ПоәК 042-18-38-57/03-2014 №1 басылым



бет34/44
Дата08.12.2023
өлшемі7.58 Mb.
#485962
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Ïî?Ê 042-18-38-57 03-2014 ¹1 áàñûëûì

10.3. Гамма-сәулелену
Гамма-сәулелену энергиясы ядролардың қозған энергетикалық күйден
негізгі немесе аздау қоздырылған күйге өткен кезде, сондай-ак ядролық реакциялар кезінде шығарылатын қатаң электромагниттік сәулелену болып табылады.
γ-сәулелену радиоактивтіліктің өздігінен шыгарылмайтын типі. Ол α- жэне β-ыдырауларда ілесе жүреді және ядролардың заряды мен массалык санының өзгеруін тудырмайды. γ-сәуле тума ядродан (аналык ядродан емес) шығарылады жэне өзінің түзілу мезетінде қоздырылған күйде болады. Ядроның коздырылған күйінен негізгіге өтуі шамамен 10-13 ÷10-14 с уақытта өтеді, бұл коздырылған атомның омір сүру уакытынан (10-8 с) едәуір аз.
γ-сәулелену спектрі сызықты болып табылады, бүл атом ядроларының энергетикалык күйлерінің дискреттілігін дәлелдейді.
γ-сәуле өте кысқа толкынды болғандыктан, оның толқындык касиеті әлсіз байкалады, ал корпускулалык касиеті айкын корінеді. Сондыктан γ- сәулеленуді γ-квант бөлшектерінің ағыны ретінде қарастырады.
γ-кванттар нөлдік тыныштык массасына ие бола отырып ортада баяулай алмайды, сондықтан γ-сәуле заттан өткен кезде не онда жүтылады, не одан шашырайды.
γ-сәуле заттан өткен кезде ілесе жүретін негізгі процестер:
фотоэффект немесе γ-сәуленің фотоэлектрлік жұтылуы - атомның γ-квантты жүту салдарынан ішкі электрондык кабыкшасынан электронды және сонымен бірге сипаттамалык рентген сәулесін шығаруы. Фотоэффектіде γ-кванттың энергиясы аз аймактарында Е < 100 кэВ жұту механизмі басым.

  • Комптон-эффект (комптондык шашырау) Е ≈ 500 кэВ

энергияларда γ-кванттың затпен әсерлесуінің негізгі механизмі болып табылады.
- Электронды-позитронды жұптың тузілуіу > 1,02 МэВ = 2тес2)
Еу > 10 МэВ энергияларда γ-кванттың затпен әсерлесуінің негізгі процесі болып табылады.
Егер γ-квант энергиясы ядродағы нуклондардың байланыс энергиясынан (7 ÷ 8 МэВ) артық болса, онда γ-кванттың жүтылу нәтижесінде ядролық фотоэффект - нуклонның біреуін, көбіне нейтронды ядродан шығарып тастауы байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет