ПОӘК 042-18-38-57/03-2014
|
№1 басылым 05.09.2014ж.
|
68-ші беттің -сі
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«АТОМДЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ СПЕКТРОСКОПИЯ»
5В072300 –«Техникалық физика»
мамандығы үшін
Семей
2014
Мазмұны:
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және зертханалық сабақтар
4 Курстық және рефераттық жұмыстар тізімі
5 Студенттің өздік жұмысы
6 Әдебиеттер тізімі
Глоссарий
Атом – Микробөлшектер, химиялық элементтің қасиеттері сақталатын оның ең кіші бөлшегі.
Атомдық нөмір – Элементтердің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтің реттік нөмірі, атомдық ядродағы протон санына тең, ол атомның химиялқы және көпшілік физикалық қасиеттерін анықтайды.
Атомдық спектрлер – Еркін немесе өзара бірімен-бірі әлсіз әсерлесетін атомдардың электрондық энергия деңгейлері арасында кванттық асысулар кезінде пайда болатын шығару және жұтылу спектрлері: а.с.- сызықтық, яғни жеке сызықтардан тұрады.
Аса нәзік әсерлесу – Атом ядросы мен электрон арасындағы кулондық әсерлесуден басқа ядроның спині болуымен байланысты әсерлесу.
Аса нәзік түзіліс – Атом ядросы магниттік моментінің (спиндік) атомның электрондары туғызатын магнит өрісмен әсерлесуі себепші болатын атомдағы, молекуладағы электрондардың энергия деңгейлерінің жіктелуі.
Атомның векторлық моделі – Атомдағы электрондардың бұрыштық моменттерінің (орбиталық және спиндік) векторлық қосылуын қарастыруға негізделген атом моделі.
Бас кванттық сан – Атомдағы электронның энергетикалық деігейлерін анықтайтын бүтін сан n.
Достарыңызбен бөлісу: |