ПОӘК 042-18. 30. 30-2014 Баспа №



бет2/3
Дата17.07.2016
өлшемі481.2 Kb.
#205121
1   2   3

2.Шағын жинақталған мектепте сапалы білім беруде инновациялық педагогикалық технологияның орны

Бүгінгі таңда заман талабы білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейтіні анық.Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде шешілуде. Ауыл мектебі қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы.

Қазазстан Республикасының ШЖМ-ді дамыту тұжырымдамасында «Шағын жинақталған мектептер оқушылардың жалпы орта білімге деген сұранысын қанағаттандырады, сондай-ақ мектеп түлектерінің одан әрі кәсіптік білім алуына қажетті олардың бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету міндеттерін шешеді» делінген.Осы міндеттерді жүзеге асыру ауыл мектебінің мұғалімдеріне үлкен жауапкершілікті жүктейді.

ШЖМ оқушылардың білім спасын арттырып, толық қанды білім алуы үшін оқыту әдістерін түрлендіріп отыруымыз қажет.

Қазіргі таңдағы оқытудың басты міндеті-мұғалімнің білім беру және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз.Сондықтан қазір оқушының қызметі басым, үйренуші тұлға-шәкірт.

ШЖМ үшін өзекті мәселені шешудің бір нұсқасы-оқушыларды олардың жеке таным қабілетіне және мүмкіндігіне сәйкес оқыту.Осы орайда ШЖМ-те сапалы білім берудегі иннновациялық педагогикалық технологияның орны ерекше.

Инновациялық технологиялар бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелерінің жиынтығы.

Оқыту технологиялары бойынша жұмыс істеу барысында мынандай талаптар сақталуы қажет:

-Жаңа материалдан негізгі идеяны бөліп көрсету, білімдерін еске түсіру мен түзету туралы мәлімет, алғашқы бақылау жүргізу;

-Материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға мүмкіндік беретін ақпаратты ықшамдаудың тиімді тәсілдерін үйрету

Инновациялық технологияларды меңгеру мұғалімнен асқан кәсіптік шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты талап етеді.

Инновациялық оқыту білімді тереңдету мен қатар оқушыны оқу әрекетіне қалыптастырып, олардың оқуға деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттырады.Шығармашылықпен жұмыс істеуге бейімдейді.

Дәріс № 8-9 Шағын жинақты мектепте оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық технологиялар (2 сағ.)

Мақсаты: Шағын жинақты мектепте оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық технологиялардың рөлін айқындау

Жоспар:


  1. Оқушының білім сапасын көтерудегі педагогикалық технологияның ролі

  2. Педагогикалық технологиялардың сабақта қолдану әдістемесіне тоқталу

Мұғалімдер оқу үдерісін жандандыру, оқушылар білім сапасының денгейін, олардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында түрлі әдістер қолданып ізденістер жасауда. Дегенмен бұл әлі жеткіліксіз. Оқушының білім сапасын көтеріп, білім стандарты денгейіне дейін жеткізуде педагогикалық технологияның ролі ерекше. В.П. Беспалько «педагогикалық технология іске асырылатын жүйенің жобасын айтады» десе, В. М. Монахов мынадай анықтама береді: «педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелілік әдісі, оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара – қатынасын ескере отырып, бүкіл оқыту мен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау».

Технология - бұл әдістеме емес, одан күрделірек түсінік. Қазіргі педагогика теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық технологияның бірнеше түрлері келтіріліп, кейбіреулері тәжірибеде қолданылуда.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүрген педагогикалық технологияның төмендегідей түрлері бар:


  • педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру және демократияландыру негізіндегі (ынтымақтастық технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы);

  • оқушының әрекетін белсендіру (ойын технологиясы; проблемалық оқыту; В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде оқыту технологиясы;)

  • оқу процесін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі (бағдарламалық оқыту; саралап оқыту технологиясы; компьютерлік технология);

  • оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технология (дидактикалық бірлікті ірілендіру П. М. Эрдниев);

  • оқушының білім деңгейін жетілдіру (денгейлеп оқыту Ж. Қараев, Т. Қ. Оспанов, Б.М.Қосанов);

  • дамыта оқыту технологиясы (В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. В. Занков).

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру, демократияландыру, гуманитарландыру ұстанымдарының ролі зор.

Ізгіліктендіру - мектеп назарын баланың жеке басының тұлға ретінде дамуына, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, мейірім мен бақытты тілейтін ішкі жан дүниесіне үңіле білу.

Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз - оларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау, баланың болашағына сену, олардың қабілеттеріне сену, ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі, балаларды ынталандыру, келешегіне алаңдау, шыдамдылық, дер кезінде түзету, көмек беру деген сөз.

Демократияландыру дегеніміз мұғалім мен оқушының тең құқықтығы, оқушылардың оқыту формаларын еркін таңдауы, оқушылардың өзіндік көзқарас құқығының болуы, қарым – қатынас стилі, оқушыларға бағып беру, оқу процесін бірге басқару, бірге ұйымдастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, «демократияландыру – оқушы деп аталатын адамға бұрылу»

(П.И. Пидкасистый).

Гуманитарландыру ұстанымының негізгі мақсаты - жеке тұлғаның өзін - өзі анықтау, яғни оның өз табиғатын айқындау, өз ісін көрсете алуы, жүзеге асырылуы және өзектендіре алуы болып табылады.

Ынтымақтастық - балалар мен үлкендердің өзара түсіністік, бір – бірінің ішкі жан дүниесіне үңілу негізіндегі біріккен дамыту іс-әрекетінің барысы мен нәтижелерін ұйымды, ұжымды түрде талдау жасаудың гуманистік идеясы. Осының негізінде мектептің барлық іс-әрекеті мұғалім мен оқушының іс-әрекетін жеке тұлға - оқушыға қызмет етуге бағытталады.

Ынтымақтастық педагогикасы оқушыны әр түрлі өзара тығыз байланыстағы іс - әрекеттердің, ең алдымен оқу – білім, қоғамдық-пайдалы еңбек, ақыл – ой шығармашылық, т. б. іс-әрекеттердің субьектісі ретінде түсінеді.

2.Осы аталған педагогикалық технологиялардың кейбір түрлерін сабақта қолданудың әдістемесіне тоқталайық...........

Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негіздеріндегі педагогикалық технологияларға ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.

Педагогикалық технологияның келесі түрі - проблемалық оқыту технологиясы. Бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы. Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, білікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Проблемалық оқыту кезінде оқушылардың алдына бір проблема қойылады. Олар оның шешу жолын іздестіреді, шешудің нұсқаларын қарастырады, қорытынды жасайды, оны практикада қолданады, мысалы, 4-сынып оқулығының 49 – бетіндегі № 9 жаттығу.

 : 24 + 499 = 501 «әйнекшенің» орнына қандай санды қойғанда тура теңдік шығады? сұрағына жауап беру үшін оқушы іздеу нұсқаларын қарастырады: «Әйнекше орнына 24-тен артық және оған қалдықсыз бөлінетін сан болуы тиіс. Мен сол саннан бастауым мүмкін, яғни орнына сан қойып, сынап көремін. Бұл – бірінші нұсқа. Екіншісі өрнектің нәтижесінен бастап, кері орындаймын. 501-ден 499-ды азайтамын, екі қалады, енді оны 24-ке көбейтемін, белгісіз сан – 48. Дәлелдеу және тексеру: 48: 24=2; 2+499=501.

Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың, оқу үдерісін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарламалап оқытуда қандайда бір материалды бөліктерге бөліп (порциялап) оқиды. Математика сабағында бағдарламалап оқыту амал алгоритмін меңгеру, яғни көп таңбалы сандарды бір, екі және үш таңбалы сандарға бөлу тәсілдерін меңгеру барысында жүзеге асырылады.

Бірінші «порция» - көп таңбалы сандарды нөлмен аяқталатын сандарға бөлу. Мұнда оқушылар бөлгішті бір таңбалы сан мен 10, 100, 1000-ның көбейтіндісі түрінде ойша жүктеуге үйренеді. Санды алдымен нөлмен аяқталатын санға, сосын бір таңбалы санға бөлуга үйренеді.

Екінші «порция» - бөлінді мәнінде неше таңбалы сан шығатынын анықтау. Мысалы, 5260-ты жиырмаға бөлу керек болсын. Оқушы бес мыңдықтар қайырады, оны жиырмаға бөлсем, бөлінді мәнінде мығдық шықпайды. Сондықтан 52 жүздіктен қайырамын, жүздікте үш таңбалы сан бар, яғни бөлінді мәнінде үш таңбалы сан шығады, сондықтан үш нүкте қоямын. Сосын бөліндінің мәнін табу үшін оқушы жиырманы, 2·10 түріне келтіреді.

Үшінші «порция» - үш таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу. Мұнда оқушы бөлгішті алдымен өзіне жақын нөлмен аяқталатын санға айналдырады. Мысалы: 756:84. Оқушы санды 84-ке емес, 80-ге бөледі. Ол үшін 75-ті 8-ге бөледі, 9 шығады. Келесі кезең - бөлінді мәніндегі ақтық санды табу. 9 ақтық сан ба, анықтау керек. Ол – байқау цифры. 9·8онд.= 72онд.; 9·4бірл. =3онд. 6бірл. 72онд.+3онд.6бірл.=75онд.6бірл. Олай болса, 9 бөлінді мәні болмайды, енді одан кем санды табу қажет.

Осылай порциялап оқыту бөлу амалының алгоритімін біртіндеп игере отырып, оқушы бастауыш мектеп математикасының ең күрделі жазбаша бөлу тәсілі - көп таңбалы сандарды екң және үш таңбалы санға бөлу тәсілін меңгереді.

Қазіргі білім беру саласындағы жеке тұлғаға бағытталған, жан-жақты тәрбиелі тұлға қалыптастыруға ұмтылған тенденцияға орай оқыту мәселесіне ерекше мән беріле бастады. Дифференциялап оқыту дегеніміз оқушының дара ерекшелігіне қарай, дифференциялды өзіндік жұмыс, үйге тапсырмалар беру, өзін - өзі бағалауға үйрету деп ойлаймыз.

Дифференциялды өзіндік жұмысты карточкамен және перфокартамен жұмыс, дифференциалды тест тапсырмалары арқылы ұйымдастыруға болады.

Соңғы жылдары әр мектептің өз мүмкіндіктеріне орай математиканы оқытуда компьютерлік оқыту да кеңінен қолданыла бастады. Ал жаппай ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге балаларды дайындау үшін төртінші сыныптың соңына қарай микрокалькуляторларды пайдаланып, есептеулер жүргізуге машықтандыруға арналған арнайы сабақтар өткізіледі. Оның алғашқы сабағында микрокалькулятор, оның құрылысымен таныстырып, түрлері қарастырылады. Оқушылар өмірден оның бірнеше түрлерін көрген, кейбіреулері оны пайдалануы да мүмкін. Мұғалімдердің мақсаты –оқушыларға микрокалькулятормен үлкен сандармен есептеулер жүргізуде әр түрлі амалдарды тез әрі жеңіл орындауға болатынын түсіндіру

Математика сабағында қолданылатын оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар қатарына: білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру технологиясын жатқызуға болады. Білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру дегеніміз материалдарды өзара байланыста қатар оқыту деген сөз. Теріс емес бүтін сандардың нумерациясын, оларға амалдар қолдану, сандарды салыстыру, санғы көбейту және бөлу мәселелерін оқытып-үйретуде шамалардың өлшем бірліктері, оларға амал орындау қатар қарастырылады

Дамыта оқыту - оқу процесін жеке тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға бағыттау.

Дамыта оқыту үдерісі кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың танымдық өз бетінділігін қалыптастыруға, қабілеттерінің дамуы мен қалыптасуына, саяси және адамгершілік көзқарастарына, белсенді іс - әрекеттеріне бағытталған оқу әрекеттерін ұйымдастыру.

Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару; бір объектіні екіншісімен салыстырып, ерекшілігін, ұқсастығын ажырату; бақыланған құбылыстарды, жалпылап, белгілі әрекет тәсілдерін таныс емес жағдайларда қолдану.

Дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы жасыл қоршаумен берілген тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі, берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б.

Дәріс №10. Шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын қосымша материалдар (1 сағ)

Мақсаты: Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігін айқындау

Жоспар:


1) Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі

2) Көрнекі құралды қолданудың жалпы тәсілдері:


Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан мол: айнала қоршаған дүниені бақылау, экскурсияға шыққанда бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке және коллекция түріндегі гербарийлер, жануарлардың, құстардың тұлыбы, модельдер, макеттер және панорамалар (оқушылардың өздері дайындайды), кинофильмдер, диафильмдер, түрлі картиналар, портреттер, оқулықтағы суреттер.

Көрнекі құралды қолданудың жалпы тәсілдері:

1. Кинофильмдерге бару, театрдан немесе теледидардан пьесалар көру көркем шығарманы оқудың орнына жүре алмайды. Бұлар кейде көрнекілік ретінде, мәтінді екінші оқығанда немесе оған қорытынды әңгіме жасағанда пайдаланылады. Мысалы, С.Мұқановтың «Шын сырлылар», «Қостағы өмір» әңгімесін оқығанда, қорытындылау кезінде «Ванька» (А.Чехов) диафильмін көрсетуге болады. Көрсетілетін фильмдер материалға тақырыбы жағынан да, мазмұны жағынан да, тығыз байланысып, бір-бірімен қабысып тұруға тиіс.

Фильмдер көбінесе мәтінді оқу алдында көрсетілгені дұрыс. Революционерлер, суретшілер, ғалымдар т.б. портреттері де оқуға дайындық кезінде пайдаланылады.



  1. Дайын гербарий мен коллекциялар, сондай-ақ балалардың өздері жинаған заттарды, ғылыми мақалаларды оқуға дайындық кезінде зерттеу нысаны ретінде көрсетіледі. Бұл заттарды шығарманың басқа түрлерін оқу кезінде де пайдалануға болады.

  2. Оқу сабақтарының барлығында да қолданылатын көрнекіліктің басты түрі көркем суреттер деуге болады. Бұл дайындық кезде де, оқу барысында да, шығарманы талдау кезінде де, жоспар жасау кезінде де, қорытындыәңгіме жасағанда да көмекші құрал есебінде қызмет атқарады. Алайда, мұнда есте болатын жағдай – көрнекі құралды тым көп қолданып, мәтіннің рөлін төмендетіп алудан сақ болған жөн. Оқушыларда оқу барысында туатын эмоция мен бейнелер балалардың өмір тәжірибесіне қарай, жасы өскен сайын күшейе береді.

Мәнерлеп оқу, сөзбен суреттеу, сондай-ақ басқа да шығармашылық жұмыстар балаларды оқығандарын көрнекіліксіз-ақ саналы түсінуге баулиды.

Сөйтіп, оқу сабақтарында балаларды жан-жақты тәрбиелеу, оларға білім беру т.с.с. міндеттерді іске асыру үшін көрнекі құралдың орасан зор маңызы бар.

Дәріс №11-12 Тәрбие жұмысын жоспарлау мен өткізу (2 сағ)

Мақсаты:

Жоспар:

1) Педагогикалық үрдістің екінші тәрбиелеу механизмінің маңызы



2) Балалар ұжымында қалыптасатын өзара қатынас

Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық үрдісінің екінші тәрбиелеу механизмінің де маңызы зор. Бұл оқушының өзара қарым-қатынасы. Балалар арасындағы өзара қарым-қатынасының ықпалы жайлы ой-пікір алғаш рет өткен ғасырлардың зерттеулерінде пайда болды. 19 ғасырдың соңына қарай европалық мектептерде осы мақсатта (балалар арасындағы тәрбиелік қарым-қатынасты пайдалану үшін) балалар мен жас өспірімдермен қоғамдастықтары (бойскауттық және т.б.) құрылды.

Кеңестік педагогикада осы механизмге сүйенуге қажеттілік туралы ойды Н.К.Крупская айтты. Адам бірнеше кезең бойынша тәрбиеленбейді, ол барлық ықпалдардың әсерінен жүйелі түрде қалыптасады деген ойды айтқан. А.С.Макаренконың пікірінше педагог жұмысы ұжым мен өзара жағымды байланыста, ұжымдық тәрбиеде қалыптасады.

Бұл ой-пікірлерін А.С.Макаренко өзінің тәрбиелеу мекемелеріндегі он бес жылдық жұмыс тәжірибесін талдаумен байланысты айтты. Өзінің жұмыстарының бірінде ол былай деп көрсетті: «алғашқы жылы мен жұмысы жаңа басталған педагог ретінде қарапайым қателер жібердім. Мен ұжымнан қалған тұлғаға мән бердім. Мен қауіпті орындарға бағытталған дұрыс емес көзқарас болды және мен сол қауіпті орындармен айналыстым.....».

Тәрбие механизміне алғаш болып сипаттама берген А.С. Макаренконың айтуынша, тек құқылы қоғамды көрсететін кеңестік мектеп үшін, бір жағынан, балалар ұжымын еңбек ұжымы ретінде орындау маңызды, ал екінші жағынан ұжымның алдында тәрбиеші ең алдымен сол еңбек ұжымы ретінде, одан кейін тәрбиеші, маман, педагог ретінде көріну керек. Өз тәжірибесінде қалыптасқан А.С.Макаренконың қорытындылары бірнеше зерттеулер кезінде толығымен расталды.

Социалистік мектеп ұжымшыл адамды тәрбиелеуі қажет деген Н.К.Крупскаяның тезисін негізге алған кеңестік зерттеушілер оқу еңбегі (М.Д.Виноградова, Н.С.Дежникова, И.Б.Первин және т.б.), өндірістік (А.А.Пермяков және т.б.), еркін қарым-қатынас (А.В.Мудрин) және т.б. сияқты педагогикалық ықпалдарының түрлі әдістерін пайдалана отырып, балалар ұжымын қалыптастырудың ерекшеліктерін, шарттарын, құрылымын анықтап, көптеген зерттеулер жүргізген Л.И.Новикованың басшылығымен жүргізілген бұл зерттеулер келесідей ойдың пайда болуына негіз берді: «оқушылардың ұжымдық қатынастар жүйесіне ену үрдісі көп жағдайда педагогикалық араласуды, педагогикалық түзетуді қажет етеді. Бұл үрдісті оптимизациялау ұжымдағы балалар қызметінің мазмұны мен құрылымын жүзеге асырумен байланысты. Педагог бала тұлғасының қалыптасу үрдісі бірнеше ұжымдардың ықпалымен жүзеге асатынын ескеруі керек». Л.И.Новикованың авторефератынан алынған бұл пікір зерттеушілер тобының 20 жылдық жұмысының қорытындысын көрсетеді. Бұл қорытындылар ұжымда тұлғаның қалыптасуына бағытталған зерттеулерден алынған нәтижелермен байланысады.

Т.Е.Конникова, В.В.Котов, В.А.Синицкая, Т.А.Мальковскаяның зерттеулері баланың ұжымдық қызметін ұйымдастырудың деңгейі жоғары болған сайын, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету үшін педагогтің мүмкіндіктері соғұрлым кең болатындығын көрсетті. Ғылым негіздері бойынша мораль, өнер саласында, ұжымдық қызмет үрдісінде алатын білімдерінің қоры тұлғаның жан-жақты дамуы және жетілуі үшін негіз болып табылады.

Балалар ұжымында қалыптасатын өзара қатынас танымдық сипаттағы табыстарда және баланың эмоционалды-еріктік, өнегелік аймағының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Бірақ, педагогтың нақты бір балаларға қатынасы басқа оқушылардың сол балаға қатынасын анықтайды және оқу, қоғамдық қызметтің нәтижелеріне ықпал етеді (Н.А.Березовин, Я.Л.Коломинский, А.В.Киричук және т.б.).

Оқушының өзара әрекетімен байланыс тәрбиелеу механизмінің табиғатын талдау бұл механизмінің де ұжымдық және ұйымдасқан қызмет болған жағдайда, іскерлік серіктестік қатынас қалыптасу үшін алғы шарттар құрылған жағдайда пайда болатындығын және тиімді нәтиже беретіндігін көрсетті. Бұл қорытындыны өзінің көп жылдық тәжірибесінде В.А.Сухомлинский жасады.

Дәріс №13-14-15 ШЖБМ сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар (3 сағ)

Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын түсіндіру. Тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлін анықтау. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттерін және формаларын сипаттау.

Жоспар:



  1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлі.

  2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, мазмұны, формалары.

Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді. Онда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ қандай да бір іс-әрекеттері, есептеу шапшаңдығы, тапқырлығы, ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып-комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, әр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады. Аталмыш жұмыстардың өзгешелігі – математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыс т.б. сипатта болады, онда балаларды қызықтыратын формадағы жаттығулар қолданылады, бірақ ол жаттығулар мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерін тереңдетуге және айқындауға себі тиюі тиіс.

Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды, белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б.

Сыныптан тыс сабақтар (қызықты математика сабағы). Сабақ барлық сыныпарға арналып жүргізіледі, сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 минутқа дейін, сабақ айына бір рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы керек, бірақ қиын есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептерді шығару көзделеді. Сиқырлы шаршыларды толтыру, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу (балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріле) ұсынылады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылады, ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе, сабақ әсерлі өтеді.Онда топтық және жеке-дара жұмыс ұйымдастыруға мүмкіншілік мол, сонымен бірге оқушылардан тапсырмаларды тек дұрыс орындау ғана емес, оны дәлелдей, негіздей білу де ескеріледі, талап етіледі.

1. Біріктірілген 1 және 2-сыныптардағы сыныптан тыс сабақ:

Алдымен оқушыларға сабақтың түрі, балалар деңгейіндегі сабақ мақсаты хабарланады. Содан кейін тақтаны екіге бөліп, бір бөлігіне 1-сынып, келесі бөлігіне 2-сынып деп жазылады.



  1. «Тез есепте!» 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10

  2. Топқа бөлініп әр топ капитанын сайлайды, оларға өз деңгейінде (бірінші сыныпқа арналған тапсырма жеке, ал екіншіге- бөлек) тапсырмалар беріледі, неше тапсырма дұрыс орындалғаны есептеледі. Мысалы:

2+8 9+1 10-10 20+3 30+10 60-4

10-8 5+5 10-0 4+20 50-20 86-6

Әр топқа түстері әр түрлі жетондар дайындалады да, тапсырмаларын Тапқышбектің қалтасына салады.

Эстафета. Әр бала санайды, санаған сандары есте сақталады. Сол сан баланың нөмірі болып есептеледі. Қалтадан бір сан алып, оны өз нөміріне қосады. Келесі бала оған өз нөмірін қосады, осылай соңғы балаға дейін жалғасады, кім бұрын және дұрыс есептесе, сол топ жеңіске жетеді.

2. Математикалық бұрыш. Оны оқушылар мұғалімнің басшылығымен құрады. Онда математикалық дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлі мәліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, өз бетімен құрастырылған есептер жинағы, математикалық есептер, мысалдар және түрлі жаттығулар орындауға арналған тапсырмалары бар түрлі-түсті кестелер болады. Математикалық газеттің атауы қызықты болуы тиіс, мысалы, «Жас математик», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Тапқышбектер клубы», «Ойлан, тап!», «Ойлайық та, ойнайық!», «Математик-ғалымдар», «Менің білгім келеді» т.б. Газет бетінде берілетін тапсырмалар әр сынып балаларына арналуы тиіс, мүмкін болса, әр сынып балаларына арнап, жеке-жеке газет шығарылса ролі орасан зор болар еді. Әрбір газетте балалардың тізімі, апталық не бір күннің тапсырмалары, оқушының жауабына арналған конверт болуы тиіс. Газет тапсырмалары мерзімі келгенде, міндетті түрде тексеріліп, бағаланып, ұпаймен қорытындыланады.

3. Математикалық кеш (математикалық ертеңгілік). Математикалық кеш өткізілмес бұрын газет шығарылып, онда әрбір сынып арасында жарыс ұйымдастырылатыны айтылады. Әділ қазылар мүшелері сайланып, карточкалар, тапсырмалар дайындалып, оқушыларға қарсы топқа сұрақтар дайындауға тапсырмалар беріледі. Кеште 3 және 4 сынып оқушылары жарысуы мүмкін.

Жоспары:


  1. Кешті ұйымдастыру.

  2. Әңгіме. (жалпы кеш белгілі бір тақырыпқа құрылуы мүмкін). «Адамдар санауды қалай үйренген?», «Бізді қоршаған ортадағы шамалар»

  3. Жарыс – тапсырмалар (екі топқа ортақ сұрақтар).

  4. Ойын «Арифметикалық жүгіру».

  5. Тақырыпқа берілген тапсырмалар.

  6. Ең мықты есептеушіге сұрақ.

  7. Топтардың қарсы топқа қоятын сұрағы.

  8. Викторина.

  9. Қорытынды.

4. Математика үйірмесі. Онда математикаға ерекше бейімі бар оқушылардан 3-4-сыныптан бастап ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 2-3 рет жүргізіледі. Онда балаларды есептеудің жаңа әдістерімен, қиынырақ есептерді шығару тәсілдерімен, кейбір математика тарихы мәселелерімен таныстырылады. Үйірме мүшелері газет шығаруға, бұрыш жасауға, кеш ұйымдастыруға ерекше тартылады.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатт болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы– тұлғаың әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекетінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

1. оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

2. сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысы ның түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

3. сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушылрда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысу құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.

4.сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жетті түсінеді.

5. сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның оның формалары мен әдістерін құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұған қосымша, одан шығармаршылық белсенділікті талап етеді.

6. сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпыжетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік беріді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады.

7. сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталады – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйсін қалыптастыру. Соған орай негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым

толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерте көрсетілген.


  1. балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.

  2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатыстыжағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

  3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушлықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы керек.

  4. Баланың дүниетанымының компоненттері;адамгершілік, эмоционалдық, ерік – жігерін қалыптастыру.

  5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер тәрбие берудің ажырамас бөлігін құрайды.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі.

Білімділік қызыметі. Балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін үйретеді.

Дамытушылық қызыметі оқушылардың психикалық процестерін, жеке- дара қабілеттерін дамытуды көздейді.

Тәрбие жұмыс мазмұнының ерекшеліктері.


  1. сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді.

  2. баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді.

  3. жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.

  4. коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу.

  5. этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.

Тәрбие жұмысының формасы.

Тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі.

«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендкермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымен, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды.

ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ



ПІКІРТАЛАС

Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтап,адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Пікірталастың мақсаты:оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз беттерінше ойлай білуге үйрету.

Пікірталастың негізгі мәселесі: дәлелді ой-пікірлердің айтылуы,фактілермен тұжырымдау.


САЯСИ ХАБАРЛАМА

Саяси білім берудің маңызды формасы, мемлекет саясатында болған оқиғалармен таныстыру.

Саяси шолуға арналған хабарда 1-2 жұма ішінде ел мен шетелде болған оқиғалар туралы хабар береді.



ТАҚЫРЫПТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отырып, көкейкесті мәселелерді шешуге арналған.

Дайындық жұмыстары барысында оқушылар оның жоспарын құрады. Конференцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол жазба немесе ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.

Конференцияны өткізу барысында хабарландыру ілінеді.

Тақырыптық конференция көбінесе жоғарғы сынып оқушыларымен ұйымдастырылады. Оның жұмысын ұйымдастыру оқушылардың өздеріне тапсырылады.



БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін білдіріп сараптауға дағдыландырады.

Бұл тәрбие жұмысының түрі балаларды байқағыштыққа, оптимистік көтеріңкі көңіл күйге баулиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет