3.2. Зат бөлшектері толқындық қасиеттерінің тәжірибеде расталуы
3.2.1. Дэвиссон және Джермер тәжірибелері. Бөлшектердің толқындық қасиеттері анық байқалған тәжірибелерге америка физиктері К. Дэвиссон (1881-1958) және Л. Джермер (1896-1971) тәжірибелері жатады (1927ж).
1.Тәжірибе схемасы 3.1 – суретте көрсетілген 500 және үдеткіш кернеу U - 54 В болғанда шағылган электрондардың әсіресе айқын максимумы байқалған, ол полярлық диграмма түрінде 3.2 а – суретте көрсетілген.
Осы максимум мына формулаға сәйкес
(3.6)
периоды жоғарғы келтірілген жазық дифракциялық тордан алынған бірінші интерференциялық максимум ретінде түсіндіруге болады: бұл 3.2б – суретте корінеді. Осы суреттегі әрбір қара ноқат сурет жазықтығына перпендикуляр түзу бойында орналасқан атомдар тізбегінің проекциясын береді. периоды тәуелсіз жолмен, мысалы, рентген сеулелерінің дифракциясы бойынша анықтап алуға болады.
(3.5) формула бойынша есептелінген U - 54 В үшін дебройльдық толқын ұзындығы 0,167 нм –ге тең. Осыған сәйкес (3.6) формуладан табылған толқын ұзындығы болса, ол 0,165 нм – ге тең. Осы дәл келуден алынған нәтижені де Бройль жорамалының расталуы ретінде қабылдау керек.
2. Дэвиссон және Джермердің басқа тәжірибелерінде түсу бұрышын тұрақты етіп, (демек, 0 ) алып, үдеткіш кернеудің әртүрлі мәндерінде шағылған электорндық шоқтың интенсивтілігін өлшенген.
Теориялық тұрғыданиосы жағдайда рентген сәулелерінің кристалдан шығылуына ұқсас интерференциялық шағылу максимумдары байқауы тиіс. Тәжірибе кезінде және d мәндері тұрақты етіліп алынатындықтан (3.6) формуласынан
n (3.7)
б олатындығы шығады, яғни шағылу максимумдары болатын мәндері n 1,2... бүтін сандарына пропорционал басқаша айтқанда, бір – бірінен бірдей қашықтықтарда болулары тиіс, мұнда U Вольтпен, ал d нанометрмен алынған.
3.3- суретте Дэвиссон мен Джермердің никель монокристалымен жүргізілген ( , d 0,203 нм) тәжірибелеріндегі алынған қисықтар келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |