Ескерілмейтін шығындар – кәсіпорынның меншігі ретінде ресурстарды пайдаланудың альтернативтік шығындар. Бұл шығындар басқа заңды және жеке тұлғаларға ұйымдардың төлемдеріне жатпайды. Оның үстіне бұлар бухгалтерлік есептің регистрінде көрсетілмейді. Мысалы, меншік иесі жерін жалға бермейді, оны өзі өңдеуді артық санайды. Бұл жағдайда ескерілмейтін шығынға жалдау ақысына төленер сома жатар еді егер жерін иесі жалға беретін болса. Нақ осы сома бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтерден алынған қаржы нәтижесі салғастырылады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың үш түрі қолданылады:
- бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен айқын шығындардың айырмасы. Бухгалтерлік пайда – бұл артықшылығы бар қаржылық көрсеткіш – барынша дәлдікпен анықталады және бұдан арғы қаржылық-экономикалық есептерді жасауға негіз болады.
- экономикалық пайда – бұл жалпы табыс пен (пайдасымен) және барлық (айқын және ескерілмейтін) шығындардың айырмасы. Бұл пайда таза экономикалық сипатта. Оның мөлшері шартты және өндірісті ұйымдастырудың мақсаттылығы жайында шешім қабылдар кезеңде қолданылады. Бұл жерде де экономикалық пайданың деңгейі оған ұқсас өндірістердің сол сияқты көрсеткіштерімен және қалыпты пайдалармен салыстырылады.
- қалыпты пайда – бұл кәсіпорын иесінің іске жұмсағанына тең ескерілмейтін шығындармен бірдей болатын пайда. Мысалы, қалыпты пайда капитал үшін ссуда пайызына, немесе жерге аренда ақысы табиғи ресурстар төлеміне тең. Яғни қалыпты пайда – бұл бұрыңда басқа мақсаттарға жұмсағандағыңнан артық пайда таппайсың деген сөз (жеріңді жалға берсең де, ақшаңды банкке салсан да бәрі бір).
Шығындарды айқын және ескерілмейтін деп бөлу оларды классификациялаудың мүмкін болған тәсілдердің бірі.
Өндіріс факторларының қашанда белгілі қасиеттері болған және белгілі заңдарға бағынған, сондықтан белгілі бір шекке дейін бір бірін алмастыра алған. Айталық, машиналар жанды еңбекті алмастырады және керісінше. Факторлардың кеңістікте ауысып отыруы, сондай-ақ функцияларының ауысуы фактордың мобильділігі деп аталады. Фактор мобильді болған сайын соғұрлым ол кәсіпорынға ұтымды болады. Абсолютті мобильді немесе аз мобильді деген бар. Аз мобильдіге функцияларын өзгертуге болмайтын немесе қиынға түсетін факторлар жатады. Мұндай факторлар туралы олар монопольды элемент ұстайды және монопольды төлемді, яғни монопольды рентаны талап етеді дейді. Сирек кәсіптің маманы немесе аса тамаша жер участкесі қымбат тұрады, неге десеңіз әдеттегі шығындардан тыс олардың орнын жабу монопольды рентаны қажет етеді.
Өндіріс әдістеріне белгілі бір әсер ететін көрсеткіштерге шығындарды (өзіндік құнның элементтері) да жатқызуға болады, олар тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Қатаң ұғыммен алғанда шығындар тек қана тұрақты немесе ауыспалы болып бөлінбейді, алайда экономикада «шартты» деген сөз қолданылмайды.
Тұрақты шығындар – бұл мөлшері өндірілген өнім көлеміне қатысы жоқ өндірістік факторларды қалпына келтіруге байланысты шығындар (жолдау ақысы, коммуналдық төлемдер, аммортизациялардың желілік есептеулерін пайдаланғандағы аммортизациялық аударулар және т.б.).
Ауыспалы шығындар – бұл мөлшері өндіріс көлеміне тікелей байланысты шығындар (өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы, шикізат пен материалдардың және т.б.).
Тұрақты шығындардың негізін негізгі капиталды (жер, негізгі құралдар), ал ауыспалыны айналымдағы капиталды пайдалануға байланыстылары.
Тұрақты және ауыспалы шығындардың қосындысы жалпы, немесе тұтас шығындар деп аталады.
Орташа шығындар деп өнімдердің бір өлшеміне кеткен шығындарды айтады. Орташа шығындарды өнімдердің бағаларымен салыстыру арқылы өнімдердің пайдалылығы жөнінде (рентабелділігі) дерек алуға болады.
Орташа шығындар мына формулалармен шығарылады:
Тұрақты AFC = FC : Q,
Ауыспалы AGC = VC : Q,
Жалпы ATC = (FC + VC) : Q = AFC + AVC, мұнда
FC - тұрақты шығындар;
VC - ауыспалы шығындар;
Q - өндіріс көлемі.
Өндіріс факторлары тұрақты және ауыспалы факторлардың белгілі бір арақытаныстарын, пропорционалдықтарын сақтау арқылы пайдаланылуы керек. Ауыспалы факторлардың тұрақты фактордың бірлігіне келетін санын өз еріктерімен өзгертуге болмайды, өйткені ондай жағдайда азаятын өтеулер (ұлғаятын шығындар) заңы әсер ететін болады.
Осы заңға сәйкес бір ауыспалы ресурсты басқа ресурстардың өзгермейтін мөлшерлерімен үйлестіре көбейту белгілі бір кезеңде қайтарымның өсімі тоқтауына одан соң оның қысқаруына алып келеді. Қайтарымның қысқару заңын барлық салалардағы ауыспалы фактордың барлық түріне қолдануға болады. Мұның айқын мысалы ретінде ауыл шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды қолдануды алуға болады – түсімділікті минералдық тыңайтқыш қандай мөлшерде қолданғанға дейін арттыруға болады, одан соң түсімділіктің артуы тоқталады, ақырысында түсімділік құлдырайды.
Қосымша шығарылатын өнімдердің әр өлшеміне кететін кәсіпорын шығынының өзгеруін бағалау үшін шығынның шекті (предельные) көрсеткіші қолданылады, ол мына формуламен есептелінеді:
MC = dVC : dQ, мұнда
dVC – ауыспалы шығындардың өсуі;
dQ – осыдан өндіріс көлемінің өсуі.
Осы көрсеткіш нөлге теңелгеннен кейін ресурсты одан әрі өсіру ақталмайды.
7.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны және олардың түрлері
Ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіне тән ерекшеліктері бірқатар факторларға байланысты:
- біріншіден, өндірістік циклдің ұзақтылығы, ол өнеркәсіптің өндірістік циклынан ғана емес, сонымен қатар өндірілетін өнімдерінің түрлеріне байланысты да дифференциаланады және ауылшаруашылығы өндірісі жүзеге асырылатын аймаққа да байланысты;
- екіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі үлкен тәуекелділікті қажет етумен сипатталады, демек, өндірістің технологиясын өзгерту жөнінде басқарушылық шешімдер қабылдау немесе жаңа бағыттарды таңдау мұнда өнеркәсіпке қарағанда неғұрлым оңтайлы болуы керек;
- үшіншіден, ауыл шаруашылығында экономикалық құралдың дифференциалды рента сияқты экономикалық құрамының әсері көрінеді, ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарын анықтауда, сондай-ақ және агроөнеркәсіп секторының қызмет ету нәтижелерін шығарғанда қажет.
Өнімнің өзіндік құнымен өндіріс шығындары ұғымдары арасында айырмашылық бар.
Ауыл шаруашылығы өнімнің өзіндік құны – бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығындары. Бұл шығындар ауыл шаруашылығы өнімі өткізуден түсетін түсімдермен толықтырылады және сонымен қатар өндірістік циклының үздіксіздігін қамтамасыз етуі қажет.
Өзіндік құндарды цехтық, өндірістік және толық (коммерциялық) деп бөледі.
Цехтық өзіндік құн – бұл кәсіпорынның өнімдерді шығаруға кеткен ағымдағы шығындары, оған кәсіпорынды басқаруға байланысты кеткен жалпышаруашылықтық (жалпыөндірістік) шығындар жатпайды. Цехтарды басқару жөніндегі (рөлін жекеленген бригадалар, звенолар және басқадай жеке балансқа шығарылмаған құрылымдық бөлімшелер цехтық өзіндік құнға жатқызылады) шығындарға жатқызылады.
Өндірістік өзіндік құн – бұл жалпышаруашылықтық шығындардың сомасы. Жалпышаруашылықтық шығындар ауылшаруашылығы өнімдерінің арасына және өзіндік құндар қалыптасу жөніндегі салалық нұсқауларға сәйкес есеп беру кезеңдерімен есептелінеді.
Толық өзіндік құн – бұл өндірістік өзіндік құн, ол өткізумен байланысты (коммерсиялық шығындар) шығындармен көбейтілген.
Анықтау әдістері және қолдану сфералары бойынша өзіндік құнды жоспарлы және нақты деп бөлу қабылданған. Жоспарлы өзіндік құн экономикалық есептеулердің негізінде, ал нақтысы - бухгалтерлік есеп пен есеп берудің нәтижелері бойынша алынады. Шығындардың құрамы жөнінен жоспарлы өзіндік құн нақты өзіндік құннан айырмашылығы оған өнімдердің жарамсыздығынан, бос тұрудан, жетіспеу және ұрланудан, малдың өлім жітімінен және т.б. жатқызылмайды.
Ауыл шаруашылығында өзіндік құндардың провизорлы немесе күтілетін деп аталатын ерекше түрі бар. Ол есеп берілетін жылдың 1-қазанындағы жағдаймен есептелінеді және 9 айдағы нақты шығындардың және өнімдердің соңғы тоқсанда шығарылатындардың өзіндік құндарының қосындысымен есептелінеді.
7.3 Шығындардың құрамы және өзіндік құндарды есептеудің әдістемелік негіздері
Қазақстанның жағдайында өнімдердің жоспарлы және нақты өзіндік құндарын анықтау үшін көптен бері, ондаған жыл бұрыңғы ұмытылған әдісті шығындарды топтау әдісі қолданылады.
Бухгалтерлік есепте өздерінің экономикалық маңыздарына сәйкес ауылшаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарын құрайтын шығындарды топтау әдісі пайдаланылуы керек, оның элементтері мыналар:
-
материалдық шығындар;
-
еңбек ақының шығындары;
-
әлеуметтік қажеттерге аудару;
-
негізгі қорлардың аммортизациясы;
-
басқадай шығындар.
Бірінші элементте (материалдық шығындар) басқа салаларда немесе өндірісте жұмсалатын материалдық қорларды жасауға жұмсалған шығындар есепке алынады.
Еңбек ақы төлеу шығындары – бұл кәсіпорында жүзеге асырылған ағымдағы шығындар және тиісті өнімдерді құруға жатқызылады (дәлірек айтқанда осы өнімдердің қосымша құндарына).
Әлеуметтік қажеттерге аудару өзінің ерекшелігіне қарай жеке дара элементке шығарылды, олар өндірістік процестермен тікелей байланысты емес, екінші жағынан – міндетті түрде өнімдердің өзіндік құндарына енгізілуі керек. Принципінде оларды өнімдердің өзіндік құндарына жатқызу жағдайында, нарықтық бағалар сұраным мен ұсыным негізінде қалыптасқан кезде, кез келген басқа жағдайда осындай шығындар сондай немесе басқадай жағдайда дайын өнімдерді өткізуден алынған пайдамен жабылатын болады. Алайда бұл жағдайда олар тікелей пайдаға жатқызылады, ал бюджеттің қалыптасуының қазіргі жүйелерінде (қоғамдық дамудың немесе мемлекеттік құрылыстың деңгейіне тәуелді емес) барлық алынған пайданы кәсіпорынның жұмсауына қалдыру көзделмеген. Сондықтан ұйым әлеуметтік қажеттерге шығынын барынша азайтуға ынталы, ал бұл өз кезегінде шығарылатын өнімдердің көлемдері мен сапасына әсер ететін болады.
Амортизациялық аударулар алдыңғы кезеңдерде жұмсалған капиталдардың орнын толтыруды көздейді. Шығынның бұл түрінің өз ерекшелігі мынада: олар өнім өткізуден алынған кірістің құрамына енгізіліп қайтарылады, өз мәнімен айтқанда ұйымдардың салық салудан шығарылатын пайдасына жатқызылады.
Басқадай шығындар мынадан туады: алдында көрсетілген элементтер ұйымның өнім өндіруді, жұмыстарды орындауды немесе қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мүмкін болар шығындардың тізбегін толық қамти алмайтындықтан болады.
Өзіндік құнның әр элементіне енгізілетін шығындардың нақтылы құрамдары заңдылықтармен реттеледі.
Экономикалық есептеулерде өнімдердің өзіндік құндары шығындардың калькуляциялық баптарымен анықталады. Шығындардың бұл топтамасы түрлері бойынша неғұрлым топтастырылған және әр элементтің өзіндік құндарға етер әсері барынша дәлдікпен есептеліне алынады, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қаржылық және экономикалық жағдайын айқындап бере алады.
Ауыл шаруашылығында баптары бойынша шығындарды топтау өнеркәсіптегі осындай топтастырулардан елеулі өзгеше. Ауыл шаруашылығында өнімдердің өзіндік құндарын жоспарлау, есептеу және калькуляциялаудың әдістемелік нұсқауларын ауыл шаруашылығы Министрлігі мынандай құрамда бекітті:
-
Әлеуметтік қажеттерге бөлінгенді қоса алғанда еңбекке ақы төлеу;
-
Тұқым және отырғызылатын материал;
-
Минералды және органикалық тыңайтқыштар;
-
Өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын құралдар;
-
Жемшөп;
-
Өңделетін шикізаттар;
-
Негізгі құралдарды ұстау; оның ішінде:
а) мұнай өнімдері;
б) негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы)
в) негізгі құралдарды жөндеу.
8. Жұмыстар мен қызмет көрсетулер;
9. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру;
10. Несиелер бойынша төлемдер;
11. Малдың өлім жітімінен келген шығындар;
12. Басқадай шығындар.
Әлеуметтік қажеттерге бөлінгенді қоса алғандағы еңбек ақы төлеуге деген бірінші бапқа экономикалық элементтерге кіретін «Еңбек ақы төлеу» және «Әлеуметтік қажеттерге аудару» шығындары да қосылады, соңғысы негізгі ауылшарушылығындық өндірістік жұмысшылар еңбегіне ақы төлеумен байланысты.
«Тұқым және отырғызылатын материал бабына» өздерінің өндірісінде және егуге сатылып алынған тиісті ауыл шаруашылығы дақылдары мен көшеттер кіреді. Бұған көпжылдық көшеттер жатпайды, олар күрделі қаржыдан жұмсау есебінен өсіріледі. Тұқымды егуге дайындау (улау, тиеу ж.б.), себетін жерге тасу тұқымның өзіндік құнына қосылмайды, шығындардың тиісті баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарына жатқызылады.
«Минералдық және органикалық тыңайтқыштар» бабына ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне енгізілетін өнеркәсіп өндіретін минералды тыңайтқыштар, микротыңайтқыш, бактериалдық және басқадай органикалық (көң, шымтезек, компост және т.б.). тыңайтқыштар жатқызылады.
Тыңайтқыштарды дайындауға, оларды көлік құралдарына тиеуге, егіндікке жеткізуге, шашқыштарға тиеуге және топыраққа енгізуге кеткен шығындар сәйкес баптар бойынша нақты ауыл шаруашылығы дақылдарына (дақылдар тобына) жатқызылады және берілген бапқа енгізілмейді.
«Өсімдіктер мен жануарларды қорғау құралдары» бабына пестицидтерді, улағыштарды, гербицидтерді, дефолианттарды және басқадай химикаттарды, сондай-ақ арамшөптерге, ауыл шарушылығындық өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте қолданылатын биопрепараттар, медикаменттер және ұйымның есебінен алынған залалсыздандыру құралдар мен мал шаруашылығында пайдалануға қатысты сақтандырушылар жатқызылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық отырғызылымдарды аталған құралдармен өңдеу (тозаңдандыру, шашу, дефолеация, десикация және басқа жұмыстар) ұйымның өз күшімен жүргізілгенде бұл бапқа жатқызылмайды, шығындардың тиісті бабына сай келетін дақылдарға (дақылдар тобына) немесе көпжылдық отырғызылымдардың бабына енгізеді. Бюджеттен ассигнация жасалған биопрепараттар, медикаменттер, дезинфекциялаушы құралдар да бұл бапқа енгізілмейді.
«Жемшөп» бабына өздерінде өндірілген жемшөпке және сатылып алынғанға, шаруашылықтың өз ішінде дамудан жемшөп қоймасына, бөлімшеден бөлімшеге апарғанда, сақтауға қойғанда және малды, құсты және басқа жануарларды азықтандыруға дайындағанда (жұмыста пайдаланылатын малды қоса алғанда) жұмсалған шығындар жатқызылады. Азықты жемшөп цехтарында әзірлеуге байланысты шығындарды дайындалған жемшөптің салмағына қарай оларға пропорционалды етіп бөледі.
Жемшөпті ферманың өзінде сақталған жерден малға беретін жерге дейін тасымалдау шығыны жемшөптің құнына қосылмайды, шығындар бабы бойынша мал шаруашылығы өнімдері шығындарына жатқызылады.
«Өңделетін шикізат» шығындары бабына әзірлейтін өнімдердің негізіне жататын немесе оларды дайындағанда қажетті компоненттер болып табылатындарды алуға кететіндер жатқызылады:
- құрама жем өндірісінде – астықтың, астықтың аралас қоспасының, шөп ұнының, жомның, ашытқылардың, құрғақ көк сүттің, ет-сүйек ұнының, минералды шикізаттың, микроқосындылардың және басқа компоненттер;
- диірменде, тармалушы – астық құны;
- көкөністерді, жемістерді және картопты, бұршақты, консерванттарды және басқа өнімдерді;
- шарап жасау өндірісінде – жүзімнің, жеміс пен жидектің, шарап материалдарының, шырын материалдарының, ректификат-спирттің, қанттың, вакуум-суслдың, коньякты спирттің, лимон қышқылының және басқалардың;
- мал соятын алаңда (цехта) – малдың, құстың, аңның, көжектердің, карақол қозылардың;
- сүт өнімдері өндірісінде – сүттің, сүт өнімдерінің, қанттың, ванилиннің және басқа өнімдердің құндары.
«Негізгі құралдарды ұстау» бабына тікелей өндірісте пайдаланылатын негізгі құралдарды ұстауға байланысты жұмсалған шығындар. Бұл бапқа даралап алғанда мыналардың жатқызылуы керек:
- негізгі құралдарды күтімге алатындардың еңбегіне ақы төлеу шығындары (тракторшы-машинистерден басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық процестеріне қатысатындарға);
- әлеуметтік қажеттерге аудару;
-жанар және жағар май материалдарына, оның ішінде ауылшаруашылығындық және басқа жұмыстарға, тракторлар мен самоход машиналардың бір участкеден екінші участкеге орын ауыстыруларын қоса алғанда;
- берілген дақылға немесе малдың түріне жатқызылатын негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтіруге жұмсалған амортизациялық аудару, бұл осы қорлардың баланстық құндарынан белгіленген қорлар бойынша есептелінеді;
- негізгі қорларды жөндеуге және техникалық күтім жасауға кеткен шығындар;
Негізгі құралдарды жөндеу шығындарына жататындар:
-
жөндеуде жүрген қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін;
-
негізгі құралдарды жөндеу жұмыстарын орындайтын өндірістік бөлімшелердегі жұмысшылардың әлеуметтік мұқтаждарына аудару үшін;
-
машиналарды жөндеуге және жөнделгеннен кейін жүріс кезеңінен шығарғанға дейін жұмсалатын жанар жағар май материалдарының құндарын қоса алғандағы негізгі құралдарды жөндегенде жұмсалатын қосалқы бөлшектердің, жөндеу-құрылыстық және басқа да материалдардың құндары үшін;
-
техникалық қызмет көрсету пункттерінің, тракторларды, машиналарды және қондырғыларды жөндеу шеберханаларының қызметтерінің құндары үшін;
-
пленкалы жылыжайлар мен парниктерді жөндеу шығындары үшін;
-
тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарының шынжыр табандары мен резіңке доңғалақтарын жөндеу және ауыстыру үшін;
-
пленкалы жылыжайлар мен парниктерді жөндеуге пайдаланылатын пленкалардың тозған пленкалардың оларды мүмкін болған бағалармен өткізгендегі алынатынды шегеріп тастағандағы пленкалардың құны.
Өсімдік шаруашылығында пайдаланылатын негізгі құралдарды (жалдау ақысын қоса алғанда) ұстауға жұмсалатын шығындарға дақылдардың жеке түрлерінің өзіндік құндарын және аяқталмаған өндіріс түрлерін мына тәртіппен жатқызады:
- тармамандандырылған мақсаттағы негізгі құралдарға (картоп және қан қызылшасын жинайтын комбаиндар және т.б.) кеткенін тікелей сол дақылдар өнімдерінің өзіндік құндарына аудару;
- тракторларды олармен істелінетін әр дақыл үшін (дақылдар тобы) механикаландырылған жұмыстардың (шартты эталон гектармен) көлемдеріне пропорционалды түрде;
- топырақ өңдейтін машиналарды – дақыл үшін өңделетін алқаптың аумағына пропорционалды түрде;
- сеялкаларды - дәнін себетін дақылдар ауданына пропорционалды түрде;
- егін жинайтын негізгі құралдарды жинайтын алқаптың ауданына пропорционалды;
- топыраққа тыңайтқыш енгізетін машиналарды – дақылға енгізілетін тыңайтқыштардың физикалық массаларына пропорционалды;
- негізгі мелиорациялық құралдарды – мелиорация жасалатын аудандарға пропорционалды;
- өнімдерді сақтайтын қоймалар – тиісті дақылдардың нақты алатын аудандарына пропорционалды.
Мелиоративтік негізгі құралдарды ұстау шығындары «Негізгі құралдарды ұстау» бабы бойынша тек қана суландырылған және құрғатылған жерлерде өсірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдеріне жатқызылады. Суландырылған жерлер бойынша көрсетілген шығындар егер олар белгілі бір дақылға жатқызылмаса онда оны әр дақылдың (немесе дақылдар тобы) өсірілген алқаптарының аумағына орай пропорционалды етіп бөледі. Құрғатылған жерлер бойынша да солай. Жайылым мен шабындықтардың аумағына қарай пропорционалды бөлінеді.
Қосымша және қосалқы (өнеркәсіптік) өндірістерде негізгі құралдарға өндірістік ғимараттарды, өндірістік және көтергіш-көлік қондырғыларын, цехтардың көліктерін, өндірістік инвентарь мен аспаптарды жатқызады.
Қосымша және қосалқы (өнеркәсіптік) өндірістіктерді ұстауға кеткен шығындарды өнімдердің түрлері бойынша өндірісте істейтін жұмысшылардың ақысына бөліп есептейді.
«Жұмыстар және қызмет көрсетулер» бабына өндірістік қажеттерді қамтамасыз ететін өз ұйымындағы қосымша өндірістердің жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне жұмсалған шығындар және суаруға алған суға төлем және су шаруашылығы ұйымдары көрсеткен басқа да қызметтер көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қосымша өндірістеріне мыналарды жатқызады: жүк автокөліктері, жегу көлігі, ұйымның тракторларымен орындалатын тасымал жұмыстары, электр-, жылу-, су-, және газбен қамту қызметтері, тоңазытқыштар қондырғылары, механикалық жөндеу шеберханалары.
Көрсетілген бабқа жатқызылатын қызметтердің шығындарын тиісінше басқа жерден келетін электр қуатына, жылу энергиясына, суға, газға, сондай-ақ электр станцияларынан алатын электр және жылу қуаттары төлемдері, осы ұйымның балансасында тұратын қосалқы өндірістерге жұмсалғандары енгізіледі.
Суландыруға су бергені үшін төлемді белгіленген тәртіп бойынша бекітілген тарифтер және күтіп бапталатын дақылдар мен алқаптардың су тұтыну көлемдері арқылы есептейді.
Басқадай сырт ұйымдар қызмет етіп алғандарының ішіне улы химикаттар мен тыңайтқыштардың құндары кірмейді. Агрохимиялық қызмет көрсету шығындарына сыртқары ұйымдардың істеген механикаландырылған жұмыстары, көліктерді сый еткені мен ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыруға көмектескендігі үшін алғандары жатады. Бұл бапқа ауыл шаруашылығы өнімдерін қосалқы (өнеркәсіптік) өндірістерде өңделген өнімдерге шығарылған шығындар: жағар май және пісіру үшін алған бу, қуыруға, ысытуға, кептіруге кеткендері технологиялық мақсаттарға жұмсалған су (жуу және шикізатты ылғалдау, сироптар мен рассолдар әзірлеуге), сондай-ақ, өндірістің технологиялық процестеріне (бөшкелерді дымдауға ыдыстарды жууға) кеткендер жатады. Осы бапта тоңазытқыштарды мұздатуға, өнімдерді салқындатуға және сақтауға кеткені де көрсетіледі. Етті, көкөністерді, жеміс жидектерді және өңдеуге арналған басқа азық-түліктерді тоңазытқыштарда сақтау шығындары өндірісте қолданылынған шикізаттардың түрлеріне қарай жатқызылады.
«Өндірісті және басқаруды ұйымдастыру» бабында жалпыөндірістік шығындар (өндірісті ұйымдастыру және бригадаларды, фермаларды, цехтарды басқару жөніндегі шығындар) және жалпышаруашылықтың шығындар көрсетіледі.
Жалпы өндірістік шығындарға мыналарды жатқызады:
- еңбек ақы шығындары, бөлімшелердегі басқару аппаратының әлеуметтік мұқтаждарына аудару;
- амортизациялық аудару (тозуға);
- жалпысалалық мақсаттарға негізгі құралдарды ұстауға және жөндеуге кететін шығындар;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шараларына кететін шығындар;
- бағасы аз және тез тозатын нәрселердің тозуы;
- жұмысты көлік тасымалымен қамтамасыз ету жұмыстары (қызметкерлерді жұмыс орындарына жеткізу);
- ұйымның тиісті салаларында өндірісті ұйымдастыру және басқаруға байланысты басқадай шығындар.
Жас малдың және бордақыдағы малдың, құстардың, көжектердің, терісі бағалы аңдардың, ара ұяларының, тәжірибелілік жануарлардың, үйретілген иттердің, отырғызылатын материалдар ретінде питомниктерде өсірілетін көпжылдық өскіндердің құндары жабылмайды.
Өсімдік шарушылығында, мал шарушылығында және басқа өндірістерде жоспарлау мен жалпы өндірістік шығындарды есептеу бөлек жүргізіледі.
Бұл шығындар тек сол бригадада (фермада), цехта шығарылған өнімдердің өзіндік құндарына жатқызылады. Бұл шығындар тұқым, жемшөп, шикізаттар және жартылай фабрикаттар өндіру шығындарын есептемегенде (өндірісті ұйымдастыру және басқару шығындарын қоспағанда) жоспарлау, шығындарды есептеу және өзіндік құндарды жалпы шығындардың жалпы сомасына пропорционалды бөлінеді.
Жалпы шаруашылықтық шығындарға тұтас ұйым бойынша басқару мен ұйымдастыруға байланысты шығындарды жатқызады, олар:
- еңбекке ақы төлеу шығындары, әкімшілік-басқару қызметіндегілердің әлеуметтік қажеттеріне аударылғаны;
- іс сапарлары мен қызметтік жүрулер шығындары;
- кеңселік, типографиялық, почта-телеграф шығындары;
- жалпы шаруашылықтық мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу шығындары және амортизациялық аудару (тозғаны үшін);
- өртке қарсы шаралар шығындары;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шығындары (қоршаулар құрылысы, сигналдар, ауа тазартқыштар және т.б.);
- ұйымның өндірістік функцияларды орындаумен шұғылданатын қызметкерлеріне көлік қызметін көрсететіндерге жұмсалатын шығындар;
- ұйымның қайта құрылуына, қызметкерлерге және штаттағыларға қысқартуларына байланысты қызметкерлерге төлемдер;
- бұрыңғы жұмыс орындары бойынша алып келген лауазымдық жалақыларын белгілі бір кезеңге дейін төлеуге, сондай-ақ уақытша орынға алынушы қызметкерлерге берілетін жалақылардың айырмасын төлеу;
- мамандықтарын жетілдіру және қайта даярлау жүйесі бойынша өндірістен қол үзіп оқитын басшылар мен мамандардың еңбек ақыларын төлеу;
-жалпы шаруашылықтық сипаттағы басқадай шығындар (жұмысшыларды ұйымшылдықпен алуға кететін шығындар);
- кәсіптік техникалық оқу орындарының, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітіргендерге жұмысқа кірісер алдында демалыс ақысын төлеу;
- жас мамандардың жұмыс орындарына жетулерін өтеу;
- сот шешімдерінің негізінде өндірісте жарақат алғандарға жәрдемақы беру ж.б.;
- жеңіл автокөліктерді ұстауға және жекеменшік автокөліктерді қызметке пайдаланғаны үшін компенсация төлеу;
- кеңестер, ақпараттар және аудиторлық қызмет төлемдері;
- ұйымның коммерсиялық қызметіне қатысты өкілеттілік шығындар;
- ұйымдардың кеңесін (басқаруын) өткізу және ұйымдардың тексеру коммисиясын өткізу шығындары;
-ҒЗТКЖ-ді бюджеттен тыс қаржыландыру шығындары (аудару бекітілген мөлшер арқылы тауарлы өнімдердің толық өзіндік құндарына есептеу арқылы аудару жолымен).
Жалпы шаруашылықтық шығындарды өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының, өнеркәсіптік өндірістің қосалқы, сондай-ақ қосымша өндірістер өнімдерінің (жұмыс, қызмет көрсету) өзіндік құндарына жатқызады, соңғылары шетте немесе ұйымның күрделі құрылыстары үшін орындалады.
Жалпы шаруашылықтық шығындар шаруашылықтық әдіспен орындалса мынандай жағдайларда күрделі құрылысқа жатқызылады, егер:
а) көшеттерді отырғызу және өсіру есептеу шығындарының ерекше сметаларында бекітілмесе;
б) ұйымдардағы құрылыстар өзінің шаруашылықтық және әкімшіліктік-шаруашылық қызмет көрсету аппараты болмаса аталған ұйымдардың негізгі штаты мен қаражаты арқылы жүргізіледі.
Жалпы шаруашылықтық шығындар жерді суландыру, құрғату, тракторлар мен самоход машиналарын пайдалану, ғимараттарды, құрылыстарды және қондырғыларды жөндеу, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтарды, наубайханаларды, жөндеу-тігін шеберханаларын, шаштараздарды, мектеп жасына дейінгі мекемелерді, демалыс үйлерін, санаторилерді және мәдени тұрмыстық мақсаттардағы басқа да объектілерді жөндеуге кеткендерге жатқызылады.
Жалпы шаруашылықтық шығындар әртүрлі өндірістік салалардың арасында бөлінеді және өнімдердің өзіндік құндарын есептейтін объектілердің арасындағы жалпы шығындардың сомаларына пропорционалды (өндірісті ұйымдастыру және басқару шығындарын есепке алмағандағы) есептелінеді, бұған өнеркәсіптік өндірістің қосалқы салаларынан алынған тұқымның, жемшөптің, сондай-ақ шикізат, материалдардың және жартылай фабрикаттардың құндары қосылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |