Бор постулаттары – Атомдардың орнықтылығын және бұлардың сызықтық спектрлерін түсіндіру үшін Резерфордтың классикалық (планетарлық) моделіне Бордың енгізген екі постулаты (ұйғарымы).
Бордың бірінші постулаты (стационар күйлер постулаты) – Атомда стационарлық күйлер болады, бұларда ол энергия шығармайды. Атомның стационар күйлеріне электронның стационар орбиталары сәйкес келеді. Электронның стационар орбиталар бойынша қозғалысы кезінде электромагниттік толқын шығарылмайды.
Бордың екінші постулаты (жиіліктер ережесі) – Электрон бір стационар орбитадан басқасына ауысқанда энергиясы бұларға сәйкес стационар күйлердің энергиялары айырмасына тең hv = En – Em бір фотон шығарылады (жұтылады).
Гейзенбергтің анықталмағадық қатынастары – Микробөлшек бір мезгілде координатқа (x,y,z)да, және импульстің белгілі сәйкес мәндерін қабылдай алады және электронның мипульс моментінің қайсыбір бағытқа проекциясын анықтайды.
Комптон эффекті – Электромагниттік сәуле еркін немесе әлсіз байланысқан электрондардан шашырағанда оның толқын ұзындығының өсу құбылысы.
Корпускулалық-толқындық дуализм – Материяның кез-келген бөлшектерінің (фотондар, электрондар, протондар, атомдар және т.б.) әрі бөлшектік әрі толқындық қасиеттерге ие болуы.
Магниттік спиндік кванттық санms–Сыртқы магнит өрісі бағытына спиннің проекциясын анықтайды.
Магниттік резонанс – Электромагниттік өріс энергиясын тұрақты магнит өрісіне орналастырылған заттың талғап (резонансты) жұту құбылысы.
Ядролық магниттік резонанс (ЯМР), электрондвқ парамагниттік резонанс (ЭПР) болады.
Мозли заңы – Сипаттаушы рентген сәлесі спектрлік сызықтарының v жиілігін осы сызықты шығаратын химиялық элементтің z атомдық нөмірімен байланыстыратын заң (формула).
Нәзік түзіліс – Атомдағы, молекуладағы электрондардың спиндік және орбиталдық магниттік моменттерінің әсерлесуі нәтижесінде электронның энергия деңгейлерінің бірнеше деңгейшелерге жіктелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |