% төмендетуі қажет.

Алтыншыдан, ауыл шаруашылық және азық – түліктік тауарларға сұраным табыс табу жағынан да икемді емес. Тұрмыстық жағдай төмен болғанда, жанұя табысының негізгі бөлегі тамақ алуға кетіп жатқанда жанұя қосымша тапқан әр теңгесін ең алдымен тамағына жұмсайды. Тамақ алу жағы бірінші кезектегі проблема болып қалмағаннан кейін барып қосымша тапқан табыстарын басқа тауарлар мен қызметке жұмсайды. Сондықтан табыстың өсуіне қарай азық түлік өнімдеріне, соған орай ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраным пропорционалды емес тұрғыдан өседі.

Жетіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымның икемділігі төмен болғандықтан ұзақ мерзімді фермерлік проблеманы туғызады. Сұранымның икемділігі төмен болуы, егер ұсыным жағы өспесе, немесе баяу өссе экономика секторына (өз өзінен) проблема бола алмайды. Айта кетелік соңғы ғасырда аграрлық секторда елеулі ғылыми – техникалық прогресс болды:


  • атпен тасу механикаландырылумен ауыстырылды;

  • фермалар электрлендірілді;

  • өсімдіктерді минералды және химиялық заттармен қорғау егіннің түсімділігін едәуір арттырды;

  • мал және өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жұмыста алға басу болды;

  • аграрлық еңбектің өнімділігі күрт көтерілді – егер өткен ғасырда американ фермері 4 адамды асыраса, ал қазір 100 адамға дейін асырайтын болды.

Сөйтіп, ауыл шаруашылығы өнімдеріне ұсыным тез өсе бастады.

Қоғамдағы ғылыми – техникалық прогресс жұрттың тұрмыс жағдайының, нақты табыстарының өсуіне әсер етті. Тағам өнімдеріне сұраным икемділігінің төмен болуынан барып әр отбасының азық-түлік секторына қояр сұранымдары қысқаруда. Алайда тұрмыс жақсарғанмен бала туу азаюда, бұл халықтың өсуін төмендетуде. Нәтижесінде қоғамда ауыл шаруашылығындық өнімдерге ұсынымға қарағанда жиынтық сұраным баяу өседі.

Экономика мен ғылми техникалық прогресс дамыған сайын ауыл шаруашылығы екі тенденцияның арасында «қысылып» қалады. Бір жағынан ұсынымның өзімен сектордың жиынтық пайдасы азая да түседі.



Екінші жағынан алмақ тауарлардың бағасы фермерлік өнімдердің бағасын басып озуда. Мұның нәтижесі – фермерлік табыстардың құлдырауын туындатуда.

Фермелік табыстар алыс келешекте де экономиканың фермерлік емес секторының табыстарынан үнемі кемшін болып отырады. Бұл арада басқа салаларға қарағанда ауыл шаруашылығының табысы ылғи төмен бола береді деп ойламау керек.

Фермерлік сектор өте алуан түрлі, және әлгі тұжырым орташа барлық секторға қатысты, фермерлердің кейбір категориялары елеулі жоғары табыстар алуда.

Әңгіме ұзақ мерзімді тенденциялар туралы болып отыр, және кейбір кезеңдерде барлық фермерлік сектор экономиканың фермерлік емес бөлігіне қарағанда салыстырмалы түрде неғұрлым тиімді болуы мүмкін.



Сегізінші ерекшелігі, ауыл шаруашылығы - бәсекелестік жоғары сала. Сондықтан да, нарықтың заңдарына орай табыстарының құлдырауларына байланысты осы саладан фермерлердің неғұрлым пайдалы салаға кетулері керек қой. Алайда іс жүзінде бұлай болмауда. Неліктен?

Осының салдарынан еңбекпен шұғылдану басқа салаларға қарағанда экономикалық конъюктураға көп ықпал ете қоймайды, яғни аграрлық еңбектің мобилділігі (жылжымалдылығы) едәуір төмен. Бұл ауыл тұрғындары мен ауыл қызметкерлерінің ол жерлердегі өмір сүру мен еңбек етуге аса құмарлық танытпайтындықтарының, жұртшылықтың бұл бөлегінде ерекше консерватизм бар екенін көрсетеді.

Тіпті фермерлер өздерінің фермаларын тастаған кезде де олардың жерлері ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылмайды, басқа фермерлердің қолдарына түседі.

Ауыл шаруашылығы құрылымындағы жұмсалған қаражат ауыспалы қаражаттан үнемі артық болады, яғни өндіріс көлеміне тәуелді емес шығын, бұл шығарылған өнімге пропорционал болатын шығыннан көп. Сүтке сұраным азайғанда сиырлардың санын азайтуға болады, бірақ сиыр қораны жөндеу және пайдалану шығындарына қаржы жұмсау керек қой. Немесе егістік жердің бір бөлегін қысқа мерзімге айналымнан шығаруға болады, алайда бұл фермерді ол жерді тозып кетпеуден сақтау жұмыстарын жүргізбеуден құтқармайды (оны істемесе жерді бұта басып, арамшөптер қаптап кетеді ғой. Бұлардан басқа дамыған елдерде ауыл шаруашылығындық жерлердің көбі ипотекаға салынған, яғни фермерлер өндіріс көлеміне қарамастан пайыздар төлеуге міндетті. Дәл осылайша шаруашылықты жүргізу жалға алынған жерде болса фермер жал ақысын төлеуі керек. Жанұялық фермерлік шаруашылық өндірісінде істейтіндердің санын елеулі қысқарта алмайды, негізгі жұмыс қолы – бұл жанұя, оны нарықтың конъюктурасына қарап шығара алмайсың. Оның үстіне экономикалық дағдарыстар кезінде, ауыл шаруашылығында табыс азайған кезде де жұрттың қаладан ауылға кетуі болды. Ресейде 1919 жылғы ашаршылықта, АҚШ – та Ұлы депрессия кезінде солай болды.

Сондықтан, егер бағалар күрт құлдыраса және ол бірталай ұзақ уақытқа созылса, ауыл шаруашылығы бұған жауап ретінде өз тарапынан өндірісін оған орайластыра қысқарта алмайды. Мысалы, 1929 – 1933 жылдары АҚШ – та фермерлік өнімдердің бағалары 63% - ке төмендегенде өндіріс көлемі небәрі 6% - ке қысқарды.

Сөйтіп ауыл шаруашылығында ресурстардың иммобильділігі (жылжымайтындығы) фермерлердің проблемаларының ұзақ уақыт бойы тереңдей түсуіне әкеліп соғады.



Тоғызыншыдан, аграрлық өндірістің табиғи факторларға және бәсекелестікке өте тәуелді болатындығынан ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымның бағалық икемді еместігі қысқамерзімді фермерлік проблеманы туғызады.

Расында, ауыл шаруашылығы ауа райына, малдар мен өсімдіктердің ауруларының кенеттен таралуына және тағы басқаға өте тәуелді.

Өндірістің нақты көлемі ауыл шаруашылығы өндірісшілерінің болжауларына бағынышты емес. Ел территориясында орналасқан миллиондаған ұсақ өндірушілер нарықтық конъюктураны реттеу мақсатында өндіріске бірлесіп бақылау жасауға келісе алмайды. Нәтижесінде аграрлық өндірістің жылдық ауытқулары болып тұрады. Алайда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалық икемділіктері төмен. Бұлай дегеніміз сұранымды аз өлшеудің арты бағаның едәуір өзгеруіне алып келеді.

Егер базарда ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраным тұрақты болса, бағалары тіпті де тұрақты болмайды. Фермерге бақыланылмайтын мыңдаған себептерге байланысты ұсыным көлемінің сәл өзгеруі - бағаны төмендетуіне немесе шарықтатып жіберулеріне алып келеді.

Фермерлер табыстарының ауытпалы – төкпелі болуы және де сұранымның өзінің өзгеруіне байланысты. Фермерлік бағалардың құлдырауына алып келетін сұранымның төмендеуі өндірісті соған тепе-теңді етіп қысқартуға ұштаспайды. Сөйтіп, тіпті сұранымның қысқа мерзім ішінде ауытқуларының өзі фермерлік табыстардың шұғыл өзгерулеріне алып келіп қысқа мерзімді фермерлік проблема туғызады.

Оныншыдан, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының неғұрлым кең таралған түрі шаруа (фермер) қожалығы (ШФҚ). ШФҚ – ның мақсаты жанұялардың жақсы тұрмысы, ол ақша табумен шектелмейді. Сондықтан фирманың әу бастағы кәсіпкер қашанда алар пайдасын неғұрлым көбейтуге тырысады деген теориясы аграрлық секторға сол күйінде қабылдауға келмейді.

Фермерлік шаруашылықтың осы ерекшелігін атап көрсеткен А.В. Чаянов. Ол келген қорытынды мынандай, шаруаның шаруашылық қызметін ынталандыру – бұл кәсіпкерді ынталандыру емес, яғни пайда емес, жұмысшыны іс табуға, яғни қашан ол қажырлы жұмыс істеуге уақыт табатынын айқындайды, бұл «өзін өзі қанағаттайды» деген сөз.

Осыдан барып ұсыныстың бүгілетін қисық сызығы деп аталатын әсер туындайды. Басқаша айтқанда келесідей оқиға туады, өнімге баға өскен кезде фермер оны шығаруды қысқартумен жауап береді.

Бұл сектор оған қоғамның ерекше қарауымен сипатталатындығын атай өткен жөн. Отандық өндірушіні қорғаудың экономикалық саясаты ретінде протекционизм (қолдаушылық) сөзсіз ауыл шаруашылығына ғана қатысты еместігін көрсетеді. Алайда, азық – түлік сферасында ол неғұрлым таралатынын және күшті болатынын білу керек. Аграрлы салада протекционизмнің пайдасына жалпы аргументтермен қатар арнаулы тұжырымдар да пайдаланылады. Ең алдымен бұл ұлттық азық түлік қорына қауіп-қатер төндірмеу.




    1. 2.3 Ауыл шаруашылығы – агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы



Ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасы және АӨК – нің негізгі құрамдас бөлегі болып табылады, оның мүддесіне кешеннің басқа сфералары да ұйымдастырылады, іс жүргізеді және кешеннің басқа сфераларымен өзара қатынаста болады.

Материалдық өндірістің әртүрлі салалары мен қызмет көрсету сферасын салааралық бір кешенге біріктіру олардың өзара әсерлері мен өзара тәуелділіктері болуы керектігін және мүмкіндіктері болуын қажет етеді. Мәселен айталық АӨК – нің бірінші сферасының өнімдерінің көлемі оларға деген сұранымға, яғни екінші сфера – ауыл шаруашылығының тапсырысына және осы екінші сфераның ұйымдарының төлемқабілеттеріне, сондай – ақ жұртшылықтың және сауда ұйымдарының ауыл шаруашылығы өнімдеріне байланысты. Сөйтіп бірінші сфера кәсіпорындарының менеджменті басқарушылық шешімдерді ойластыруда және қабылдауда өз кәсіпорындарының қаржылық жағдайын ғана емес олардың өнімдеріне сұранымның төлемқабілетін де ескереді. Өз кезегінде үшінші сфераның ұйымдары екінші сфераның ұйымдары шығарған өнімдердің (өсірген немесе өңдеген) көлеміне қарай жұмыс істеп, қызмет көрсете алады.

Бұл факторлар ауыл шаруашылығын АӨК – нің тек негізгі, анықтаушы элементі ғана емес және оның байланыстырушы буыны екенін айқындайды, тіпті өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемдері мен құрылымындағы сәл өзгерістердің өзі АӨК – нің басқа сфераларына елеулі әсер етеді. Өнім шығарудың көлемін арттыру ауыл шаруашылығындық кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартуға, ал ол өз кезегінде бірінші сферадағы ұйымдардың қызметін жандандыруға ықпал етеді. Өнімдерді шығаруды ұлғайту көлік – тасымал қатынастарын, қоймалық және сауда қызметін көрсетуге әсер етеді де АӨК – нің үшінші сферасындағы қызметті жандандыруға өз ықпалын тигізеді. Дегенмен ауыл шаруашылығы өндірісінің нақты өнімдерінің нақты көлемдерінің төмендеуі өндірістің бірінші сферасында ала – құлалықты тудырып үшінші сферасында да қызмет көрсету деңгейін төмендетуге алып келуі мүмкін.

Ауыл шаруашылығы өндірісін сала деңгейінде және агроөнеркәсіп кешені аясында ұйымдастырған кезде өндірісті ұйымдастыруда пайдаланылатын жалпы қағидаларды басшылыққа алу керек, олар:



  • жоспарлы болу қағидасы. Бұл қағида Қазақстанның қазіргі көп жақты экономикасына және ауыл шаруашылығына ортақ болып табылады. Осы қағиданы кешен аумағында АӨК – нің әртүрлі сферасының жоспарларын ескере отырып қолданады;

  • кешенділік қағидасы мынаны көрсетеді: ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру жөніндегі шаралар тек оған ғана қатысты емес, оған әсер ететін басқа да барлық факторларды, оның ішінде АӨК – нің өзге салаларында жүргізілген осыған ұқсас ұйымдық шараларды ескере отырып қолданылады;

  • үйлесімділік қағидасы техникалық және тегнологиялық заңдылықтырға негізделеді және ұйымдық – техникалық шараларды ойластырған кезде қажетті көрсеткіштер (өнімділік, қуат, жұмысшы күшінің босатылуы және т.б.) үйлесімді болуы керек, яғни олардың өзара қатынаста есепке алынған ұйымдық құрылымның сол элементтері нақты көрсетілуі керек. Жер өңдеудің жаңа технологиясын енгізу осы технологияларды жүргізе алатын қажетті машиналармен және құрал жабдықтармен қамтамасыз етпейінше, машина жасаудың мүмкіндігін есепке алмайынша мүмкін емес. Демек, бұларды ойластырып іс бастауды қуатты жеткізушілердің мүмкін болар келісімдерінен бастаған жөн;

  • баланстандыру қағидасы мынаны көрсетеді: бір технологиялық тізбекке біріктілетін машиналар мен механизмдердің өндірістік қуаттары ең жоғары тиімділікпен пайдаланылуы керек. Кешен аумағында бұл принцип қуатты жеткізушілердің мүмкіндіктері туралы өндірістік қуаттардың баланстарын жасау қажеттілігін және қуатты жеткізушілердің техникалық сипаттамаларына сай және қажетті мөлшерде болуын талап етеді;

  • интеграция (бірігу) қағидасы аса әртүрлі сфераларды қамтып, кең ауқымда қолданылады, ғылыми пайымдауларды бірегей процеске біріктіру және оларды ауыл шаруашылығы шикізаттарын кешенді өңдеуге еңгізу;

  • ритмділік қағидасы белгілі бір нақты уақыт аралығында өнім дайындау процессі. Өндірісті ритмді деп белгілі бір уақыт аралығында өндірістік процестің барлық стадиясы мен операциясы бойынша бірдей немесе біркелкі өсіп отыратын жұмыс көлемі орындалатын болса айтады. Ауыл шаруашылығында ритмділік өндірістің маусымдылығына байланысты Қазақстанның жағдайында бұл қағиданы қолдану мына тұрғыда болады:

- бірінші сферада жабдықтарды шығаруды жоспарлау ол жабдықтарды тиісті маусым басталғанға дейін алынуы керек (тіпті дала жұмыстары мысалы тұқым себу немесе егін жинауға дейін;

  • үшінші сферада қойма және сауда алаңдарын, жылжымалы составты, ыдыстарды және т.б. дайындау дайын өнімдер келіп түсетін кезге дейін әзірленуі керек.

Сайып келгенде ауыл шаруашылығы өндірісіне тән заңдылықтар мен қағидаларды ұтымды қолдану Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің барлық сферасында өндірістің барлық факторларын – жер, материалдық, еңбек және қаражат ресурстарын пропорционалды және ұтымды пайдалауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығында алынған ақырғы өнімнің сипаты мен неге арналғанына қарай азық түліктік және азық түліктік емес кешендер деп бөлу ұйғарылған. Азық – түлік кешенінің құрамынан өндірілген дайын өнімнің ерекшелігіне, оның азық түлік кешеніндегі үлес салмағына, сондай – ақ түпкі тұтынушылардың категорияларына қарай бірнеше азық түліктік (подкомплекстерді) қосымша кешендерді бөлуге болады.

Шығыс Қазақстан облысында азық түліктік қосымша кешендер мынандай деректермен сипатталады (Кесте 2.3.1):

Кесте 2.3.1. Шығыс Қазақстан облысының азық түлік кешендеріне өндірілетін азық түліктер мен тауарлар




Азық түліктер мен тауарлар

өлшем бірлігі

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

Ірі қара мал, шошқаның, қой, ешкінің, жылқының тоңазытылған еті

тонна


1848


1898


1984


2171


2031


Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті

тонна

611

5911

2754

4177



7972

Шұжық өнімдері

тонна

3336

2775

2039

2475

1316

Ет – сүйек ұны

тонна

3987

2656

2290

2055

2464

Өсімдік майлары (тазартылмаған)

тонна

48223

36221

57708

62050

90000

Өсімдік майлары (тазартылған)

тонна

9222

15878

30851

30173

45067

Өңделген сүт пен кілегей

тонна

13512

14163

14378

18498

17873

Сары май

тонна

601

752

996

897

973

Ірімшік және сүзбе

тонна

1676

1890

1931

1652

2082

Йогурт және басқа түрлерде

тонна

7444

6800

8419

9612

10172

Ұн

тонна

264960

251474

314287

232087

193104

Ыстық нан

тонна

51590

69521

79758

50545

50832

Жарма, кебекті ұн

тонна

10433

9824

11965

7230

7030

Кондитерлік тағамдар мен самсалар

тонна

2563

2651

3609

2795

2933


Макарон, кеспе, сол сияқты ұн өнімдері

тонна

9394

8460

8852

10021

8323

Арақ

мың. л.

2068,9

600,7

851,5

176,7

313,0

Этил спирті

мың. л.

3001,0

815,8

365,6

219,4

397,1

Сыра

мың. л.

6547,1

6318,6

6230,4

4874,6

3982,1

Минералды сулар

мың. л.

3234,5

5228,4

2633,1

2845,5

1721,1

Басқадай алкоголсіз сусындар

мың. л.

3725,1

6083,5

1582,1

1155,8

2139,3

Азық түліктік кешені деген ұғымға азық түлік қауіпсіздігі деген ұғым да толықтай сай келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет