ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014



бет8/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Дд = Пв х(Оз-1,4):Оз, мұнда
1,4 – бұл қосымша өнімнің нормативті мөлшерін есепке алатын коэффициенті;

и) ауыл шаруашылық жерлерді бағалау құндылығы мына формуламен анықталады:



Со = Цв/Ун – Ц и, мұнда
Цв - негізгі дақылдарды сатудың орташа өлшенген бағасы;

Ц и - өнімдерді өндірудің даралық бағасы;

Ен - қалыпты түсімділік.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігінің қосымша көрсеткіштері ретінде мынандай көрсеткіштер қолданылады:

- жалпы жер аумағындағы ауыл шаруашық алқаптардың үлес салмағы;

- ауылшаруашылық алқаптар құрылымындағы егістік жерлердің үлес салмағы;

- егістік алқаптардағы ауыл шаруашылық дақылдар егістіктерінің үлес салмағы.

Жердің тиімділігін арттыруға барлық өндірістік процестерді интенсификациялау есебінен, яғни автоматтандыру және кешенді механикаландыру, химияландыру, мелиорациялау, элитті тұқым шаруашылығын енгізу және т.б. арқылы жетісуге болады.


6.2 Еңбек ресурстары және еңбек нарығы
Адамның жанды еңбегі өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамның мақсатты қызметін табиғи заттардың түрлерін өзгерту және бейімдеу арқылы қосымша өнім алуға және өндірісті ұлғайтуға бағытталатын жалғыз фактор болып табылады.

Еңбектің негізгі элементтері болып:

- адамның мақсатты қызметі ретінде өз еңбегі ;

- еңбектің заты ;

- еңбектің құралдары;

- еңбектің нәтижесі саналады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің еңбек ресурстары құрамына мыналар кіреді:

- жұмысшы күші – адам иеленетін және өндіріс процесінде пайдаланатын тұлғалық және рухани қабілетінің жиынтығы;

- жұрттың ауыл шаруашылығы өндірісінің процесіне қатыспайтын, алайда белгілі бір жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісіне тартылып, қолбағыс жасайтын бөлігі (бұл жерде науқандық жұмыстар кезінде балалар мен зейнеткерлердің көмегін айтады).

Еңбектің ауыл шаруашылығында өзіне тән ерекшеліктері бар, олар мынаған саяды:

- еңбектің тиімділігі көп жағдайда ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа (фермер) қожалықтары, жұртшылықтың шаруашылықтары орналасқан жерлердің табиғи-климаттық жағдайларына және топырақтың құнарлылығына байланысты. Бұл ерекшелік еңбекті мотивациялауды төмендетуге және оның сапасы мен жеделдеуін көтеру үшін басқадай да ынталандыруды қолдануды қажет етеді.

- еңбектің өзі ауыл шаруашылығында айқын көрінетін маусымдық сипатқа ие, жыл мерзімдерінде еңбек потенциалы біркелкі пайдаланылмайды; оның үстіне өндірістік процеске қатысатын қызметкерлерді тар тұрғыда мамандандыру мүмкін емес. Бұл өз кезегінде қызметкерлерді аралас мамандықтарға оқытып үйрету үшін қосымша қаржы ресурстарын жұмсауды қажет етеді және маманданудың деңгейі салыстырып алғанда төмен болады;

- өсімдік шаруашылығының технологиясының өзіндік ерекшеліктері процестерді автоматтандыру мен кешенді механикаландыруды кең ауқымда жүргізуді тежейді. Еңбек өнімділігін арттырудың неғұрлым сенімді бағыты жұмысты интенсификациялау екендігі белгілі;

- өндірістік процестердің көп бөлігі табиғи жағдайларда (ашық жерде) жүргізілетіндіктен еңбеккерлерді арнаулы киімдермен, аяқкиімдермен және арнаулы жабдықтармен қамтамасыз ету қосымша шығындар жұмсауды қажет етеді. Табиғи жағдайлардан елеулі қорғалмағандықтан қызметкерлер жұмыс уақыттарының көп бөлігі зия жібереді, сарқаттанып уақытша еңбекке жарамсыздыққа ұшырайды. Екінші жағынан бұл жағдай ауыл шаруашылығы жұмыстарының тартымдылығын төмендетеді де өз кезегінде негізгі қызметкерлерді қосымша ынталандыру қажет етеді;

- ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың көп бөлігі мың адамға дейін ғана тұратын елді мекендерде орналасқандықтан ол жерден қызметкерлерді таңдап алудың мүмкіндігін шектейді. Бұл шектеу қызметкерлердің даярлықтары мен еңбек сапасына нұқсан келтіреді;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа (фермерлік) қожалықтарда және жұртшылықтың шаруашылықтарында жүзеге асырылатын өндірістік процестер технологиялары жағынан ұқсас келеді және жылдық бір мезгілдерінде жүргізіледі.

Осыған байланысты еңбек ресрустарын пайдалануды жақсартудың жолдарын іздестіру қажеттілігі туындайды.

Жақсартудың мүмкін болатын жолдарына мына шараларды жатқызуға болады:

- ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымдарын жетілдіру және жекеленген кәсіпорындарда өндірістің түрлерін кеңейту (мұның негізгі мақсаты - өндірістің маусымдық сипатына орайластыра ұйымдастыру);

- қызметкерлерді экономикалық ынталандыру жүйесін жетілдіруде дәстүрлі емес те әдістер қолданылады (мысалы, акционерлік қоғамдардың акциялары бойынша дивиденттер төлеу);

- кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорны, шаруа (фермер) қожалығы аумағында нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлік қызметтерді дамыту;

- ұжымдық мүліктің құрамына өзінің жеке жер пайын тарту үшін қызметкерді ынталандырудың үйлесімді ұйымдық-құқықтық түрлерін ауыл шаруашылығы кәсіпорны, шаруа (фермер) қожалықтары іздестірулері керек;

- қызметкерлердің еңбек және тұрмыстық жағдайларын жақсарту. Оның нұсқалары сан алуан – жол салуды қаржыландырудан бастап өздерінің санаторий мен профилакторилеріне дейін салу.

Еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану жөніндегі шара ауылшаруашылығындағы еңбекті индустрияландыру болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінде саланың ерекшеліктеріне қарай қызметкерлерді басқарудың өзіне тән заңдылықтары бар.

Неғұрлым өзіне тән ерекшелік шаруаның (фермердің) еңбегіне тән, мұнда басқару процестері тікелей өндірістік процестерге қатысу қажет етеді, ал еңбекті пайдалану белгілі бір мамандықты меңгеруді бірнеше аралас мамандыққа үйрене ысыла білуді қажетсінеді. Оның үстіне бұл салада жалдамалы еңбекті пайдалану қызметкерлермен арасындағы қатынастар маусымға, уақытқа қарай болады, ал қызметкерлердің бір бөлігі еңбек нәтижесіне ақша алу тұрғысынан қарамайды да (бұл фермердің жанұясындағыларға қатысты).
Кесте 6.2.1. ҚР-дағы халық пен еңбек ресурстарының саны

(адам)


Көрсеткіштер

2008

2009

2010

2011

2012

Халық саны

15 972,7

16 203,0

16 440,1

16 673,0

16 909,8

Туу коэфф.

22,0

22,1

22,5

22,5

22,7

Өлім коэфф.

9,0

8,9

8,9

8,7

8,5

Табиғи өсу

203,525

213,140

221,572

227,857

238,125

Ауыл халқының саны

6 421,4

6 591,0

6 596,2

6 672,3

6 705,0


Экон. белсенді халық саны

8211,3

8457,9

8610,7

8774,6

8981,9


Еңбекпен қамтылған халық саны

7239,8

7 903,4

8 114,2

8 301,6

8 507,1


Еңбек ресурстарының деңгейі, %

91,3

93,0

94,2

95,1

95,0


Жұмыссыздық деңгейі, %

7,7

6,6

5,8

5,4

5,3


Кестеден көрініп отырғандай Қазақстан Республикамызда халық санының, оның ішінде еңбек ресурстарының саны өскендігі байқалады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен меншіктің басқа түрлерінің табиғи климаттық жағдайларға және еңбек бөлісінің төмен деңгейде болуына өте тәуелді екендігіне байланысты жұмсалған жанды еңбек пен өндірістің түпкі нәтижелері арасындағы тікелей байланысты анықтау өте қиын. Осының бәрі ынталандыруды, марапаттау және шара қолдануды шектейді, демек алғы жағдайға еңбекке мотивация жасау проблемасын шығарады.

Өндірістің маусымдық сипаты айқын көрінетін АӨК-нің салаларында күнтізбелік жыл бойы еңбек мөлшеріне қажеттілік елеулі өзгеріп отырады. Бұл арада кадрларды маусым аралығындағы уақытта оларды мамандықтары мен тәжірибелеріне сай жұмыспен қамтамасыз ету проблема ретінде туындайды. Бұл проблеманы кәсіпорында өндірістің басқа түрлерін ашу арқылы шешуге болады (мысалы ағаш дайындау немесе көпшілік қолды бұйымдар шығару, теплицадағы көкөніс немесе гүл өсіру шаруашылығы).

Басқа проблема мынаған саяды: еңбекақы төлеу деңгейі территориялық, шаруашылықаралық және ішкішаруашылықтық айырмашылықтарға байланысты көбейді. Бұрыңғы мемлекеттік және колхоздардың меншіктерін жекешелендіру мынаған алып келді: әу бастан-ақ әртүрлі шаруашылықтар бірдей жағдайды болмады – біреулерге жердің неғұрлым құнарлы учаскелері тисе, басқаларына қайта құруға дейін негізгі қорларды жаңарту процессі аяқталды және т.б. осының бәрі еңбекке мотивацияны елеулі төмендетті және еңбек өнімділігінің күрт құлдырауына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Қазақстандағы қазіргі еңбек қатынастары жүйесіне жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өзара қатынастарын заң тұрғысынан және нормативті реттеуде реттіліктің және ойластырудың аздығы тән. Басқару жүйесінің тым бюрократтандырылуы оның еңбек ұжымдарынан алшақтауларына, жеткілікті компетентті және онша адал емес басқарушылар бағыныштыларынан аражікті алыстата түсуде. Қызметкерлердің құқықтарын қорғау жүйесі жоқ деуге болады, бұрын оларды кәсіпшілер одақтары, партия және комсомол басшылықтары қорғайтын. Әлі күнге дейін қызметкерлерді қорғаудың жаңа әдістері жасалған жоқ. Осы кезде Қазақстанның АӨК-і бірте-бірте бұрынғыдан да ыдырай түсуде, ал мамандықтары жоғары кадрлар өздерінің мамандықтарын жоғалтып, басқа салаларға жұмысқа ауысуда.

Еңбек қатынастары көп жағдайда тек ауызша келісу бойынша жасалады, жұмыс беруші оны оңай бұза аламын деп есептейді. Еңбегі үшін сыйақы алмайтын да жәйіттер кездеседі. Сонымен бұдан басқа «қашқындар» проблемасына байланысты жұмысшы күштері нарығы шеберліктері жоғары мамандарға зерулікті күштейді.

Республикада АӨК-нің жаңа жүйесінің қалыптасуы жаңа интеллектуалдық шешімдері қажет етеді, оларды Қазақстандық ерекшеліктерді ескеруді және осы ерекшеліктерге қарай еңбек қатынастарын жүргізе білетін кәсіби менеджерлер қабылдайды.

Жалдамалы еңбектің саны мен сапасы бағалаудың критерилерін қалыптастыруда мынаны еске алу керек: өткен 70 жыл бойы барлық жерде қызметкерлерді моральдық жағынан бағалау тәжірибеге енген болатын. Ауылдық менталитет үшін марапаттаудың бұл түрі өте-мөте әсерлі болатын, әсіресе егер моральдық марапаттау материалдық марапаттаумен ұштасып жатса. Бұл жерде батыста қолданылатын еңбек ақының ақшасын және әсіресе сыйлықтарды басқарушының өзі немесе бухгалтерлік конвертке салып тапсыру тәжірибесі мүлде келмейді (олар нақты қызметкерлердің еңбек ақысының деңгейі басқаларға құпия болуы үшін).

Ұғымға әкімшілік–реттеушілік, әлеуметтік-психологиялық және экономикалық әсер ету сияқты әртүрлі әдістер бұрынғысынша көкейтесті күйінде қалуда. Тек қана бұл әдістерді өз жолымен жүйелі түрде қолданғанда қызметкерлердің неғұрлым интенсивті және өнімді жұмыс істеулеріне ынталары артады.

Қазір ауыл шаруашылығындағы адамдардың тиімді менеджментін ұйымдастыруды қиындататын қолайсыз тенденциялардың етек алуы жалғасуда. АӨК персоналын басқарудың бірден бір әлеуметтік-психологиялық аспектісі болып жұмыспен шұғылдана беру қалуда (әркім де таяу болашақта жағдай жақсарады деген үмітте). Десек те ауыл шаруашылығы еңбегінің мәртебесінің құлдырауы жалғасуда. Ауылдағы айрықша ерекшеленген қызметкерлерді материалдық ынталандыратын қаражат кәсіпорындарда жоқ. Іс жүзінде кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесі бұзылған, ауыл шаруашығындағы қызметкерлер өз балаларын мәртебесі жоғары оқу орындарында қаржы тапшылығынан оқыта алмайды, инженерлік-техникалық кадрлердің қатары танымастай өзгерді. Кадрлардың мамандықтарын көтеру, оларды қайта даярлау болмағандықтан АӨК-нің қызметкерлері ғылым мен техника саласының жаңа жетістіктерімен танысуға және өз шаруашылықтарында қолдануға ынталарын жоғалтты.

Ұжымды басқаруды ұйымдастыру, еңбек өнімділігінен бұрын қол жеткен көрсеткіштерді қалпына келтіруге бағытталған жаңа, стандартты емес шешімдерді жүзеге асыру және еңбек ұжымдарында жаңа қатынастарды ұйымдастыру бұл бірінші кезектегі проблемалар.

Еңбек ресурстарын кәсіпорын жалпы экономикалық заңдардың негізінде еңбек нарығында алатыны белгілі.

Еңбек нарығында мынандай сегменттерді бөледі:

- алғашқы еңбек нарығы, бұған тиісті мамандыққа сай, жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ жұмыс беруші қоятын басқа да талаптарды қанағаттандыра алатын қызметкерлер жатады. Бұл нарықта жұмысшы күші ең жоғарғы болып табылады;

- екінші еңбек нарығы, мұнда қандай бір кәсіптік талаптарды қанағаттандыра алмайтын контингент – мысалы, сәйкес келер мамандығы жоқ немесе зейнеткерлікке шығар алдындағы жасқа келгендер жатады. Мұнда жұмысшы күшінің құны алғашқы нарықтағыдан әлдеқайда төмен. Бұл нарықта кадрлардың тұрақтамаушылығы осымен сипатталады;

- жұмыссыздар – нарықтың бұл сегменті басқа сегменттердің резерві болып табылады. Жұмысшы күшінің құны бұл сегментте өте төмен, өйткені қызметкерлердің саны жұмыс орындарынан әлдеқайда көп. Мынаны ескеру керек, мықты қызметкердің өзі ұзақ уақыт (жылдан астам) жұмыссыз қалған жағдайда мамандығы мен еңбекке жаттыққандығын жоғалтады.

Азамат жұмыссыз деп орналастыру қызметінде тіркелмей жұмыс іздеп, табылса істеуге дайындар жататыны аян. Өз кезегінде жұмыссыздық оны туғызған себептерге қарай келесі түрлерге бөлінеді:

- циклдік жұмыссыздық – жұмысшы күшіне бір циклдің аясында сұранымның өзгеруінен болады. Жұмыссыздық депрессияның алғашқы кезеңінде туады да, дағдарыс кезеңінде күшейеді және жанданған кезде төмендейді;

- құрылымдық жұмыссыздық – капитал диверсификацияланудан және осыған байланысты өндіріс құрылымының өзгеруінен (өндірістің бір түрлері қысқарып екіншісі пайда болғанда). Бұл жерде мамандығы мен тәжірибесі бар қызметкерлер де жұмыссыз қалады;

- фрикционды жұмыссыздық – қызметкердің жұмыс орнын неғұрлым еңбекақысы көп жұмыс іздеуінен болады.

Жалпы жұмыссыздардың ішінен экономикалық белсенділігі жоқтар тобын бөлуге болады, олар еңбек етуге қабілетті бола тұрып жұмыс іздемейді. Дамыған елдерде олардың саны жалпы жұмыссыздардың ішінде 1-ден 5 пайызға дейін болады.

Жұмыссыздықтың деңгеи еңбек етуге қабілетті жұрттың жұмыссыздарға қатынасымен анықталады. Бұл жерде тек ашық жұмыссыздықтың деңгейін білуге болады. Жасырын жұмыссыздықбұл жұмыс істемейтіндер, ал орналастыру қызметінің есебінде тұрмайды, ал жұмысты өз төтелі іздестіреді.
6.3 Салалардың материалдық-техникалық ресурстары және олардың нарық жағдайында қалыптасуы
Қазақстан Республикасының АӨК-ні материалдық-техникалық ресурстары деп технологиялық факторлардың қоғамдық өндірісте пайдаланатын барлық қорлары мен нақты келіп түсетін ағындарын айтады. Тар ауқымда айтқанда материалдық–техникалық ресурстар бұлар өндіріс процесінде өзгерістерге ұшырайтын материалдық ағындар.

Экономикалық зерттеулер жүргізген кезде ресурстарды классификациялауды білген жөн. Оларды келесі белгілер бойынша классификациялайды:



  • қайдан шыққаны;

  • өндіріске қатынасы;

  • пайдалану сипаты;

  • ұлғайту тәсілі.

Шыққан тегі бойынша ресурстар табиғи және экономикалық болып бөлінеді.

Табиғи ресурстар өзіне табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаны еңгізеді. Мұндай ресурстар еңбек заттары ретінде өнеркәсіптің алушы салаларында және ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылады.

Экономикалық ресурстар қоғамдық өндірістің алғы кезеңдерінде еңбектің затқа айналғандығының нәтижесі ретінде көрінеді. Негізгі құралға жататын экономикалық ресурстар қоғамдық өндірістің барлық салаларында пайдаланылады. Қайтарымды активке жататын экономикалық ресурстарды пайдалану өнеркәсіптің өңдеуші салаларына және ауыл шаруашылығына тән.

Экономикалық ресурстарды материалдық, еңбектік және қаржылық деп бөледі.



Материалдық ресурстар – бұл өндірісті ұлғайту процесінде пайдаланылатын еңбек құрал жабдықтарының жиынтығы. Олар заттық түрде көрінетін өндірістің барлық элементтерін қамтиды.

Еңбек ресурстары – ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлері және еңбек нарығында болатын қызметкерлер.

Қаржы ресурстары – бұл меншіктің барлық түріндегі мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың ақша қаражаттары. Қаржы ресурстары ресурстар түрлерінің ең маңыздысы және ресурстардың басқа түрлерін алу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Өндіріске қатысуына байланысты ресурстарды әрекет етуші және болашақ (потенциалды) деп бөлуге болады.



Әрекет етуші ресурстар – бұл өндірістік-шаруашылықтық қызметтерде белсенділікпен пайдаланылатын ресурстар.

Болашақ ресурстар – бұл кәсіпорын немесе мемлекет есепке алған, алайда таяудағы өндірістік циклда пайдалануға қосылмайтын ресурстар. Мемлекет масштабында мұндай ресурстар қор болып табылады, кәсіпорын масштабында – уақытша консервацияға қойылған – мобилизационды қуаттар, стратегиялық қорлар, сақтандыру қорлары жатады.

Пайдалану сипаты бойынша ресурстар өндірістік және өндірістік емеске бөлінеді. Өндірістік ресурстар өнімді өндіру процессінде, ал өндірістік емес ресурстар - әлеуметтік сферада (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және т.б.) қолданылады.

Қайта ұлғайту тәсілі бойынша ресурстар өндірісті қайта ұлғайту және қайта ұлғайтпайтын болып бөлінеді.

Өндірісті қайта ұлғайтатын ресурстарға қоғамдық өндірістің алдыңғы кезеңдерінде өндірілген материалдық бағалықтар және адамдардың нәрселерге айналдырылған еңбегінің нәтижелері жатады.



Қайта ұлғайтылмайтын ресурстарға өндірістік қызметтер процестерінде қайтадан алуға болмайтын ресурстар жатады (қазба байлықтар).

Ауыл шаруашылығында материалдық-өндірістік ресурстарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:

- өсімдік шаруашылығында ресурстарды пайдалану анық көрінетін маусымдық сипатта болады, бұларды жоғары тиімділікпен пайдалану проблемаларды туындата түседі (мысалы, комбайндарды, сеялкаларды және с.с);

- ресурстардың көлемі мен құрылымы елдің аймақтары және ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымдары бойынша дифференцияланған (мысалы, елдің солтүстігі көбірек астық өндірісімен, оңтүстігі – мақта шаруашылығымен, немесе бір шаруашылық астықты көп өндірсе, басқасы етті дегендей);

- материалдық заттар түрінде көрінетін ресурстар табиғи жағдайларға тәуелді;

- ауыл шарушылығы өндірісінің басқа салаларында немесе сол біріктірілген кәсіпорындарда өндірілген ауыл шаруашылығының жеке салаларында пайдаланылатын материалдық ресурстардың бөлігі.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын материалдық-техникалық ресурстардың және материалдық-техникалық ресурстардың құндылық сипаттарын оптимизациялаудың рөлі артады. Қазіргі уақытта жаңа бағыттарға орай лизинг операциялары қолданылады, сондай-ақ машина-технологиялық станцияларды ұйымдастырып техникалық қызмет көрсетуге көшу керек.

Материалдық-техникалық ресурстарды алудың әртүрлі көздерін пайдаланудың да үлкен маңызы бар. Нарықтық экономика жағдайында қаржыландырудың негізгі көздері ретінде мыналар пайдаланылады:

- айналымға түсетін қаражатқа жататын, материалдық-техникалық қорларды толықтыруды пайдаланылатын, өнімдерді өткеруден түсетін қызметкерлердің еңбек ақылары жатады;

- пайда-өндірісті кеңейту және ресурстарды өндірістік емес сферада пайдаланылатын ресурстар алу, және осы сферадағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін пайдаланылады;

- амортизациялық аудару – құны ауыл шарушылығы өнімдерінің өзіндік құнына жатқызылатын амортизацияланатын мүліктерді алу үшін пайдаланылады;

- қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде алынатын бюджеттің қаражаты. Республикалық бюджетте ауыл шаруашылығын қолдау үшін бөлінетін қаржы жеке жазу жолымен көрсетіледі. Бұл жердегі негізгі проблема алатын субвенциялар мен дотцияларды тиімді және мақсатты пайдалануға байланысты.

- банктер қарыздары және өндірістік қызметтерге қатысушылардың займдары.

Ауыл шаруашылығы машиналарын шығаратын кәсіпорындардың өнімдерін өткізудің экономикалық жағдайларын жақсарту үшін АӨК дамыту бағдарламаларында лизингілік компаниялар жүйесін жасаудың негізінде лизингілік қатынастарды жетілдіру, конкурстық негізде бюджеттік қаражаттар ресурстарын бөлудің нарықтық механизмін дамыту, коммерсиялық банктердің қаражаттарын тарту арқылы лизингтің қаржылық базаларын кеңейту көзделген.

АӨК-і тауарөндірушілері үшін лизингтік қызмет көрсетуді арзандату, нақты қажеттіліктеріне қарай оларға техникалар мен қондырғыларды жеткізіп беруді ұйымдастыру ұсынылады.

Лизинг сфераларын кеңейту лизингтік операцияларды қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтуды, елдің әртүрлі аймақтарында коммерсиялық лизингтік компанияларды құруға, сондай-ақ жеткізілетін өнімдердің номенклатураларын кеңейтуді көздейді.

Лизинг қызметінің субъектілерінің санын көбейту осы сферада бәсекелестіктің дамуына және лизингтік қызмет көрсетудің сапасын көтеруге, ауылдық тұтынушылар үшін техникалар мен жабдықтардың құндарын төмендетуге әсер ететін болады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Жер нарығының негізгі ерекшеліктерін атаңыздар.

  2. Жерді пайдаланудың тиімділігін бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?

  3. Еңбек процесінің өзіне нелер тән?

  4. Екінші еңбек нарығы деген не?

  5. Қандай жұмыссыздық циклділік деп аталады?

  6. Экономикалық ресурстар деген не?

  7. Материалдық өндірістік ресурстардың тиімділігін көтерудің қандай негізгі бағыттары бар?

Тақырып 7. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны мен бағаны қалыптастыру
МАҚСАТЫ:

Студенттерді өндіріс шығындарын анықтаудың негізгі принциптерімен және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарының қалыптасуына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарының деңгейінің төмендеуіне әсер ететін факторлармен таныстыру.


7.1 Шығындардың экономикалық мәні мен түрлері
Өнімдердің нақты түрін өндіруге жұмсалған жанды және затқа айналған шығындардың жиынтығын біз өндіріс шығындары деп айтамыз. Экономикалық реформалар кезеңінде өндіріс пен айналымның айқын (тікелей) және ескерілмейтін шығындары болады.

Айқын шығындар – бұл кәсіпорынның өндірістің пайдаланатын факторларына кететін шығындар. Өндірістің классикалық факторлары болып еңбек, жер (немесе табиғи ресурстар) және капитал болып табылады. Бұл шығындар өндірістің пайдаланылған факторларын қайтаруға саяды. Бұған еңбекке төлеу (еңбек ақы түрінде), жердің құны (арендалық төлеу түрінде), капитал (негізгі және айналымдағы қаражаттарға шығындар түрінде) жатады. Барлық айқын шығындардың сомасы өнімдердің өзіндік құны ретінде, ал нарықтың баға мен өзіндік құнның айырмашылығы пайда ретінде көрінеді.

Өндірістік және өткергендегі шығындардың сомасы егер оған тек айқын шығындарды ғана қосса төмендетілген болып шығады. Барлық шығындарды анықтау үшін өндірістің ескерілмейтін шығындары деген ұғымы қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет