ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014


Ауыл шаруашылығы өндірісінің саласы



бет5/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ауыл шаруашылығы өндірісінің саласы деп өндірістен өнімдері басқа салаларда өндірілетіннен өзгеше, заттары мен еңбек құралдары өндіріс технологиясы мен ұйымдастыруы, қызметкерлердің кәсіптік шеберліктері өзгеше болса айтады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мамандандырылуын соңғы үш жылда тауарлы өнімдердің ішінде негізгі (жетекші, басты) өнімнің үлес салмағына қарай анықтайды. Бұл шаруашылықтың мамандану бағытын анықтауға негіз болады. Шаруашылық мамандандырылған деп тауарлы өнімдердің құрамында негізгі өнімнің 50% болғанда айтады.

Қосымша салалардың үлес салмақтары аз және ақшаны да аз түсіреді, алайда табиғи - экономикалық потенциалды барынша пайдалануға мүмкіндік береді, негізгі салаларды дамытуға неғұрлым қолайлы жағдай туғызады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының салаларын толық классификациялау былайша жүзеге асырылады:

- өндірістік салалар (ауыл шаруашылық, ауыл шаруашылық еместер);

- өндірістік еместер (тұрғын үй коммунальдық шаруашылықты және мәдени – ағарту және тұрмыстық мекемелер);

Негізгі өндірістік ауыл шаруашылығы салалары өсімдік шаруашылығында – егіншілік, көкөніс өсіру, бау-бақша өсіру, жем шөп өндіріс және басқалар; мал шаруашылығында – ірі қара өсіру, қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, балық шаруашылығы т.б.

Ауыл шаруашылығындық емес салаларда былайша бөледі:



  • қосымша салалар – жөндеу – механикалық шеберхана, машина, трактор паркі, электр- энергиясымен, жылумен, сумен және т.б. жабдықтау.

  • қосалқы салалар - өнімдерді өңдейтін, құрама жем шығаратын, ыдыстар, құрылыс материалдарын т.б. шығаратындар. Бұл салалар ішкі шаруашылық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін (негізгі және қосымша салаларды күту), еңбек және өндірістік ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану үшін қажет.

Салалардың ғылыми негізделген арақатынастарын бекіту өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының қалыпты қатынастарын табуға, ал олардың іштерінен дараланған пропорцияларды шаруашылығының табуға, табиғи экономикалық жағдайларды, орналасқан орнын, ауыл шаруашылық алқаптардың құрылымдарын ескеруге байланысты.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының арасындағы пропорциялар баланстық есептеулер арқылы анықталады. Мысалы, бау – бақша өсіру мен ара шаруашылығы экономикалық жағынан алғанда үйлесімді.

Ұтымды пропорцияларды белгілегенде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларының арасындағы қатынастар үлкен рөл атқарады. Мысалы, ет пен сүт өндіруді үлестірген тиімді, алайда бірдей азық базасын қажет ететін (шошқа және құс шаруашылығы) салаларды қатар дамыту экономикалық жағынан тиімсіз. Етті мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында мамандандыруды жетілдіру едәуір дәрежеде құрама жем өнеркәсібінің мүмкіндіктеріне, сапалы пішін өндірудің құрылымын жетілдіруге байланысты.

Салалардың үйлестірілуіне байланысты шаруашылықта мамандандырудың деңгейі анықталады:



100

Кс =

Ут (2,і -1)


Мұндағы: Кс - мамандырудың коэффициенті;

Ут - тауарлы өнімдердің көлеміндегі жеке салалардың үлес салмағы ;

і - жеке салалардың ранжирленді қатардағы тауарлы өнімдердің үлес салмағы бойынша реттелген нөмірі.

Егер есептеудің нәтижесінде 0,2 төен көэффициент алынса, бұл мамандандыру дәрежесінің әлсіздігін көрсетеді: 0,2 – 0,4 – орташа; 0,4 – 0,6 –жоғары; 0,6 – дан жоғары болса өте жоғары дәрежелі тереңдетілген мамандандыруды көрсетеді. Бір ғана тауарлы өнім шығаратын кәсіпорынның мамандандыру коэфициенті 1,0 тең болады.

Тар (бірсалалы) мамандандыру деп индустриалды ауыл шаруашылығына тән, өндірістік күштердің жоғары деңгейіне жауап беретін неғұрлым аяқталған және тізбегі тұжырымдалғанын айтады. Ол затты (белгілі бір ауыл шаруашылығы өнімін өндіру) және функционалды (технологиялық, немесе бірінен бірін) болып бөлінеді.

Тар техникалық мамандандырудың мысалына құс шаруашылығында тұқымдық мекиендер өсіру, жұмыртқа өндіру, инкубаторларда тәуліктік балапандар шығару, етті балапандар өсіру, ет комбинаттарында бройлерді өңдеу жатады. Шошқа шаруашылығында бұл тұқымдық мал өсіретін, бордақыланатын торайлар өсіру, шошқаларды базарға шығарғанға дейін бордақылау. Көкөніс және жеміс жидек шаруашылығында бір шаруашылық тұқым өндіруге, екіншісі көшеттер өсіруге, үшіншісі тауарлы көкөністер мен жеміс жидектердің белгілі бір түрлері мен сорттарын шығаруға маманданады. Жинау, алғашқы өңдеу, тасымалдау, өнеркәсіптік қайта өңдеу және дайын өнімді өткізумен өнеркәсіп және сауда фирмалары шұғылданады.

Алайда функционалды мамандандырудың тууы мен қалыптасуын өндірістік процестердің аймақтағы кооперацияларының өзара толықтырулары арқасында жүзеге асады. Мұндай ұйымдастырушылық рөлді жекеленген құрама кезеңдерді бірегей технологиялық құрамға алып, олардың жұмыстарын үйлестіретін және үзіліссіздігін қамтамасыз ететін интергатор – фирма атқарады.

Ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыруды сипаттайтын жанама көрсеткіштер ретінде егіс алқаптарының құрылымдары ақша - материалдық және еңбек шығындары алынады.

Неғұрлым ұтымды мамандандыруға нақты табиғи - экономикалық жағдайларда барынша аз шығын жұмсап барынша мол өнім өндіруге жетушілерді айтады. Сондықтан ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандырудың көрсеткіштері мамандандыру деңгейін бағалауға өндірісті, шаруашылықтарды, аудандарды және облыстарды салыстыру емес, сонымен бірге салыстырмалы экономикалық тиімділік деңгейі де алынады. Бұл көрсеткіш есептеулердің, жоспарлаудың және есептің қарапайымдылығымен ерекшеленіп, әмбебапты қолданылатындығымен айқындалуы қажет. Мұндай талаптарға мамандандыру көрсеткіштері сай келеді, оны анықтаудың бағасына белгілі бір өнімнің қалыпты мөлшері алынады:

Кс = Qp : Qорт

Мұндағы:


Кс - өндірістің мамандану деңгейі (бірегей операциялар кешенінің орындалуы):

Qp - өнімдерді өндіру көлемі (бірегей операциялар кешенінің орындалуы):

Qopт - өндірілген өнімдердің ең аз немесе қалыпты мөлшері (бірегей операциялар кешенінің орындалуы).

Бұл көрсеткіш өнімдердің әр түрін өндірудің ерекшелігін ескереді. Шаруашылықтық мамандану деңгейі барлық өнімдердің түрлері бойынша мамандандыру коэффиценттерімен және әр өнімнің жалпы өнімдердің көлеміндегі үлес салмағымен анықталады.

Ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыру тиімділігін бағалау үшін мынандай экономикалық көрсеткіштерді пайдаланады, алқаптың аумағына есептегенде алынған таза табыс, адам – күн және 100 теңге шығын: рентабелділік деңгейі, өнімдердің өзіндік құндары; құндарымен есептегенде немесе басқа бірліктермен алғандағы алқаптардың әр өлшеміне жұмсалған шығын; негізгі өндірістік қорлардың 100 теңгесіне шаққандағы, шығындардың 100 теңгесіне шаққандағы алынған өнімдер және т.б.

Жекеленген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, аудандарын, микрозоналарды, зоналарды мамандандыру мүлде әртүрлі сипаты болады. Нарықтың конъюктурасы, өндірістік күштердің дамуына қарай мамандандырудың сипаты мен формалары жетілдіріледі және сипаты мен формалары өзгеріп отырады. Дағдарыстық жағдайлар ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыруға қолайсыз және кері процесстер туғызады.

Біріншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі шаруашылықтардың түрлері бойынша, табиғи, технико - экономикалық жағдайлар және бір текті функцияларды орындауларына қарай ауыл шаруашылық кәсіпорындардың топтары бойынша мамандандырылады. Шаруашылықтың өндірістік тұрпаты онда өндірісті тиімді орналастырудың ортақтылығымен сипатталады. Өндірістік тұрпат саланың белгілі бір құрамына ғана қарай емес, сонымен қатар өндірістің интенсивтік деңгейімен, салаларды жүргізу жүйесімен де сипатталады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарды тұрпатқа бөлу неғұрлым ұтымды өндірістік құрылымдарды табуға және салаларды үйлестіруді ойдағыдай ұйымдастыруға әсер етеді. Әр түрдегі шаруашылық нақты табиғи климаттық және экономикалық жағдайларды жеткілікті жоғары және тұрақты табыс алуға ұмтылады.

Шаруашылық мамандандыруды дамыту ауыл шаруашылығына өнеркәсіп - сауда капиталын тік интеграция арналары бойынша өтуіне әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алатын және фермерлерді өнеркәсіп тауарларымен жабдықтайтын фирмалар жоғары сапалы жаппай стандартты өнімдерге неғұрлым үлкен сұраныс жасайды, ондай өнімдерді мамандандырылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ғана шығарады.

Мамандандыру өндірісті ұтымды ұйымдастырудың бір түрі ретінде экономикалық жағынан шаруашылылықтың көлемі жеткілікті ірі болғанда ғана ақталады. Бұл арада өндірісті шоғырландыру осы саладағы ірі және аса ірі шаруашылылықтардың маңызы артатындықтарымен сипатталады. Оның ішінде техникалық прогрестің жетістіктерімен пайдалануға мүмкіндіктері жоқ ұсақ және орташа фермерлердің жұтылып жатады.

АӨК – нің салаларында ғылыми – техникалық прогресс өндірісті мамандандыру, механикаландыру және автоматтандырудың күшейуімен сипатталады. Бұл ұзақ мерзімді болжамдар жасаудың және оларды жүзеге асырудың ұйымдық шараларын жүргізуді қажет етеді. Сондықтан мамандандыру саласын жоспарлау мен басқару жүйесіне тығыз байланысты. Сөйтіп, жекелей алғанда трактор жасау және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда өндірісті мамандандыру жүйесі ғылыми – зерттеу институттарында және орталықтарда құрылатын бөлімдер мен топтарда жинақталуы керек. Ауыл шаруашылығы өндірісін әртүрлі табиғи – климаттық микрозоналарда және зоналарда жоспарлау және ғылыми зерттеу институттарымен немесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының неғұрлым қолайлы мөлшерін анықтаумен жер өңдеу және мал шаруашылығының зоналық жүйесін жасау мен ұштасып жатуы тиіс.

Шоғырландыру кәсіпорындарда конструктивті – технологиялық белгілері бойынша бір текті бұйымдар жасауды немесе жартылай фабрикаттарды, немесе шикізаттың бір түрінен әр түрлі жартылай фабрикаттармен бұйымдар жасауды айтады. Шоғырландыру неғұрлым және жоғары тиімді қондырғыларды барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда объективті себептердің салдарынан шоғырландыруды өзінің ауыл шаруашылығында пайдалану өте шектеулі.

Өсімдік шаруашылығында шоғырландыру негізгі өндіріс құралы – жерді территориялық шоғырландырудың мүмкін еместігінде. Демек, ауыл шаруашылығы кәсіпорынның қуатының артуы мен қатар басқаруда да қолайсыз тенденциялар көбейеді. Оның үстіне батыстың ғалымдары өндірісті өте шоғырландыру ерте ме кеш пе жекеленген бөлімшелердің өздеріндік ынталарын арттырады деп атап көрсетті. Олар орталық офистен неғұрлым алыс орналасса соғұрлым өздерін ойлайтын болады. Алайда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндейтін елде шоғырландыру өте тиімді болуда. Осы орайда көлік қатынасы мәселесін де шешу керек, оның жалпы түрі мына формуладан көрінеді:


Зg + С + Зn + К х Ен = min, мұндағы:
Зg – шикізатты қайта өндейтін кәсіпорынға дейін жеткізуге жұмсалған жиын;

С - өндіруге жұмсалған шығындар (өнімдердің өзіндік құны);

Зn – дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізудің шығындары;

К - өндірісті ұлғайтуға байланысты күрделі шығындар көлемі;

Ен – күрделі қаржылардың тиімділігінің нормативті көрсеткіші.

Мынаны ескерген жөн, өндірістің көлемін ұлғайтумен қатар Зn мен Зg элементтері де жалпы ұлғайу тенденциясына, ал С элементі мұнда бәрі бірдей маңызды болмағанымен азайуға икемді болып тұрады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру деген не, және ол қандай жағдайларда байланысты?

  2. Қазақстан Республикасының территориясында неше экономикалық аудандар құрылды?

  3. Екінші топқа қандай экономикалық аудандар кіреді және олар басқа топтардан несімен ерекшеленеді?

  4. Салаларды орналастыруды экономикалық жағынан бағалау үшін

қандай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады?

  1. Ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандырудың мәні неде және оның қандай түрлерін білесіздер?

  2. Заттық мамандандыру деген не?

  3. Мамандандырудың экономикалық тиімділігіне қандай факторлар әсер етеді?

  4. Шоғырландыруға анықтама беріңіз?

  5. Шоғырландыру туралы шешім қабылдарда қандай көрсеткіш негізгі болып табылады?


Модуль 2. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың дамуы

Тақырып 4. Нарық және ауыл шаруашылығындағы нарықтың механизмі. Нарықтағы бәсеке



МАСАТЫ:

Нарықтық өзгерістердің сөзсіз болатындығына студенттердің көздерін жеткізу, оларды нарықтық экономиканың заңдарымен таныстыру, Қазақстан Республикасының АӨК - нің салаларында нарықтың дамуының негізгі тенденцияларын түсіндіру


4.1 Саладағы нарықтық қатынастардың экономикалық алғышарттары
Біз өмір сүріп отырған уақыт – өзгерістер кезеңі. Біздің қоғамымыз өте қиын, көбінде қайшылықты, алайда тарихи жағынан керекті қайта құруларды бастан кешіруде. Әлеуметтік – саяси өмірде бұл тоталитаризімнен демократияға, экономикада әкімшілік – әміршілдік жүйеден нарыққа, жеке адамның өмірінде оны «винтиктен» шаруашылықты жүргізетін дербес субъектіге айналдырды. Қоғамдағы, экономикадағы, өз өміріміздегі өзгерістер өзіміздің, ойлау қабілетіміздің, ерік жігеріміздің өзгеруін талап етеді.

Саланың нарықтық қатынастарға көшу мүмкіндігін бағалау үшін

агроөнеркәсіп кешенінде нарықтық қатынастардың алғышарттары мен даму жағдайларын оқып үйрену керек.

Нарықты құрудың және істеп тұрудың негізгі алғышарттары мыналар болып табылады:



  • бәсеке;

  • меншіктің құқы;

  • экономикалық еркіндік.

Бәсеке мұнда құн заңы басымдылыққа ие, яғни сатып алушы өзіне қажетті тауарды тұтыну бағасы бойынша сатып алады, жекеленген сатушының қойған бағасына келіспейді. Екінші жағынан бәсеке ресурстарды үнемдеу заңына сәйкес келеді, сапасы жағынан өнімі нарыққа қатысатын басқалардікінен еш кем емес өндіруші – нарықта одан әрі дамуына, лайықты орын алуына қол жеткізеді.

Меншіктің құқы нарықтың өмір сүруінің айқын алғышарты болып табылады. Жоспарлы экономика меншіктің құқын жоққа шығарған жоқ, алайда бұл, құқықтың болу формаларын шектеді, ол мемлекеттік, ұжымдық, жеке. Бұған жеке меншіктен басқа меншіктің барлық түрлері жатады. Сөйтіп жоспарлы экономикада мемлекет кәсіпорындардың ұйымдық - құқықтық формалар санын шектеді Осыдан меншіктік құқық керекті болып табылады, бірақ бұл нарықтың болуына жеткіліксіз.

Экономикалық еркіндік субъектілердің қандай өнімді қандай мөлшерде шығарып, қандай бағаға сататындығына мүмкіндік береді. Сөйтіп, белгілі мөлшерде бастапқы капиталы болса меншік иесі капиталды жұмсаудың жүйесін ғана емес оны қолдану сферасын да өзі тандайды. (өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, саудаға, банктік сфераға және т.б.).

Нарықтың фунциясын атқаруы сұраным мен ұсыным мен қарапайым жүйесіне саяды. Нендей бір тауарға ұсыным жетпегенде оның бағасы өседі, салаға авансалық капитал беру неғұрлым рентабелді бола түседі. Белгілі өнімдерді шығаратын жаңа кәсіпорындар болғаннан кейін нарықта осы тауардың мөлшері көбейеді және оған сұранымды теңдестіреді. Бұл кезде өнім неғұрлым дұрыс бағамен өткізіледі, және осы жағдай нарық үшін (барлық халық шаруашылығына да) неғұрлым қажетті. Өндіретін өнімдердің көлемін одан әрі арттырса бұл тауар ұсынымнан кейін қалып, бағалары құлдырайды және берілген сектордан капиталдың кері ағылу процессі басталады.

Нарық реттеушіліктен басқа халық шаруашылығын және оның ішінде, ауыл шаруашылығын тиімді дамытуға да әсер ететін бірқатар функциялар атқарады.
4.2 Нарықтық экономика заңдары
Экономикалық заңдардың бірегейлілігі нарықтың жұмыс істеуін ынталандырады. Негізгі заңдардан мыналарын атап көрсетуге болады:


  • құндылық заңы – өнім, оны өндіруге жұмсалған шығындарды да есептеу арқылы өткізіледі, алайда сатып алушы оны өзінің қажеттілігін қанағаттандыру жағынан бағалайды;

  • ресурстарды үнемдеу заңы – жұмсалатын шығындарды азайта отырып, өнімдердің сапасын үнемі жетілдіре түсуді көздейді. Осы заңның бұзылуынан құндылық заңының да әсері толық болмайды;

  • тепе-теңдік заңы – тауарлар мен қызмет көрсету көлемдері бірдей жағдайда негізгі сатып алушылардың төлем қабілеттері сұранымдармен деңгейлестіріледі. Яғни, өндіріс көлемін нарықтың өзі анықтайды, кез – келген сәтте сатып алушылардың қажеттері лайықты бағалармен қанағаттандырыла алынады;

  • нарықтық тепе-теңдік заңы – тауар сұраным мен ұсынымның қатынастарында белгіленген бағалармен ғана өткізілуі мүмкін.

Бұл заңның әсері әсіресе нарық жағдайында ерекше көрінеді.

Сондықтан сұраным мен ұсыным ұғымдарының нақты анықтамаларын анықтаудың қажеттілігі туады:



  • сұраныс (Н.А.Попов бойынша) бұл аса әртүрлі болатын және үнемі өзгеріп отыратын көпшілік тұтынушылардың көптеген нақты талаптарынан туатын әртүрлі тауарларға деген қоғамдық қажеттіліктің жиынтығын көрсететін экономикалық категория.

Жалпыға белгілі тауарларға сұраным осы тауарлардың бағаларына кері пропорционалды болады, яғни баға көтерілгенде сұраным төмендейді, баға төмендегенде сұраным өседі. Осындай сұранымның бірнеше түрі болатыны белгілі:

  • толықбағалы сұраныс – сатып алушы өз қажеттерін нарықта қойылған бағалар бойынша толық өтей алған жағдайда;

  • жасырын сұраныс – бұл мынандай жағдайда туады, сатып алушы тауарлардың белгілі бір түрін алуға дайын, бірақ олар нарықта жоқ болып шығады. Ауыл шаруашылығында сұранымның бұл түрі жоғары өнімді техникалар мен жабдықтардың және кейбір материалдық – техникалық қорлардың кейбір түрлеріне қатысты;

  • жүйесіз сұраныс – бұл жыл маусымдарына немесе басқадай кезеңдерге қарай беретін сұраныс. Мысалға алсақ тұқым себер алдында тұқымдық материалға сұранымның көтерілуі, немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және сақтаумен шұғылданатын ұйымдардың қызметтеріне сұранымның көтерілуі немесе қыс айларында балмұздаққа сұранымның төмендеуі және т.б.;

  • тиімсіз сұраныс – бұл бірінші қажеттілік болып табылмайтын, тіпті зияны да бар (темекі өнімдері, спиртті ішімдіктер және т.б.) өнімдерге сұранымның негізсіз артуынан көрінеді.

Сатып алушының таңдауына әсер ететін басты факторлар (берілген тауардың бағасынан басқасы) мыналар болып табылады:

  • тұтынған кезде берілген тауарларды алмастыра алатын, немесе субститут тауарлардың (кейінгі мұрагердің аларына байланысты) бағалары;

  • берілген тауарды тұтынған кезде толықтыратын немесе комплементарлық тауарлардың (өзінің дәулетіне шексіз жауапты қоғам мүшесі) бағалары;

  • берілген тауарды сатып алу үшін қаржы берген тұтынушының табысы;

  • тұтынушының талғамы мен нені қалайтындығы;

  • тұтынудың объективті, табиғи (сыртқы) жәйіттері;

  • тұтынушылардың күтулері.

Берілген тауарды тұтынуда толықтыратын тауарлар - бұлар негізгі тауарды өз мақсатында тікелей пайдалану мүмкін болмаағанда немесе қиындық туғанда қолданылатын қосымша тауарлар. Мысалы, тез бұзылатын етті сақтау үшін тоңазытқыш, ал еттен әртүрлі әзірлеу үшін май, тұздың және т.б. керек.

5.1 суретте. Сұранымның функциясы былайша көрінеді:




Р

Р1


Q Q1
4.1 сурет. Сұранымның функциясы
Абсцисса (Р) өсі бойынша тауарларға баға деңгейі көрсетілген, ординат (Q) өсі бойынша төлем қабілеті сұраным қабілеті бар тауарлардың саны көрсетілген. Еркін алынған кез - келген баға деңгейіне (P1) тауар саны сай келетін, әрі осы бағамен сатылатын жалғыз нүкте (Q1) болады.

Тек бір фактордың әсерін бағалағанда сұраным графигі түзу сызық түрінде болады. Сұраным үлгісі көп факторлы болып табылатындықтан тәуелділік функционалды болып келеді.

Ординат өсімен қиылысатын нүктесі ең көп сұранымды көрсетеді – қиылысу нүктесіндегі мөлшерден артық тауарларды тіпті текке де бөліп беруге болмайды.

Графиктің қисықтығы сұранымның икемділігіне тәуелді. Сұранымның әлсіз, аралық және күшті икемді болады.



  • Әлсіз икемді өнімдерге бағалардың өзгеруі сату көлеміне нашар әсер етеді. Бұл бірінші қажетті тауарларға (нан, тұз және т.б.) тән. Ең соңғы жағдай мүлде икемді емес сұраным болып табылады. Мұндай жағдайда сұраным графигі тура көлденең сызыққа айналады. Қазақстандық тәжірибеде сұраным мүлде икемді емес тауарлар іс жүзінде жоқ (нан етпен, картоппен, тұз әртүрлі тұздықтармен алмастырылады және т.б.).

Аралық икемділік алмастырушы тауарлардың топтары бар кезде болады. Басқаша сөзбен айтқанда нарық бағаның көтерілуіне өте сезімтал тұрғыда әсер етеді, ал сұраным басқа сегменттерге ауысады.

Сұранымның күшті икемділігі қымбат нәрселерге қатысты (мәселен, уылдырық, басқа да деликатестер). Бағаның аздап көтерілуі сұранымның төмендеуі доғалдануына алып келеді, яғни сұраным сызығының графигі тік сызыққа жақындайды (5.2 сурет).

Сөйтіп, бағалар мен сатып алынатын мөлшерлердің өзара байланыстарын кері бағытта қарауға болады. Онда сұранымның қисық сызығында тұтынушының тауардың берілген әр мөлшеріне төлемек ең жоғары бағасы анықталады.

Өндірілуі мүмкін және тиісті бағалары бойынша сатуға ұсынылатын нарықтағы тауарлардың жиынтығы ұсыныс деп аталады. Ұсыным функциясының әрекетімен әсер ететін негізгі фактор баға болып табылады. Осы орайда тәуелділік тура пропорционалды болып табылады, бұл дегеніміз бағаны көтергенде берілген нарықтың сегменті кәсіпкерлер үшін неғұрлым тартымды бола түседі және нарықта тауарлардың көлемі ұлғаяды; керісінше баға төмендегенде нарық сегментінің тартымдылығы азайып қайта кетуіне және өнімдерді өндірудің азаюына әкеліп соғады.

Сатушының тандауына мына факторлар (тауарлардың бағасынан басқасы) әсер етеді:


  • субститутты тауарлардың бағалары;

  • комплементарлы (мақтаулы) тауарлардың бағалары;

  • пайдаланылатын ресурстардың қажетті мөлшерін, сондай – ақ осы ресурстардың бағаларымен де анықтауды өндіріс технологиясымен қосқандағы шығындар;

  • салықтар және субсидиялар;

  • өндірістің объективті, сыртқы (ең алдымен табиғи) жағдайлары;

  • тауар өндірушілердің күтулері.

4.2 суретте. Ұсыным функциясы мынандай түрде көрінеді:

S


P

P1
Q Q


4.2 сурет. Ұсыным функциясы
Ұсынымның қисық сызығы оңдылыққа бейім, яғни ұсыным көлемі деңгейіне тура пропорционалды. Бағалардың әр деңгейі үшін, сол бағамен алынатын тауарлардың мөлшеріне сай келетін нүкте болады.

Қисық сызықтың өзгеруіне ұсынымның икемді деңгейлері әсер етеді, ол әлсіз, аралық және күшті болуы мүмкін.



  • Бірінші топтағыға бағалардың көтерілуі негізгі өндірушілер мен сатушыларды өндіру мен сату көлемін кеңейтуге ұмтылдыратын тауарлар жатқызылады. Мысалы, мүлде икемді емес ұсыныс пен жер нарығы пайдаланылады – мәселен сатуға ұсынылатын жер көлемі тұрақты болады және оған қойылған бағаларға ұсыным байланысты болмайды. Сөйтіп жерге қойылатын баға тек қана тұтынушылық сұранымның әсерімен қалыптасады.

Екінші топтағыға өндірісін кеңейту үшін көп түрдегі қаржы талап етпейтін, ал өндірістік циклдағы салыстырып алғанда қысқа болатын тауарлар жатады. Мысалы, бұл түрге ақпараттық технологиялар жатады.

Тауарлардың басым көп бөлігі (ауыл шаруашылығы өнімдерін қоса алғанда) ұсынымның аралық икемділігі қасиетіне ие.

4.2 – суретте келтірілген қисық сызық ең төменгі бағалардың кері тәуелділіктерін көрсететін сапа ретінде қаралады, ол бойынша сатушы өз тауарын оның санына қарамай – ақ, арзандатуы мүмкін.

Ұсынымның қисық сызығы тек абциссаның өсімен қиылысуы мүмкін. Қиылысу нүктесі берілген осы тауарды тауарлардың шығаруға болмайтын бағалардың деңгейлеріне сай келеді.

Ординаттың өсімен бұл қисық сызық екінші квадратта қиылысады, Бұның экономикалық түйіні жоқ.

Нарықтық тепе-теңдік заңының әсер ету нәтижесін көрсету үшін екі қисық сызықты (сұраным мен ұсыным) бір графикте (4.3 – сурет) біріктіру керек:

D S


P

P*
O Q* Q

4.3 сурет. Сұраным мен ұсынымның функциялары
Осы көрсетілген жағдайда қисық сызықтардың қиылысу нүктесі (E) нарықтық тепе-теңділікке сай келеді – тепе-теңдік бағасы егер тауарлардың Q* бірліктері P* - ке тең бағамен сатылған кезде болады.

Белгілі бір жағдайларда жүргізілген іс басқаша да аяқталуы мүмкін және қай кезде сатушы тауарды арзанға алып, тұтынушыларға қымбатқа сатады, сондықтан барлық әрекет аяқталатын нүкте туралы емес, облыс жағдайында болуы керек. Берілген график үшін бұл облыс графиктің сол жағындағы DE және SE сызықтарымен шектелген жерде болады. Басқа барлық облыста іс аяқталмайды, өйткені бұл облыстарды әрекеттің шарттары сатушы үшін, не сатып алушы үшін, немесе екеуі үшін де пайдалы болады. D сызығынан жоғары орналасқан сатып алушы үшін тиімді емес, S сызығынан төмен болса сатушы үшін тиімсіз.

Нарықтық тепе-теңдікті бекітудің механизімін графикте былайша көрсетуге болады (4 сурет):

P

S

P2



P1

QS Q2 Qd Q

4.4 сурет. Нарықтық тепе-теңдіктің механизмі
Қандай да бір фактордың әсерінен тауардың нендей бір түріне сұраным өскен екен деп есептейік. Сонда осының алдына нарықта бекітілген (E1) нарықтық тепе-теңдік бұзылады. Сұраным сызығының әсері де өзгеріп ол оңнан жоғарыға қозғалады: D1 – D2.

Мұндай жағдайда нарықта тауарлардың жетіспеушілігі туады, яғни Q1 – Q2 , енді бұл жерде осы тауарға деген сұранымын көлемі ұсынымның мөлшерінен артық болып отыр. Тапшылықтың салдарынан барып сатып алушылардың арасында тауарды алсақ деген бәсекелестік туады да сатушының тауар бағасын көтеріп жіберуі мүмкін. Жана нарықтық тепе-теңдік параметрлері Q2 және P2 болатын E2 нүктесінде туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет